«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ



Pdf көрінісі
бет9/81
Дата24.08.2023
өлшемі7,33 Mb.
#105550
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   81
Екінші. Ахуалдар
(
жеке, қоғамдық, оқу мақсаты және іскерлік). 
Жеке өмірлік ахуалдарға 
берілген мәтіндер мазмұны хат, 
беллетристика, өмірбаян және ақпараттық хаттар түрін құрайды. 
Электрондық форматтағы мәтіндер хабарлама, күнделікті жаңалық 
блоктарын қамтиды. 
Қоғамдық
мақсаттар үшін оқу - ресми құжаттар, 
газет жаңалықтары, Интернеттегі форумдар жатады. 
Оқу 
ахуалы 
мәтіндеріне классикалық мысал ретінде оқулықтар және электронды 
интерактивтік оқу бағдарламалары кіреді. 
Іскерлік 
ахуалдар мәтіні – 
газеттің немесе Интернеттің сәйкес беттерінен қажетті ақпаратты 
іздеуі, хабарландыруды, нұсқаулықтарды және т.б. қарауы болып 
табылады.


15 
Тестілеуге қатысушылар тапсырмаларды орындау барысында 
мәтіннің негізгі ойын анықтап, оны жалпы мәтін контекстінен бөліп 
алып, өз қөзқарасын дәлелдермен негіздеу қабілеттерін көрсете білуі 
қажет.
PISA 
тапсырмаларының 
ерекшелігі 

ол 
шындыққа 
жақындатылып құрастырылуы болып табылады. Әрбір жағдаят

өмірден алынған мысал. Тест тапсырмаларының құрылымы 
оқушылардың оқу ептіліктері мен оларға сәйкес әрекеттерін анықтауға 
негізделген.
PISA-2018 
кезеңіндегі тест тапсырмаларының шеңбері білім 
алушылардың оқу сауаттылығы жетістіктерін бағалаудың келесі 
түрлерін қарастырады. Олар: мәтінге көз жүгірте қарап негізгі ойды 
анықтау; мазмұнын түсінуі; қажетті мәліметтерді табу және таңдай 
білуі; синтез және талдау дағдысы; мәселені шешу және айқындауы; 
ақпараттың нақтылығын анықтау мен сапасын бағалай білуі.
Қорытындылай келе, тестілеуге қатысушы өзінің әртүрлі 
форматта берілген мәтіндермен жұмыс істей алу ептілігін, ақпаратты 
біріктіру мен ұғына білу дағдысын және сыни ойлау құзыреттерін 
көрсете білуі қажет.


16 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет