14
2.3.
Оқу сауаттылығы
Оқу сауаттылығы – адамның
ақпараттың мазмұнын бағалау,
түсіну және интерпритациялау қабілеті болып табылады. Оқушының
бұл басты төрт оқырмандық құзыреттілігі
оның коммуникативтік
дағдыларын анықтайды. PISA тесттері оқу сауаттылығын бағалаудың
екі негізгі параметрін қарасырады.
Бірінші. Мәтін
(
көркем әдебиет, ғылыми мәтіндер, кестелер,
графиктер, диаграммалар мен ақпараттық материалдар).
Олар
форматтары бойынша ерекшеленді, мысалы, тұтас, дискретті, аралас
және құрама мәтіндер болып бөлінеді.
Тұтас мәтінде
ақпаратты табу
әрекеттері қаріп түрі мен өлшемдері
тәрізді ерекшеліктермен
оңайлатылған.
Дискретті мәтіндер
оқу
дағдыларының кейбір
әрекеттерін талап етеді. Олардың мазмұнында диаграмма, кесте,
график және хабарландыру түріндегі материалдарды қамтиды.
Аралас –
тұтас және дискретті мәтіндердің түрлерін біріктіреді.
Журналдар мен веб-беттердегі материалдардың
көпшілігі аралас
мәтін түрлеріне жатады.
Құрама мәтін
-
әрқайсысы бір-біріне тәуелсіз
және бірнеше мәтіннен құрастырылған,
негізгі ойы аяқталған
мазмұндағы форматта беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: