Ақпараттық Технологиялар Факультеті


IEEE 802.11 арналық деңгей



бет11/18
Дата06.01.2022
өлшемі344 Kb.
#12373
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
IEEE 802.11 арналық деңгей

Ethernet сымды желісіне ұқсас Wi-Fi сымсыз компьютерлік желілерде де арналық деңгей логикалық жалғауды басқару деңгейшесін (Logical Link Control, LLC) де қамтиды. Ethernet пен IEEE 802.11-де сымды және сымсыз желілердің бірігуін оңайлататын бірдей LLC бар. Екі стандартта да МАС ұқсастықтары көп, дегенмен сымды және сымсыз желіні салыстырудың принципиалды кейбір айырмашылықтары бар.

Ethernet-те жалпы жіберу ортасына көптік алу рұқсатты қамтамасыз ету (берілген жағдай кабельге байланысты) үшін коллизияны (компьютерлік желі терминологиясында мұндай жағдайды бірнеше құрылғы бір уақытта ақпарат беруімен түсіндіруге болады) анықтайтын және өңдейтін CSMA/CD хаттамасы пайдаланылады.

IEEE 802.11 желілерінде жіберудің жартылай дуплексті режимі пайдаланылады, яғни станция бір уақытта ақпаратты тек қабылдай немесе жібере алады, сондықтан жіберу процесінде коллизияяны анықтау мүмкін емес. IEEE 802.11 үшін CSMA/CD хаттамасының CSMA/CА (Carrier Sense Multiple Access with Collision Avoidance) деп аталатын модификацияланған нұсқасы шығарылды. Ол келесідей жұмыс істейді. Ақпарат жіберейін деп жатырған станция алдымен «эфирді тыңдайды». Егер жұмыс жиілігінде белсенділік байқалмаса, станция бірінші кездейсоқ уақыттың аралығының өткенін күтеді, содан соң қайтадан «эфирді тыңдайды», егер мәліметтер жіберу ортасы әлі бос болса ғана ақпаратты жіберуді жүзеге асырады. Кездейсоқ ұстап қалудың болуы бір уақытта бірнеше станциялар жиілікке рұқсат алғылары келген жағдайда желі тоқтап қалмас үшін қажет. Егер ақпараттық пакет бұрмалаусыз келсе, онда қабылдаушы станция дұрыстығы туралы хабарлама жібереді. Пакеттің бүтіндігі бақылау суммасы тәсілімен тексеріледі. Хабарламаны алғаннан кейін жіберуші станция берілген ақпараттық пакетті жіберу процесі аяқталды деп санайды. Егер хабарлама келмесе станция коллизия болды деп санап, белгілі-бір уақыт аралығынан кейін ақпарат пакеті қайта жіберіледі.

Сымсыз желілердің тағы бір спецификалық мәселесі – екі тқтынушылық станциялар өзара бір-бірінің арасындағы байланыс нашар, бірақ әрқайсысының рұқсат нүктесімен байланысы жақсы болады. Бұл жағдайда тұтынушылық станция рұқсат нүктесіне эфирді тазарту туралы сұраныс жібере алады. Сонда рұқсат нүктелерінің командасы бойынша басқа тұтынушылық станциялар нашар байланысты екі нүктелердің «араласуы» үшін уақытша жіберулерін тоқтатады. Эфирді мәжбүрлеп тазарту режимі (Request to Send/Clear to Send – RTS/CTS хаттамасы) IEEE 802.11 құрылғыларының барлық модельдерінде жүзеге асырылмаған және бар болса да тек кейбір қажетті жағдайларда ғана қосылады. Керісінше, IEEE 802.11-де мұндай жағдайда рұқсат нүктесінен орталықтандырылған басқару пайдаланылады. Тұтынушылық станциялар тізбекті түрде лектік мәліметтерді жіберу құралына сұралады. Егер қандай да болсын бір станция лектік ақпарат жіберетінін хабарласа, онда рұқсат нүктесі желілер ішіндегі станциялардан тек сол ғана ақпарат жіберуіне уақыт аралығын бөледі.

Эфирді мәжбүрлік тазарту сымсыз желінің жұмысының нәтижелілігін төмендететінін айтып кеткен жөн, себебі ол қосымша қызметті ақпаратты жіберу және байланыстың қысқа мерзімді үзілістерімен байланысты. Бұдан басқа, Ethernet сымды желісінде жіберу процесінде коллизия анықталса, тек қана жартылай дуплексті емес, қажеттілік бойынша дуплексті жіберу нұсқасын да жүзеге асыруға болады (бұл желінің өткізу қабілетін көтереді). Сондықтан, басқа нақты шарттарда IEEE 802.11b сымсыз желісінің өткізу қабілеті сымды Ethernet-ке қарағанда төмен болады. Осылайша, егер Ethernet желісіне 10 Мбит/с және IEEE 802.11b (ақпаратты жіберудің максималды жылдамдығы 11 Мбит/с) үшін бірдей пайдаланушылар саны мен бірдей жүктеме беріп, ақырындап көбейтетін болсақ, онда IEEE 802.11b желісі «тежеле» бастайды, ал Ethernet болса солайша жұмыс істей береді.



Тұтынушылық станциялар автономды қорек көзі бар мобильді құрылғы бола алатын болғандықтан, IEEE 802.11 стандартында қоректенуді басқаруға көп көңіл бөлінген. Кейде тұтынушылық станция белгілі-бір уақыт аралығында рұқсат нүктесі беретін қосу сигналын қабылдау үшін «ояну» режимі де қарастырылған. Егер бұл сигнал қабылданған болса тұтынушылық құрылғы қосылады, ал егер керісінше болса келесі ақпаратты қабылдау циклына дейін қайтадан «ұйықтайды».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет