Ақпараттық Технологиялар Факультеті


IEEE 802.11 физикалық деңгей



бет10/18
Дата06.01.2022
өлшемі344 Kb.
#12373
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
IEEE 802.11 физикалық деңгей

IEEE 802.11 стандарты сигналды екі тәсілінің бірімен жіберуді қарастырады – тікелей тізбекті (Direct Sequence Spread Spectrum, DSSS) және жиілік секірулер (Frequency Hopping Spread Spectrum, FHSS), олар бір-бірімен модуляция әдісімен ерекшеленеді, бірақ спектрдің бірдей кеңейтілген технологиясын пайдаланады. Спектрдің кеңейтілуінің технологиясының негізгі принципі (Spread Spectrum, SS) қарапайым кодтау кезіндегі туындайтын жіңішке сызықты спектрдің сигналынан беріліп жатқан мәліметтердің бөгеттерге қарсы тұру қабілетін көтеретін жуансызықты спектрге өтуіне негізделеді. FHSS тәсілі ақпаратты беру кезіндегі сигналдың тасушы жиілігінің өзгеруін қарастырады. Бөгетке қарсы тұру қабілетін көтеру үшін жіберіліп жатқан сигналдың спектрін көбейту керек, сонда тасушы жиілік жалған кездейсоқтық заңы бойынша өзгереді және әрбір мәліметтер пакеті өзінің тасушы жиілігімен жіберіледі. FHSS пайдалану кезінде жіберуші-қабылдаушы конструкциясы өте қарапайым болады, бірақ бұл тәсіл жіберу қасиеті 2 Мбит/с-тан көп болмаған жағдайда пайдаланылады, сондықтан IEEE 802.11b қосымшасында тек жалғыз DSSS қалды. Бұдан IEEE 802.11b құрылғыларымен бірге тек DSSS қолдайтын IEEE 802.11 стандарттың құрылғылары ғана пайдаланылатынын көруге болады. DSSS тәсәләнәі негізінде фазалық манипуляция принципі (яғни синалдың алғашқы фазасында ақпаратты секірмелі түрде жіберу) жатыр. Жіберіліп жатырған сигналдың спектрін кеңейту үшін жіберілетін ақпараттың жалған кездейсоқ тізбек болып табылатын Баркер кодына айналдырылады. Баркер тізбегінде әрбір жіберілетін бит 11 бит болып табылады. Баркер тізбегі тікелей және инверстік болып екіге бөлінеді. Кодтау кезінде үлкен артықшылықтары болғандықтан, Баркердің тіке тізбегін инверстіге айналдыру ықтималдығы нөлге жақын болады. Бірлік биттер Беркердің тіке кодымен, ал нөлдік – инверсті кодпен беріледі. 2,4 ГГц диапазонындағы сымысз компьютерлік желі негізінде ені 83 МГц, 14 арнаға бөлінген жіңішке «коридор» жатыр. Арналар арасындағы өзара бөгеттерді жою үшін ның сызықтары бір-бірінен 25 МГц қорғалуы керек. Қиын емес есептеулер бір уақытта бір зонада тек үш арна пайдаланыла алатынын көрсетеді. Мұндай шарттарда бөгеттен қорғалу мәселесін жиілікті автоматты түрде өзгерту арқылы шешу мүмкін емес, сондықтан сымсыз жергілікті желілерде үлкен артықшылықты кодтау қолданылады. Бұл тәсіл да нақты берілген жіберуді қамтамасыз ете алмаса, максималды жылдамдық 11 Мбит/с мәнінен келесі мәндерге дейін тізбекті түрде төмендейді: 5,5; 2; 1 Мбит/с. Жылдамдық тек өте көп бөгеттер әсерінен ғана емес, сонымен қатар егер сымсыз желі элементтерінің арақашықтығы алыс болғанда да төмендейді.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет