Ақпараттық Технологиялар Факультеті



бет15/18
Дата06.01.2022
өлшемі344 Kb.
#12373
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
III. WiMax технологиясы
WiMax (Worldwide Interoperability for Microwave Access) — бұл электроника және электротехника саласындағы инженерлер институтымен (IEEE) шығарылған 802.16 мәліметтерді жіберудің кең көлемді сымсыз байланысының халықаралық стандартының коммерциялық атауы. WiMax 2003 жылдың қаңтарында әлемнің екі мыңнана астам жіберуші телекоммуникациялық компанияларынан құралған коммерциялық емес WiMax Forum коммерциялық емес ұйымымен қабылданған. Ұйымның басты мақсаты – кең көлемді желілерге рұқсат үшін сымсыз құралдарды шығару, желінің барлық дүниежүзінде тез дамуы және 802.16 стандартының жабдықтарын сертификаттау. WiMax желілері ұялы телефондар желісімен ұқсас, бірақ олармен салыстырғанда WiMax кең көлемді байланысты 30 км қашықтыққа дейін, ал өткізу қабілеті 75 Мбит/с дейін қамтамасыз етеді. Байланыстыру шағылушы сигналдарды пайдаланғандықтан, базалық станцияның тікелей көрінуі болмаса да тұрақты жұмыс істей береді. Бұл ерекше қасиеті тығыз қалалық құрылыс шартында тұрақты жоғарғы жылдамдықты қолдау мүмкіндігін береді. Жиіліктік ресурстарды пайдалануы бойынша WiMax өз бәсекелестерін 1,5 есе асып түседі, яғни бір-біріне әсер етпейтін көп пайдаланушылар үшін кепілдікті тұрақты біруақыттағы жұмыс. Шифрлеуге келетін болсақ, онда мұнда бұзу әрекеттеріне төтеп бере алатын кілтінің ұзындығы 128 бит Triple DES немесе кілтінің ұзындығы 1024 бит RSA алгоритмдері пайдаланылады, сонымен қатар стандарт сәулелену қуатын автоматты түрде басқаруды қамтамасыз етеді. WiMax – Интернетке жоғары жылдамдықпен кіретін технология ғана емес. Ол әртүрлі мәліметтерді, сонымен қатар дауыс, видео және т.б. жіберуді жүзеге асыра отырып, корпоративті желіні жылдам ұйымдастыруға, сапалы видеотрансляцияны және ІР-телефонияны қамтамасыз етеді.

WiMax жіберушілері әртүрлі қала райондарында провайдерлермен орнатылады және әсер ету зонасының шегінде интернетке компьютер немесе WiMax қолдайтын ұялы телефондар көмегімен кіруге мүмкіндік береді.

WiMax-тың техникалық сипаттамалары:


  • Әсер ету қашықтығы 50 км-ге дейін;

  • Жіберудің максималды жылдамдығы: базалық станцияның бір секторында 70 Мбит/с дейін, ал типтік базалық станцияда алты секторға дейін;

  • Жұмыс істеу жиілігі – 2-11 ГГц;

  • Арнайы эффективтілігі: 5 бит/сек/Гц дейін;

Wi-Fi жергілікті желісі жеке ғимараттар мен орташа габаритті ғимарат бөлімшелерінің клиенттеріне ғана қызмет етеді, ал WiMax желісі 1 ден 5 км радиустағы бірнеше ондаған ғимараттардағы клиенттерге қызмет ете алады.

Сонымен қатар WiMax желісінің әсер ету радиусы көптеген факторларға тәуелді:



  1. Ақпаратты жіберу жылдамдығына, яғни жіберу жылдамдығы қанша үлкен болса, әсер ету радиусы сонша есе аз болады;

  2. Жердің архитектура-географиялық ерекшеліктеріне (мысалы, ғимараттың радиомөлдірлігінің әсері);

  3. Қабылдаушы антендерді орнату шарттарына;

  4. WiMax нақты пайдаланатын технологиялық желісінің тасушы жиілігінің санына (мысалы, Synterra WiMax желісінде Expidience жүйесінде 1024 тасушы жиілікті пайдаланады, бұл уақытта базалық жүйеде тек 256 тасушы жиілік пайдаланылып жатады).

WiMax жүйесі екі негізгі бөліктен тұрады:

  1. WiMax-тың базалық станциясы, жоғарғы объектте орналасуы: ғимарат немесе вышка;

  2. WiMax қабылдағыш: қабылдағышы бар антенна, PC Card, ДК кеңейтуші карта немесе сыртқы карта.

Базалық станция мен клиенттік қабылдауыш арасындағы байланыс 2-11 ГГц төменгі жиілікті диапазонда жүргізіледі. Берілген байланыс идеалды шарттарда ақпараттарды 20 Мбит/с дейінгі жылдамдықпен беруге мүмкіндік береді және станция мен пайдаланушы арасында тікелей көрінуді талап етпейді. WiMax базалық станциясының бұл жұмыс режимі WiMax және клиенттік құрылғылар үйлесімділігіне рұқсат беретін 802.11 (Wi-Fi) стандартын пайдалануға жақын болып келеді.

WiMax технологиясы «соңғы милядағыдай» пайдаланушы мен провайдер арасындағы, сонымен қатар аумақтық желілерге рұқсат беру үшін де соңғы аумақта пайдаланылатынын ұмытпаған жөн.

Көрші базалық станциялардың арасында радиобайланыстың тікелей көрінуінің ӨЖЖ (өте жоғары жиілік 10-66 ГГц) режимін пайдаланументұрақты байланыс орнатылады. Берілген байланыс 120 Мбит/с жылдамдыққа дейін ақпарат жіберуге мүмкіндік береді.

WiMax технологиясы қазіргі заманғы Wi-Fi желісіне қарағанда жоғары жылдамдықпен және үлкен әсер ортасымен интернетке рұқсатты қамтамасыз етуге көмектеседі. Wi-Fi – бұл үлкен емес қашықтықтағы сымсыз байланыс технологиясы. Мысалы: бір офис ,имаратында, кафеде, әуежайда және т.б. Wi-Fi хот-спотынан компьютерге дейінгі қашықтық ондаған метрден аспайды. Ал WiMax технологиясы – бұл қабылдауыштан базалық станцияға дейінгі қашықтықта (мұнда километр қарастырылады) толық қала территориясын қамтитын кең көлемді сымсыз рұқсат желісі (3 – суретте кескінделген).





3 – сурет. Wi-Fi және WiMax салыстырмалы әсер ету радиусы

Wi-Fi жергілікті желісі WiMax желісінің логикалық жалғасы болып табылады. Синтерра WiMax желісі «соңғы миля» байланысының мәселесін шешу үшін қызмет көрсету провайдерлеріне ыңғайлы шарт береді. Сервис-провайдерлерде агрегациялық желі ретінде WiMax инфрақұрылымын пайдаланатын Wi-Fi қызметінің «виртуалды операторларын» құру мүмкіндігі туындайды. Мұндай шешім Wi-Fi желілерін жазуға кеткен операциялық шығындарды төмендетеді және орта деңгейдегі сервис-провайдерлердің саны үшін соңғы абонентіне жол ашады.


Ерекшеліктері



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет