пішіндер; дидактикалық қуыршақ, бесікарба.
Балалар шеңбер жасап тұрады.
– Балалар, бізге қуыршақ Әлия қонаққа келді.
Қуыршақ балалармен сәлемдеседі:
– Сәлеметсіңдер ме, балалар!
– Балалар, қуыршақты төрге отырғызайық.
Қуыршақ:
– Балалар, менің бесікарбам жоғалып кетті, маған бесікарба жасап беріңдерші?
– Балалар, қуыршаққа бесікарба жасап береміз бе?
Балалар қуыршаққа бесікарба жасап беруге келіседі.
Балалар үлестірмелі материалға назар аударады.
– Қуыршақтың көзінің түсі қандай?
– Шашы қандай?
– Көйлегінің түсі қандай?