Апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Жүйке жүйесі ауруларында тағайындалатын емдеу шаралары



бет3/5
Дата31.03.2023
өлшемі65,87 Kb.
#78145
1   2   3   4   5
Жүйке жүйесі ауруларында тағайындалатын емдеу шаралары.



Орталық және шеткергі жүйкелердің зақымдануына байланысты жүйке аурулары екіге бөлінеді. Орталық жүйке (ми және жұлын) індетіне шалдыққанда организмде айтарлықтай органикалық өзгерістер байқалады. Ал жоғарғы реттеуші орталықтың анатомиялық құрылысында ешбір өзгеріс байқалмаса, онда шеткергі жүйке жүйесі зақымданған. Оның ішінде айрықша көзге түсетіндері – невроздар.Ми қабаты (психикалық қызмет атқаратын мүше) негізінен қозу және тежеу үдерісін орындайды.Егер соңғы кезге дейін бүкіл психикалық әрекет тек қана ми қабығына шоғырланған деп білсек, қазір ми қабының (мидың терең қабатына орналасқан) астында орналасқан заттардың да атқаратын рөлін дәлелдейтін мәліметтер бар. Олардың жай-күйі ми жасушаларының қозуына немесе тежелуіне ықпал етеді.Ми қабының жұмысына организмнің бүкіл өзгерісі әсер етеді. Организмнің құрылыс ерекшеліктеріне қарай, көбіне жүйке жүйесіндегі реакциялар соған сәйкес дамып отырады.
Жүйке ауруларының негізгі себептері: оқыс жарақаттану, жұқпалы аурулар, организмнің улануы, зат алмасудың бұзылуы, шаршап-шалдығу, зорлану, эмоциялық факторлар т.б. Осындай себептерден денеде әртүрлі өзгерістер айқындалады. Жүйке жүйесі зақымданған кезде ең алдымен қимыл-қозғалыс, одан соң сезімталдық және трофикалық әсерлер кемиді.Қимыл-қозғалыс әрекетінің бұзылуы адамның мүлде қозғалмай немесе жартылай қимылсыз қалуына әкеп соғады. Оны сал және парез дейді. Олардың өзі екі түрге бөлінеді: спастикалық немесе сіресіп қалу және солып қалу. Бірінші түрі көбінесе ми қабы қатпарлары зақымданғанда болады. Онда денеде бұлшықеттер мен тарамыстар тырысып қалады.Солған сал не парез жұлын не шеткергі жүйке сабақтарының зақымдануы салдарынан болады. Мұндай кезде бұлшықет әлсізденіп, семіп қалады, тарамыс рефлекстері төмендеп, немесе тіпті мүлдем жоқ болып кетеді. Жүйке жүйесі ауруға шалдыққанда бұлшықеттердің немесе буындардың қозғалмай қатып қалуы (контрактура) аңғарылады.Ал, сезімталдық бұзылғанда адам ауруды, ыстық-суықты, теріге тигенді, сипағанды түк сезбейді. Кейде, керісінше, осы әсерлердің барлығын қатты сезініп кетеді.Трофикалық өзгеріс жұлын мен шеткергі жүйке жүйесі ауруға шалдыққанда жиі байқалады. Жүйке жүйесі зақымданған бөлікте қан-лимфа айналымы кеміп, оттегінің жетіспеуіне ұшырайды. Осының өзі терінің ойылуына, жара пайда болып, ісінуіне, тіндердің өлуіне ықпал жасайды.Жүйке жүйесі аурулары айлап, жылдап ұзаққа созылады. Соның әсерінен жүрек-қантамыр, тыныс алу, ас қорыту, зат алмасу мүшелері зардап шегеді. Кейде, өкінішке қарай, науқастың еңсесін көтеріп, қайта ортаға қосуға мүмкіндік болмаса, ондай адамдар мүгедек болып, жұмыс істеуге жарамай қалады.Дене тәрбиесі жүйке жүйесі ауруының қандай түрі болса да, басқа емдеу әдістерімен қатар қолданылады. Оның тигізетін пайдасы нейрогуморалды механизм арқылы іске асады. Берілген жаттығулар, организмнің қайтарған жауабы іспетті көңіл-күйін көтеріп, қимыл-қозғалысты реттейді. Емдік жаттығудың әсерінен жүйке талшықтарының өткізгіштік қабілеті артып, денеде жаңадан шартты рефлекс қалыптасады.Емдік жаттығудың трофикалық қасиеті денедегі қан мен лимфа айналымын арттырып, тіндердің қоректенуін өсіріп, терідегі сызат алған, жара болған жердің тез жазылуына, жүйке талшықтарының қалпына келуіне ықпал етеді.

2

5 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет