2. Т Лексиканы оқытуда қолданылатын жұмыс түрі:
A + Синонимдерді талдау
B + Омонимдерді талдау
C + Антонимдерді талдау
D Түбір морфемалармен жұмыс
E Қосымша морфемамен жұмыс
F Мәтін типтерімен жұмыс
G Сөйлем мүшелерімен жұмыс
H Сөйлем интонациясымен жұмыс
3. Т Лексикалық қателердің туындау себептері:
A + Сөздің мағынасын анық түсінбегендіктен
B Сөздік қордың байланысын түсінгеннен
C + Лексикалық қордың тапшылығынан
D + Қажетсіз, басы артық сөздерді қолданудан
E Бірізділік жоқтығынан
F Сөйлемді талдағаннан
G Оқушының мақсат қойып оқымауы
H Қате жасауға әбден дағдыланғандықтан
4. Т Лексикалық талдау
A + Сөз мағынасына талдау
B Сөз құрамына талдау
C + Синонимдік талдау
D Қызметіне қарай талдау
E + Антонимдік талдау
F Негізгі түбірге талдау
G Қосымша түбірге талдау
H Құрылымына қарай талдау
5. Т Мектепте лексиканы оқытудың мақсаты:
A + Сөз жүйесінің айтылу, жазылу нормасын саналы меңгеру
B Cөйлемдерді дұрыс орналастыруға үйрету
C + Сөзді орынды қолданып, ойды толық, дәл жеткізу
D + Сөз мағынасынын сан алуандығын түсіну, талдау
E Өз ойын қалыптастыруға үйрету
F Сөйлемдерді дұрыс құрастыруға үйрету
G Дұрыс жазуға үйрету
H Дұрыс оқуға үйрету.
|
1
|
№ 8
дәріс
|
№ 8 дәріс Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдістемесі
Жоспар:
1.Фонетикадан берілетін білім мазмұны және оны меңгертудің жолдары.
2.Ұстанымдары, әдістері, фонетикалық жаттығулар және т.б.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейді. Мысалы, ақ дегендегі “қ” дыбысы мен қағаз дегендегі “қ” дыбысы - бір фонема. Сонда да болса, бұл екі сөздің екеуінің айтылуында сәл айырмашылық бар. Ол айырмашылық тіркескен дыбыстарына байланысты. Тіл дыбыстарын тіркестіруде де заңдылық бар. Кез келген дыбысты кез келген дыбыспен тіркестіре салуға болмайтынын аңғарамыз. Өйткені фонетика – фонемаларды - тіл дыбыстарын, олардың түрлерін, жасалу жолдарын, естілуін, жазылуын, дыбыстық алмасулар мен өзгерістерді, буын түрлерін, сөздерді тасымалдау заңдылықтарын, дыбыстардың үндесуін зерттейтін тіл ғылымының саласы. Осылардың барлығын игерту мақсатында фонетикалық жаттығулар жүргізіледі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |