Апталардың сұрақтары


Саясат жария үдеріс ретінде



бет8/25
Дата03.02.2023
өлшемі62,76 Kb.
#65061
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Байланысты:
Апталарды с ра тары

Саясат жария үдеріс ретінде.

Саясат жария үдеріс ретінде. Саясат компромисс және консенсус ретінде. Саясат қызметтері. Саясат құрылымы. Саясатты ұйымдастыру деңгейлері. Қоғамның басқа да салаларымен өзара әрекеттестігі. Саясат және экономика. Саясат және құқық. Саясат, мораль және дін. Әлеуметтік саясат, оның мәні мен бағыттылығы. Мәдениет пен білім саласындағы саясат. Саясаттың гумандық сипаты. Қазақстан Республикасының қоғам модернизациясы кезеңіндегі саясаты.

  1. Саясат компромисс және консенсус ретінде.

Компромисс - [латынша Соmрrоmissum - өзара келісім, тіл табысу] - екі жақтың бір-біріне жол беріп, келісімге, ортақ ымыраға келуі; саясатта - өзара шарттарға көніп, қабылданған шешім. Оның негізінде екі жақтың талаптары толық орындалмаса да, ортақ, жоғарғы мақсатқа жетуі айқын.
Консенсус саясатта саяси басқару мен ықпалдасудың құралдары мен әдістерін қоғамдық мойындау тәсілі. Саяси консенсус арқылы саяси үстемдікті шынайы, іс жүзінде заңдастыру жүзеге асырылады. Келісім деңгейі неғұрлым жоғары болса, саяси жүйе соғұрлым тұрақты.



  1. Саясат функциялары мен оның жіктелуі.

Саясаттың негізгі функциялары - қоғамдық өмірдің негізгі салаларын интеграциялау, қоғамның біртұтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Әрбір философиялық дәстүрлер — белгілі бір дәрежеде әлеуметтік ұйымдарға, әлеуметтік болмыс пен адамның осы әлеуметтік ортадағы орны туралы мәселелерді зерттеудің қажет екендігіне назар аударады. Өз кезегінде мұндай қажеттілік осы әлеуметтік ұйымдардың саяси атрибуттарын талдауға негізделген.
Саясат әлеуметтік қызметтің ерекше формасы ретінде — мемлекетпен бірге және басқару мен бағыну сияқты қатынастарды нақты шектеудің негізінде қоғамды азаматтық тәртіппен қамтамасыз етуге бағытталған биліктің иерархиялық жүйесімен бірге пайда болған.
Саясат мәселесін Саясаттылық тұрғыдан анықтау – барлық әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқыту үшін теориялық-методологиялық негіз болып табылады. Саясат философиясының пәніне- әлеуметтік философиялық теориялардың аса жалпы көзқарастық, құндылықтық және методологиялық негіздемелерге қатысты саяси әлемнің универсалийлерін зерттеу жатады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет