Апталардың сұрақтары


Қайта өрлеу және Ағарту дәуіріндегі саяси идеялардың дамуы



бет4/25
Дата03.02.2023
өлшемі62,76 Kb.
#65061
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Қайта өрлеу және Ағарту дәуіріндегі саяси идеялардың дамуы.

Саяси теориялар діни ықпалдан арылып, азаматтық сипат алды. Бұл кезеңдегі саяси ойлардың негізгі мәселелері – адам құқықтары, биліктің бӛлінуі идеясы, құқықтық мемлекет пен демократия мәселелері болды. Алғашқы саяси идеологиялар пайда болып, дами бастады. Саясаттың адамдар іс-әрекетінің ерекше саласы екендігі түсініле бастады.

  1. Саясаттың мәні туралы Макиавеллидің көзқарасы.

Макиавелли алғаш саясатты адамгершілік принциптерден бөліп қарады. «Мақсат - әдіс-тәсілді ақтайды». Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Билеуші арыстандай күшті және түлкідей қу болуы тиіс.

  1. Ж.Боденнің мемлекеттік билік егемендігі теориясы.

"Мемлекет - әулеттер мен оның иелігіндегілерге егеменді биліктің әділетті билік жүргізуі" деді. Бұл анықтамада егеменді билік және мемлекеттік мүлік ұғымдарына назар аударады. Мемлекеттік басқару жеке әулеттердің мүлкіне емес, тек мемлекеттік мүлікке қана жүреді.

  1. Утопиялық социализм идеяларындағы мінсіз қоғамдық құрылыс. (Т.Мор, Т.Кампанелла).

Утопиялық социализм - мүлік ортақтығына,жұрттың барлығы үшін міндетті еңбекке және игіліктердің тең бөлінуіне негізделген қоғам туралы ілім дамуының ғылымға дейінгі кезеңі.

  1. Табиғи құқық пен қоғамдық келісім теориялары Ағарту дәуірінің негізгі саяси доктриналары ретінде.

Табиғи құқық - мемлекеттен тәуелсіз адам табиғаты мен зердесінен туындайтын идеалдық құқық туралы ілім.Табиғи құқық идеялары антикалық дәуірде пайда болып (Сократ, Пратон және т.б), орта ғасырларда Құдай әмірінің бір көрінісі деп есептелді (Фома Аквинский). Батыс бурж. рев.-лар дәуірінде (17-18 ғ.) Тарихи құқық идеялары кең таралды. Тарихи құқық ілімін қолдаушылар - Гроций, Спиноза, Локк, Руссо, Монтескье, Гольбах, Кант, Радищев және т. б. - оны феодализмді сынау үшін, бурж. қоғамның "табиғилығын" және "кемеңгерлігін" дәлелдеу үшін қолданды.

Қоғамдық келісім (лат. socialis contractus - общественный договор-қоғамдық келісім, шарт) - басқарушылар (билеушілер) мен олардың қол астына қарайтындар арасында өзара құқықтары мен міндеттерін анықтайтын реалды (шын) немесе гипотезалық (болжамдық) шарт немесе келісім.Ұқсас идеяларды ертедегі Грекияда бұрын софистер айтса да, қоғамдық келісім теориясы XVII-XVIII ғ.ғ. кең таралу алды және Т. Гоббс, Дж. Локк, Ж. Ж. Руссо аттарымен байланыстырылады. Сол уақыттағы басқа саяси доктриналардан айырмашылығы, олар өздерінің теорияларында жеке игілік пен қоғамдық келісім тұрғысынан саяси билікті ақтауға тырысты. Олар биліктің толық жоқтығымен сипатталатын табиғи жағдайдың кемшіліктерін азаматтық қоғамның (яғни бар буржуазиялық қоғамның) артықшылықтарымен салыстыру арқылы мемлекет және құқық институттарының маңызы мен мақсаттарын әйгі етіп көрсетуге тырысты.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет