Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Араб-парсы тілдерінен қазақ тіліне негізінен неше сала бойынша енген?
41
2.Араб-парсы тілдерінен енген сөздер атқаратын қызметі жағынан неше
топқа топтастырылған?
3.Қазақ тіліне араб тілінен енген сөздерді кім зерттеген?
4.Қазақ тілінің монғол тілдерімен қарым-қатынасы қандай?
5.Қазақ тілі мен монғол тілдеріне ортақ қандай сөздерді білесіз?
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы қандай?
2.Сөздік қор дегеніміз не?
3.Сөздік қордағы актив сөздер мен пассив сөздер туралы не білесіз?
4.Сөздік құрам дегеніміз не?
5.Сөздік құрам мен сөздік қордың арақатынасы қандай?
6.Түркі тілдеріне ортақ қандай сөздер бар?
7.Қазақ лексикасындағы кірме сөздер туралы не білесіз?
8.Қазақ тіліне негізінен қай тілдерден сөздер енген?
9.Араб-парсы тілдерінен қай салалар бойынша сөздер енген?
10.Қазақ тіліменмонғол тілдеріне ортақ қандай сөздер бар?
Пайдаланылған əдебиеттер:
1.Ə.Болғанбаев. Қазақ тілінің лексикологиясы.Алматы. 1988ж
2. Ə.Қайдар. Қазақ тілінің өзекті мəселелері. Алматы.1998ж.
3. К.Аханов. Тіл білімінің негіздері. Алматы.1993ж.
4. Ə.Хасенов. Тіл білімі. Алматы. Рауан. 1996ж
5. К.Аханов. Қазақ тілі лексикасының мəселелері. Алматы. 1999.
6. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1992ж.
42
ОРЫС ТІЛІНЕН ЕНГЕН СӨЗДЕР
Ж О С П А Р Ы:
1. Қазақ тіліне орыс тілінен сөз ауысу жолдары
2. Орыс тілінен ХХ ғасырға дейін енген сөздер
3. Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдерде орыс тілінен
енген сөздер
Тірек сөздер: қазақ пен орыс халқы ежелден іргелес көрші елдер, орыс
тілінен ауысқан кірме сөздерді екі кезеңге бөліп қараймыз, ХХ ғасырға дейінгі
жəне ХХ ғасырда енген сөздер, кірме сөздерді тұрмыс қажетіне, əкімшілік
басқару ісіне, ғылым мен мəдениетке, қоныс аударуға байланысты жəне орыс
тілі арқылы енген интерноционалдық сөздер деп топтастырамыз.
Бір тілге көршілес тілдерден сөз ауысу процесі-сол сөз енген тілдің жалпы
сөздік құрамының баю жолының бірі. Бұл барлық тілде де болып тұратын
құбылыс. Қазақ халқы орыс халқымен ерте заманнан бері көршілес тұрады,
соның салдарынан бұл халықтар бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болды.
Бұл қатынастың нəтижесінде қазақ тілінен көптеген сөздер ауысып ене баста-
ды. Ондай ауысып енген сөздердің нақты уақытын белгілеп, қашан қандай сөз
ауысқанын білу мүмкін емес. Дегенмен орыс тілінен сөз ауысуда ерте кезеңнен
басталған. Мысалы: қазақтың рет сөзі орыстың ряд сөзіне ұқсас. Шынында да
бұл сөз орыс тілінен енген, бірақ бұл сөздің қазақ сөзі болып қалыптасып
кеткені сонша, тіпті бұл сөзден қазіргі қазақ тілінен көптеген жаңа сөздер жаса-
лады. Мысалы: реттеу, реттік сақ, реттелген, ретсіз, ретті. Ал бұл сөздің орыс
сөзі екенін мынандай жолмен ғана ашуға болады:
1. Орыс тілінде бұл түбірден шыққан көптеген туынды сөздер бар. Мыса-
лы: редоль, рядовой, порядочный, подряд, подрядчик т.б.
2. Орыс тілінде ряд сөзі көп мағыналы, ал қазақ тілінде ол сөз бұл
қасиетке ие бола алмайды.
3. Қазақ тілінде бұл сөздің қатар деген баламасы бар, орыс тіліндегі ряд,
рядовой тағы сол сияқты сөздердің мағынасын бұл да білдіре алады.
43
4. Подрядчик деген сөзі қыпшақ тобына жататын кейбір түркі тілдерінде
шеттен енген сөз ретінде кездеседі.
5. Рет сөзі көне түркі тілдік жазу ескерткіштерінің ешқайсысында жоқ.
6. Жалпы түркі халықтары тілдерінде кездеспейді.
Сөйтіп бұл сөз қазақ тіліне ерте енген орыс сөзі екен. Сөз ауысу екі жақты
болады.
1. Экономика жағынан бай мəдениеті дамыған халықтың тілі көршілеріне
əсер етсе сол бай тілдің өз-өзіндегі жоқты көрішісіндегі бардан алып отырады.
Ең бай тілдің бірі орыс тілінің өзінде де түркі халықтарынан ауысқан сөздер
жүздеп саналады.
2. Орыс тілінен қазақ тіліне енген сөздердің нақты қай ғасырдан, қай
кезеңде басталғаны белгісіз. Сондықтан кейде сөз ауысу кездерінен шамамен
белгілеуге тура келеді. Бізге шеттен енген сөздердің кейбір кезеңдері ғана
айқын. Орыс тілінен қазақ тіліне ауысып енген сөздерді төрт кезеңге бөлеміз.
1-кезең. Бұл XVII-ғасырдың басына дейінгі кезең. Бұл кезеңде қазақ
халқының орыс халқымен шаруашылық жағынан қарым-қатынасы одан кейінгі
кезеңдердегідей дəрежеде болған жоқ. Дегенмен қазақ тіліне бірлі -жарым
сөздер сол кездің өзінде-ақ ене бастады. Бұған басты себеп шаруашылық
мұқтаждығынан екі елдің өзара қарым-қатынаста болуы еді. Қазіргі қазақ
тіліндегі түрік не кірпіш, саман деген сөздер атақты фиолог М.Қашқаридың
сөздігінде XI ғасырда болуы бұл тілдердің ертеден қарым-қатынаста
болғандығына айғақ. Сол сияқты кейбір мақал-мəтелдерде бұл тілдерге ортақ
болып келеді. Мысалы: құрғақ қасық ауыз жыртады, балық басынан шіриді
сияқты мақалдар орыс тілінде де тап осы мағынада. Мысалы: Сухая ложка рот
деред. Рыба портится с головы. Бұлардың сөздері де грамматикалық тұлғалары
да біріне-бір дəл келеді. Бұл мақалдар екі халықтың екеуінде де ертеден бар,
бұлар М.Қашқаридың XI ғасырдағы жазуының кездессе, орыс тілінде X-
ғасырдағы жазу нұсқаларында кездеседі. Сөйтіп орыс халқымен қазақ
44
халқының арасында қарым-қатынас ерте заманда-ақ басталып, соның
нəтижесінде сөз ауысу процессі де болған.
2-кезең. XVII-ғасырдан бастап XIX-ғасырдың екінші жартысына дейінгі
уақыт. Бұл кезеңде Қазақстанның Россияға қосылуы мен қазақ даласына
орыстардың орналаса бастауымен байланысты. Бұл екі халықтың өзара қарым-
қатынасы, шаруашылық байланысы күшейді. Соның нəтижесінде орыс тілінен
қазақ тіліне біршама сөз ауысты. Бұл кездегі ауысқан сөздерге ауыл
шаруашылық жəне үй саймандарының кейбір атаулары жатады. Мысалы: соқа,
борона, ходок, пикет, хутор, чашка, стакан, поднос, жарма т.б. Сол сияқты орыс
тілінен соғыс-əкімшілікке байланысты біраз сөздер енеді. Мысалы: ко-
миндант, пристав, майор, солдат, почтабай, сот, атпект/адвокат/ тағы сол
сияқтылар. Бұл сөздердің бəрі əуелі күнделікті тұрмыста сөйлеу тілінде болып,
бірте-бірте қазақтың əдеби тілінде қалыптаса бастайды.
3-кезең. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Қазан төңкерісіне
дейін созылады. Бұл уақытқа дейін қазақтың үш жүзі түгелімен Россияға
қараған еді, сонымен қатар, Россияда капитализмнің қарқынды дамып,
сауданың күшеюі, ақша айналымы сол сияқты екі халық арасындағы мəдени
қатынас қазақ тілінің көптеген жаңа сөздің кіруіне себепші болды. Бұл дəуірде
қазақтың əдеби тіліне орыс тілінен көптеген сөздер ауысты. Мысалы: Абай
шығармаларында форма, такт, единица, счет, штук, картешь, аршин, пара, эле-
мент, визит, виноват, болыс, майор, ояз, сот сияқты сөздер кездеседі.
Қазақ даласына орыс техникасының тарауы мен бірге тілімізге жаңа
заттардың атаулары енді машина, сеялка, веялка, молотилка, лобогрейка, сепе-
ратор, мастер, ремонт, запас, винт, двигатель, вокзал, вагон. Əкімшілік
басқару ісіне байланысты мынандай сөздер енді. Мысалы: үйез, облыс, губерия,
старшын, ауылнай, жандара, мирофой, начальник, знак, расписка, протокол.
Қоныс аударуға байланысты план, участок, займка, колония, матка, избот,
мүк, шкатулка, карниз, хутор.
45
Ғылым мен мəдениет саласынан да көптеген сөздер кірді. Мысалы: газет,
журнал, семинария, гимназист, попичитель, училище т.б.
Тілімізге енген сөздердің ішінде үй-ішінің керек жарақтарын білдіретін
тілдер ерекше орын алады бекебай, шəлі, шарф, бəтіңке, сатин, булка, бутылка,
коробка, лампа, керосин, сіріңке, тəрелке т.б.
Қазақ тіліне орыс сөздері басқа бір үшінші тіл арқылы емес, тікелей ауы-
сады, өйткені қазақтар орыс халқы мен көшіп тұрып тығыз қарым-қатынаста
болды. Мыс: Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Павлодар, Қостанай облыстары.
Сөздердің ауысу жергілікті түрде болды. Яғни бір жердің тұрғын
қазақтары сол өз ішіндегі жергілікті орыстар мен қарым-қатынас
жасағандықтан, солардың жергілкті орысчтардың ғана сөздері ауысып отырды.
Мсыалы: үй-іші керек жарақтары, ауыл шаруашылық саймандар атауы, Омбы
қазақтарына Омбы облысындағы орыстардың, Павлодар қазақтарына
Павлодардағы орыстардан енді.
Тағы бір ескеретін нəрсе орыс тіліне түркі тілінен ауысқан сөздердің
қайтадан қазақ тіліне ауысу фактысы да кездеседі. Мысалы: бұрын түркі
тілдерінде болған тағы деген сөз орыс тілінен атқа жегілетін доға мағынасында
қайта оралды. Көне түркі тілінде қамыт-хамут болып, татар тілінің башлық сөзі
сқазақ тіліне орыс тілі арқылы қайта оралды.
Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде орыс сөздері қазақ тіліне көптеп енді.
Бір тілден екінші тілге сөз ауысу құбылысының өз кезеңі, өз заңдылығы бар.
Əсіресе өндіріс пен техниканың күшті қарқынымен қаулап өскен кезінде
тілден-тілге сөз ауысу бұрынғыдан молырақ болды. Бұл кезеңде əрбір тілдің
өзінің ішкі мүмкіншілігі өзі-өзі қамтамасыз ете алмайды, мүлдем жетіспейді.
Қазақ тілі төңкерістен бергі кезеңде өзінде жоқ, жетіспеген сөздердің бəрін
орыс тілінен алды. Бұрын соңды тілімізде айтылмаған құруар термин сөздер
ауысып келді. Өнер-кəсіп пен ауыл-шаруашылығының, сауда мен
транспорттың техникамен ғылымның үздіксіз есуі жаңа сөздердің болуын ке-
рек етті. Қазақ тілінде жаңа ұғымға сай, жаңа сөздер пайда бола бастады. Мы-
46
салы: бұрынғы күпі сөзінің орнына пальто сөзі шықты, шапан орнына кастюм,
кебіс орнына бəтіңке, туфли, өгіз орнына трактор, келік орнына автомобиль,
медрессе орнына мектеп, мешіт орнына клуб, шам орнына электр, тағы сол
сияқты толып жатқан жаңа сөздер пайда болды. Орыс тілінен қазақ тіліне
Қазан төңкерісінен кейін енген сөздердің мына сияқты ерекшеліктері болды.
1. Төңкерістен бұрын қазақ тілінен басқа тілден енген ғылыми
терминдердің саны аз болатын, ал қазіргі қазақ тілінде ғылымның барлық
салаларының терминологиясы жасалып бір ізге түсті. Қазақ тілі лексикасында
орыс тілінен енген термин сөздер орын алды. Мысалы: обьект, мораль, абст-
ракция, абсолют, процесс, реализм, категория, дифтонг, вокализм, агро, алфа-
вит, диссилимеция, индукция, атом, газ, рычак, линза, молекула, магнит, масса,
спектр, элемент, диагонал, диаметр, коэффициент, интеграл, логарифм т.б.
2. Қазан төңкерісінен бұрынғы кезеңде қазақ тіліне басқа тілінен енген
сөздердің етістік жасалған түрі/орыс тілінен енген ертеде енгенрет-теу/ряд
сөзінен/типті бірен-саран сөздерді қоспағанда/ кездеспейтін, ал қазір көпшілік
жағдайда орыс тілінен енген зат есімдерден етістіктер жасалады. Мысалы: на-
град-награттау, газ-газдау, акт-актілеу, редакция-редакциялау, коллектив-
коллектив-тендіру т.б.
3. Қазақтың қазіргі тілінде бұл уақыттың ішінде жаңа сөздер мен бірге
жаңа в, ф, ц дыбыстары пайда болды. Кейбіреулер з дыбысын у дыбысына, ф-
тп-ға, ц-нс-ға ауыстыру керек, өйткені в, ф, ц дыбыстары айтуға қыйындық
келтіреді деген пікірлер айтты. Бірақ ол пікірлердің қате екені практикада
жоққа шығарылды, қазір революция, филология, цирк, фабрика, вокзал сөздері
орыс тілінде қалай айтса, қазақ тілінде солай айтылады.
Бір тілден екінші тілге сөз ауысу тəжірибесінің негізінен екі жолы бар.
1. Бір тілден екінші тілге сөз ауысу. Орыс тілінен көбіне-се зат есім сирек болса
да сын есімнің қысқарған түрі ауысады.
2. Бір тіл екінші тілге жанама ықпал жасайды. Жанама əсер дегеніміз
орыстың көркем əдебиетін, оқулықтарды, түрлі жинақтарды аудару, оқу
47
арқылы күнделікті шығып тұратын газет-журнал арқылы, сол сияқты екі
халықтың өздерінің күнделікті өмірдегі қарым-қатынастардың т.б. əсері
қазақтың əдеби тіліне ілгері дамытып, грамматикасын жетілдіруге себеп болды.
Бұл екі түрлі жолмен іске асты. Бірі қазақтың ежелгі сөздерінің негізінде жаңа
сөз жасау. Екіншісі оларды орыс тіліндегі атаумен қабылдау. Осының
нəтижесінде қазақтың əдеби тілі байылды. Мысалы: тілші/ корреспендент/,
сын/ критика/, үндеу/ возвание/, басқарма/ управление, жазшы/ писатель/, бас-
па/издателство/, ағарту/ просвешение/, есеп-санақ/ статистика/, орта/среда/,
əлеуметтік/ социальный/, шығарма/ сочинение/, оқулық/ учебник/, шама/ вели-
чина/, дене/ тело/, əдіс/способ т.б.
Жаңа сөздердің ықпалынан қазақ тілі орфографиясына да көптеген
жаңалық енді. Мысалы: бұрын б, в, г, д дыбыстарының əрпі сөздің аяғында жа-
зылмайды. Деген қағида болса қазіргі қазақ тілінде жазылады, бірақ айтылмай-
ды деген жаңа қағида шықты.
Орыс тіліндегі терминдерді қазақша сөзбе-сөз аударып алуда мынандай
игілікті ықпалдар болды.
1. Орыс тіліндегі сөздерге лайықты балама іздеп табу нəтижесінде кейбір
дублет сөздер дұрыс мағына алып, бір-біріне сараланып, бөлініп кетті. Мыса-
лы: оқу білім, ғылым-ілім сияқты бұрынғы синонимдес сөздер қазіргі жеке-
жеке мағынаға ие болып, өзара сараланып отыр. Мысалы: оқу/учеба/,
білім/знание/, ғылым/наука/, ілім/ учение, сол сияқты ту /знамя/ мен жа-
лау/плаг/, қолғап/рукавица/ мен биялай/перчатки/, темекі/табак/ мен шы-
лым/попироса/, кінə/вина/, мен күнə/грех/ т.б. тəрізді жарыспа сөздердің жеке
бір-бірінен ажырап нақтылана түсті.
2. Орыс тіліндегі термин сөздерді қазақша аударып алуда кейбір аз
мағыналы сөздер активтеніп белсенді қызметке тартылды. Соның нəтижесінде
дара мағыналы сөздер көп мағыналы болып қалыптасты. Яғни кейбір сөздердің
семантикалық шеңбері кеңейіп, сапа жағынан дамыды. Мысалы: орыстың
фонд, запас, резерв деген үш түрлі сөз қазақтың қор деген бір мағыналы сөзінен
48
аударылып жүр. Сол сияқты орыс тіліндегі строй, стойка, строение, стройство,
стойтелство, постройка тəрізді бірнеше терминдер қазақша құрылыс деген
жалғыз сөз балама болып алынған. Вывод, заключение дегендердің мағынасы
қорытынды деген сөзбен берілген.
3. Орыс тіліндегі терминдерге лайықты атаулық баламалар табу үсітнде
күнделікті қолданысқа түспей қалтарыста қалып жүрген ана тіліндегі кейбір
көнерген сөздер мен жергілікті сөздер активтеніп, қайтадан іске қосылған.
Мəселен: терминологиялық сөздіктегі стрелка деген сөз тіл, жебе болып екі
түрлі сөзбен берілген. Здание, ғимарат, үй-жай, тип, сүзек, кезік, переполка,
жарғақ, желқабақ болып орыс тілінен қазақшаға аударылған. Осындағы же-
бе,ғимарат дегендер архаизмдер кезік, желқабақ, дегендер жергілікті сөздер.
Қажетті жерде бұларда əдеби тілдің белгілі қəдесіне жараған.
Сұрақтар мен тапрсырмалар:
1.Орыс тілінен қазақ тіліне сөздер қандай жағдайлармен байланысты ен-
ген
?
2.Қазақ тіліндегі орыс тілінен енген сөздерді зерттеген ғалымдар кімдер
?
3.Қазақ тіліне орыс тілі арқылы енген қандай интерноционалдық сөздер
бар
?
4.Орыс тілінен енген сөздерді қалай топтастырамыз
?
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Ə.Болғанбаев. Қазақ тілі лексикологиясы. Алматы 1988ж.
2. І.Кеңесбаев, Ғ.Мусабаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы
3. Ə.Қайдаров. Қазақ тілі тарихы лексикологиясының
мəселелері. Алматы-1988 ж
4.Болғанбаев Ə.ДүйсебаеваД. Қазіргі қазақ тілі.Ташкент.2008.
49
ҚАЗАҚ ТІЛІ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ СТИЛДІК МƏНІ МЕН ТОПТАРЫ
ЖОСПАРЫ:
1. Сөздердің стилдік мəніне қарай бөлінуі
2. Сөйлеу тілінің лексикасы
3. Жалпы халықтық лексикасы
4. Диалектілік лексика
5. Кəсіби сөздер мен термин сөздер
6. Көнерген сөздер мен неологизмдер
7. Кітаби лексика
8. Экспрессивті-эмоциональды лексика
9.Варваризмдер
Тірек сөздер: Қазақ тіліндегі сөздер өрісі стильдік қызметі жағынан əр
түрлі болып келеді, сөздерді қолданылу өрісіне қарай төмендегіше топтастыр-
мыз: жалпылама лексика, сөйлеу тілінің лексикасы, кəсіби сөздер мен диалект
сөздер, көнерген сөздер мен неологизмдер, термин сөздер, ескі дəуірдегі кітаби
лексика мен қазіргі кітаби лексика үйлгелір, экспрессивті-эмоциональды
лексиканың жасалу жолдары, варваризмдер.
Қазіргі қазақ тілі лексикасы жаңа сөздер мен толыққаны болмаса,
айтарлықтай түп-тамырымен өзгеріске ұшыраған жоқ, бірақ қатты қарқынмен
дамыды. Қазақ тілі лексикасының бұлай дамуы стилдік жағынан дамуына да
үлкен əсер етті. Қазақ тілінің лексикасын стилдік жағынан қолдану тек қазіргі
əдеби тілімізде ғана байқалады. Сондықтан да сөздері стилдік қолдану,
жұмсалу жағынан бөлгенімізде қазақтың қазіргі əдеби тілінің қандай дəрежеде
қай негізде қолданылып жүргеніне сүйенеміз.
50
Мысалы, қазақ тілінде бастық, басшы, жетекші, үлкен деген сөздер бір-
біріне синоним, яғни бұл сөздердің мағынасы бір-біріне өте жақын, бірақ
стилдік қолданылуы жөніне бұлардың бəрі бірдей емес: ол сөздерді қалай
қолдану, олардың орнын тауып жұмсау стилдерге байланысты. Басшы
қызметкер деп айтуға болса, бастық қызметкер деуге болмайды. Экскурсанттар
жетекшісі деген тіркесте қолданылса, экскурсанттар үлкені деген тіркес құрауға
болмайды.
Қазақ тілі лексикасындағы мына сияқты категориядағы сөздердің: қарт,
қарие, кəрі, шал, көне, ескі мағынасы бір-біріне өте жақын сияқты, бірақ бұл
мəндес сөздерді нақты қолданылғанда белгілі бір тіркесте, стилде ғана
жұмсалады. Кəрі деген сөзді нақтыл заттық мағынадағы тіркестермен жəне
жанды заттарға қолданамыз.
Кəрі қой, кəрі кісі, кəрі тауық дейміз, бірақ кəрі киім, кəрі кітап деуге бол-
майды, бұларға келгенде ескі деген сөз қосылып, ескі киім, ескі кітап делінеді.
Қарт, шал деген сөздердің екеуі де қария адам деген мағынада жұмсалса да,
стилдік қолдану жағынан айырмашылықтары бар. Мысалы, қарт адам, қарт
келді дегендер-əдеби норма, шал адам, шал келді, дегендер сөйлеу тілі нормасы
болып, адамды кемсіту, қомсыну мағынасында жұмсалады. Дегенмен қазіргі
қазақ тілі лексикасының стилдік түрі саралана бастауын Қазан төңкерісінен
кейінгі кезеңге жатқызамыз. Стилдік ерекшеліктері туыс тілдердің
əрқайсысының өз ортасына тəн нақты жағдайда тексерген жөн. Олардың
стилдік ерекшеліктері əрқайсысында əр түрлі.
Мысалы, татар тілінде қарт деген сөздер сөз қарт алаша /қарт жылқы/
сияқты тіркесте қолданылса, қазіргі қазақ тілінде бұндай тіркестер
қолданылмайды немесе түрікмен тілінде: оның өзіне тəн стилдік қалыптасқан
нормасы бар. Ол норма қазақ тілінде норма бола болмайды. Мысалы,
түрікменше, Бир чал сакгал адам ер сурур иор экен- Бир ақ сақал адам жер
жыртып жүр екен.
51
Қазіргі қазақ тілінің лексикасындағы сөздердің өздеріне тəн қасиеттері
болатыны байқалады. Мысалы, поэтикалық тілдер мен көркем прозада жалпы
халықтық лексикадағы кейбір сөздер көбінесе ауыспалы мағынада қолданылса,
ғылыми публицистикалық əдебиеттерде сөздің тура мағынасы қолданылады,
өйткені ғылыми əдебиеттерде сөздің тура, дəл болуы қажет.
Қазіргі қазақ тілі лексикасындағы сөздердің стилдік мəніне қарай
төмендегіше топтауға болады.
1. Сөйлеу тілінің лексикасы
2. Жалпылама лексика
3. Диалектілік лексика
4. Кəсіби лексика
5. Көнерген сөздер
6. Неологизмдер
7. Ресми лексика
8. Кітаби лексика
9. Экспрессивті-эмоциональдық лексика.
Сөйлеу тілі мен қазақтың əдеби тілі қазіргі кезде бір-бірінен ажырай
қалыптасу күйінде. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысып бірін-бірі толықтырып
отырады. Өйткені сөйлеу тілі əдеби сөздердің сарқылмас көзі болған соң, əдеби
тіл өзіне керекті қорды сөйлеу тілінен алады. Тіліміздегі əдеби тілдің вариан-
ттары сөйлеу тілінде де кездеседі.
Мысалы, əдеби тілдегі мырза жəне жомарт дегендердің сөйлеу тіліндегі
варианттары тыраш. Сондықтан тыраш деген аз сөз сөйлеу тілінде ғана
қолданылады. Осы сияқты сөздердің мынандай варианттары тілімізде
лексикалық параллель сияқты. Мысалы, кемшіл-кем, баспақ-тайша, тақау-таяу,
дуз-жүз. Сөйлеу тілінің варианттарының көлемі аз жəне кең түрде таралмаған,
сондықтан ол əдеби тіл варианттарының орнына жүре алмайды. Бұған
қарамастан сөйлеу тілінің лексикасындағы біраз сөздер əдеби тіл лексикасынан
орын алады.
52
Мысалы, қатын көнтек ауыз, тобан аяқ, сумпайы, т.б. осы сияқты сөздер
сөйлеу тіліне жатады, сөйте тұра олар кейде əдеби тілде де қолданылады.
Сөйлеу тілінің бір ерекшелігі сөздің тұрпайлығынада не жек көру реңкі
болуында.
Мысалы, су мұрын, жекей, сойдақ деу жек көргендікті көрсетеді.
Сол сияқты, кейбір сөздерді қалыптасқан əдеби нормасында қолданылмай,
сыртқы тұлғасын өзгертіп, қолайсыз түрде қолдану да сөйлеу тілі лексикасына
апарып қосады. Мысалы, жорта істеді деудің орнына жори істеді деген тіркес
сөйлеу тіліне нормасына сай келеді.
Сол сияқты ру деудің орнына ұрық, құман деудің орнына құмған, жолығу
деудің орнына жалғасу бағы басқалары.
Əдеби тілдің дамуына байланысты сараланып келе жатқан қазақтың
сөйлеу тілі сан жағынан шамалы. Оған көптеген себеп бар. Ең алдымен жалпы
халық тіліндегі атаулардың бəрі де негізінен алғанда əдеби тілде кездесе береді.
Оларды мынау əдеби тіл, мынау сөйлеу тілі деп бөлуге болмайды: Атпен
ойнағанша, атаңның басымен ойна дегендегі сөздердің ішінен атаңның басы де-
ген тіркес сөйлеу тіліне жақын десек, олардың өзі жеке тұрғанда сөйлеу тілі де-
уге болмайды. Ата, бас деген сөздердің сөйлеу тілі нормасын табу мүмкін
емес. Өйткені заттың атауы болған сөздер ешқашанда əдеби, сөйлеу тілі дегенге
бөлінбейді. Сөйлеу тілі көбінесе дерексіз ұғымдардың атауында, сын-сыпатты
суреттеуде не сөзді бұрмалап, ожар айтуда кездеседі. Мысалы: бақылаушылар
əбжіл қимылдап, дереу ұстамақшы болды, жоқшылар ізме-із қуа жөнеліп, тез
жетіп келді. Осындағы əбжіл жалпы халықтық қасиеттен айрылған сөз, ізме-із
қазақ əдеби тілінде ізбе-із болуы заңды норма. Ол үшін көзбе-көз, ауызба-ауыз
дегендерді салыстырсақ болады.
Сөйлеу тілі шет тілден кірген түбірлерден жаңа сөз жасауда əдеби норма-
дан ауытқиды. Мысалы: араб тілінен енген саг сөзді əдеби тілде сау болып ай-
тылады. Кейде сау деудің орнына сақ деп алып, сақаю деген етістік жасау əдеби
тіл нормасына қайшы келеді. Сөйлеу тілінде кейде байырғы сөздерді сəл
53
өзгертіп айтады. Мысалы: тастау дегенді тыстау деп жолығысу дегенді жалғасу
деп, солекет дегенді солегей деп ауыстырып айтады. Сөйлеу тілі мен əдеби
тілдің арасындағы айырмашылық қазақтың ұлт тілінде жазу мəдениеті ерте
дамыған тілдер мен салыстырғанда онша алшақ еместігін көреміз.
Жалпылама лексика адам баласының күнделікті күн көріс тіршілігінде ең
қажетті заттар мен құбылыстарға қатысты жалпы танымал сөздерді қамтиды.
Бұлар ешқандай мамандық пен кəсіпке қарай жарылып бөлінбейді, бір
тілде сөйлейтін барлық адамға ортақ болып жұмсала береді. Сондықтан да
бұлар жалпылама лексика деп аталады. Мысалы: ауа, су, тамақ, үй, мал,
нанағаш, көру, істеу, білу, жеу, қоректену, үлкен, кіші, жоғары, төмен, азық,
үшін, дейін, сияқты т.б.
Бұл сөздер жалпы қазақша тіл білетіндердің бəріне бірдей қызмет етеді.
Жалпылама лексикаға қатысты сөздер стильдік мəні жағынан бейтарап болады
да, қолданылу жағынан ешқандай шек қойылмайды, барлық стилге бірдей,
ортақ мəнді қызмет атқарады. Осындай /жалпылама/ лексикаға тəн сөздерде
əркімнің өзіндік жағымды-жағымсыз не артық-кем түрліше көзқарас
көрсетілмейді. Əр сөз өзінің болған қалпында тура мағынасында жұмсалады.
Мысалы: Асқар бүгін оқудан ерте келді. Ертең ауа райы ашық болады. Əсем
университетте оқыды деген сөйлемдердегі əрбір сөз тек өзінің тура
мағыналарында ғана қолданылып тұр. Сондықтан да бұлар жалпылама лексика
деп аталады. Мысалы: ауа, су, тамақ, үй, мал, нан, ағаш, көру, істеу, білу, жеу,
қоректену, үлкен, кіші, жоғары, төмен, озық, үшін, дейін сияқты т.б.
Жалпылама лексикаға жататын сөздер өзінің тура мағынасынан ауытқып,
басқа контекске түскенде ғана əр түрлі экспрессивті мəнге ие болады. Мысалы:
көйлектің кірі жуса кетеді, көңілдің кірі айтса кетеді.дегендегі кір сөзі екі түрлі
мағынада жұмсалып тұр. Сол сияқты «су жерді көгертеді, еңбек ерді көгертеді»
деген мақаладағы көгертеді деген етістік екі түрлі ұғым тудырып тұр.
Соңғысындағы адамның атақ-абыройға ие болуы, даңққа бөленуі бейне-
ленген. Демек, жалпылама лексикаға қатысты сөздерде өзгермейтін томаға
54
тұйық емес, бұларда басқа синтаксистік құрылым мен өзге грамматикалық
форманың қарауына кеткенде түрліше мəн алып отырады.
Қорыта айтсақ, қазіргі қазақ тілінің лексикасындағы жалпы халықтық не-
месе жалпылама лексикамыздың стильдік топтары бəрінің негізі болып сана-
лады.
1. Жалпылама лексика тəжірибе жүзінде қолдану жағынан стильдік басқа
топтардан айрықша сала. Бұл лексика - ең бай ең көлемді, бүкіл халық тіл
байлығын қамтитын сала.
2. Жалпылама лексика жалпы халықтық мəні бар стилистикалық топтарға
жатады.
Қазақ халқының жалпыға ортақ бір тұтас əдебий тілінің болуымен қатар
белгілі терреториялық аймақта ғана ауыз екі тілде шектеліп айтылатын
жергілікті ерекшелігі де кездеседі.
Осындай белгілі өлкеде ғана таралу шегі бар. Жалпы халықтық сөз
байлығына енбейтін сөз айырмашылығын диалектілік лексика деп атаймыз.
Диалектілік сөздер жергілікті халықтың сөйлеу тілінде ғана ұшырасады да,
əдеби тілде мүлдем қолданылмайды. Бұлардың əдеби тілге белгілі синонимі
болады.
Мысалы: азын-шоғын, азды-көпті, біраз ақша, жілік-кəрі жілік, бейсаубет-
бет алды, бейсауат-ретсіз, дəйіс-ұятсыз, арсыз, дəліз-ауыз үй, сенек, кəрі -
соқыр, көр, кат-қаттау-құтырту, елерту, кейде əдебий тілдегі бір сөздің
жергілікті халық тілінде көптеген синонимі кездеседі. Мысалы: əдеби тілдегі
сіріңке деген сөздің оттық, күкірт, кеуірт, шырпы, ши, шақпақ, шағар тəрізді
жергілкті диалектілік синонимдері бар. Сонымен бірге қазақ тілінде күні
бүгінге дейін əдеби нұсқасы анықталмаған синонимдерде бар.
Мысалы: кумəжнек-эмиен, су ағаш- иін ағаш, мойын ағаш, əкпіш, күйенте
құрамыс, доғабас, айылбас т.б. Осы сөздердің əр қайсысы өлкеміздің əр жерінде
басым болып айтылып, əдеби сыңары əлі күнге дейін айқындалмайды. Бұл
сияқты ерекшеліктер жеке сөздердің мағыналарынан да байқалады. Мысалы:
55
там деген сөз бір жерде үй мағынасында айтылса, енді бір жерде мола сөзінің
синонимі ретінде жұмсалынады. Əдебий тілде бала деп кемелеткетолмаған ұл
мен қызды айтсақ, Алматы облысында бала деп тек ер баланы ғана ұғынады.
Жергілікті ерекшеліктердің ішінде əдеби тілге ең жақыны, өте-мөте алысы,
сонымен қатар бейтанысы мен көмескілеуі де кездесетіні байқалады. Мысалы:
леген, тана, жұлдыз, жейде, пұл, шекер, салма, байпақ сияқты сөздер əдебий
тілге бір табан жақын жүргендердің қатарына кіреді. Қазақ тіліндегі диалектиз-
мдер негізінен ертедегі ру-тайпа тілдерінен қалған сарқыншақтар. Өзге
тілдерден əсіресе көрші халықтар мен араласуы арқылы енген кірме сөздер.
Қазақ тілінде диалектизмдерді қолданудың 3 түрлі жолы бар.
1. Күнделікті тұрмыстан əрбір жергілікті территориялық аймақтың өзінде
ауыз екі тілде актив болып жұмсалады.
2. Қоғамдық көпшілік жерде біреу мен біреу аузыба-ауыз сөйлескенде
ауызша қарым-қатынаста байқалады.
3. Белгілі бір жазушының белгілі бір шығармасындағы кейіпкерлердің
тілінде қолданылады.
Кəсіптік лексика деген терминді сөз еткенде белгілі бір адамдар тобының
қызметіне байланысты немесе бүтіндей бір ауданның шаруашылық
саласындағы ерекшеліктерді білдіретін жалпы лексиканың бір бөлігіндегі
сөздерді түсінеміз.
Арнаулы
лексика
мен
тар
мағынадағы
кəсіптік
лексиканың
айырмашылығы бар. Сондықтан бұларды:
1. Кəсіптік лексика
2. Ғылыми термикология деп бөлеміз.
1. Кəсіптік лексикаға белгілі бір кəсіп шаруашылық саласындағы атауды
білдіретін сөздер жатады. Кəсіби сөздер əдеби тілдің құрамына кіреді.
Бұлар өз алдына жеке лексикалық топ құрайды. Қазақ тілінде кəсіби
сөздердің мынандай түрлері бар.
56
1. Мақта шаруашылығына қатысты кəсіби сөздер: тегене, күнжара, көсек,
киуашақ, қоза, шанақ, мақташы, терім, шит, судигер, мақта майы, т.б.
2. Қызылша шаруашылығына қатысты кəсіби сөздер: ас қызылша, қант
қызылшасы, сирне, гүлдеуік, тоспа, тұқым жарнағы, қағат, өркін, жүйек т.б.
3. Темекі шаруашылығына қатысты кəсіби сөздер: бұлықтыру, бүркеніш,
жал, жиым, жіп, құлақ, жұлу, маты, сағақ, темекісі, қурай, тізбек, тікқұлақ т.б.
4. Балық шаруашылығына қатысты кəсіби сөздер: жылым, сүзекі, тоспай,
ықпа, сере, қаяз, торта, тыпан, азна, қарма, жұтпа, шөктірме, сүре, бүйек т.б.
5. Бау-бақша жəне суармалы егіс шаруашылығына қатысты кəсіби сөздер:
алқар, нəк, шабдалы, əнжір, күлəби, болбол, қарық, атыз, бал, жая, акаба, кесе
т.б.
Сонымен бірге қазақ тілінде саятшылыққа қол өнеріне, тігіншілікке, дəрі-
дəрмек, өсімдіктерін өсірушілерге тəн көптеген кəсіби сөздердің болуы заңды
нəрсе.
Əр бір тілдің сөздік құрамында жалпылама ортақ лексикамен қатар ғылым
мен техниканың, өндіріс пен шаруашылықтың, əрбір саласына тілінде арнаулы
сөздері де болады.
Мұны терминдер деп атайды. Терминдердің тууы мен пайда болуы ғылым
мен техника атауларына тығыз байланысты. Ғылым жоқ, техникасы болмаған
елдерде термин жайында сөз де болуы мүмкін емес. Терминдер негізінен
белгілі бір дара ұғымды дəл көрсететін болғандықтан, көбінесе бір мағыналы
болып кездеседі. Сонымен қатар терминдерде стильдік эмоциялық мəн де
кездеспейді.
Сондықтан да, терминдердің мағынасы жылжымалы, өзгермелі емес,
əрқашан тұрақты да болады да, бір ғылымды меншіктеп, соған түпкілікті
қызмет атқарады.
Қазақ тілі терминдерінің жасалу жолдары төмендегідей:
57
1. Сөздің қазақ тілінде баламасы болмағандықтан орыс тілінен термин
сөздер алынды. Мысалы: акт, конверция, вольт, ампер, атрибут, обьект, синтак-
сис, лексика, фонема.
2. Қазақ тіліндегі байырғы сөздер қазақ терминологиясының негізгі
көпшілігі болуы мен қатар, орыс тіліндегі қандай терминнен болсада, шолық
баламасы
болады.
Мысалы:
тап/класс/,
ұлт/нация/,
құн/стоимость/,
қоғам/общество/, зат/вещество/.
3. Орыс жəне қазақ тілдеріндегі сөздер компоненттерінен бірігіп, аралас
құралған күрделі жаңа сөздер пайда болды. Мысалы: аэрошана/аэросани/, авто-
ара/автопила/, автоқалам, /авторучка/ жəне т.б.
4. Тілімізде кездесетін көптеген сөздер орыс тіліндегі терминдердің
ұқсастығына қарай, кальки ретінде жасалған. Мысалы: өндіріс деген сөз орыс
тіліндегі произзводство деген сөздің үлгісі мен жасалған.
Егер бұл сөзге талдау жасасақ, онда өн деген түбірін бөліп алып, оған
қосылатын жұрнақтарды талдасақ, -дір өнімді жұрнақ, -іс жұрнағы өндір
сөзіне қосылып производство сөзінің толық мағынасын беріп тұр. Қазан
төңкерісіне дейін өндіріс сөзі қолданылмағандықтан орыс тілінің ықпалы
нəтижесінде айнытпай жасалған жаңа сөз деп саналады. Мысалы:
Төңкеріс/переворот/, қозғалыс/движение/, жазушы/писатель/ баяндауыш/ ска-
зуемое/ т.б. сөздер тек төңкеріс дəуірінен кейін кең қолданыла бастады.
Тіл қоғамдық құбылыс болғандықтан, ондағы болып жататын неше алуан
өзгерістер сөздік құрамның дамуына да түрлі əсер етіп отырады. Көп жағдайда
тілдің лексикасы жаңа сөздердің есебінен кемелденіп үлкені толығып отырса,
енді бірде кейбір сөздердің тозығы жетіп көнеруіне əкеп соғады. Көнеру сипаты
мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне сана тұрмысына, əдеп-ғұрпына, дүние
танымына қарай əр дəуірде өзгеріп басқаша сөздермен ауысып отырған не
ескіріп біржола қалып қойған сөздер жатады. Қазақ тілінде архаизмдердің мы-
нандай түрлері бар.
58
1. Мата-кездеме атаулары мен байланысты архаизмдер: торқа, пайы, мауы-
ты, борлат, пəстек, репес. дүрия. берен т.б.
2. Киім-кеншек, ыдыс-аяқ атауларына қатысты архаизмдер: шидем, күпі,
жарғақ, аба, кісе, қоқы, жағлан, күлапара, сапты, аяқ, көнек, асадал, талыс, ке-
бене т.б.
3. Үй тұрмысына, мал атауларына қатысты архаизмдер: лашық, итарқа,
жаппа, жолым үй, аран, шопан ата, қамбар ата, /жылқы/, ойсыл қара/түйе/,
зəңгі баба/сиыр/ т.б.
4. Əр түрлі ұғымға қатысты архаизмдер: аламан, алапа, албан. алаш, дат,
ақшам, ақ сүйек, ақыретшіл, мор т.б.
5. Жалпы түркі тілдеріне тəн архаизмдер: будун, ұлыс, тəңірі, толағай,
адақ, арқан, бек т.б.
Дəуірі өтіп, сол ескі заманның өзімен қоса жоғалған сөздер историзмдер
деп аталады. Историзмдердің көнеруі тарихи атаулардың құрып бітіуі мен
біржола жоғалуына байланысты болады. Оларды да бірнеше топқа бөлуге бо-
лады:
1. Əкімшілік басқаруы байланысты туған историзмдер хан, ханша, тақ,
тəж, датқа, болыс, старшын, шабарман, нөкер, құл, күң, малай, дуан, елубасы
т.б.
2. Əскери атақ пен қару-жараққа қатысты историзмдер: садақ, жебе,
ақшантай, қалқан, найза, жасақ, қосын, сарбаз, адырна, ақберен, наркескен,
кіреуке, шиті мылтық, алдаспан т.б.
3. Кеңес тұсында пайда болған историзмдер: нарком, совдеп, рабфак, ал-
шылар комитеті, қызыл отау. нəпмен, қосшы, ұя қатшы, отарба, төраға т.б.
Историзмдердің көнерген ескіріп кетсе, қайтып тілге оралмайды. Ал
архаизмдердің кей біреулері жаңа мағына алып, сөздік құрамдағы актив
сөздердің үйіріне қайта қосылуы мүмкін. Мысалы: жасақ деген архаизмді
қайта тірілтіп жасақшы деген жаңа сөз жасап алдық.
59
Ғылым мен техниканың өндіріс пен ауыл шаруашылығының мəдениет пен
тұрмыстың дамыған шағында жаңа ұғымдарды ілдіретін жаңа сөздер тілге топ-
тап енеді. Бұндай сөздер неологизмдер деп аталады.
Неологизмдер тілге сіңісіп, жалпы халықтық сипат ала қоймаған, жаңа
сөздер деген ұғымды білдіреді. Халыққа əбден танылып болмаған белгілі бір
саладағы тар көлемде қолданылып жүрген жаңа сөздердің бəрі де неологиз-
мдер тобына кіреді. Бір кезде діни оқуды қоғамнан шеттетіп, жаңа оқуды
өмірге ендірген кезінде осы күнгі мұғалім мектеп, класс, тахта, парта, оқушы,
карта, глобус деген сөздерді өзі қазақ үшін неологизм болғанына күмəн
келтіруге болмайды. Бүгінгі неологизмдер деп танылған сөзіміз 5-10 жыл өтісі
мен-ақ неологизмдердің тізімінен шығып, актив сөздердің қатарына барып
қосылады.
Мысалы:
телевизор,
спутник,
космос,
қазақ
тіліндегі
неологизмдердің жасалуының ең негізгі жолдары мынандай:
1. Сөздердің мағыналарының жаңаруы арқылы неологизм жасалады.
Талқылау деген сөз бұрын иленген қайысты жұмсарту процессі мағынасында
қолданылып келді, ал қазір /обсуждать/ жаңа мағынаға ие болды. Мұра орны-
на мирас, тұжыру-тұйықтау, барлық-барша, əлем-ғалам т.б. неологизмдер.
2. Аффикстік неологизмдер, бастауыш, баяндауыш, құрам, басқарма,
қолжазба т.б. Орыс тілінен енген сөздердің түбірінен қазақ тілі қосымшалары
арқылы неологизм жасалады. Мысалы: награда-наградтау, көкс-көкстеу, реак-
ция- реакцияшылдық т.б.
3. Сөздердің бірігуі арқылы жасалған неологизмдер: Екі сөздің біреуі
арқылы түбірдегі екі компоненттің мағынасынан мүлде басқаша үшінші бір
мағынаны тудырады. Соның нəтижесінде ол неологизм болып лексикаға ене
бастайды. Мысалы: бесжылдық, онжылдық, бүкілодақтық, қолөнер, еңбек күн,
шетел т.б.
4. Орыс тілінен ауысып енген неологизмдер: автомобиль, телефон, теле-
грамма, трамвай сөздері XX ғ басында неологизмдер еді.
60
Қазақ тіл білімінде «кітаби лексика» деген ұғым өткен дəуірлердегі жазба
əдеби тілде қолданылған сөздер мəнінде қолданылып келеді. Бұл мағынада
кітаби лексика термині қазіргі жазба əдеби тіл лексикасынан ерекшелеп,
ертедегі жазба əдеби тіл дəстүріндегі лексиканы білдіру мақсатында шартты
түрде қабылданған еді. Шын мəнінде «кітаби лексика» термині жалпы жазба
тілде қолданылатын сөздерді білдіреді. Жазба тілсіз əдебиет, жазба əдеби тіл
болмайтыны белгілі. Демек, жазба тілде қолданылатын сөздер əдеби лексикаға
жатады. Кітаби лексика дегеніміз əдеби лексика. Əрине əдеби тіл дамуының
барлық дəуірлерінде əдеби лексика бірдей болуы мүмкін емес, сол себепті ол
өзінің даму, қалыптасу тенденциясына қарай іштей жіктеліп отырады. Мəселен
қазақ тіліндегі кітаби лексика тарихи жəне қазіргі тұрғыдан екі салаға бөлінеді:
ескі дəуірдегі кітаби лексика, қазіргі кітаби лексика.
Ескі кітаби лексикада болсын, қазіргі жаңа кітаби лексикада болсын, сөздер
стильдік қызметі жағынан сұрыпталып, шектеліп отырады, осыдан барып
кітаби лексиканың стильдік түрлері қалыптасады. Бірақ олар əр дəуірде бірдей
болуы мүмкін емес. Мысалы ескі кітаби тіл стиль жағынан 2-3 салаға бөлінсе,
ал қазіргі əдеби тіл негізінен 4-5 салаға бөлінеді: ресми іс қағаздары мен
құжаттар, публицистикалық, ғылыми, техникалық, көркем əдебиет стильдері.
Кейбір стиль түрлері кітаби тілдің қай түрінде болсын кездесіп отырады. Мы-
салы, ресми іс қағаздары стилі ескі кітаби тілде де, қазіргі кітаби тілде де бар.
Тағы бір ескертетін жай кітаби тіл қай дəуірде болсын көркем əдебиетпен бай-
ланысты дамыған. Мəселен «Құдатғу білік», Қожа Ахмед Йассауидың
«Хикметі», «Хосрау уа Ширин», «Мухаббатнама», «Гүлстан», т.б. шығармалар
ең алдымен өз заманындағы кітаби тілдің қалыптасуына əсер еткен көркем
туындылар болып табылады. Сол сияқты барлық жанрда кеңінен дамыған
қазіргі көркем əдебиет осы күнгі кітаби тілдің қайнар көзі екені белгілі.
Сөйтіп, кітаби лексика деп белгілі дəрежеде əдеби нормаға түскен,
стилистикалық қолданысы жағынан сараланған жазба тілге тəн сөздерді айта-
мыз.
61
1. Ескі дəуірдегі кітаби лексика. Бұрынғы дəуірлердегі жазба мұралардың
тілі, соларға тəн жазу дəстүрі ескі кітаби тіл деп, ал сол мұраларда қолданылған
түркі тілдеріне ортақ сөздер ескі дəуірдегі кітаби лексика деп аталады. Қазақ
тілі түркі тілдерінің бірі болғандықтан, өткен дəуірлерден қалған түркі тілдері
ескерткіштерінің қазақ тіліне тікелей қатысы бар. Ескі дəуір ескерткіштерінің
тілі қазіргі қазақ тілінен мүлдем алшақ жатқан, түсінбейтін, ұқсаспайтын
кереғар дүние деп қарауға болмайды.
Ескі кітаби тіл дəстүрі қазақ əдеби тілінің баолық кезеңдеріне де əсерін
тигізген. Оны қазақтың ауыз əдебиеті үлгілерінен де ХV-ХVII, ХVIII-ХIХ
ғасырлардағы əдеби тілден де, жаңа жазба əдеби тілдің негізін салған Абай,
Ыбырай шығармаларынан да, тіпті ХХ ғасыр басындағы қазақ əдеби тілінен де
байқауға болады. Қазақтың ескі кітаби тілідіни араб-парсы, шағатай, татар
əдебиеттеріндегі тілдік нормаларды қамтып, таза қазақ тілінде жазылмаған.
Түркі халықтарының жазба ескерткіштерінде кездесетн кітаби лексика мы-
надай формада ұшырасады. Мысалы: қаған (хан), беглер (бектер), йоқ (жоқ),
будун (халық), йүз (жүз), йеті (жеті), тағ (тау), кіші (кісі), сарығ (сары), йыл
(жыл), тамға (таңба), сусун (сусын), йаратқан (жаратқан), солағай (солақай), ал-
тымыш (алпыс) бурун (бұрын) т.б.
Кітаби сөздің жазу стиліне тəн басты жəне негізгі ерекшелігі сөздердің көне
тұлғаларын, түркі тілдеріне ортақ формалары мен байырғы мағыналарын
түгелдей сақтап жазуында еді. Кеңес дəуірінде түркі халықтары ескі кітаби
тілдегі үлгілердің қажеттілерін өздеріне мұра етіп қалдырды да, онша
үйлеспейтіндерін əр халық өз мүддесіне қарай жаңашалап, жаңғыртып пайда-
ланды.
2. Қазіргі кітаби лексика. Бұған сөйлеу тілінің тұрмыстық-қарапайым лек-
сикасынан, диалектизмдерден басқа, əдеби нормалық белгілердің қатаң
сақталуына талап ететін публицистикалық, ғылыми жəне ресми құжаттар
стильдерінде, көркем əдебиет тілінде қолданылатын сөздер жатады. Əрбір
стильге тəн сөздер олардың бəріне ортақ белгілерімен сипатталады. Атап
62
айтқанда, ресми - іс қағаздары стиліндегі сөздер өздерінің бірыңғай бір ізде
қолданылуымен мейлінше нақты, жанрлық тақырыптарының тұрақтылығымен
сипатталады. Мысалы дипломатиялық құжаттарда сенім грамотасы, консул,
атташе, елшілік, миссия, нота, меморандум, ресми сапар, келіссөз, штаб - квар-
тира, резиденция т. б. сөздер үнемі қолданылып отырады.
Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орны-
на қарай əр түрлі аталады. Мысалы адам деген сөз ресми құжаттарда- азамат,
жолдас, телефон станциясында - абонент, ательеде - заказ беруші, ауруханада -
науқас, транспортта-жолаушы т.б. болып айтылады.
Ғылыми стильдегі сөздер айтылатын ой-пікірлердің дəлелді, обьекті
берілуіне сай келіп, дерексіз ұғымдарды білдіруде кеңінен қолданылып, оларды
қорытындылап жинақтау қасиетіне лайық болуға тиіс. Мысалы, абстракция,
активтендіру, қозғалыс, бірлестік, бірлік, бірізділік, кеңістік, ой - тұжырымы,
оймен тану, теңестіру т.б. сөздер дерексіз ұғымдарды білдіреді.
Ал көркем əдебиет стилінде жалпыхалықтық сөздердің қолданылу көлемі
əлдеқайда кең, онда көркемдеу тəсілдері арқылы өмірде бар я болуға тиісті
көріністер мен құбылыстарды адамның ішкі сезіміне əсер ететіндей етіп
суреттейтін сөздер шындық өмір жайында автордың өз көзқарасын білдіретін
сөздер мол қолданылады.
Қазіргі кітаби лексиканың негізіне сөйлеу тіліне де, əдеби тілге де ортақ
жалпылама сөздер жатыр. Жалпылама сөздер ешбір мамандық талғамайды, бір
тілде сөйлейтін халықтың бəріне бірдей, сөйлегенде де, жазғанда да, ұйытқы,
тірек болады. Бірақ жалпылама лексика кітаби тілде табиғи халықтық қалпында
ғана қолданыла бермейді, көп жағдайда баспа бетінде сөз шеберлерінің
сұрыптап өңдеуінен өтіп, əдеби нормаға ие болып отырады. Бұл - əдеби
лексиканың сөйлеу тіліндегі лексикадан ең басты айырмасы болып табылады.
Əдеби тілде сөйлеп, əрі жаза білу үшін жалпылама лексикамен қатар сол
тілдің арнаулы сөздерін, көнерген сөздер мен неологизмдерді, эмоционалды-
экспрессивті сөздерін, бұрынғы кітаби сөздерін білу қажет. Осы аталған
63
сөздердің бəрі де- əдеби тілдің аясында қолданылатын, соған телінді сөздер.
Жан - жақты дамыған əдеби тілдің лексикасы тек осындай сөздерден құралады.
Сөздер зат, құбылысты, олардың белгі-қасиетін, болмаса іс-əркетін ғана
атап білдіре қоймайды, сонымен бірге адамның сезіміне əсер ететіндей стильдік
мəнге ие болады. Адамның сезіміне əсер ететін сөздер тобы экспрессивті - эмо-
циональды лексика деп аталады. сөздің экспрессивтік сипаты оның бейнелі,
мəнерлі айтылуынан, ал эмоционалдығы оған қоса адамның бір затқа,
құбылысқа өзіндік көзқарасын, көңіл-күйін, сезімін білдіруінен көрінеді. Сөздің
бейнелі, мəнерлі айтылуы мен сезімге əс ер ету қасиеті бір-бірімен тығыз бай-
ланысты. Эмоция бар жерде экспресивтік болады. Ол эмоционалдық бояуы бар
сөздер арқылы білдіріледі. Əсіресе сүйіспеншілік, масаттанушылық,
мақтанушылық, жағымпаздық, өшпенділік, үрейлену, сес көрсету сияқты
адамның
жағымды-жағымсыз
қасиеттерін
білдіруде
жиі
кездеседі.
Экспрессивтік- эмоционалды сөздер барлық стильде бірдей қолданыла
бермейді, олар негізінен сөйлеу тілі мен көркем əдебиетке тəн.
Экспрессивті - эмоционалды лексика əр түрлі жолмен пайда болған: 1.
Бірқатар сөз ешбір қосымшасыз-ақ жеке тұрып эмоционалды бояуға ие болып
тұрады. Мысалы, масқара əттең, тамаша, шіркін, есіл, сабаз, марқұм, ғажап,
сайқал, айналайын, сұмпайы, үрпию т.б.
2. Кейбір сөздер белгілі бір текст ішінде эмоционалдық бояуға ие болады.
Мыс:
Қарағым, неткен сұлу ең!:?
Деп таңырқап, таңданды.
Неткен мойын, неткен көз!
Осыдан артық дейсіз бе
Ертегі қылып айтқан сөз!(Абай).
Ел бүлігі тобықты
Көп пысыққа молықты (Абай)- дегендегі неткен, пысық -жеке тұрғанда
қарапайым халықтық сөздер. Ал Абайдың қолдануындағы неткен -кекесін,
64
əжуа қылу мақсатында жалған мақтау, ал пысық сөзінің жағымды мəнінде емес,
елді алдаушы, іріткі салушы мағынасында эмоционалдық бояуға ие болып тұр.
3. Морфологиялық жолмен пайда болған эмоционалды сөздер. Мұндай
сөздер еркелету, менсінбеу, елемеу, кішірейту т.б. қосымшалар арқылы пайда
болады. Мысалы, құлыншақ, ботақан, ағажан, қылдырықтай, алпамсадай т.б.
Бейнелі сөздердің қайнар көзі еліктеуіш сөздерде жатыр. Мысалы, Басасың
аяғыңды ырғаң-ырғаң, Сылдырлап шашбауың мен алтын сырғаң дегендегі бір
ғанаырғаң-ырғаң сөзінде қаншама бейнелі көрініс бар. Бұл сияқты бейнелі
еліктеуіш сөздер қазақ тілінде өте мол. Былш-былш, қалш-қалш, маң-маң,
сылқ-сылқ т.б. - бəрі де бейнелілігі мол сөздер.
Варваризмдер тілге етене сіңбеген соншалықты зəрүрлігі жоқ, бөтен
тілдің сөздің ұғымды білдіреді. Варваризмдерді қолданудың əр түрлі жолдары
бар:
1. Кейде бір халықтың шынайы өмірін, тұрмыс-салтын суреттеп көрсетпек
болғанда сол елдің ұлттық ерекшелігін бейнелеу мақсаты мен варваризмдер са-
налы түрде əдейі қолданады. Мысалы: неміс халқының өмірін суреттеген фрау,
кухен, кайзер сияқты сөздерді, француз өмірін суреттеген сэр, мистэр, коттедж
сөздерін, Орта Азия халықтарының өмірін суреттегенде шайхана, аул, қауап,
арық, пиала, паранджа, қышлақ тəрізді сөздерді қолдану орынды деп
есептеледі.
2. Тыңдаушыға ерекше əсер етіп, күлдіру үшін халық ақындары да
варваризмдерді пайдаланады. Мысалы:
Астыма мінген атым генадушка,
Шабамын көңіл ашып немношка,
Не стоит, на свете жить етуге,
Азырақ ойнап-күлмей молодушка.
3. Өзге тілдегі сөздерді сөзбе-сөз аударуға қиын тиген жағдайда варва-
ризмдер сол қалпында ешбір өзгертілмей алынады. Мысалы: Абай
шығармаларында қазақ тіліне сіңбеген мынандай сөздер кездеседі: визит. ви-
65
новат, военный, образавание, уездный, начальник, назначение, посредник,
прошение, счет, такт, единица т.б.
4. Варваризмдер кейде қоғамдағы жағымсыз жексұрын типтерді халыққа
мазақ етіп келемеждеу үшін қолданылады. Мысалы:
Нэпіл түгіл, намазы,
Бəрі желге кетеді,
«Еннетайына кəлкаусар»
Пошел дереу күнакар.
Аяғын ойлап айтқаны
«Əлі - шани күлаптар».
Мұнда варваризмдерді қолдану арқылы ұлы ақын Құранның ең оңай де-
ген бір ауыз сүресін де жаттай алмай, бірді-бірге бытыстырып, өз-өзінен əлек
болып жүрген надан байларды сықақ етпек болған.
Бұндағы еннетайына кəлкаусар деген сөз-арабша инна-агтайына
кəлкаусар/кəусар суын саған береміз/ деген сөзінің айтамыз деп айта алмай
əбден бұзылған түрі: əні-шани кулаптар дегені арабша инна-шэпичка, уал аб-
тар/олай болмаса, бəрінен сымпиып бос қаласың/ сөзінің бұрмаланған форма-
сы. Бұлардың арасында орыстың пошел сөзінің жүруі де бірде айтып, бірі кетіп
отырған қас наданның бейнесін көрсетеді.
5. Ана тілін білуге мəн бермей, оған жүрдім-бардым қарап, тіл
шұбарлаушыларды келемеждеу үшін де жазушыларды варваризмдерді жиі
пайдаланады. Мысалы: Марфуга на хорошо заниматься етсем, орыс граммати-
касын как-нибудь білуге болады. Ал қазақ тілімен миды ашытқаны, просто не
терпимо? Не папам звонить етті. Мен оған сені Алматыға қалдыруға бір
шишка мен сөйлес десем, оказывается сен өзін колхозға барамын деп настаи-
вать етіпсің ғой?!
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қазақ тіліндегі сөздер стильдік сипатына қарай қалай топтастырылады
?
66
2.Сөйлеу тілі лексикасы мен жалпылама лексиканың айырмашылығы
қандай
?
3. Диалектілік лекиска дегеніміз не
?
4. Қазақ тілінде диалектизмдерді қолданудың неше түрлі жолы бар
?
5.Термин сөздердің қалыптасу жолдары қандай
?
6.Көнерген сөздер дегеніміз не, олардың түрлері қандай
?
7. Неологизм сөздерге анықтама берің, қазіргі қазақ тіліндегі қандай
неологизмдерді білесіз
?
8.Кəсіби сөздерді қалай топтастырамыз
?
9. Диалект сөздер мен кəсіби сөздердің айырмашылығы неде
?
10.Кітаби лексика жəне оның түрлері туралы не білесіз
?
11. Эксперссивті –эмоциональды лексика қалай жасалады
?
12. Варваризмдер көркем шығармада қандай мақсатпен қолданылады
?
Достарыңызбен бөлісу: |