Фразеологиялық тұтастық. Бұл топқа фразеологизмнің құрамындағы
сөздер бір-бірімен тұтасып, əбден жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін
ешқандай ажыратуға болмайтын тұрақты тіркестер жатады. Мəселен, мұрнынан
шаншылып жүр, мұрнына су жетпеді дегеннен қолы тимеді дегенді түсінеміз.
Бұл мағына осындағы үш сөздің тұтас жиынтығынан келіп шығады. Түйдек
ішіндегі жекелеген сөздерге талдау жасап бір-бірінен бөліп алуға көнбейді.
Түйені түгімен жұтты дегеннен ойсырата пара алып, елді қанады деген мағына
туады. Бұл мағынаның жасалуына түйе, түк, жұту сөздерінің тікелей қатысы
жоқ,соларды бірінен соң бірін тіркеп жұбын жазбай қолдану арқылы пайда
болған. Фразеологиялық тұтастық жеке сөздердің тұтас жиынтығынан пайда
болғанымен, олар іштей түрлі бөлшектерге жіктелмей, іс-əрекетті, сапа мен
белгіні, зат пен құбылысты бір бүтін атау ретінде көрсетіп бере алады.
Фразеологиялық бірлік. Бұлар да фразеологиялық тұтастық тəрізді орын
тəртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Алайда құрамындағы сөздердің
қаншалықты тасалануы я болмасы тасаланбауы жағынан елеулі өзгешеліктері
болады. Бұлар ең алғашқы еркін тіркесті ауыс мағынада қолданудан келіп
шыққан. Мысалы: ескі жараның аузын ашты дегеннен өткенді қайта қозғады,
ұмытып кеткенді еске салды дегенді түсінеміз. Бұл фразеологиялық мағынаның
жасалуына сөз жоқ алғашқы еркін тіркестегі тура мағынасы негіз болған. Сөз
мағынаға басқадай мəн беріп, ауыстырып қолдану арқылы жасалғандығы
көрініп тұр. Жатқан жыланның құйрығын басты деген фраза біреудің
қытығына тиіп, жоқ жерде пəлеге тап болды дегенді білдіреді. Бір қимыл
əрекетті басқа бір қимылмен салыстырып қолдану арқылы фразеологизмдерге
айналып кеткен. Ит байласа тұрғысыз дегеннен адам түгіл ит те тұрмайды
дегенді түсінеміз. Соңғы фразеологиялық мағынаның жасалуына еркін
тіркестегі бастапқы мағына тірек болғандығы айқын байқалады.
83
Фразеологиялық тізбек. Бұл да фразеологиялық бірлік сияқты еркін
тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан келіп шығады. Яғни тұрақты тіркес
сыңарларының бастапқы лексикалық мағынасы бүтіндей жойылмағанымен,
жойылуға жақындап, күңгірт тарта бастаған. Мұнда ерікті мағынасындағы сөз
бен фразеологиялық қалпындағы сөздің тіркесуінен жасалып, сол тізбек
күйінде қолданылады. Мысалы, бота көз, қоян жүрек, асқар бел, тоң мойын,
қауға бас, жуан жұдырық,қалам қас, аршын төс, аш бүйір, қызыл тіл, күміс
көмей, еркек кіндік, салқын қанды т.б.
Фразеологиялық тізбектің құрамындағы ерікті мағынадағы сөз сан алуан
сөздермен тіркесіп жұмсалу қасиеті болса, фразеологиялық туынды
мағынадағы сөз бірді-екілі сөзбен ғана шектеліп қолданылады. Мысалы, көк
бет, қысыр сөз, қасқа жол деген фразеологиялық тізбектердің құрамындағы бет
(жалпақ бет, дөңгелек бет, сопақ бет), сөз (аз сөз, көп сөз, дұрыс сөз, бұрыс сөз),
жол (үлкен жол, қара жол) деген қыруар сөздермен тіркесіп қолданыла берсе,
фразеологиялық мағынадағы көк сөзі бет сөзімен, сөз- қысыр сөзімен, жол-
қасқа сөзімен ғана тіркеседі.
Фразеологиялық тізбектің сыңарларының бастапқы мағынасы онша ашық
та айқын болмағанымен, солғын тартып сезіліп тұрады. Мысалы: көз ұшында,
көзімдей көр көз барда, көзі жоғалды, көзі ілінді, көзін тырнап ашқалы т.б.
Фразеологизмдердің сөз табына қатысы.Тұрақты тіркестің білгілі сөз
табына қатыстығын əрбір тіркестегі сөздердің грамматикалық сипатына қарап
танып білуге болады. Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді сөз табына
қатыстылығына қарай негізінен төрт топқа бөліп қарауға болады.
1.Етістік мағыналы фразеологизмдер.
2.Сындық мағыналы фразеологизмдер.
3.Заттық мағыналы фразеологизмдер.
4.Үстеу мағыналы фразеологизмдер.
Етістік мағыналы фразеологизмдер: көзінің еті өсті- көкірек керді,
менменсіді, қолды болды-ұрланды, жоғалды, басына іс түсті-істі болды, ша-
84
тылды, көз жаздырды-адастырды, айрылып қалды, өкпесі өшті-шаршады,
титықтады, аузының суы құрыды-таңданды, таңырқанды, екі көзі төрт болды-
зарықты, сарыла күтті, жіпке тізді-есепке алды жинады т.б.
Cындық мағыналы фразеологизмдер: аспанмен тілдескен-биік, ұзын, қара
қылды қақ жарған-əділ, турашыл, қаламы жүйрік-жазғыш, қаламы төселген,
тонның ішкі бауындай-ең жақын, қара бет-арсыз, бетсіз, іске татыр-жарамды,
тас бауыр-мейрімсіз т.б.
Заттық мағыналы фразеологизмдер: кіндік кесіп, кір жуған жер-туған ел,
отан, бір ауыздылық- ынтымақ, бірлік, аяқ алысы-бет алысы, бағыты, ел ағасы-
басшы, қара мал-сиыр, құлақ естімес, көз көрмес- алыс жер, қиыр шет, қара
шаңырақ- үлкен үй, о дүние- ақырет, ұзын құлақ- өсек, сыбыс, ауыз бастырық-
пара ақы, ұзын етек- əйел, от басы-үй іші, ұзын құлақ-өсек, сыбыс, қара халық-
бұқара көпшілік, шикі өкпе-перзент,бала т.б.
Үстеу мағыналы фразеологизмдер: сақадай сай-дайын, əзір, атқан оқтай-
түп-түзу, тура, салған жерден-бірден, ит өлген жер-алыс қашық,жұлып
алғанша-тез жылдам, ақ қар, көк мұзда-қыс ішінде, демнің арасында-айтқанша,
лезде, табан аузында-жалма-жан, аттың жалы, түйенің қомында-асығыста,
қарбаласта, қаннен қаперсіз-жайбарақат, бейқам, көз алдында-бетпе-бет, жүзбе-
жүз, аяқ астынан- кенеттен, жоқ жерде т.б.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің сөз табына қатыстылығы жағынан ең
көбі етістік фразеологизмдер. Онан кейінгілері сындық жəне заттық мағыналы
фразеологизмдер. Бұл үшеуінен азырағы үстеу мағынасындағы фразеологиз-
мдер. Жеке сөз бен тұрақты тіркес мағына жағынан бір ұғымды білдіріп, бірінің
орнына бірі жүргенімен, бұлардың білдіретін мəн-мағыналары бірдей емес.
Тұрақты тіркестен туатын ұғым жеке сөзбен салыстырғанда анағұрлым күшті,
əсіре мағынада айтылады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Фразеологияның зерттеу обьектісі не
?
85
2.Қазақ тіл білімі тарихында фразеолгизмдердің зерттелу жағдайы қандай
?
3.Фразеологизмдердің негізгі белгілері қандай
?
4.Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің шығу арналарына жалпы сипаттама
берің.
5. Өлшемдік ұғымдардың негізінде пайда болған фразеологизмдерге мысал
келтірің.
6. Ант су ішті, бата қылды, жетісін берді деген фразеологизмдер қалай
жасалған
?
7. Көлем өлшемдері негізінде пайда болған фразеологизмдерге мысал
келтірің.
8.Қайда барса да Қорқыттың көрі, Есімханның ескі жолы, Қасымханның
қасқа жолы деген тіркестер қандай жолмен жасалған
?
9.Фразеологизмдердің неше түрі бар
?
10. Фразеологиялық тұтастық дегеніміз не
?
11.Фразеологиялық бірлік дегеніміз не
?
12. Фразеологиялық тізбек дегеніміз не, оның фразеологиялық бірліктен
айырмашылығы неде
?
13.Фразеологизмдердің сөз таптарына қатысы қандай
?
Пайдаланылған əдебиеттер:
1.Ə.Болғанбайұлы, Ғ.Қалиұлы. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен
фразеологиясы.Алматы. Санат. 1997.
2.Балақаев М.Қазақ тілінің мəдениеті. Алматы.1991ж.
3.Кажибеков Е. Семантика тюркского слова. Алматы.1988г.
4.Жанпейисов Е.Этнокультурная лексика казахского языка. Алматы. 1988г
.
5.Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы. 1977ж.
86
ҚАЗАҚ ТІЛІ ЛЕКСИКОГРАФИЯСЫ.
Ж О С П А Р Ы :
1. Лексикографияның зерттеу обьектісі.
2. Түркі тілдерінің ең алғашқы сөздігі туралы.
3. Сөздіктердің түрлері.
4. Қазақ лексикографиясының алдағы міндеттері.
Тірек сөздер: Лексикография əрбір тілдегі сөздер мен фразеологизмдерді
топтастырып, олардың сөздігін жасаумен шұғылданатын тіл білімінің саласы,
тілімізде сөздіктердің түрі көп:ма, түсіндірме, энцик лопедиялық,
этимологиялық, синонимдер сөздігі, арнаулы сөздік т.б.
Тілдегі сөздер мен фразеологизмдерді жинап-теріп, олардың сөздігін жа-
саумен жəне оның теориясымен шұғылданатын тіл білімінің саласы-
лексикография деп аталады. Яғни сөздік жасаудың əдістемесі мен техникасын
үйрететін ғылым деген сөз. Лексикография теориясы сан алуан сөздік
жасаудың мол тəжірибелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылаудың негізінде,
лексикологиялық зерттеулер мен солардың жетістіктеріне сүйене отырып жа-
салады. Демек лексикография мен лексикология бір-бірімен тығыз қарым-
қатынаста болатын егіз ғылым салалары. Сөздіктердің сапасы осы
ғылымдардың қаншалықты жəне қандай дəрежеде зерттелуіне байланысты.
Зерттеу жұмыстары неғұрлым жоғары əрі жемісті болса, шығарылған сөздіктер
де соғұрлым сапалы болмақ. Бүгінгі таңда сөздіктің практикалық мəнімен қоса,
оның ғылыми сапасына да ерекше назар аударылады. Сондықтан сөздік кез
келген мекемеде емес, осы мамандықты жете меңгерген ғылыми маман
кадрлардың шоғырланған жерінде жасалады.
Қазақ тіл біліміндегі сөздіктердің құрылысы мен əдістемесі жылдан-
жылға жақсарып келеді. Тіліміздегі сөздерді стильдік арақатынасына қарай
іштей саралай отырып, оларды белгілі бір нормаға келтіру бірінші орынға
қойыла бастады. Бірақ сөздік жасауда қиындық, одан туған олқылықтар аз
болған жоқ. Ең алдымен сөздердің жазылуында бірізділік сақталмай келді.
87
Əсіресе біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің арақатынасы жөнінде бірыңғай
көзқарас
болмайды.
Лұғат
жасалмай
тұрып,
сөздік
құрастыруға
болмайтындығын ескерсек, бір сөздің кейде бірге, кейде бөлек жазылуы сөздік
жасауға үлкен қиындықтар келтіретіндігін түсіну қиын емес.
Көркем шығармаларда орын алған диалектизмдер мен жарыспа (вариант)
сөздерді орынды-орынсыз кез келген сөздікке ендіруге жол берілді. Əдеби
тілдің сөздігіне алынатын грамматкиалық тұлғалар да күні бүгінге дейін сара-
ланып болды деуге келмейді. Сөз мағыналарының түр-түрін жіктеп бөліп,
оларға түсінік беру, сөздердің қолданылу жүйесін анықтап, стильдік белгі қою,
фразалық тіркестерді жай тіркестерден ажыратып көрсету т.б.-сөздік жасау
ісіндегі жауапты мəселелер болып табылады.
Түркі тілдерінің ең алғашқы сөздігі-Махмуд Құсайын ұлы Қашқаридың
1068 жылы жазылып біткен «Диуани лұғати түркі тілдері сөздігі» деген
шығармасы. Бұл сөздік өз заманында аса жоғары баға алған. Сөздіктің
құрылуы, системасы, сөздерді жүйелеу тəртібі қиын болғанымен, оларды салы-
стыра түсіндіру жағынан күні бүгінге дейін көне түркі тілдері тарихы жөнінде
аса құнды еңбек деп бағаланады. Сөздікте автор түркі тілдері сөздерін беріп
ғана қоймайды, ол тілдегі сөздердің кейде тарихын айтып, грамматикалық
өзгешеліктерінен де мəлімет беріп отырады. Махмуд Қашқари сөздігі
алфавиттік тəртіпті қатал қолданбаған. Бұл сөздік күні бүгіннің өзінде қазіргі
түркі халықтарының көпшілігіне тарихи дерек бола алады. Мысалы, қазақ
тіліне тəн уық, кереге, ічік, ічлік-ішпек-ішік, ечкі-ешкі, шыр-май, төрт, үйір,
тұсақ, құрық, өгіз сөздері бар.
Сонымен бірге бұл сөздікте түркі тілдеріне ортақ көптеген мақал-
мəтелдер, өлең-жырлар да бар. Мысалы: сөздіктегі қос қылыш қынға сығмас,
құры қашық ағыз йыртар, арыслан құдыққа йығылса, құрбақа айғыр болур, мал
аласы тыш-тан, адам аласы іштен, інген еңресе, бота боздар сияқты мақалдар
түркі тілдерінің көпшлігінде бүгінге дейін қолданылады.
88
Бұл сөздіктегі қылыш, қын, қос, құр, қасық, боздау, ақ, ағын, бұлт, бота,
қазу, тұту деген сөздер негізгі сөздік қор жағынан қазіргі тіліміздегі сөздік
қорға жататынына күмəн жоқ. Олай болса, бұл сөздікті түркі тілдеріне ортақ
сөздік деп қарау керек.
Қазақ лексикографиясы қазақ тіл білімінің өзге салалары тəрізді негізінен
соңғы елу-алпыс жыл ішінде туып қалыптасты. Ұлт мəдениетінің дамып,
ғылым мен техниканың өркендеуі, əдеби тілдің қалыптасуы сөздіктердің əр
түрін шығаруға жағдай жасады. Лингвистикалық сөздіктердің түрлері өте-
мөте көп. Олар əр алуан мақсат-мүддеге лайықтап жасалады. Лингвистикалық
сөздіктер бір тілдік, екі тілдік, көп тілдік болып бөлінеді. Түсіндірме сөздік бір
тілдің өз сөзімен түсіндіріледі. Ал екі не көп тілдік сөздіктер өзге тілдердің
сөздерімен түсіндіріледі. Бір тілдік лингвистикалық сөздіктер академиялық
нормативті сөздік жəне анықтағыш сөздік болып екі салаға бөлінеді.
Аударма сөздік.Қазақ халқының сөз байлығын ең алғаш жинап-теріп же-
ке сөздік етіп шығару тəжірибесі өткен ғасырдың екінші жартысынан бері
ғана басталды. Орыстың атақты ғалымдары академик В.В.Радловтың «Түркі
тілдерінің сөздігін жасаудағы тəжірибе» (1888-1911) атты төрт томдық сөздігі
мен профессор Н.И.Ильминскийдің «Қазақ тілін зерттеудегі материалдар»
(1861) деген арнаулы еңбегі ана тіліміздегі сөздерді жинақтап, сөздік етіп
шығарудың үлгілерін көрсетті.
Қазақстанда екі тілдік сөздік жасау мəселесі кең жолға қойылған. 1945
жылға дейін бастауыш жəне орта мектептерге арналған екі тілдік шағын
нормативті сөздіктер жасаумен ғана шектеліп келген болсақ, 1946 жылы екі
том «Орысша-қазақша сөздік», ал 1954 жылы бір томдық үлкен «Орысша-
қазақша сөздік», 1954 жылы Х.Махмудов пен “.Мусабаевтың шағын «Қазақша-
орысша сөздігі» басылып шықты, ал толық «Қазақша-орысша сөздік» жақында
шықты.
Қазақ тілінің сөз байлығы өзге тілдермен салғастырылып аударылғандары
болды. Мəселен, шағын түрде болса да, «Ағылшын-қазақ сөздігі» (1961),
89
«Монғолша-қазақша сөздік» (1954, 1977), «Арабша- қазақша түсіндірме сөздік»
(1969, 1984), «Қазақша-немісше сөйлесу»(1968) шықты. Қазақ тілінің басқа
сөздіктерін жасауға да екі тілді аударма сөздіктердің мол тəжірибелері бірден-
бір негіз болды.
Терминологиялық сөздіктер. Белгілі бір тілдегі ғылым мен техника
саласындағы арнаулы атаулардың сөздігін терминологиялық сөздік деп атайды.
Терминдер топталып бір сөздік ретінде де, белгілі бір ғылым саласына байла-
нысты жеке-жеке кітап болып та шыға береді. Мысалы, 1931 жылы шыққан
«Атаулар сөздігі», 1936 жылы шыққан «Қазақ тілінің терминдері», 1948, 1950
жылдары шыққан» Терминология сөздігі» ғылым мен техниканың жеке бір са-
ласына ғана арналмаған сөздіктер еді.Елуінші жылдардан бергі кезеңде эконо-
мика мен мəдениеттің , техника мен ғылымның дамуына байланысты əрбір
ғылым, техника саласының терминдерін өз алдына жеке сөздік етіп басып
шығару мəселесі күн тəртібіне қойыла бастады. Осындай мақсаттың жаршысы
ретінде С.Арзымбетовтың «Орысша-қазақша ауылшаруашылық терминдерінің
сөздігі» жарық көрді. Сонан бергі кезеңде ғылымның өзге салаларының
терминдері де кезекпе-кезек басылып шыға бастады. Қазір отызға жуық осын-
дай үлкенді-кішілі терминологиялық сөздіктер жарық көріп отырды. Бұған лин-
гвистика, əдебиеттану, музыка, металлургия өнеркəсібі, тау-кен ісі, физикалық
география терминдер т.б. енгізілген.
Орфографиялық сөздіктер. Емле бір тілдегі сөздердің дұрыс жазу нор-
маларын белгілейді. Ал дұрыс жазудағы негізгі мақсат-ойды жазба түрде айқын
етіп, дəл жеткізу. Сол үшін емле ережелері де жалпыға бірдей, əрі тұрақты,анық
болуға тиіс,сондықтан емле ережелерін тұрақтандыру-сауатты жазудың бірден-
бір кепілі деп танылады.Қазақ тілінің емле ережелері 20-жылдардан бергі
кезеңде туып қалыптасты.Олар дүркін-дүркін өзгеріп, жаңарып отырды. Соның
негізінде əр кезде ірілі-уақты «Орфографиялық сөздіктер» жарық көріп отырды.
Алғашқы сөздіктер негізінен мектеп көлемінен аса алмады. Неғұрлым көлемді
«Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» 1963 жылы жарық көрді. Ең соңғы емле
90
сөздігі 1988 жылы басылып шықты. Бұл сөздік қазақ тілі емлесінің негізгі
ережелеріне 1983жылы 25-тамызда ҚР Президиумы енгізген өзгерістермен
толықтырулар негізінде жасалды. Онда сөздердің жазылуы, морфологиялық
жəне фонетикалық принциптерге негізделген. Сөздіктің алға қойған мақсаты-
сөздерді қалай жазса дұрыс болатындығын көрсету. Соңғы сөздіктің де жарық
көргеніне 13 жыл болды. Күн тəртібінде қазіргі кезде емле сөздігін қайта жасау
міндеті тұр.
Түсіндірме сөздік. Түсіндірме сөздіктің алға қоятын мақсаты-бір тілдің
белгілі дəуірдегі жалпыхалықтық сипат алған сөздеріне мағыналық, стильдік
əрі грамматикалық жан-жақты сипаттамалар беріп, тілдің қазіргі даму
тұрғысындағы сөздік құрамның сан мөлшерін біршама анықтау. Сөздердің
мағыналық нормаларын, стильдік түрлі қолданыстарын саралап көрсету. Со-
нымен қатар сөздердің жазылуы мен айтылуындағы нормалардың ең дұрыс де-
ген қалпын айқындай отырып, соған нақтылы түсінік беруді қарастырады.
Сондықтан түсіндірме сөздік кейде нормативті сөздік деп те аталады.
Нормативті түсіндірме сөздік бір томдық жəне көп томдық болып жасалады.
Көлемінің үлкендігіне қарай көп томды түсіндірме сөздікті кейде академиялық
сөздік деп та атайды.
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» ең алғаш рет екі том болып, 1959 жəне
1961 жылдары басылып шықты. Оның жалпы редакциясын проф. І.Кеңесбаев
басқарды. Бұл сөздік жұртшылықтың көнделікті қадесіне жарап, азды-көпті
мəнді қызмет атқарды. Бұған жиырма мыңдай ең жиі қолданылатын сөздер ен-
ген еді. Содан бергі өмір талабы бұл сөздікті толықтырып, жаңартып, қайта жа-
сауды талап етті. Қай елдің даму тариыхн алып қарасақ та əдеби тілдің
нормативті сөздігі бір рет емес əлденеше рет жасалған. Олар бірден-бірге
кемелденіп толығады, сараланып өңделеді.
Диалектологиялық сөздік. Қазақ халқының ауызекі сөйлеу тілінде
қыруар жергілікті ерекшеліктер бар. Олардың көпшілігі фонетика мен грамма-
тикадан гөрі лексика саласында жиірек ұшырасады. Қазақ тіліндегі сөз
91
таптарының барлық түрінде жергілікті ерекшеліктер табылады. Əсіресе зат
есім,етістік,сын есім диалектілік сөздерге өте бай. Ауызекі тілдегі сөз
айырмашылықтарын жинап теріп, жеке сөздік етіп шығару жалпы халық
тілінің сөз байлығын жете білуге үлкен жəрдем етеді. Ара-тұра əдеби тілдің
сөздік қорын көбейтуге де белгілі мөлшерде қолқабыс жасайтындығы даусыз.
Тіліміздегі диалектілік ерекшеліктер негізінен ескі көне тайпа тілдерінің
қалдықтары болса, екінші жағынан басқа тілдерден ауысқан кірме элементтер
екендігі дəлелденген.1937жылдан бастап, қазақ тіліндегі диалектілік
ерекшеліктерді жинау қолға алынды. Экспедициялық материалдардың негізінде
Ж.Досқараевтың «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері» атты тұңғыш сөздігі
1955 жылы басылып шықты. Сөздікте əр сөздің мағыналары бірде əдеби тілдегі
баламаларымен, бірде сипаттама түрде түсіндіріліп сол мағыналардың
əрқайсысына тиісті мысалдар келтірілген. Мүмкіндігіне қарай əрбір жергілікті
диалектизмнің өзге түркі тілдеріндег, атап айтқанда: қырғыз, қарақалпақ, өзбек,
ұйғыр, татар жəне монғол тілдерінің ескілі-жаңалы материалдарымен салысты-
рылып көрсетілуі еңбектің əылыми құндылығын недəуір арттыра түскен.
Синонимдік сөздіктер. Əр халықтың тіліндегі мəндес сөздерді жинақтап,
жеке сөздік етіп шығару, тəжірибесі озық мəдениетті елдердің көбінде бар. Мы-
салы, орыс тілінде синонимдер сөздігін шығарумен екі ғасырдан астам уақыт
дүркін-дүркін айналысып келе жатыр. Соның нəтижесінде үлкенді-кішілі əр
алуан сөздіктер жарық көрді. Бұлардың əрқайсысының құрылысы да, көлемі де,
жасау принципі де түрліше, бір-бірінен өзгеше. «Қазақ тіліндегі синонимдер
сөздігі» тұңғыш рет 1962 жылы шықты (авторы Ə.Болғанбаев). Бұған төрт
мыңнан астам cөз кірді. Сөздіктің соңында жұртшылықтың пайдалануына
жеңілдік келтіру мақсатымен, екі түрлі көрсеткіш (əліппе лік көрсеткіш пен
синонимдік қатарлардың көрсеткіші) берілді.
Мəндес сөздер белгілі бір синонимдік қатарға топтастырылады. Белгілі бір
ұғымның шегін ажыратпас бұрын ең алдымен, тілдегі əрбір сөздің өзіне тəн
мəн-мағыналары анықталып, оларға əр түрлі əдебиеттерден мысал келтіріліп
92
отырылады. Əрбір синонимдік топтағы сөздердің қатары белгілі заңдылыққа
негізделіп қайсысы бұрын, қайсысы кейін тұруы анықталады. Синонимдік
қатарға негіз болатын доминант сөзді іріктеп шығару оңай іс емес. Доминант
сөз мағына жағынан тиянақты, ашық-айқын, стильдік реңі жағынан бейтарап,
сонымен бірге көп мағыналы емес,дара мағыналы сөз болуға тиіс. Бұлар
синонимдік қатардың алдында тұрады, басқалары мағыналық жақындығына
қарай ілгерілі-кейінді бірінен кейін бірі тізіліп тұра береді. Көп мағыналы
сөздердің əр мағынасы əр түрлі синонимдік қатарда жұмсалса онда бір сөз неше
рет қолданылса, сонша рет сөздікке алынады.
Салыстырмалы сөздіктер. Салыстырмалы сөздік те ғылыми мақсатты
көздейді. Онда туыстас тілдердегі ортақ түбірлес сөздер беріледі:ондай
сөздердің əртүрлі туыстас тілдердегі ұқсас жақтары да көрсетіледі. Туыстас
тілдерді салыстырмалы-тарихи метод бойынша зерттеп,олардың даму
заңдылықтарын айқындауда салыстырмалы сөздіктер құнды-құнды материал-
дар бере алады. Осындай сөздіктерді қатарына Л.Будаговтың «Сравнительный
словарь турецко-татарских наречий» деп аталатын сөздігін жатқызуға бола-
ды.Сөздікте белгілі бір сөздің түркі тілдерінің əрқайсысында дыбысталу түрі
көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |