Антонимдер. Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-
сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып,бір-біріне қарама-
қарсы қоюдан шығады. Мысалы: Кейі сараң, кейі мырза, Кейі қапа, кейі ырза,
Барша жұртты сынадың. Түймедей затқа өкпелесеңіз, түйедей көретінің
қалмаған мырза.
Осындағы
сараң-мырза,
қапа-ырза,
түймедей-түйедей
дегендер
жағымсыздық пен ұнамдылықтың, жақсылық пен жаманшылықтың, үлкен мен
кішінің кереғар ұғымдары бір-біріне қарама-қарсы қойылып айтылып тұр. Екі
жағының салмақ-мөлшері бір-бірінен артық не кем емес. Сонда антоним
дегеніміз мағынасы қарама-қарсы сөздер болып шығады. Антонимдер өзара
алшақ қарама-қарсы ұғымдарды білдіретіндіктен бұлардың сөз табына қатысы
нақ бірдей емес, ала-құла деген сөз. Бір сөз табы антоимге соншама бай да, енді
біреулері соншалықты кедей, не болмаса тіптен кездеспеуі де ғажап емес. Қазақ
тілінде антонимдер көбіне-көп сын есімдерден болады, онан соң етістіктер, зат
есімдер,үстеулерден азды-көпті кездеседі. Ал қалған сөз таптарынан жасалған
антонимдер тым тапшы, жоқтың қасы.
Сын есімге тəн антоимдердің мынадай түрлері бар :
а) түбір күйінде кездесетіндері ауыр-жеңіл, кең-тар, ыстық-суық, үлкен-
кіші, жас-кəрі, биік-аласа, ұзын-қысқа, артық-кем, ащы - тəтті, көп - аз, түзу -
қисық т.б.
ə)туынды күйінде кездесетіндері: ашық-жасырын, тілазар-елгезек, олақ-
іскер, қатты-ақырын, сүйкімді-жексұрын, бүтін-жыртық т.б.
Қазақ тілінде сындық мағынадағы туынды антоимдер көбінесе -лы,-лі,-ды,-
ті жұрнақтары арқылы антоимнің жағымды сыңарларын жасайды да, ал
жағымсыз сыңарларын -сыз,-сіз жұрнақтары жасайды. Мысалы~ Ер жігіт бірде
24
малды, бірде малсыз, Арғымақ бірде жалды, бірде жалсыз. Өнерлі жігіт өрде
озар, Өнерсіз жігіт жер соғар.
Етістікке тəн мынадай антонимдер бар: а) түбір күйінде кездесетіндері озу-
қалу, күту-келу, қуану-ренжу, ысу-суу, көшу-қону, жылау-күлу, ауыру-сауығу
т.б. ə)туынды күйінде кездесетіндері: қартаю-жасару, жоғарулау-төмендеу,
арықтау-семіру, жаңару-ескіру, баю-кедейлену, татуластыру- араздастыру т.б.
Зат есімге тəн антонимдер де негізгі жəне туынды түбюір күйінде
кездеседі: а) түбір күйінде кездесетіндері: өтірік-шын, обал-сауап, алғыс-
қарғыс, рақат-бейнет, бақ-сор, өмір-өлім, бай-кедей, асты-үсті т.б. ə)туынды
күйінде кездесетіндері: аласы-бересі, тарлық-кеңдік, азшылық-көпшілік, кіріс-
шығыс, алыс - беріс, сыпайыгершілік-арсыздық т.б.
:стеуге қатысты антонимдер: ерте-кеш, ақырын-шапшаң, ілгері-кейін,
алыс-жақын, əрі-бері, жылдам-жай т.б.
Есімдікке қатысты антонимдер: анау-мынау, əне-міне, осы-сол тəрізді
бірен-саран антонимдер ғана ұшырасады. Антоимдерді қолданудың негізінен
үш түрлі жолы бар: 1.Антонимдер бір сөйлемнің ішінде салыстырылып айты-
лады. Мысалы: Қорлық өмірден ерлік өлім артық. Ер бақыттың қонғанын
білмейді ұшқанын біледі.
2.Антонимдер іргелес сөйлемде қарама-қарсы қойылып шендестіріледі.
Мысалы: Ер бір рет өледі,қорқақ мың рет өледі. Жауластырмақ жаушыдан,
елдестірмек елшіден.
3.Антонимдер ыңғайласып, кезектесіп қатар жұмсалады. Мысалы:
Арымақ, семірмек көңілден. Палуанға оң, терісі бірдей.
Қарсы қойылып айтылғанның бəрін бірдей антоним деуге болмайды. Кей-
де синоним сөздер бір-біріне салыстырылып айтыла береді. Мысалы: Гүрілдеп
келген жаудан, Күлімдеп келегн қас жаман. Бет көрсе жүз ұялады. Өлі бар жер-
де қаза бар.
Жан-жақты дамып, кемелденген тілде белгілі бір ойды əр түрлі мақсат-
мүддеге қарай неше саққа жүгіртіп, сан алуан тəсілмен қолдануға болады.
25
Қазақ тілі синонимге қаншалықты бай болса, антонимге соншалықты кедей
емес екендігін байқаймыз.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Қазақ тіліндегі негізгі лексикалық категорияларға қайсылар жатады?
2.Омонимдер дегеніміз не?
3.Омонимдер мен көп мағыналы сөздерді қалай ажыратамыз?
4.Лексикалық омонимдерге ұқсас басқа қандай тілдік құбылыстар бар?
5.Омофондар мен омографтар дегеніміз не?
6.Синонимдер дегеніміз не?
7.Синонимдік қатар дегеніміз не?
8.Доминант сөз дегеніміз не?
9.Синоним сөздердің жасалу жолдары қандай?
10.Антоним сөздер дегеніміз не?
11.Антонимдердің сөз табына қатысы қандай?
Пайдаланылған əдебиеттер:
1.Белбаева М.Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы. 1996ж.
2.Кеңесбаев І,Мусабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. Алматы,
1995.
3.Хасанов Б.Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қолданылуы. Алматы,
1996ж.
4.Болғанбаев Ə. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы. 1988ж.
26
ҚАЗАҚ
ТІЛІНІҢ
НЕГІЗГІ
СӨЗДІК
ҚОРЫ
МЕН
ҚҰРАМЫ. ШЫҒЫС ХАЛЫҚТАРЫ ТІЛДЕРІНЕН ЕНГЕН СӨЗДЕР
Ж О С П А Р Ы:
1. Тілдің сөздік құрамы туралы түсінік
2. Сөздік құрамның толығу жолдары
3. Түркі тілдеріне ортақ сөздер
4. Араб-парсы тілдерінен енген сөздердің негізгі топтары.
5.Қазақ тілінің монғол тілдерімен қарым-қатынасы.
Тірек сөздер: Қазақ тіліндегі барлық сөздердің жиынтығы сөздік
құрам болса,негізгі сөздік қор оның негізгі ұйытқысы, сөздік қордың сан
мөлшері сөздік құрамға қарағанда шағын болады, сөздік құрамның толығу
жолдары: төл сөздер арқылы жəне кірме сөздер арқылы жүзеге асады.
Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы тілдің сөздік құрамы деп аталады.
Сөздік құрам белгілі бір халықтың тұрмыс жағдайын, күнкөріс тіршілігін,
кəсібін түгел қамтып көрсетеді. Сөздік құрамдағы сөздерді қолдану
жиілігіне қарай, актив сөздер жəне пассив сөздер деп екі салаға бөлуге
болады. Актив сөздерге осы тілде сөйлейтін адамдар тек түсініп қана
қоймай, өзінің сөйлеген сөзінде жиі қолдана білетін сөздер жатады. Демек,
актив сөздер осы тілде сөйлейтін адамдардың бəріне ортақ болып табыла-
ды. Бұған күнделікті өмірде өзіміз айтып жүрген таныс сөздердің бəрін
жатқызуға болады. Пассив сөздерге көпшілік түсінгенмен, бірақ онша
қолдана бермейтін сөздер кіреді. Бұған əр ғылымның өзіне ғана тəн тар
көлемдегі терминдері, көнерген сөздер, тарихи сөздер, кəсіби сөздер,
кітаби лексикалар жатады.
27
Сөздік құрамдағы сөздер тілдегі өмір сүру тарихына, тұрақтылығына
қарай да бір-бірінен ажыратылады. Қазақ тілінің байырғы қазақ сөздері
түбірлеріне тəн мынандай белгілері бар:
1. Толық мағыналы, көп мəнді болады.
2. Бір буынды болып келеді.
3. Өзге түркі тілдеріндегі байырғы түбірлермен дыбысталуы жағынан
да, мағынасы жағынан ұқсас, тектес, мəндес келеді. Мысалы: жел, кел, от,
көз, төс, жыл, құс, қал, ай, қой, кес, көш, сан, сен, ор т.б.
Қазақ тіліндегі барлық сөздің жиынтығы сөздік құрам болса, негізгі
сөздік қор солардың қайнап шыққан, өсіп-өнген негізгі көзі, қайнар бұлағы
деп танылады. Яғни негізгі сөздік қор баяғыдан келе жатқан өнімді
сөздердің тобы. Негізгі сөздік болмаса, сөздік құрамдағы сөздер де
көбейіп, байымас еді.
Негізгі сөздік қор ұзақ өмір сүргендіктен жəне ең қажетті сөзде
болғандықтан, бір тілде сөйлейтін барлық адамға, барша ұрпаққа бірдей
қызмет атқарады. Жаңа тіркес, жаңа сөз жасаудағы өнімді де, белсенді
əрекетімен көзге түседі. XX ғасыр басында қазақ тілінің сөздік құрамында
мынандай басты өзгерістер болады:
1. Қазақ тілінің лексикасы күшті қарқынмен дамып, жаңа сөздермен
толығып, кемелденіп байыды. Бұлар жаңа өндірістің, жаңа мəдениеттің,
техника мен ғылымның дамуымен байланысты тасқындап енді.
2. Ескі салт-санаға қатысты, көне құрылыс пен көне тұрмысқа байла-
нысты бірқыдыру сөздер күнделікті қолданыстан шығып қалды. Сөйтіп
сөздік құрамдағы пассив сөзге айналды. Мысалы: барымта, дүре, болыс,
малай, ұлық т.б.
3. Бұрынғы мағынасынан қол үзіп, басқа мағынаға ие болған сөздер
кездеседі. Мысалы: Бұрын ұран деген сөз ел мен ел жауласқанда ат жары-
стырып, балуан күрестіргенде ата-бабасының аруағына шақырып рухтан-
дыруды білдірген болса, қəзір үндеу, шақыру дегенді білдіреді.
28
а) Кейбір сөздің бұрынғы заттық мағынасы ұмтылды да, оның
қосымшасы мағынасы актив айтылады. Мысалы: талқы деген сөздің құрал
мағынасынан гөрі, оның дискуссия ұғымы күнделікті қарым-қатынаста жиі
қолданылады.
б) Бұрын көп мағыналы болып келген кейбір сөздері қəзір мағынасын
тарылтып, өз мағыналы сөзге айналған. Мысалы: Бұрын ел билеген
үстем тап өкілдерін жуандар, күштілер деп атаған еді. Қəзір бұл сөздер ол
мағыналарынан мүлдем қол үзді.
Қазақ тілінің лексикасы халқымыздың ұзақ тарихының өн бойына
үздіксіз дамып, толығу мен келген. Алғашқы сөздік қорға əр дəуірде түрлі
жолдар арқылы жаңа сөздер мен жаңа ұғымдар келіп қосылып отырған.
Сөздік құрамның толығуының негізгі екі жолы бар:
1. Төл сөздер арқылы
2. Кірме сөздер арқылы жүзеге асады.
1. Қазақ лексикасының тума сөздер арқылы баюы. Туынды сөздер ана
тілінің сөз тудыру тəсілдернің негізінде пайда болған. Қазақ тілінің өзіндік
сөз жасау заңдары мен ережелері бар. Қазақ тілінде сөз тудыратын
негізінен екі түрлі тəсіл бар:
1. Морфологиялық тəсіл
2. Синтаксистік тəсіл
1. Морфологиялық тəсілдің сөздік құрамды байытудағы ролі. Негізгі
сөздік қорға жататын сөздер бір буынды көп мағыналы болып келеді.
Туынды сөздер түбірге түрлі қосымшалар қосылу арқылы кейін пайда
болған. Мысалы: ат-атақ, атақты, атақсыз тəрізді сөздердің бəрі бірдей
кезеңде пайда болмаған, əр кезеңде жасалған. Жұрнақ арқылы бір түбірден
қанша туынды түбір жасалса, соншама сөз сөздік құрамға жаңа сөз болып
көбейеді деген ұғым туады. Бірталай сөз табының өзіне меншікті белгілі
жұрнақтарымен қоса есептегенде, етістік тудыратын 200-жуық аффикстер
29
бар. Осының бəрі бірдей жаңа сөз жасауға актив қатыспағанымен,
бірсыпырасы сөзден сөз тудыруға белсенді қызмет атқарады.
2. Синтаксистік тəсілдің сөздік құрамды байытудағы ролі. Қазақ тілі
жұрнақ арқылы жасалатын туынды сөздерде қаншалықты бай болса,
күрделі сөздерге де соншалықты бай.
Біріккен сөздер - сонау əлімсақтан бірі үзілмей келе жатқан сөз
тудырудың көне бір тəсілі. Біріккен сөздердің кейде екі компоненті, кейде
біреуі əрі мағыналарынан, əрі дыбыстық жағынан екі жақты өзгеріске
ұшырап, тұтас тұлға ретінде көрінеді. Осы ерекшеліктеріне қарай біріккен
сөздердің бұл түрі кейде кіріккен сөздер деп аталады. Мысалы: қарақат,
қарлығаш, ышқыр, сөйт, əкел т.б.
Қос сөздер де тіліміздегі сөз тудырудың көне əрі өнімді тəсілдерінің
бірі. Сөздер қосарланып қолданғанда олардың бұрынғы жеке мағыналары
абстакцияланып білдіретін ұғымның көлемі кеңейеді. Қазақ тіліндегі қос
сөздер жалпы сырты тұлғалық ерекшеліктеріне қарай қайталама қос сөз
жəне қосарлама қос сөз болып екі топқа бөлінеді.
Күрделі сөздер. Қазақ тілінде жеке компоненттері дыбыстық
жағынан болсын, мағыналық жағынан да ешқандай өзгерістерге
ұшырамай-ақ бір ұғымды білдіріп, бір сөздің орнына жүретін тіркесті
сөздер бар. Бұлар дербес екі сөздер құралған. Екеуі де тіркесіп келіп бір
сөздің орнына бірі жүреді. Мысалы: бас киім, тау ешкі, қой жуа, сия сауыт,
қол жуғыш, бой жеткен, қол сағат т.б.
1. Күрделі сөздердің барлығы да о баста жай сөз тіркестерінен
шыққан. Жай сөз тіркестері күрделі сөзге айналу үшін идиомалану, лекси-
калану, грамматикалану сияқты даму өзгеру процестерін басынан өткізіп
барып қалыптасады. Қазақ тілінде морфологиялық тəсіл мен синтаксистік
тəсілден басқа үшінші бір жолы- сөз тудырудың лексика- семантикалық
тəсілі бар.
30
2. Қазақ лексикасының кірме сөздер арқылы баюы. Əрбір тілдің сөздік
құрамының толығып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері
арқылы болып қоймайды. Сонымен қатар, өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден
де ауысып алу арқылы да өз тілін байытып, жетілдіріп отырады. Қазақ
халқының ертедегі даму тарихына көз жіберсек, көптеген елдермен үнемі
тығыз байланыста болғандығын көреміз. Русспен, Шығыс Европаның
басқа халықтарымен арадағы сауда байланыстарында негізгі делдалдықта
жүргендер булгарлар, хазарлар, одан кейін печенегтер мен поволецтер
болған. Византия деректері Орта Азия халықтары мен Шығыс Европа
халықтарының арасында біздің заманымыздың VI ғасырынан бастап-ақ
керуен саудасы болғанын айтады. Ел мен елдің арасындағы ежелгі
қарым-қатынастың болғандығы ана тіліміздің сөз байлығының
құрамынан да айқын байқалады. Түркі тілдерінде де көп елдерден неше
алуан сан-салалы сөздер ауысып келгендігі белгілі ғана болғанымен екі
жақты болған. Ғ.Мұсабаевтың пікірінше, аң атаулары, əсіресе құс
атауларының көпшілігі иран тілдерінен ауысқан. Сонымен қатар түркі
тілдері арап-парсы халықтарына мынандай ұғымдағы сөздерді
бергендігін айтады. Мысалы: ата, аталық, ту, темір, жылқы, қаз, қарға,
қарқұс, сұңқар т.б.
Орыс тілінің сөздік құрамындағы айран, алтын, атара, балбес, бол-
ван, ералаш, серога, кумыс тəрізді сөздер ертеде түркі халықтарынан
ауысқан. Орыс тілінің құрамындағы түркі тілдерін зерттеуге арналған
еңбектерінің бірі-»Орыс тіліндегі түркі сөздерінің сөздігі».
Бұл сөздікте орыс тілінен енген екі мыңға жуық түркі сөздері
қамтылған. Бұған қарағанда өзге тілдері түркі халықтарының тілдеріне
қаншалықты игілікті əсер еткен болса, түркі халықтарының тілдері де сол
тілдерге кем ықпал етпегендігі байқалады.
Қазақ тілінің сөздік құрамындағы кірме сөздер негізінен төрт
халықтан келіп енген:
31
1. Араб тілі
2. Парсы тілі
3. Монғол тілі
4. Орыс тілі
Қандай да тілдер болмасын басқа тілден ортақ болғанда, олардың
лексикалық құрылымы немесе түбір сөздері, сондай-ақ грамматикалық
құрылысының да үйлесуінің өзі кездейсоқ мəселе емес. Бұл ұқсастық
төмендегі сияқты екі жағдаймен айқындалады.
1. Тілдің лексикалық қоры көптеген дəуірлердің нəтижесі екендігі
белгілі. Көне дəуірде ортақ түркі тілі өз дамуының барысында тбірнеше
тілге сараланды, соның өзінде де бұрынғы түбір сөздер бөлінген əрбір же-
ке тілдің негізін құрды. Басқаша айтқанда əр тіл өзінің бұрынғы
ортақтастығын сақтап қалды. Бөлінген тілдер өз еншісіне тиген ортақ
сөздерді негіз етті. Бұл факт тілдің генетикалық тұтастығын, өзара
туыстық байланысы бар екендігін көрсетеді. Бұндай байланыс тілдің
лексикалық қорының жəне грамматикалық құрылысының ортақтығына
негізделе отырып, ұлттық дара тіл немесе халықтық тіл болу мен қатар
басқа халықтардың немесе туыс ұлттардың тілдерімен ұқсастығын
сақтайды.
2. Тілдердің кейбір ұқсастығы олардың тоғысуының нəтижесі де
болуы мүмкін. Түркі тілдерінің ұқсастығын, негізінде бұл халықтардың
генетикалық тығыз байланыста болуының нəтижесі деп қарауға болады.
Сол себепті қазіргі қазақ тілінің негізгі лексикалық қорына жататын
сөздер басқа түркі тілдерінде де кездеседі. Бұл олардың туыстық
көрсеткіштерін айқындайтын факт. Мысалы:
а) зат есімдер: ағаш, тас, тау, су, кісі, бала.
ə) сан есімдер туралы да осыны айтуға болады: бір, екі, үш, төрт,
сегіз, отыз, елу.
32
б) сын есімдер: ақ, қара, қызыл, көк, сары, жасыл, жақсы, төмен,
жақын жəне т.б.
в) есімдіктер: мен, сен, ол, біз.
г) Сондай-ақ: онда, мұнда т.б. осы сияқты етістіктерде бəріне ортақ,
олардың айырмашылығы əр тілдің өзіне тəн фонетикалық өзгешелігіне
қарай дараланып, кейбір дыбыстар өзгертіліп қолданылды.
Түркі тілдеріндегі лексиканың мұндай ортақтығы ол тілдердің
туыстығын көрсетеді. Лексикалық ортақтықты сөз еткенде, негізінде
түбірлі, типологиялық ұқсастыққа назар аудару керек. Түркі тілдерінің
сөздік қоры мен грамматикалық құрылысындағы ортақтық сақталғанмен,
бұл тілдердің лексикасында, морфологиясында жəне фонетикасында
əрқайсысының өзіне тəн ерекшеліктері бар.
Фонетикалық ерекшеліктер. Мысалы: төрт деген сөзді алсақ, қазақша
төрт, татарша дүрт, башқұртша дөрт болып айтылады. Қазақ, қарақалпақ,
қырғыз, алтай, хакас тілдеріндегі сөздердің басқы дыбыстары г дыбысынан
емес, к дыбысынан басталады. Г дыбысының сөз басында келуі-оғуз
тобындағы азербайжан, түркмен тілдеріне тəн. Түркі семиялы тілдердің
екі тобын салыстырғанда қыпшақ тобына жататын тілдердегі сөздердің
басқы дыбысы үнді болып келетінін көрінеді. Фонетикалық
айырмашылықтар бірқатар бір топтағы тілдердің ішінде жиі кездеседі.
Мыс: қазақша тас, қырғызша таш, татарша таш, хакас тас, ойратша таш.
Қазіргі қазақ тіліне тəн ерекшелік: басқа түркі тілдерінде я, ю, йе
қосынды дыбыстарынан басталатын сөздердің барлығы қазақ тілінде тек
ж дыбысынан ғана басталады. Өзінің сөздік қоры мен грамматикалық
құрылысы жағынан слыстырғанда қазақ тіліне басқа тілдерден гөрі ең
жақын тіл-қырғыз тілі екендігіне ешқандай дау жоқ. Бірақ бұған қрамастан
əрбір халықтың, ұлттық тілдердің ішкі заңына шығатын əрқайсысының
өзіне тəн тілдік ерекшеліктер бар. Мысалы: қазақ тілінде сықпа, тоқпақ,
қуат, мұрын; қырғыз тілінде: сықмақ, тоқмақ, қубат, бұрын т.б.
33
Қазақ тілінде мұрын, бұрын деген екі сөз бар. Алғашқысы адамның
дене мүшесінің бірінің атауы ретінде қолданылса, соңғысы мезгіл,
мекенді білдіретін үстеу ретінде жұмсалады. Бұл екеуі ерте кезде бір-ақ
түрлі айтылып, жазылған. Күні бүгінге дейін көптеген түркі тілдерінде
бұрын я мұрын болып бір-ақ түрде айтылып, екі түрлі мағына береді.
Фонема мəселесі - бір тілдің өзіне ғана тəн қасиет, жеке дыбыстардың
алмасуы, бір тілдің көлемінде сөз мағынасын өзгертетін болса, туыс
тілдер көлемінде ол қасиетке ие бола алмайды да, тек қана əр бірдің тілдің
типологиялық ерекшелігінің жалпы көрсеткіші ретінде қызмет атқарады.
Сондықтан түркі тілдерін фонетикалық жағынан топтастыруға жіктеу
мəселесін жете қарастырып, егжей-тегжейлерін қарастыру керек. Қазақ
тілінде с дыбысымен айтылатын кейбір сөздер ш дыбысымен де айтыла
береді. Мысалы: тас дегеннің орнына таш, бас дегеннің орнына баш деп
айту кездеседі. Бұл мысалдардан қазіргі қазақ тілі өзінің ішкі қорын
шексіз пайдаланудың нəтижесінде өте оралымды, лексикалық қоры
жағынан қарағанда өте бай тіл екендігі көрінеді. Туыс тілдердегі сөздердің
фонетикалық ерекшеліктері олардың мағынасын өзгерте алмайды деген
қорытынды шығады. Бұдан басқа мынандай қорытынды шығауға болады.
1.
Жоғарыдағы
мысалдарда
көрсетілгендей,
фонетикалық
айырмашылықтар-бір тілдің өз ішінде де кездесетін құбылыс
болғандықтан, туыс тілдердің ішіндегі фонетикалық айырмашылықтар
негізінен бір сөзді екінші сөзден айры танудың көрсеткіші бола алады.
Қазақша аш, ас, қаз жəне тағы басқалар.
Дыбыстық құралдар тілдің негізгі материалдық жағы болуымен қатар,
бір тілдің өз ішіндегі сөздерді айры танудың да тəсілі болып саналады.
2. Морфологиялық ерекшеліктер. 1. Жалпы түркі тілдерінің басқа
тілдерден басты айырмашылығы - жұрнақтардың түбірден кейін
жалғануында. Сондықтан түркі тілдері, соның ішінде қазақ тілі де,
жалғамалы тілдер болып саналады, өйткені бұл тілдерде жаңа сөздердің
34
туу формасы қосымшалар жалғау арқылы болады. Мысалы: бас, бас-шы-
лық-қа дегендер бас деген түбірден жұрнақ арқылы жасалған сөздер. Бұл
барлық түркі тілдерінде бірдей заң. Мыс: татар тілінде баш сөзінен баш-
лы, баш-лау, баш-қару, баш-қарма деген туынды сөздер жасалады.
2. Қазақ тілінің негізгі сөздік қорының ішінде бір түбірден жасалған
туынды сөздердің əрқайсысы өз алдына жеке-жеке мағына беретін жаңа
сөз болып шығады. Мысалы: қазақ тілінде тұт деген етістіктің жалаң түбір
күйінде қолданылу фактілер сирек, ал татар басқа түркі тілдерінде жиі
қолданылады.
Өзбекпен көршілес отырған ағайынды қазақ, қырғыз халықтарында
мұрын деп аталса, өзбек, түркмен, азербайжан тілдерінде бұрын деп айты-
лады.
Əрбір тілдің өзіне тəн ерекшеліктері болғанда, олардың жаңа сөз жа-
сайтын амал-айлаларында да ерекшелік барлығы байқалады. Соның бірі-
тілдегі дыбыстарды алмастыру арқылы болады. Бұған қазіргі қазақ
тіліндегі б мен м-нің алмасуы дəлел. Дегенмен мұның барлығы ерте кезде
жасалып, қалыптасып қалған фактілер.
Əр тілдің өзіне тəн осы сияқты ерекшеліктері бола тұрса да, бұл
фактілер жалпы түркі тілдерінің туыстығын жоққа шығара алмайды.
Қазіргі қазақ тілінің лексикасының өзінде жалпы түркі тілдерінде ортақ
көптеген сөз бар екенін көрдік. Кейбір сөздердің жаңадан ие болған
қосымша мағыналары да барлық түркі тілдерінде бірдей болады. Мысалы:
көк(татар-көк, өзбек-кук, азербайжан-гөк) деген сөздің жаңадан қосылған
овощ мағынасы барлық түркі тілдеріне бірдей. Бұл мағына алғашқы түбір
сөзден (көк сөзінен) өрбіген.
Түркі тілдерінің қайсысы басқаларына прототип болады деген сұрақ
туу мүмкін. Қазіргі түркі тілдерінің бəрі көне түркі тілінен-негізгі тілден
дамыған, олардың əрқайсысының даму ерекшеліктері болған. Қазақ тілі
түркі тілімен -негізгі тілмен-тікелей байланысты деп ойлауға болмайды,
35
өйткені қазақ тілі ол тілмен тек қыпшақ тобына кіретін тілдер арқылы
жанама түрде байланысады.
С.Е.Малов қазіргі түркі тілдеріне көне түркі тілінен негізгі тілден-
қашықтық дəрежесіне қарай топтастырғанда, қазіргі қазақ тілін ең
жаңарған тілдердің қатарына жатқызады.
Тіл неғұрлым жаңарып, дамыған сайын соғұрлым көне тіл болады,
өйткені ол дамудың барлық басқышын басынан кешіреді. Айталық, алу
етістігі бұрын ал-ты. анта, барты түрінде қолданылса, қазір алды, анда,
барды түрінде қолданылып жүр, яғни көне түркі тіліндегі лт, рт, нт,
қосарлары бұрынғы қалпын өзгертіп, лд, рд, нд түрніде айтылатын болып
дамыған.
Тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі
мүмкіншіліктері арқылы болып қоймайды. Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге
тілдерден ауысып алу арқылы да тіл өзінің сөздік құрамын байытып, жетілдіріп
отырады. Кірме сөздер дегеніміз тілдің өзіндік сөзжасам тəсілімен емес, басқа
тілдердің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер. Яғни сөздің
дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты кірме сөздер делінеді.
Жер шарында өмір сүріп келе жатқан үлкенді-кішілі халықтардың қай-
қайсысында болсын өзге тілдерден ауысып келген кірме сөздер көптеп
кездеседі.
Қазақ тілінің сөздік құрамындағы кірме сөздер негізінен төрт халықтың
тілінен келіп енген: 1)Араб тілі, 2) Парсы тілі, 3)Монғол тілі, 4)орыс тілі.
Араб-парсы тілдерінен енген сөздер. Түркі тілдеріне араб, парсы
тілдерінен сөз ауысу процесі қазақтың біртұтас халық тілі қалыптасудан көп
бұрын, орта ғасырлардың алғашқы кезінен басталады. араб, парсы сөздері қазақ
тіліндегі кірме сөздердің ең мол қорын жасайды. Олар тұлғасы жағынан да,
семантикалық топтары жағынан да əр түрлі дəрежеде.
Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздердің барлығы бірдей қазақ тілінің
сөздік қорына енбегенімен, оның ішінде сөздік қордағы қазақтың тума сөзіндей
36
ұзақ өмір сүріп, жаңа сөздер жасауға ұйытқы болған жасамыс байырғы сөздер
көптеп табылады. Мысалы, аса, абырой, ар, дүние, аспан, бақыт, шаруа,
қызмет, зат, ақыл, құдай, қуат, дау, хабар, пайда, əйел, қас, баға, əл, азамат,
айуан, дос т.б. Бұл сөздер кірмелігіне қарамастан, ұзақ өмір сүріп, сөздік
қордағы сөздерге тəн барлық қасиетке ие болған. Мəселен, ас (аш) деген сөз
парсы тілінен ауысқанымен, өте ерте заманнан бері тілімізде өмір сүріп келе
жатқандығын дəлелдейтін мынандай толып жатқан мақал-мəтелдер бар: ас
адамның арқауы~ ас жүрген жерге дерт жуымайды~ ас иесімен тəтті~ тас-
пен атқанды таспен ат~ тас-тасты жібіткен ас~ ерді қорласаң-састырар,
асты қорласаң-құстырар~ т.б. Ас сөзінің жаңа сөз тудыруға қабілеттілігін
лексика-синтаксистік сөз тудыру жолымен жасалған: ас бұршақ, ас жаулық, ас
қазан, ас болу, ас беру, ас ішу т.б. күрделі сөздер дəлелдейді. Бұл сөздің
жалпыхалықтық мəні мен түсініктілігі күнделікті қарым-қатынастағы
қолданысынан, жиі айтылуынан айқын көрінеді.
Бақыт, бақ деген сөздер араб тілінде бір ғана тұлғада (бəхт) айтылса,
біздің тілімізге келіп, екі түрлі мəндес сөз болып қалыптасқан. Бұл сөздің де
қазақ тіліне ертеден кіріп сіңіскендігін көптеген мақал-мəтелдерден көруге бо-
лады. Мысалы, мақал сөздің атасы~ татулық табылмас бақыт~ ер жігіт
бақыттық қонғанын білмейді, ұшқанын біледі~ бақыт кілті еңбекте~ т.б.
Бақыт деген сөз көп замандар бойына халыққа əбден танылып, ең қажетті сөзге
айналды. Соның нəтижесінде бұл сөз мақал-мəтелдер жасауға тірек, таяныш
болып қойған жоқ, бірсыпыра туынды сөздер мен күрделі сөздер тудыруға да
ұйытқы болады. Мəселен, бақыт деген сөзден бақытты, бақытсыз, бақытсыздық
тəрізді сөздермен қатар бақыт қону, бақыты жану, бағы таю, бақ таластыру,
бағынан көру ,бақпен асу сияқты күрделі күрделі сөздер мен фразалық
тіркестерде туып қалыптасқан.
Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздер атқаратын қызметі жағынан өзара
бірдей деуге болмайды. Бұларды негізінен төрт топқа бөліп қарауға болады:
37
1.Тілге əбден сіңісіп, қазақтың байырғы төл сөзіндей жымдасып кеткен ак-
тив сөздер. Бұлар қазақ тілінің сөздік қорына басыбүтін еніп, əбден
тұрақталған. Ұзақ өмір сүріп, тілде жиі қолданылғандықтан, жаңа сөз, тың
мағына тудыруға ұйытқы болып келе жатқан, жұрттың бəріне өте-мөте танымал
сөздер деп есептеледі. Мысалы: ас, бақыт, ар, дүние, шаруа, əл, дос, зат, қас,
айна, дастарқан, астар, нан, шам, сабын, сына п т.б.
2.Жалпы халыққа таныс əрі түсінікті бола отырып, əлеуметтік өмірдің,
шаруашылық пен өндірістің, түрлі мамандықтың белгілі бір саласында басым
жұмсалатын терминдік сипаты бар арнаулы сөздер. Мысалы: нарық, базар,
байрақ, арзан, қарыз, борыш, хал-ақуал, зейнет, емтихан, мəлімет, құн, мата,
сайыс, жəрдем, куə, емле, сабақ, мұғалім, ғалым, маусым, əділет, саясат, ке-
ден,кедей, ақиқат, өкімет, əкім, сабаз, сүдігер т.б.
3.Əр түрлі экспрессивті-эмоциялық мəні бар, ерекше стильдік реңк туды-
ратын сөздер. Мысалы: махаббат, нұр, өмір, сапар, сахара, алла, халайық,
тағдыр, шəкірт, ұстаз, нəресте, тоба, ақырзаман, ақырет т.б.
4.Əдеби тілдің шеңберінен біржола ығысқан немесе ығысуға жақын
жүрген сөздер. Мысалы: уалаят, міллат, ғазал, уəзір, қам, бипая, лəскер, інжір,
хикмет, жыға, дəркер т.б.
Араб-парсы сөздері тілімізге негізінен үш сала бойынша енген:
1.”ылым мен мəдениетке, əлеуметтік өмірге байланысты: тарих, əдебиет,
мəдениет, хакім, тəрбие, тəржіма, емтихан, емле, мəжіліс, мектеп, бұқара, сал-
танат, медресе, мансап, пақыр, медресе, дидар, бишара, аброй, дұшпан т.б.
2.:й тұрмысы мен шаруашылыққа, саудаға байланысты: жи8аз, парақ,
қаражат, халва, несие, шарап, бағбан, дүкен, дарбаза, дихан, кеме, сарай т.б.
3.Дінге байланысты: құран, имам, мешіт, муфти, құдірет, құрбан, ораза,
дұға, азан, жаннат, рамазан, жаназа, əулие, зікір, зекет, бейіш т.б.
Бұдан басқа адам аттарына байланысты енген сөздер де бар: “али, Сағадат,
Уəсила, Мəлік, Гəухар, Бижамал, Дария, Əлішер, Рүстем, Нағима, Жəңгір,
Ескендір т.б.
38
Бірқыдыру араб-парсы сөздері жалпыхалықтық сипат алып, қазақ лексика-
сына етене болып сіңісіп кеткен. Күнделікті тұрмыста өте жиі қолданылатын
мал, нан, ар, ас, ақыл, ұстаз, зат, адам, кілем, дастарқан, айна, қалжа сияқты
сөздердің араб-парсыдан келгендігіне қарапайым халықты сендіре алмауға да
болады. ТІліміздегі араб-парсы тілдерінен келген сөздер тұр-тұрпаты мен мəн-
мағынасы жағынан бəрі бірдей емес ала-құла. Кейбіреулері сыртқы тұлғасы
мен мағынасын түп-түгел толық сақтап, ешбір өзгеріске ұшырамаған. Мəселен,
араб тіліндегі бұлбұл, хал,мирас, ниет, сахара, ишан, дидар, шарт, дана, жай,
саз,надан, шер, базар, рай, шабандоз, дариға сөздерінің мағынасы мен тұлғасы
қазақ тілінің дыбыстық заңдылғына сай кейде түгелдей, кейде жарым-жартылай
өзгеріп отырған.Сырт тұлғасы өзгерген сөздерге мыналар жатады: арба (а.гəр -
аба), ынтымақ (а.иттифоқ), кесе(а.каэс), опа( а.уəфа), мөр (мүһр), серік
(а.шəрик), бекем (а.мəхкəм), бейіт (п.би-бəд), жендет (п.джəлад), шəкірт
(п.шəгерд), марту (п.маред), мүшкіл (п.мошкел) т.б.
Сырт тұлғасы жарым-жартылай өзгерген сөздерге мыналар жатады: қиял
(а.хиал), тағам (а.тəғам), талап (а.тəлаб), қант (а.кəнд), ар (п.ғар), сабақ
(п.сəбəқ), зейін (п.зеһн) т.б.
Араб-парсы тілдерінен енген кейбір сөздер түр-тұлғасы ғана емес, мəн-
мағынасын да жаңартып өзгерген. Мысалы, парсының қан мағынасындағы құн
(хун) сөзі қазақ тіліне енген соң, бұрынғы мағынасынан ажырап, өлген кісіге
төленетін төлемақы ұғымына ауысқан. Мысалы: Ердің құны нардың пұлы емес.
Кейіннен бұл сөз аталған ұғымынан тағы да ажырап, қазір нарық, баға деген
сөздердің синонимдік қатарында жұмсалатын болды. Соңғы ұғымға қатысты
қазақ тілінде құнды, құнсыз, құндау, құндану, өзіндік құн сияқты жаңа сөздер
туып қалыптасты. Кемпір деген сөз парсы тілінде қаусаған шал ұғымында ай-
тылса, қазақ тілінде жасы егде тартқан əйел мағынасында қолданылады. Сол
сияқты араб тілінде ар масқара, қарабет, өлім деген жағымсыз ұғымда айтылған
болса, қазақ тілінде намыс, ұят, адамгершілік мағынасында қолданылады.
39
Келтірілген тілдік материалдарға қарағанда, араб-парсы тілдерінен
ауысқан сөздердің бірқатары қазақ тілінде əр түрлі өзгеріске ұшырағандығын
көреміз. Олар əсіресе мағыналық өзгерістен гөрі сыртқы дыбысталуы жағынан
көбірек өзгерістерге түскен.
Араб-парсы тілдерінен енген сөздер қазақтың төл сөздерімен синонимдік
қарым-қатынаста жұмсала жүріп, стильдік мəні жағынан саралануына ықпал
жасады. Əдеби тілде қайсысы үстем қолданылуы керек деген мəселеде төл сөз
бен кірме сөздердің арасында сан қилы тартыс болған. Сол тартыстарда ана
тілінің өз сөздері көп жағдайда үстемдік алып, жеңіп шығып отырған.
Мəселен, ақын мен шайыр, ақша мен пұл, жауынгер мен сарбаз, үлгі мен
ғибрат, маңдай мен пешене сияқты сөздердің алғашқы сыңарлары əдеби тілде
жалпыхалықтық сипаты жағынан үстемдік алды. Ал бұлардың шеттен енген
екінші сыңарлары пассив сөзге айналды. Сөйтіп, олар стильдік синонимдердің
санатына барып қосылады. Сонымен қатар тілде кері процестер де болады.
Мысалы, синонимдік қарым-қатынаста жұмсалу барысында ана тілінің кейбір
сөздері сөйлеу тіліне қарай ығысты да, ал оның араб-парсы тілдерінен ауысқан
сыңарлары əдеби тілде орнығып қалды. Мысалы, арабтың əйел (гəйал) деген
сөзі қазақтың қатын деген ежелгі жасамыс сөзін əдеби тілден ығыстырып
шығарды. Парсының құдай (ходай) деген діни сөзі де қазақтың байырғы тəңір
деген сөзінің орнына жиі айтылатын болды. Соның нəтижесінде құдай деген
діни сөзден бірнеше туынды жəне күрделі сөздер пайда болды:құдайы,
құдайшыл, құдайсыз, құдай ату, құдайдың құтты күні, құдайдың зарын қылу,
құдайдың құдіреті т.б.
Сол сияқты араб-парсы тілдерінен енген бұлбұл деген сөз сандуғашты,
ұста-теміршіні, шыны-шөлмекті жалпыхалықтық қолданыстан шығарып, пас-
сив сөзге айналдырды, ал бұлардың шеттен келген сыңарлары əдеби тілде жиі
айтылатын актив сөз болып қалыптасты.
Қазақ тілінің монғол тілдерімен қарым-қатынасы екі түрлі жағдайда
қарастырылады. Бірінші, қазақ тіліндегі монғол тілдерінен тікелей ауысып
40
кірген сөздер жайында. Бұған ең алдымен екі халықтың ғасырлар бойы
көршілес тұрып бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасауы себеп болған. Со-
нымен бірге ХII ғасырда монғолдардың Қазақстан жəне Орта Азия жерін жау-
лап алып, ол жерлерде Шыңғыс əулеті билеген ұлыстар мен ордалардың ХV
ғасырға дейін үстемдік етуінің əсері тиген. Тіпті қазақ хандықтары құрылған
ХV-ХVIII ғасырларда да монғолдармен тегі бір Жоңғар қалмақтары қазақ
жеріне үнемі шапқыншылық жорықтар жасап отырғаны тарихтан белгілі.
Қазақ тіліне монғол тілдерінен кірген сөздер негізінен əкімшілік, ел биле-
уге байланысты: ұлыс, нөкер, жасақ, ноян , құрылтай, аймақ, жарлық т.б. Жер-
су атауларына байланысты сөздер көп кездеседі: Тарбағатай (суырлы),
Қандағатай( бұғылы), Толағай( бас), Катонқарағай (катон-қайың д.м.), (Баино-
ла-Бай тау), Долаңқара (жеті тау), Зайсан (жақсы), Нұра (жыра), Мұқыр (шолақ,
қысқа), Қорғалжын (хорһолджин-қорғасын), Қордай(қарлы), Алтай (алтын
тау), Нор (көл), Нарынқол (жіңішке өзен) т.б.
Екінші, қазақ тіліне монғол тілдерінен ауысқан сөздерден басқа олардың
бірінен біріне ауысты деуге келмейтін, екеуіне де ортақ сөздер жайында. Қазақ
лексикасында монғол тіліндегі сөздермен түр-тұрпаты, мағыналары ұқсас,
үйлес сөздер көп табылады. Мысалы, малға байланысты: қой(қон), қойшы
(кончын), төл (төл), бұқа (бұх), бура (буур), баран (бараан), дөнежін (дөнөжин),
құнан (хунан), құнажын (гунжын) т.б. Туыстық атаулар: құдағи (худағы), ер
(эр), абысын (авьсан), төркін (төргөм) т.б. Бұл сияқты сөздер тек қазақ тіліне
емес, түркі тілдерінің көбіне тəн, олар түркі тілдеріне монғол тілдерінен ауы-
сты ма, əлде керісінше, монғол тілдеріне түркі тілдерінен енді ме оны
дəлелдейтін мəлімет тіл ғылымында жоқ. Сондықтан ондай сөздерді түркі-
монғол тілдеріне ортақ сөздер деп атауға болады. Түркі-монғол тілдеріне ортақ
сөздер бар екенін Ш.Уəлиханов та айтқан болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |