Қарағанды -2023 2 Дәріс №1. Тәрбие үдерісі тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі


Мектептің тәрбие жұмысының жүйесі



Pdf көрінісі
бет4/26
Дата17.10.2023
өлшемі1,18 Mb.
#117030
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Мектептің тәрбие жұмысының жүйесі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мектептің тәрбиелік жүйесі – өскелең ұрпақты мәдениетті, шығармашыл, белсенді 
тұлға ретінде қоғам өміріне бейімдеуге бағытталған, өзін – өзі ұйымдастыратын жүйе. 
Тәрбие жұмысының жүйесі мынадай компоненттерден тұрады: 
1.
Дидактикалық жүйе. 
2.
Тәрбиелік жүйе. 
Қоғамдағы өзара 
әрекеттесуді 
ұйымдастыру 
Мектептің 
отбасымен 
өзара 
әрекеттесуі 
Мектептен 
тыс тәрбие 
жұмысы 
Сыныптан 
тыс тәрбие 
жұмысы 



3.
Қарым – қатынас жүйесі. 
Жетпісінші жылдардың соңына қарай мектептің тәрбиелік жүйелік идеялары тәрбие 
теорияларына ене бастады. 
Жалпы білім беретін мектептердің тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруда 
М.М.Поташниктің еңбектерін айтуға болады. Жүйелік әдіс арқылы тәрбие жүйесін әртүрлі 
деңгейде жобалау, құрастыру, жетілдіру және қайта құру мәселелерін Л.Н. Новикова 
зерттеді. Мектептің тәрбие жүйесінің компоненттері - мақсаттар, іс – әрекеттер, қоршаған 
ортамен қатынас, басқару бөлімдері. 
Тәрбие жүйесінің өзегі - мектеп ұжымы. Кең мағынада, мектеп – әлеуметтік – 
педагогикалық жүйе бола тұра, бірнеше құрамдас компоненттерден – ұсақ жүйелерден 
тұрады: басқару жүйесі, дидактикалық және тәрбие жұмысы жүйесі. Әрбір жүйе дербес 
болып саналады, бірақ бір – біріне ықпалы зор. 
Мектептің тәрбие жүйесіне енетін сабақ – дидактикалық жүйенің ең басты 
компоненті. Дидактикалық компоненттермен қатар, тәрбие жүйесінің компоненттеріне 
мектептің материалдық – техникалық базасы, қоршаған ортаның табиғи, әлеуметтік және 
мәдени эстетикалық қырлары енеді. 
Мектептің педагогикалық жүйесінің аксиологиялық негізін жетекші идеялар, 
мақсаттар, міндеттер, принциптер және педагогикалық теориялар қамтылатын теориялық 
тұжырымдама құрайды. (Теория и практика воспитания: Учеб.Пособие/ Под ред. 
Л.А. Байковой, Л.К.Гребенкиной, О.В. Еремкиной-Рязань, 1997/.) 
Педагогикалық қарым – қатынас педагогтар мен тәрбиеленушілердің өзара ықпал ету 
құралы ретінде мектептің педагогикалық жүйесін байланыстырушы компонент. 
Педагогикалық жүйенің құрылымындағы қарым – қатынастың мұндай рөлі оның тиімділігі 
бірлесе әрекет ету барысында ересек адамдар мен балалардың арасындағы қарым – 
қатынасқа (ынтымақтастықты және ізгілікті қатынас, жалпы қамқорлық, сеніммен қарау, 
әрбір адамға көңіл бөлу) тәуелді екендігіне қатысты. 
Тәрбие жүйесі микроортамен және макроортамен тығыз байланысты болады. 
Микроорта ретінде мектеп игерген орта (ықшам аудан, елді мекен), ал макро орта ретінде 
жалпы қоғам қарастырылады. 
Мектептің тәрбие жүйесіне белгілі ұйымдастырушылық құрылым тән. Тәрбие 
жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы әртүрлі принциптерге негізделуі мүмкін, 
біреуінің негізі - тәрбиелік орталықтары болса, екіншісінікі - клубтар тобы. Кешен 
мектептері де бар, олар жалпы білім беретін, спорттық, көркемдік мектептерден құралған. 
Тәрбие жүйесі – тәрбие компоненттерінің (субъектілер, мақсаттар, мазмұны және іс – 



әрекет тәсілдері, қатыстар) өзара әсерлесуі нәтижесінде қызмет ететін және ұжым өмірінің 
бейнесі, оның психологиялық жағдайы сияқты өзара кіріктірілген сипатқа ие болатын 
біртұтас әлеуметтік организм ( Л.И. Новикова). 
Тәрбие жүйесін құрудың мақсаты: 
-
тәрбиелік әрекет – субъектілердің күшін кіріктіру (интеграциялау), педагогикалық 
үрдіс құрамдарының байланысын (мақсаты, мазмұндық, ұйымдастырушылық, 
бағалаушылық - нәтижелілік) өзара бекіту; 
-
табиғи және әлеуметтік ортаны игеру және оларды тәрбиелеу ортасына тарту 
арқылы мүмкіндіктер ауқымын кеңейту; 
-
тәрбиені жүзеге асыратын мазмұнның, әдістердің сабақтастығы қойылған 
міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететіндіктен, педагогикалық ұжымның 
уақыты мен әлеуетін үнемдеу; 
-
оқушыға, мұғалімге, ата – аналарға ұжымдағы іскерлік және тұлға аралық 
қатынастарда шығармашылықпен өздерін көрсете білуге, қайталанбас даралық, 
ізгілік танытуға мүмкіндік беретіндей олардың тұлға ретінде танытуы үшін жағдай 
жасаумен байланысты. 
Мектептің тәрбие жүйесі мұғалімдер, балалар, ата – аналар және т.б. сияқты 
педагогикалық үрдіске қатысушылардың күшімен құрылады. Олардың өзара әрекеттесуі 
барысында оның мақсаты мен міндеттері қалыптасады, оларды жүзеге асырудың жолдары 
анықталады, тиісті іс – әрекеттер ұйымдастырылады. 
Жүйені құру әрқашан да оның реттілікке, бірізділікке бағытталуына, біртұтастыққа 
құрылуына байланысты. 
Тәрбие жүйесінің қалыптасуы қашан да интеграцияланған үдеріс. Интеграция 
дезинтеграцияға, яғни жүйенің әр түрлі элементтері тәуелсіздіктің өсуіне және олардың 
арасындағы өзара әрекеттестіктің бұзылуына қарай бағытталған қарама - қарсы 
тенденциялармен бірге бір уақытта жүреді. 
Интеграцияланған және дезинтеграцияланған үрдістердің арасындағы қарама – 
қайшылықтың өз шешімін табуы – тәрбие жүйесі дамуының қозғаушы күші болып табылады 
(Л.К.Гребенкина). 
Интеграция ұжымның ұйымшылдығынан, жағдаяттардың орнықтылығынан, 
тұлғаарлық берік қарым - қатынастың орнауынан, жүйенің материалдық элементтерінің 
пайда болуынан байқалады. Дезинтеграция тұрақтылықтың бұзылуынан, жеке және топтық 
айырмашылықтардың қабылданған норма мен құндылықтарға сәйкес келмейтін 
жағдаяттардың көрініс беруінен, жүйенің материалдық элементтерінің бүлінуінен 
байқалады. 
Тәрбие жүйесі бірнеше кезеңнен тұрады: 

жүйенің қалыптасуы; 

ұжым іс – әрекетінің жүйесі мен мазмұнын жасау; 

жүйені лайықты тәртіп бойынша қалыптастыру, дәстүрлерді сақтау мен 
жаңалықтарды енгізу. 
Тәрбие мақсаттары мәселесін шешпей, тәрбие жүйесін құру мүмкін емес, өйткені 
білім беру саласындағы қызметкер үшін іс – әрекет, басқа да саладағы сияқты, мақсат пен 
міндеттер арқылы анықталады. Сынып жетекшісінің мақсаты мен міндеттері мектептің 
тәрбие жұмысының бағдарын ұстанады, сыныптағы тәрбие жұмысы мектептің тәрбие 
жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Тәрбиенің мақсатын тек өз халқының ұлттық 
мәдениетінің негізінде ғана емес, жалпы адамзаттық және адамгершілік ұлттық 
құндылықтарды игеру арқылы ғана анықтау мүмкін. 
Л.И.Новикованың анықтауы бойынша «мектептің тәрбие жүйесі» ұғымы кең 
мағыналы болғандықтан, ол өзінің құрамына мектепке қатысты барлық жүйелік ұғымдарды 
қамтиды. Атап айтқанда: материалдық, процессуалдық, идеялық. 
Материалдық 
– 
адамдар, 
ұжымдық 
құрал-жабдықтармен 
педагогикалық 
қатынастардың материалдық қолдаушысы, қорғаушысы. 


10 
Процессуалдық – тәрбие, оқу-тәрбие процесі, педагогикалық процесс, әрекет. 
Идеялық компоненттері – ұғымдар, ережелер, тәрбие жүйесінің мақсаты, мазмұны, 
түрлері, даму кезеңдері, қатысушылардың рөлдік полициялары. 
Мектептің тәрбие жүйесі қалыптасу барысында бірнеше сатыдан өтеді. 
I даму кезеңінде – негізгі идеяны қолдайтын мұғалімдердің шығармашылық тобы 
құрылуы шарт. 
II
даму кезеңінде – ортақ іс – әрекет арқылы мұғалімдер ұжымы мен оқушылар 
ұжымының бірігуі орын алады. 
III
даму кезеңінде– тәрбие жүйесінің қалыптасуының негізгі көрсеткіші – біртұтас 
ұжым құрылуы ( ұстаздардан, оқушылардан, ата - аналардан) тиіс. 
Л.И.Новикова мектептің тәрбие жүйесінің 9 белгісін айқындаған: 
1.
Мектептің “кіші тұжырымдамасының” айқындығы – оның ата-аналардың, 
мұғалімдердің, оқушылардың қолдауы арқылы қабылдануы; 
2.
Мектеп өмірінің балаларға қолайлылығы, олардың қызығушылығына сәйкес келуі, 
биресми қатынастардың құпталуы; 
3.
Балалар өмірінде қуанышты оқиғалардың болуы; 
4.
Мектептің, баланың, топтың еркін дамуына шектеу келтіретін “ұйымдастырылған 
аралдың” болуы; 
5.
Балалардың күнделікті өмірін бейнелейтін “Сөйлеп тұрған қабырғалардың” болуы; 
6.
Қоршаған ортаның мектепке, мектептің қоршаған ортаға ықпалы; 
7.
“Ішкі қайшылықтарды” шешу; 
8.
Мектеп ұжымы мүшелері арасындағы жалпы ізеттілік қарым-қатынастың 
қалыптасуы; 
9.
Оқушылар өздерін мектеп ұжымынан ажыратпауы, мектеп ұжымы мүшесі екенін 
толық сезінуі. 
Тәрбие жүйесін қолдану тәрбие үдерісінің мақсатқа сәйкес, басқарылатын, нәтижелі, 
тиімді болып қалыптасуына әсерін тигізеді. Тәрбие үдерісінің ролі білім беру жүйесі үшін 
өте маңызды. 
Тәрбие жүйесін құруда ескерілетін жайттар: 
-
оқушылардың қызығушылығы, қабілеті, қажеттілігі; 
-
педагогикалық ұжымның мүмкіндігі (мектеп қандай әрекет түрлерін ұйымдастыра 
алады), шығармашылық әлеуеті (потенциалы); 
-
кез-келген ата-ананың білім мен тәрбиенің нәтижесіне мүдделігі болуы. 
Тәрбиенің негізгі педагогикалық ұстанымдары: 
1.
Сынып ұжымының жалпы тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін міндеттерді 
шешуде сынып жетекші мен оқушылардың біріккен серіктестігі; 
2.
Тұлғаның жеке дара маңызды қасиеттерін тәрбиелеу: патриотизм


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет