Қарағанды -2023 2 Дәріс №1. Тәрбие үдерісі тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі



Pdf көрінісі
бет5/26
Дата17.10.2023
өлшемі1,18 Mb.
#117030
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

ұлтжандылық

жауапкершілік, қарым-қатынас мәдениеті, адамгершілік; 
3.
Рухани, жан-тәнімен жұмыс істеу, адамгершілікті қалыпты жағдай ретінде 
қабылдау; 
4.
Оқушыларды мәңгілік, басым құндылықтарға бағыттау. Олар: Отан, отбасы, адам, 
білім, еңбек, мәдениет, бейбітшілілк, табиғат, адамгершілік, ақиқат, сұлулық т.б. 
Тәрбие жүйесінің негізгі қағидалары: 
-
әрбір балада мейірімділік бастауы бар екеніне сену; 
-
баланың нені қажет ететінін түсіну және білу; 
-
қоғамдық өмірдегі адамгершілік қасиеттің басымдылығын сезіну ; 
-
бала құқығын білу және оны сыйлау (жақсылыққа жақсылықпен жауап бер, ал 
жамандыққа әділдікпен жауап бер); 
-
барынша мәдениет пен білімділікті дамыту. 
Сыныптың тәрбие жүйесінің аса маңызды, айқындалған 5 компоненті: 
-
жеке дара-топтық; 
-
құндылық-бағдарлы; 


11 
-
атқарымдық-әрекеттік; 
-
кеңістіктік-уақытты; 
-
диагностикалық-нәтижелілік; 
Жеке дара-топтық компонент бұл ересектер мен балалардың қауымдастығы. Олар бір 
сынып көлемінде ортақ әрекет арқылы біріккен қауымдастық. Бұл қауымдастық бірнеше 
бөліктерден тұрады: 
-
сынып жетекші, оқушылар, ата-аналар; 
-
пән мұғалімдері басқа да тәрбие үдерісіне қатысы бар адамдар. 
Сыныптың тәрбие жүйесін құрудағы өте маңызды компонент. Себебі осы адамдар 
сыныптың тәрбие жүйесінің мазмұнын, қандай бағыттың қажетті екенін анықтап, жүзеге 
асырады. Жүйенің мағынасы мен маңызы, оқушылардың қажеттілігін жүзеге асыру және 
әрқайсысының тұлғалық дамуына ықпал ету арқылы ұжым ретінде қалыптасуын қамтамасыз
ету. Соның ішінде сынып жетекшінің көзқарасы, құндылық бағдары, қызығушылығы, 
ұстанымы, әуестігі тәрбие жүйесінің негізгі құраушы факторы болып табылады. Ал сынып 
оқушылары, бір жағынан өз дамуының толық құқылы иесі, екінші жағынан әдейі 
бағытталған және бірлескен әрекет, қарым - қатынастың еріксіз ықпалының нысаны. 
Құндылық-бағдарлы компоненті. Ол келесі жиынтықтан тұрады: 
-
тәрбие жүйесінің маңыздылығы; 
-
мақсат, міндеттері; 
-
сыныптың ұжым ретінде әрекетінің келешегінің болуы; 
-
сыныптың тәрбие жүйесін құрудың және іске асырудың негізгі қағидасы. 
Сыныптың тәрбие кеңістігінде жеке дара да, топтық та құндылықтар бар. Бірі қарым- 
қатынастарды құруға, бірігіп әрекет етуге ықпал етсе, кейбір құндылықтардың тіпті 
қажеттілігі шамалы болады. Яғни мәселе тәрбиелеудегі құндылықтардың басымдылығы мен 
олардың маңыздылығында. Бір сыныпта басымдылық адамгершілік қасиеттерге берілсе, 
кейбіреуінде қарым-қатынасқа, үшіншісінде-бірігіп әрекет ете алуға берілуі. Сондықтан әр 
сынып жетекші өз сыныбына басым және маңызды құндылықтарды анықтауы қажет. Яғни
кез-келген жолмен жеңіске жету ме,әлде жеңілсе де өз абыройын сақтап қала алу ма? Сіз
үшін, сіздің сыныбыңыз үшін не маңызды, соны нақты анықтау керек. 
Атқарымдық-әрекеттік компонент келесі бөліктерден тұрады: 
-
Сыныптағы оқушылардың біріккен әрекетін, қарым-қатынасын ұйымдастыру 
әдістері мен түрлері; 
-
Тәрбие жүйесінің атқаратын негізгі міндеттері; 
-
Сыныптың күнделікті тіршілігін, өз бетімен әрекет етуін педагогикалық 
жағынан қолдау, қамтамасыз ету; 
Бұл компоненттің негізін сынып оқушыларымен біріккен әрекет, шара құрайды. 
Кеңістіктік-уақытты компоненті келесі бөліктерден тұрады: 
-
Сынып 
оқушыларының 
тіршілік-әрекетіндегі, 
күнделікті 
дамуындағы 
адамгершілік-рухани, сезімдік-психологиялық, заттық-материалдық ортасы, 
жағдайы; 
-
Сыныптың басқа сыныптармен, қоғаммен байланысы, қарым-қатынасы. Біз 
күнделікті байқаймыз кейбір сынып оқушылары өздерінен ересек не жасы кіші 
балалармен қарым-қатынас жасайды. Ал кейбіреуі тіпті өзімен бірге оқитын 
оқушылармен тіл табыса алмай жатады; 
-
Сыныптың жалпы мектепішілік тәрбие кеңістігіндегі орны. Кейбір тапсырманы 
не шараны өткізуді тапсырғанда сыныптың деңгейіне, өз бетінше әрекет ету алу 
қабілетіне қараймыз. Бұл сыныптың жалпы мектептегі тәрбиелік бет-пердесі; 
-
Сыныптың тәрбие жүйесінің даму кезеңдері. Тәрбие жүйесі байланысы мен 
қарым-қатынасы шектелген, жабық жүйе болмауы керек. Сынып жетекші өз 
сыныбының басқа да сынып оқушыларымен байланысын қалыптастырып, оның 
нығаюына атсалысқаны дұрыс. Сондықтан кейбір шараларды параллель 
сыныптар арасында бірігіп өткізуді ұйымдастыру қажеттігі бар. Бірақ бұл жерде 


12 
ескеретіні оқушылардың барлығын шарамен қамту. Қалғандары бос отырса, бір- 
біріне кедергі жасап, ешқандай жетістікке қол жеткізе алмайды. 
Диагностикалық-нәтижелілік компоненті келесі бөліктерден тұрады: 
-
тәрбие жүйесі нәтижесінің (әсерінің) көрсеткіштері; 
-
тәрбие жүйесі нәтижесін анықтаудың әдісі мен тәсілдері . 
Сынып жетекшісі төмендегі ережелерді ұғынып, түсінген жағдайда ғана тәрбие 
міндеттерінің шешімі нәтижелі болмақ: 
1.
Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы; 
2.
Тәрбиенің жүйелік сиппатта болуы; 
3.
Тәрбие іс-әрекетінің мақсаттарының бірлігі, оқушылармен жұмыс істейтін 
мұғалімдердің өзара әрекеттестігі тәрбие жүйесінің кепілі: 
4.
Тәрбие үдерісі жеке тұлға теориясы мен іс-әрекет теориясына, құндылықтар 
теориясы мен басқару теориясына сүйену қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет