Қарағанды -2023 2 Дәріс №1. Тәрбие үдерісі тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі



Pdf көрінісі
бет8/26
Дата17.10.2023
өлшемі1,18 Mb.
#117030
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Бекітуге арналған сұрақтар 
1.
Тәрбие жүйесіне анықтама беріңіздер. 
2.
Тәрбие жүйесінің құрылымы қандай? 
3.
Л.И.Новикованың анықтауы бойынша «мектептің тәрбие жүйесі» қандай компоненттерден 
тұрады? 
4.
Шетелдік және ресейлік тәрбие жүйелеріне сипаттама беріңіз. 
 
Дәріс №4 Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі 
Жоспары: 
1.Сынып жетекшісінің іс-әрекеті – мектептегі тәрбие үдерісінің нәтижелі шарттарының бірі. 
2.Сынып жетекшісі және педагогикалық ұжым. 
3.Сынып жетекшісінің жұмысын тиімділігі жағынан бағалаудың критерийлері 
Мақсаты: Сынып жетекшісінің қалыптасуы, оның атқаратын міндеттері мен қызметі 
туралы түсініктерін кеңейту. 
Глоссарий: 
Қарым-қатынас 
- ортақ рухани немесе материалдық нәтижеге жету және байланысты 
жақсарту мақсатындағы күш-жігерді бipiктipy және үйлестіруге бағытталған адамдардың 
өзара әрекеті. 
Құзыреттілік 
– бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да 
бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. 
Рефлексия 
– лат. «бейнелеу» деген сөз (өз ойларын, бастан кешіргендерін талдау). Адам 
санасының өзін - өзі білуге, ішкі жан – дүниесін, психикалық жай - күйін тануға бағытталуы. 
Диагностика 
- жұмыс тәртібінде мүмкін болатын ауытқуларды болжау үшін, үдерістерде, 
машиналарда ақауларды сипаттайтын белгілерді техникальқ басқару және зерделеу, 
ауруларды анықтау және диагноз қою әдістері мен принцптері туралы ілім. 
Тәрбие әдістері 
– ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым – қатынастардан 
туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. 
Әдебиеттер: 
1.
Әбенбаев С. Ш.Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы.-Алматы: Дарын, 2004. 
2.
ӘбиевЖ., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика: Оқу құралы. - Алматы,2004 
3.
Губашева С., Отарбай А. Тәрбие жұмысының әдістемесі. Оқулық. – Астана, 2011. 
4.
Набуова Р. Тәрбие жұмысының әдістемесі: Оқу құралы. .- Алматы, 2015. 
5.
Сластенин В.А. Методика воспитательной работы. – учебное пособие, Москва, 2008. 
6.
Сергеева В.П. Технология деятельности классного руководителя в воспитательной 
системе школы. – М.: Изд.: Перспектива, 2008. 


14 
Сынып жетекшісі – кәсіби педагог, сынып ұжымының тәрбиелік жұмыстарының 
ұйымдастырушысы. Сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен
де, әрине ол балаларға өте қажет. Себебі мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол - сынып. 
Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік 
қатынастары қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың
демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес 
сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады. 
Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде арнайы тәрбие 
жұмысын ұйымдастырушылар болмады. Ол тек ХІХ ғасырдың 70 жылдары ғана пайда 
болды. 
Дегенмен, тәрбие мәселесімен кәсіби айналысушы адамдар ертерек пайда болды. 
Олар ақсүйек және ауқатты отбасыларында бастапқы кезде «күтушілер» (няньки), кейіннен 
«гувернанткалар» ретінде қызмет етті. Ал оқу мекемелерінде, 1804 жылғы «Университеттік 
мекеме Жарғысына» сәйкес оқушыларды тәрбиелеу ісі үйретуші – ұстаздарға (ерлер 
гимназияларында), ханымдарға (әйелдер гимназияларында) өз оқушыларын бақылап, 
олардың тәртібіне, жауап беру міндеті жүктелген. 
1828 жылғы гимназия және училище туралы Жарғыда, оқушыларды таңдау 
мақсатында олардың жеке басын танып білу қажеттігі де баса көрсетілген. 
Орта оқу мекемелерінде балалардың тәрбиелеу ісін ұйымдастыру мәселесі 
оқушылармен қатар, оқушыларды қадағалаушыларға да («надзиратели») жүктелген. 
Олардың негізгі міндеттері тәрбиеленушілердің тәртібін қатаң бақылау; оқушылардың 
жетістіктерін, теріс қылықтарын, не нәрсеге бейімділігін, мінез-қылықтарын белгілеу үшін 
күнделік жүргізу тапсырылды. Сонымен бірге, олар тәрбиеленушілердің қолы бос 
уақытында кітап оқуын қадағалауға да міндетті болды. Негізгі міндет коммунистік 
идеология аясында оқушылардың саяси тәрбиесіне көптеп көңіл бөлу. Оқушылардың 
бастауыш ұжымдарында жалпы мектептік өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруды мақсат етіп 
қойды. Іс жүзінде тәрбие жұмысына онша көңіл бөлінбеді. Мұғалімдердің қызметі оқушылар 
және олардың ата-аналары жайында мәліметтер жинастыру, сабаққа қатысуын қадағалау 
болды. 
1928 жылы сынып тәрбиешісі қызметі ресми түрде жойылып, оқушылардың өзін-өзі 
басқару ұйымына басылымдық берілді. Бұл бағытта да оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін 
болмады. 
1930 жылдары отандық мектепте өте маңызды өзгеріс болды: оқу үдерісіне 
сыныптық сабақ жүйесін енгізу, оқушылардың жеке-дара білімдерін жүйелі түрде есепке 
алу, тұрақты оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жасау т.б. Осыған байланысты топ 
жетекшілерінің де жағдайы өзгерді. 
Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңдерінде сынып жетекшісі деген қызмет болмады. 
Оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу мұғалімдердің бәріне 
бірдей жүктелді. Оларды топ жетекшілері деп атады. 1934 жылы мектептегі оқу- тәрбие 
үдерісінде топтап оқыту тәртібін, сыныптық - сабақ жүйесіне өзгертуге байланысты топ 
жетекшілері сынып жетекшісі деп өзгертілді. 
Cынып жетекшісі туралы Ережені 1934 жылы 28 маусым күні РСФСР Халық 
ағарту комиссиариаты бекітті

Шет елдерде Белгияда сынып жетекшісін тәрбиеші, Англияда 
тьютор деп атайды. 
Қазақстандық белгілі ғалым К.Ж. Қожахметова және Л. Сырымбетова, Н.И. Хван 
еңбектерінде «сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, 
келістіріп өткізетін педагог» деп анықтама берген.Н.И.Хван гимназиядағы тәрбие жүйесін
басқарудың педагогикалық шарттарын анықтаса, Л. Сырымбетова өзінің тәжірибесінде 
сынып жетекшісін қыз балаларды тәрбиелеудегі «сынып айымдары» деген мәртебелі атпен
атайды. 
Сынып мұғалімдерінің педагогикалық әрекетінің құрылымы және оны ұйымдастыру 


15 
қызметі туралы Ф. Н. Гоноболин, В.А.Кан – Калик, С.В. Кондратьев, В.М.Коротов, 
Н.В.Кузьмина, В.С. Кукушин еңбектерінде қарастырылған. 
В.С.Кукушин педагог – тәрбиеші, сынып жетекшісі ұйымдастырушылық (барлық 
педагогикалық аспектілер бойынша жұмыстар өткізу), тәрбиелік (жеке тұлғаны және 
ұжымды қалыптастыру), коммуникативтік (қарым – қатынасты ұйымдастыру), реттеушілік 
(барлық ықпалдардымен келісу, тәрбие үдерісіне қатысушылардың арасында келісім, өзара 
әрекеті), жөндеу (жеке тұлғаны өзгерту), экологиялық (баланы жағымсыз әсерден сақтау), 
әкімшілік (оқушылардың жеке ісіне құжат арнау). Соның ішінде И.П.Подласый пікірінше, 
ұйымдастырушылық қызмет көптеген зерттеулерде балаларды белгілі жұмыстарға тарту, 
таңдалған мақсатқа балалармен ынтымақтастыққа жету. 
Н.В.Кузьмина 
сынып 
жетекшісінің 
гностикалық, 
жобалау, 
құрастыру, 
ұйымдастырушылық, 
коммуникативтік 
функционалдық 
компонентін 
жүйелеген. 
Ұйымдастырушылық компоненті педагогтың өзінің әрекетін және оқушылардың 
белсенділігін ұйымдастырудағы біліктілігінің жүйесі деп анықтама берді.Барлық 
компоненттер бір –бірімен тығыз байланысты және бір–бірімен қиылыста болады. Мәселен, 
гностикалық компонент, яғни, мұғалімнің білімі, өзінің пәні бойынша білімі ғана емес, 
педагогикалық коммуникация, оқушылардың психологиялық ерекшелігі, өзін – өзі тану 
туралы білім жатады. Осы компонент пен ұйымдастырушылық компонент тығыз байланыста
жүзеге асады. 
В.А.Кан - Калик педагогтың басты сапасы оқушыға тиімді ықпал етуді ұйымдастыра
білу біліктілігі болуы керектігін көрсетеді. 
В.А. Сластенин, А.И. Щербаков мұғалімнің педагогикалық әрекетінің құрылымын 
диагностикалық, бағдарлану – прогностикалық, құрастыру – жобалау, ұйымдастырушылық, 
ақпараттық – түсіндірмелі, коммуникативтік – ұмтылдыру, талдау – бағалау, зерттеушілік – 
шығармашылық әрекеттерінің жүйесін құрды.Ұйымдастырушылық әрекеті оқушыларды 
белгіленген оқу - тәрбие жұмыстарына тарту, қызықтыратын форма беріп, оқушылар 
арасында міндеттерін бөлу және белсенділігін ояту делінген. 
И.Ф.Харламовтың 
жүйелеуі 
бойынша, 
когнитивтік 
– 
диагностикалық, 
ұйымдастырушылық – ынталандырушы, біріктіруші – ұйымдастырушы, координирлік, жеке 
тұлғалық дамытушылық қызметтерін жіктеген. Ұйымдастырушылық – ұмтылдырушы 
қызметі оқушыларды сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының түрлері мен формаларына тарту.
Бұл жұмыстарға олардың қызығуын және белсенділігін туғызу. 
С.Ш. Әбенбаев өзінің еңбегінде «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» оқу құралында 
сынып жетекшісінің негізгі мақсаты, міндеттері, қызметі жайлы айқын көрсетеді: 
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - мектеп оқушыларың қоғамның 
белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір 
жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке 
деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. 
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері: 
1.
Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке 
басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу. 
2.
Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы 
жарасқан, белсенді саналы ұжымға ұйымдастыру. 
3.
Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата- 
аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың
бірлігін қамтамасыз ету. 
4.
Тәрбие үдерісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын 
қамтамасыз ету. 
Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып,
жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға 
қатысты жүзеге асырады. 


16 
Сынып жетекшісінің қызметі: 
1.
Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға барлық 
бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланың
тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір 
сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқа да 
мекемелерімен тығыз байланыс орнату. Рухани-адамгершілік және рухани эстетикалық 
мәдениетін қалыптастыру. 
2.
Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды 
талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып 
ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы 
мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру. 
3.
Оқушылардың жалпы әрекетін басқару. Оған: нақтамалық, мақсат қоюшылық, 
жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау, бақылау және түзету енгізіп отыру қызметін 
жатқызуға болады. 
Нақтамалық қызметі. Оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтап 
отыру соған сәйкес оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және 
оған талдау жүргізу; Мақсат қоюшылық қызметі. 
Жоспарлау-бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу- 
тәрбие үдерісіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын. Жоспардың 
қызметі- педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды 
қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін
қамтамасыз етуді көздейді. Жоспарлау-мақсатқа жетудің бірден бір негізгі жолы. 
Болжам жасау немесе жобалау қызметі. 
Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін, болашағын болжау, оны 
жобалаудың да маңызы ерекше. А.С.Макаренко адамдағы жақсы қасиет әркезде оны 
жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар аударған. Сол секілді В.А.Сухомлинский де 
«тәрбиені ғылыми тұрғыда алдын ала болжамдау, онда ол қарапайым көрініске: тәрбиеші- 
сауатсыз күтушіге, педагогика - балгерлікке айналар еді» - дейді. 
Тәрбие үдерісінің нәтижесін алдын-ала жобалау, болжау сынып жетекшісі қызметінің 
маңызды бір буыны. Онсыз мақсаттылық, тәрбие үдерісі де болмайды. 
Бақылау және түзету (коррекция) енгізіп отыру қызметі. Сынып жетекшісінің 
оқушылардың оқу және тәрбие үдерісіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруы - бұл 
оның нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды 
қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижесінде талдау жасау барысында сынып жетекшісі 
қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе жекелеген оқушылардың әрекеттеріне түзету 
енгізуді жүзеге асырады. Дегенмен де, сынып жетекшісінің оқу - тәрбие процесін бақылауы 
және түзетіп отыру қызметі тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен 
жұмыстары барысында ғана іске асады. 
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бірыңғай ұйымдастырушылық және 
педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол оқушының жан-жақты нәтижелі 
дамуын, соған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және 
оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. 
Сынып жетекшісі жұмысындағы циклограмма: 
Күнделікті: сабаққа кешігушілермен жұмыс және сабаққа келмегендердің себебін 
анықтау; оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру; сынып ұжымындағы кезекшілікті 
ұйымдастыру; оқушылармен жұмыс. 
Апта сайын: оқушылардың күнделігін тексеру; жоспар бойынша сыныптық шаралар 
ұйымдастыру; ата-аналармен жұмыс; пән мұғалімдерімен жұмыс; мектеп дәрігерімен 
кездесу. 
Ай сайын: өз сыныбындағы сабақтарға қатынасу; мектеп психологымен кеңес; ата - 
аналар комитетімен кездесу. 


17 
Тоқсанына бір рет: тоқсан қорытындысы бойынша сынып журналын толтыру; сынып 
жетекшілері семинарларына қатысу; ата-аналар жиналысын өткізу. 
Жылына бір рет: ашық шара өткізу; оқушылардың жеке іс-қағаздарын толтыру; 
сыныптың жұмыс жоспарын белгілеу. 
Орта мектептегі оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы 

сынып немесе тәрбие сағаты деп аталады. Сынып сағаты - оқушылардың адамгершілік 
қасиетін қалыптастыруда, өнер саласындағы талап – тілектерін тәрбиелеуде, адамдар 
өмірінде кездесетін жағымды – жағымсыз мінез–құлық нормаларына, олардағы дұрыс 
көзқарасты қалыптастыруға, елжандылық сезімдерін шыңдауда, сабақтан тыс кезде 
өткізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып табылады. 
Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушылардың танымдық белсенділігі артады, 
оларда іскерлік, дағды қасиеттері қалыптасады. Сынып сағатының тәрбиелік қызметтері: 
ағартушылық, бағыттаушылық, болжамдылық және қалыптастырушылық. 
Сынып сағатының ағартушылық қызметі оқушылардың оқу бағдарламасында 
қамтылмаған білімдерінің көлемін кеңейтеді. Болжамдылық қызметінде оқушыларда ақиқат 
өмірге белгілі бір қарым – қатынасты қалыптастыру, оларда белгілі бір заттық және рухани 
құндылықтарды жасау. Сынып сағатының ағартушылық қызметі айнала қоршаған өмірмен 
танысуға мүмкіндік берсе, ал болжамдылық оны бағалауға көмектеседі. Бағыттаушылық 
қызметі оқушылардың өмірін шынайы практикалық әрекетке бағыттауға көмектеседі. Егерде 
сынып сағатын өткізу барысында онда белгілі бір нақты бағыттың болмауы, онда оның 
ықпал ету әсері төмендейді, білім сенімге айналмайды, соның нәтижесінде тұлғаның мінез – 
құлқында келеңсіз сапалардың пайда болуына жағдай туады. 
Қалыптастырушылық қызметі үш қызметтің орындалуымен байланысты және 
оқушыларда ойланып істеу және өздерін, өздерінің өмірін бағалауды дағдыға айналдыруды 
қалыптастырады, топпен диалог құра білу біліктілігін тәрбиелеу, өзінің пікірін қорғай білуді 
көздейді. 
Сынып сағаты екі бағытта жүргізіледі. Біріншісі, өткен апта негізінде сыныптағы 
оқушылардың үлгерім нәтижелері, олардың сабаққа қатысуы,тәртібі, оқуы, қоғамдық істері 
және олардың бір – бірімен қарым - қатынасы жайлы мәселелер қаралады. Бұл сынып 
жиналыстары негізінде атқарылады. Екіншісі, тәрбиелік шаралар. Олардың қатарына 
қызықты әңгімелер, кездесулер, пікірталас пен оқырмандар конференциясы т.б. бағыттағы 
жұмыстарды жатқызуға болады. 
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары да сынып немесе тәрбие сағаттары 
деп аталады. Ол өндіріске, табиғат аясына бару, оқушылардың теориялық білімдерін 
практикалық тұрғыдан шыңдау, оларға деген көзқарастарын қалыптастыру, тамашалау т.б. 
мақсаттарды көздейді. 
Сынып сағатын дайындау және өткізу жұмыстарында әртүрлі формалар мен әдістер 
және құралдар қолданылады: әңгіме, газет және журнал материалдарын оқып, соңынан 
талдау жасау, мамандардың белгілі бір тақырыптарға дәрістері, «дөңгелек стол» өткізу, өнер 
туындыларымен танысу, оқушылардың өздері жасаған шығармашылық жұмыстары т.б. 
Сынып сағатын өткізу құрылымы негізінен 3 бөлімнен тұрады: ұйымдастыру, негізгі
және қорытынды. 
Ұйымдастыру бөлімінде оқушылардың назарын талқылап отырған тақырыптың 
мақсат, міндеттерінің маңыздылығына аударып, оның барысымен таныстырады. Кіріспе 
сөзді оқушыларға ой тастайтындай проблемалық жағдаяттан немесе тақырыпқа қатысты 
кейбір деректерден мысал келтіру арқылы ұйымдастырған жөн. Ол шамамен 5 – 7 мин. 
Уақыт мөлшерін алады. Негізі бөлімде жоспарда көрсетілген негізгі талқыланатын 
мәселелердің мазмұны ашып көрсетіледі. Қорытынды бөлімде оқушылардың тәрбие 
сағатынан алған әсерлерін, қанағат сезімдерін орнықтыру, олардың жеке бастарына және 
сынып өміріне немесе мінез – құлқына жаңа сипат ендіруге деген ықыластарын ояту, 
келешекке деген талпыныстарын, сенімдерінің пайда болуына әсер ету. 


18 
Тәрбие жұмыстарының динамикалық формасы (“саяхат” түрі) 
-
Экскурсия 
-
Жорықтар 
-
Экспедиция 
Сынып жетекшісінің қызметіне сәйкес оның жұмыстарының тиімділігінің 
критерийлерінің екі тобын бөліп көрсетуге болады. 
Бірінші топ – нәтижелі критерийлер, олар мақсатты және әлеуметтік – психологиялық 
қызметтер қаншалықты тиімді жүзеге асырылатынын көрсетеді. Нәтижелі критерийлер 
тәрбиеленушілер өздерінің әлеуметтік дамуында жететін деңгейін бейнелейді. 
Екінші топ – процессуалды критерийлер, олар педагогикалық іс – әрекеттер және 
педагогтың қорытындылауы қалай жүзеге асырылуы, еңбек ету үдерісінде тұлғалық 
қасиеттері қаншалықты іске асырылады, оның жұмыс істеу қабілеті мен денсаулығы қандай, 
сондай – ақ оқушылардың қандай іс – әрекеттерін ұйымдастырады сияқты сынып 
жетекшісінің басқару қызметтерін бағалауға мүмкіндік береді. 
Сынып жетекшісінің нәтижелі де, процессуалды да еңбек көрсеткіші тиімді. Сонымен
бірге оқушылардың тәрбиелілігі мен олардың өзара қарым–қатынасындағы оңды 
өзгерістерге жұмыстарында басымдылық беріледі. 
Сынып жетекшісінің сыныпқа жетекшілік ету стилінен, оның балалармен қарым - 
қатынас жасау стилінен оқушылардың мұғалімге деген және олардың өздерінің арасында 
қандай өзара қарым - қатынас орнағанын байқауға болады, қарым - қатынаста оқушы тең 
құқылы серіктес ретінде қарастырылатын демократиялық стиль шешім қабылдауда 
оқушының пікірін ескеру, олардың бір нәрсеге өзіндік пікір айтуы сыныпты еркін, жылы 
шырайлы, шығармашылық ынтымақтастығы жоғары ортаға айналдырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет