КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ «ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ІШКІ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫ ТАҚЫРЫБЫ: ИММУНОГЛОБУЛИНДЕР Орындаған: 1-002 СФО ОМ студенті Жуздибаева Ж.Б Тексерген: Мендибай С.Т Қарағанды 2022 ж
ЖОСПАР: ГУМОРАЛДЫ ИММУНИТЕТ ЖҮЙЕСІ - антигендерге қарсы антидене синтездеу қызметін атқаратын арнайы жүйесі болып табылады. Оның функционалдық белсенділігі иммунитеттің Т-жүйесі және мононуклеарлы фагоциттер жүйесімен тығыз қарым-қатынасуына байланысты болады.
Иммунитет түрлерінің жіктелуі Антиденелер – иммуноглобулиндер Иммунохимияның басты проблемаларының бірі - ол Ig құрылысы, белсенділігі, арнайылығы және физиология жағдайында биологиялық жұмыс істеу механизмінің арасындағы байланысты белгілеу. Бұл сұрақтың кейбір эксперименталды шешулері химиялық тәсілдермен жасалған.
60-70 жылдары В.Портер мен Д.Эдельманның жұмыстарында антидене молекулаларының құрылысы мен иммуноглобулиндердің негізгі фрагменттерінің рөлі толық шешілген; антиденелердің белсенді орталығының құрылысы мен орналасуы және әр кластағы иммуноглобулиндердің химиялық құрылысы мен айырмашылықтары көрсетілген. Бұл жұмыстары үшін В.Портер мен Д.Эдельман 1972 жылы Нобель сыйлығына ие болған.
Иммуноглобулиндердің химиялық құрылысы Иммуноглобулиндер Ig таңбасымен белгіленіп, плазмалық торшалар шығарады. Олар қан
сарысуында, лимфада, уызда, сілекейде, торшалардың сыртқы қабығында
болады.
Адамда иммуноглобулиндердiң 5 негізгі кластары бар: G, M, A, D, E. Олардың барлығы екі түрлі полипептидті тізбекті жинақталған агрегаттардан тұрады, оның бір тізбегі - “жеңіл”, екіншісі - “ауыр” деп аталып, Н және L әріптермен белгіленеді (ағылшынның “heavy” мен “light” cөздерiнен). H және L тізбектері бөлек синтезделiнедi, ал Ig молекуласының жасалуы Гольджи комплексінде жүзеге асады.
Иммуноглобулиндердің химиялық құрылысы иммуноглобулин G
Иммуноглобулин G молекуласы 4 полипептидтік: 2 ауыр және 2 жеңіл тізбектерден тұрады.
Дисульфидтік байланыс (S-S)
Екі бірдей белсенді орталық, антиген+антиген
Барлық иммуноглобулиндер түрлерінің жеңіл тізбектері екі доменнен тұрады, ал ауыр тізбегі – төрт немесе бес доменнен тұрады; ол иммуноглобулин класына байланысты.
Домен - бұл 110-120 амин қышқылынан тұратын тізбек аумағы. Ауыр және жеңіл тізбектердің N-ұштық домендері
вариабелді деп аталады және Vн, VL деп белгіленеді, олардың
аминқышқылдық құрылымы иммуноглобулиндердің әр түрлі антигендік ерекшелігіне байланысты болады.
Қалған домендер иммуноглобулиндер класына сай шектеулі тұрақты құрылымнан тұрады және С-домен деп белгіленеді (constant сөзінен). Жеңiл тізбектегі С-домен СL деп белгіленеді, Н-тізбектегі С-домендер СН1, СН2 және СН3 деп белгiленедi.
Шарнирлік аймағы Комплемент байланыстыру Протеолитикалық (ерігіш) ферменттер әсерінен иммуноглобулин
молекуласы 2Fab және Fc фрагменттеріне бөлінеді. Белсенді орталығы
бар фрагменттері Fab-үзіндісі (Fab1, Fab2) деп аталады. Fab-Fragment
Шарнирлік аймағы
Комплемент
байланыстыру
48
antigen binding антигенбайланыстырушы фрагментінің құрамына
VH, CH, VL, CL домендері кіреді.
Тұрақты домендерден тұратын 2 ауыр тізбек (СН2 және СН3) Fcфрагмент деп аталады. Fab және Fc фрагменттердiң арасындағы аумақ
шарнирлі деп аталады, себебі ол антиген байланысу кезінде, сонымен
қатар, рН өзгеруі және Fab-үзіндісінің иондық күші ортасында Fсүзіндісінен өтетн өсіне қарағанда 90 градусқа айналады.