Қарағанды Болашақ-Баспа 2019 ббк – Әож – с



бет22/56
Дата14.12.2022
өлшемі348,27 Kb.
#57344
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56
Байланысты:
Сборник-ОПО-магистратура-каз-яз

Гностикалық шеберлік:
- жеке білім алушының тұлғалық және интеллектуалдық дамуын болжай алу;
- академиялық оқу тобындағы психологиялық ахуалды анықтай алу;
- өзге педагогтардың практикасін, өзінің педагогикалық қызметін, кәсіптік қарым-қатынастарды талдай білу;
- психолог-педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс жасай алу.
Жобалау және қалыптау дағдылары:
- білім беру мекемесінде жоспарлау жұмыстарын іс асыру және жұмыс құжаттарын жүргізу дағдыларын меңгеру;
- педагогикалық дауларды талдай алу, жұмыстағы қиындықтарды алдын ала көре білу әрі оларды жою жолдарын іздестіру;
- білім алушылардың жекеленген ерекшеліктерін есепке ала отырып, нақты білім беру-тәірбиелік міндеттерді анықтау;
- педагогикалық үдерісті әдістемелік тұрғыдан дұрыс құра білу, жұмыстың мазмұны мен әдісіне қойылған міндеттерді орнықтыра білу;
- мақсат пен міндеттерге сай келетін студенттермен қарым-қатынас жасаудың нысаны мен әдістерін таңдай білу.
Ұйымдастырушылық шеберліктер:
- студенттермен ұжымдық, топтық және жекелік қарым-қатынасты ұйымдастыру;
- оқу барысында жетекшілік жасауды іске асыру, жастар арасында тәрбие жұмыстарын өткізу;
- өзінің кәсіби қызметін ұйымдастыру;
- ұдайы дамудағы педагогикалық орта құру.
Коммуникативтік шеберлік:
- білім алушылар және әрістестермен тез әрі жылдам байланыс орнату, қарым-қатынаста икемділік әрі шыдамдылық көрсету;
- қарым-қатынас барысында ізгілік, жайлылық қабылетті қалыптастыра білу;
- вербальды және вербальды емес қарым-қатынас құралдарын игеру;
- ұжымда жекетұлғалық қарым-қатынастарды реттеу.


3. ПРАКТИКАДАН ӨТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖЕТЕКШІЛІК ЖАСАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӘРТІБІ
Магистранттар 5 апта өндірістік практикадан өтеді. Практика базалары мектептер, гимназиялар, лицейлер, колледждер немесе басқа оқу орындары және қала мен республиканың оқу орындары болуы мүмкін, олармен өндірістік практикадан өту туралы келісім жасалады.
Өндірістік практикаға дайындық мыналарды қамтиды:
1. Бекіту конференциясын өткізу, онда магистранттар мақсаттары мен міндеттері, практиканың ұйымдастырылуы, мазмұны мен тәртібі, есеп құжаттамасына қойылатын талаптар және практиканттардың қызметін бағалау өлшемдерімен таныстырылады.
2. Магистранттарға психологиялық-педагогикалық проблемалар, оқу орнындағы оқу процесін жүргізу бойынша кеңестер беріледі.
3. Магистранттарды практикаға қабылдау. Практика басталғанға дейін оқу мерзіміне арналған оқу бағдарламасын аяқтаған және академиялық қарызы жоқ магистранттар практикадан өтуге жіберіледі. Одан өту үшін әр магистрант ғылыми зерттеу тақырыбын және практика кезіндегі жоспарын анықтауы қажет болады.
Магистранттардың жұмыс уақыты оқу орнының ерекшеліктерімен анықталады, бірақ магистрант тәулігіне кемінде алты сағат практикада болуы керек.
«Bolashaq» академиясы ректорының бұйрығымен магистранттар білім беру бағдарламасы бейініне сәйкес келетін тиісті оқу орнына жіберіледі. Өндірістік практика жетекшісі сол бұйрықпен бекітіледі.
Магистрант өзі тағайындалған Оқу-тәрбие мекемесінің (ОТМ) оқу процесіне қатысады және жетекшінің бақылауымен ОТМ-ның оқытушы-психологының зерттеу мәселесі және жұмыс тақырыбы бойынша қажетті жұмыс көлемін жүргізеді. Практиканы тікелей басқаруды практика жетекшісі жүзеге асырады. Магистранттардың өндірістік практикасына жалпы басшылықты кафедра меңгерушісі жүзеге асырады.
Бірінші аптада магистранттар практика жүзінде ОТМ-ндегі оқу процесінің қалыптасуымен, әдістемелік комиссиялардың қызметімен танысады; басқару жүйесін оқып үйренеді; педагогтық қызмет түрлерін бақылау; әдебиеттермен жұмыс жасайды. Аптаның соңында бекітілген сызбаға сәйкес практиканың барлық кезеңіне арналған жеке жұмыс жоспары жасайды.
Екінші аптадан бастап магистрант-практиканттар педагог-психологтың жұмысын дербес орындай бастайды. Бір практикантның жалпы жүктемесі күніне кем дегенде 6 сағатты құрауы керек. Жұмысқа әр тыңдаушы психологиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізетін сыныпқа (топқа) қосылады.
Практика барысында әрбір магистрант күнделік жүргізеді, онда орындалған жұмыстың мазмұны және оны талдау туралы күнделікті жазбалар жасалады.
Магистрант-практикант апта сайын күнделікті топ жетекшісіне тексеруге және орындалған жұмыс туралы ауызша есеп беру үшін ұсынады. Практика соңында жазбаша есеп тапсырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет