АРҚалағанымыз алтын, жегеніміз жантақ болса да



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата22.12.2016
өлшемі0,51 Mb.
#277
1   2   3   4   5   6   7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАРБАЛАС ДӘУІРДІҢ «ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ» ЕДІ 

 

1990  жылдың  24-сәуірінде  Қазақ  Елінің  қоғамдық-саяси  рухани 

өмірінде үлкен бір жаңалық болды. Ол Қазақстан Республикасы Үкіметімен 

Жоғарғы  Кеңесінің  органы  «Халық  кеңесі»    газетінің  алғашқы  нөмірі 

жарыққа  шыққан  күн.  Өзіндік  бағыт-бағдарын  айқындап,  қалың  әлеуметтің 

қолдауына  сүйенген  бұл  басылым  көп  ұзамай-ақ  санмыңдаған 

оқырмандардың жансерігіне айналды.  

Осы  газет  6  жылға  жуық  уақыт  шығып  тұрды  да  ,  бүтіндей  халық 

мұңының жоқшысы, зиялы қауымның мінберіне айналсам деп талап қылды. 

Ол  ниет  көп  жағдайда  орындалыпта  жатты.  Осы  газетке  алғашында  Бас 

редактордың  орынбасары  кейін  оның  Бас  редактор  қызметін  атқарған 

кездерімізде  редакцияның  өндірістік  мәселелерінің  қолымыз  сәл  босай 

қалған  сәтте  жалпақ  әлеуметке  арнап  сөз  айтатын  қолға  қалам  алатын 

жағдайымыз бар еді.  

Әр  нөмірі  тарих-шежіресіне  айналған  газеттің  сарғайған  нөмірлерін 

парақтай  отырып,  өзім  қол  қойған  кейбір  мақалаларды  оқырман  назарына 

ұсынуды  жөн  көрдім.  Одан  біздің  жүрегіміздің  лүпілін,  қуанышымызбен 

ренішіміздің алмағайып түсіп жатқан сәттерін аңғару қиын емес.    

 

1.

 

ЖАН АЛҚЫМҒА КЕЛГЕНДЕ 

—  


ГАЗЕТТЕРІҢІЗ жабылады дейді ғой, рас па? 

— 

Астапыралла, оны кімнен естідіңіз... 



— 

«Халық кеңесіне» жұмысқа ауыссам деп тілек қылған екен бір жас 

жігіт,  сонда  оған  бастығы  тұрып  орындығын  әрі-бері  сықырлата  осылай 

жауап беріпті. 

— 

Апырай-ә. 



Ертеңіне осы әңгіме отқа май құйғандай лап ете қалған. Жел тұрмаса 

шөптің  басы  қимылдамайтын  секілді,  осы  алыпқашты  сөзден  дүрліккен 

коллективті әрең дегенде сабасына түсіргенбіз. Бұл әңгіме осы делік. 

Ертеңгілік болатын. Телефон баж-бұж ете қалды. Көтердік. 

— 

Әлеу, әлеу, бұл «Халық кеңесі» ме екен? 



— 

Иэ, иә, сізді тыңдап түрмыз. 

— 

Тыңдасаңыз  мен  айтайын.  Биылша газетіңізге  жазылмасақ па деп 



едік. 

 ? 

— 

Мәнісі        былай,        газеттеріңіз      үлкен        бір  басылымның    



қосымшасы    болып    шығатын көрінеді. Жұрт солай гуілдеп жатыр ғой. 

— 

Оны кім айтты? 



— 

Естіген құлақта жазың жоқ, солай шырақ. Өзгенің боданына  кірген  

соң  не оңдыртам дейсің...  Одан да тиын  шығындамай-ақ қойдым. 

Әңгіменің бар пошымы осы. Ал енді мұндай пікірлерді естіген жұрт 



дүрлікпей  қайтсін.  Байқасаңыз,  әңгіме  газет  тағдырының  өлара  шағында 

қозғалып  отыр.  Мұны  баспасөзге  жазылу  дейтін  үлкен  бір  қып-қызыл 

науқанның қызған шағында шығарылған қасақана арандатулар деп айтпасқа 

амал  кәне?  Оқырманмен  қауышқанына  бір  жарым  жыл  ғана  болған 

басылымға  мұндай  жойдасыз  ойдың,  сандырақ  сөздердің  өкпеден  найза 

сұққандай  пікір  қалдырары  сөзсіз.  Басында  басыбайлы  баспанасы, 

баспаханасы  жоқ  газетке,  оны  шығарып  отырған  коллективке  мұндай  сөзді 

есту, әрине, оңай шаруа емес. 

Жалпы қазақ басылымдары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып 

бүтіндей қазақ елінің тағдыр-талайына қатысты қордалы мәселелерді қаузап, 

бірін-бірі демеп, қолтықтаудың орнына осындай ара-тұра болса да берекесіз 

пікірдің бел алып кететіні өкінішті-ақ. Бұл әңгіме айтылар ма еді, айтылмас 

па еді, егер де бір мәселе болмағанда. Өкініштісі сол, дәл баспасөзге жазылу 

науқанында  осы  бір  алып-қашпа  әңгіме  кәдімгідей  бел  алып,  іске  едәуір 

қырсығын  тигізгені,  қолбайлау  болғаны  жасырын  емес.  Біз  кейде  шынайы 

шығармашылық бәсеке дегенді, сайыс дегенді өзімізше долбарлап, осындай 

әнтек  қимылдарға  орын  беріп  алатынымыз  өкінішті.  Біреудің  бастан  кешіп 

отырған уақытша қиындығын пайдаланып, оны алға тартып, оның сыртынан 

тон  пішіп,  тағдырын  саудаға  салуға  бола  ма?  Кісілік  қайда,  азаматтық  ар-

иман қайда? Біз ол әңгімені жабулы қазан күйінде қалдырғанбыз.  

Білдей  бір  республикалық  газеттің  облыстық  басылыммен  айтысып-

тартысып  жатқаны  абырой  әпермес  шаруа  болар  дедік.  Ал  осыны 

кейбіреулер түсіне білсе ғой. 

Газетке  жазылу  үрдісі  басталғалы  екі  жарым  айдай  уақыт  өтті.  Ал 

оның  қорытындысы  біздің  көңілімізді  кеншітіп  отырған  жоқ.  «Халық 

кеңесіне»  жазылу  кезінде  жайбасарлық,  селқостық,  найқалушылық  болса 

онда  оған  себеп  нәрсенің  бірі  әлгіндегідей  газет  сыртынан  тон  пішу  ол 

жөнінде  кері  қоғамдық  пікір  қалыптастыруға  итермелейтін  өсек-аяңдар  деп 

білуіміз қажет. Ащы да болса оқырман қауымның ақиқатты білгені жөн. Бұл, 

әрине, тепсіну, ер-тоқымды бауырға алып тулау емес, ашығы осы. 

Ал  «Халық  кеңесі»  алғаш  шыға  бастаған  күннен-ақ  оған  жанашыр 

боп, соның сөзін сөйлеп, абыройын асыруға тырысқан адамдар жок емес, бар. 

Көп. Біздің білетініміз көп қолдауына сүйенген басылым қашанда ғұмырлы. 

Бұған  жер-жерден  түсіп  жатқан  жеделхаттар,  құт  қадам  тілеген  оқырман 

пікірлері  дәлел.  Газетті  таратуда  игі  іс,  үлгі  тұтарлық  тәжірибелер  де  бар. 

Кәсіпорынның,  шаруашылықтың  есебінен  материалдық  жағдайлары  төмен 

жанұяларына  ғана  емес,  бүгінгідей  нарықты  экономика  жағдайында 

өзгелерге  де  көмек  есебінде  газетке  жаздыру  биылғы  жылы  көптеп  қолға 

алынды.  Соның  нақты  дәлелі  болу  керек,  Алматы,  Көкшетау,  Қостанай, 

Солтүстік  Қазақстан,  Целиноград,  Шығыс  Қазақстан,  Маңғыстау 

облыстарында былтырғы жылдың қорытынды көрсеткіші мен биылғы жылға 

жазылу үрдісін салыстырғанда ептеп те болса ілгерілеу байқалатын сыңайлы. 

Осы  аз-мұз  көрсеткішке  тоңмейілсімеу  керек.  Алайда,  жақсы  тәжірибе, 

мұндай  ілкімді  іс  көпшілік  жерлерде  үрдісті  қолдау  таба  алмай,  құлашын 

жаза алмай келеді. 


Баспасөзге  жазылу  науқанының  ресми  аяқталуына  екі-ақ  аптадай 

уақыт қалды. Қамшының сабындай ғана қысқа мерзім. Осы уақыт ішінде істі 

нақты  қолға  алған  жерлерде  газет  тиражын  анағұрлым  өсіруге  болады. 

Демек, қоғамдық таратушылар, газеттің жалпы жанашырлары екі аптаның әр 

күнін тиімді пайдаланса деп ойлаймыз. Оқырман баспасөзге жазылу науқаны 

ә деп басталғанда «Арқа сүйедік, алаш әлеуметі!» деп ұран тастағанымызды 

жақсы біледі. Естір құлақ, зерделі көңіл болса сонда біраз мәселенің басын 

ашып  айтқан  едік.  Амал  нешік,  сол  толғақты  пікір,  ақиқатты  әңгіме  осы 

науқанды  ұйымдастыруға  тиісті  кісілердің  көңіліне  жете  қонақтамаған  ба 

деген  ой  келеді.  Қазір  бірқатар  жерлерде  газетке  жазылу  әркімнің  өз 

ықтиярындағы шаруа ғой деген пікір өріс алған. Алайда ауылдық жерлерде 

тұратын  оқырман  психологиясын  ескермесе  де  болмайды.  Ұзақ  жылдар 

баспасөзге  жазылу  науқаны  тиісті  адамдарға  жүктеліп  келді.  Сол  кісі 

қиқулағанда ғана орнынан қозғалатын, сөйтіп біреуге сүйенуге ғадет қылған 

адамдарды бұл психологиядан арылту да, әрине, оңай емес. 

Оның үстіне қазір қай салаға қарасаңыз да тұнып тұрған қиыншылық. 

Нарықты  экономиканың  бар  ауыртпалығы  халықтың  мойнында.  Екі-үш 

айлап  жалақы  ала  алмай  отырған  ауылдар  және  бар.  Кымбатшылық 

кеңірдектеп жатқанда қызыл сөзді судай сапырған газетіңнің керегі не, тамақ 

болар  деймісің  деп  түксиетіндер  де  табылар.  Мұның  бәріне  төзуге  тура 

келеді.  Бұ  да  болса  заманыңның,  уақытыңның  белгісі.  Соған  қарамастан 

«Халық  кеңесінің»  бірден бір  жанашыры болуға  тиісті  совет  мекемелерінің 

қызметкерлері,  жалпы  жанашыр  қауым  бұл  газеттің  қоғамдық  рухани 

өміріміздегі  алар  орнын  жұртқа  түсіндіруден,  оны  насихаттаудан  талмауы 

керек,  қажымауы  қажет.  Жанашырлық  көрсетудің  орнына  «Газеттеріңізді 

жабу  керек!»  деп  дөңайбат  көрсететін  Қарағанды  облыстық  Советінің 

төрағасы Мүрсәлімов секілді басшылардың «жанашырлығы» дереу тойтарыс 

алып отырса кәнеки! 

Республиканың  Тәуелсіздігі,  Егемендігі,  туған  жердің  тағдыры 

хақындағы  толғаулы  мәселелер,  Қазақстанда  заңдық  мемлекеттің  салтанат 

құруы жолындағы қам-қарекеттер осы басылымда жазылатынын әлеуметтің 

білгені  жөн.  «Халық  кеңесінің»  басты  ұраны  қалай  болғанда  да  Алтайдан 

Атырауға,  Арқадан  Алатауға  көсіліп  жатқан  елдің  мұңын  мұңдап,  жоғын 

жоқтау.  Олай  болса,  қазір  ара-тұра  айтылып  жүргеніндей  газеттің  құны  бір 

шыны арақтың нарқындай ғана екен, оны ішесің де қоясың, одан да газетке 

жазыл  деген  арзан  насихат  айтқалы  отырғанымыз  жоқ.  Халықтың  рухани 

түлеуіне,  саяси  зердесінің  тереңдеуіне  иненің  жасуындай  болса  да  үлес 

қоссам деп талап кылып келе жатқан газетіміздің бағасын олай бұлдағымыз 

келмейді. Ондай арзан әңгіме өрбіткіміз келмейді. Ал бірақ елімнің ертеңі не 

болады, келешекте ңандай күй кешпекпіз, оң-солымыз қане деп түртінектеп, 

көкжиекке  жіті  көз  салған  азаматтар  «Халық  кеңесіне»  жазылмай  қалмас 

деген  ойдамыз.  Өз  кезегінде  газетті  шығарушылар  алқасы,  бүтіндей 

журналистер  қауымы  түн  ұйқысын  төрт  бөле  отырып  басылымды  қазақ 

әлеуметінің  шын  мәніндегі  сырласы,  сүйіп  оқитын  газеті  етуге  күш 

салатынына сендіргіміз келеді. Солай болады да!  


«Халық кеңесі», 16 қараша, 1991 жыл 

 

2.ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ БАҒЫ 

ұлтжандылық ниет көрінген жерде жанады 

 

Заман  құбылып  тұр.  Алмағайып  оқиғалар  үрдісіне  көз  тоқтатып 



болмайды. Алды-артымызға қарауға мұрша бермес нарығыңыз болса мынау. 

Қай құқайға көнбеген жұрт дейсіз. Бұған да жүрек жатқызғандай. «Оу, тарих 

бұдан  да  зорын  көрсетпеп  пе  еді?  Іргеміз  бүтін  ғой.  Шыдайық.  Ағыл-тегіл 

молшылық  қас-қағымда  қайдан  бола  қалсын.  Рет-ретімен  жетер-дағы». 

Көзіқарақты  кісілер  көпшілікті  осылайша  ақылға  шақырады.  Біреулер 

айтады:  «Біздің  халық  әбден  жалқау  болып  алған,  сәл  қиындық  болса 

жылайды»  деп.  Жылауында  да  гәп  бар  шығар.  Неге?  Негесі  сол  –  халық  о 

баста нарыққа бейіл болды. Тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болады, аз ғана 

қиындыққа шыдасақ деп. Ертеңінен үмітті еді. Ал бірақ сорды қайнатқанда о 

бастағы ниет дұрыс  болғанымен, нарық  идеологиясы  сұғанақтық пиғылдың 

салдарынан  көп  жерде  басқа  арнаға  түсіп  кетті.  Көпшіліктің  көңілі  қалуы 

содан.  Нарық  –  алыпсатарлық  боп  кейбіреулердің  миына  орнықты.  Араны 

ашылғандар  шықты.  Түйені  түгімен  жұта  бастады.  Дүние-мүлік  күндіз 

ойынан,  түнде  түсінен  шығуды  қойды,  бәзбіреулердің.  Алдау-арбау  белең 

алды.  Момақан  жұртқа  арамза  молда  үстемдік  қылды.  Ел  үстінен  күн 

көрушілер  көбейді.  Реті  келсе,  қымқырушылардың,  айласын  асырып  екі 

асайтындардың  тасы  өрге  домалады.  Сыбайластық  салтанат  құрды.  Жең 

ұшынан  жалғасу  жалпақ  жұртты  жегідей  жеп  келеді.  Несиеге  алынған 

ақшалар  нарық  өндірісінің  негізін  қалауға  емес  «сен  –  маған,  мен  –  саған» 

саудаға  жұмсалады.  Қазақстаңда  жасалып  еді  дей  қоятын  товарларыңыз 

ұшты-күйлі жоғалды, дүкендеріңіздің сөрелері қаңырап бос тұр... 

Қазақстан  көгерсін,  ел  дәулеті  еселене  түссін  деп  ел  ертеңін 

ойлайтындарды  зәухайырда  саусақпен  санайсыз.  Елін  сүйген  ерлер  қайда? 

Жоқ деп айту күпірлік болар. Бар. Бірақ бірлі-жарым ғана. 

Күнбе-күн  редакция  почтасына  ағылып  келіп  жататын  ел  хаттары 

осылайша  жылайды,  осылайша  боздайды.  Ақ  пен  қарадай  бүгінгі  күннің 

ақиқаты осы. Ал ақиқаттан айналып өте алмайтынымыз тағы шындық. Сонау 

түкпірдегі ауылдан астанаға жол тартқан хаттардағы ой орамдарын тілге тиек 

етуіміздің мәні болып тқр. Себебі, ел өмірінің жанайқайы мерзімді басылым 

беттерінен  орын  алып  жатуы  керек  десек,  «Халық  кеңесі»  де,  міне,  хал-

қадерінше  қалың оқырманның осы  ой-арманын  жеткізер мінберге  айналсам 

деп келеді. Бірақ бұл қиын жол, азапты жол, сонымен қоса мәртебелі жол! 

Уақыт үрдісі солай шығар, қиыншылық та, кемшілік те шаш-етектен. 

Оның қайсыбірін айтып тауыса аларсыз. Бүгінде елдің көз жасын көл қылған 

жағдаяттарды  айтамын деп  ешкімді  де  таңкалдыра  алмайсыз.  Себебі,  қайда 

қарасаң да қым-қуыт қиындық. Ал бірақ, сол мың сан қиындықты қажымай-

мойымай  көтеріп,  көшелі  іске  жол  бастаған  керуендер  де  жоқ  емес.  Міне, 

ендігі  жерде  біздің  қаперімізден  қалт  жібермеуге  тиісті  шаруалар  да  сол 

болмақ.  Олай  болса,  «Жақсы  жүрген  жерде  із  қалады»,  «Көшелі  істер 


керуені», «Замандас», «Депутат дидары» деп аталатын айдарлармен берілетін 

материалдар  аясын  ұлғайтсақ,  ел  ішіндегі  жылт  еткен  жақсылықты 

көпшіліктің ортақ қазынасы ете білсек деген ниет бар. 

Біз  қазір  өркениетті  қоғам  құрамыз  деп  жанталасып  жатырмыз.  Ал 

ондай қоғам құкықтық қатынастарға негізделеді. Демек, заң және зандылық 

салтанат құруы тиіс. 

Заңдылық үстем болмаған жердегі тірішлікте түк мән болмайды. Қазір 

шатқаяқтаған  шаруашылық,  қиюы  кеткен  жағдаят  көп  десек,  соның  дені  – 

заңдылық  пен  реттіліктің  жоқтығынан,  құқықтық  білімнің  тайыздығынан. 

Республика Жоғарғы Кеңесі заң шығарушы орган, өкілетті билік иесі дейтін 

болсақ,  ол  шығарған  зандардың  ел  ішіне  тез  жетуіне  мүдделі  бірден-бір 

басылым  «Халық  кеңесі».  Сонау  айшылық  алыс  жерлерде  жатқан  ауылдан 

астанаға  арыз  жазылады.  Иә,  болмаса  ат  арытып,  тон  тоздырып  келген  ел 

адамы  Алматы  кеңселерінің  есігін  қағып  жүргені.  Не  себеп?  Себебі  сол, 

болмашы  ғана  сауалына  жауап  таба  алмаған  құқықтық  қараңғылықта. 

«Халық  кеңесі»,  міне,  қоғамдық  өміріміздегі  осы  олқылықтарға  назар 

аударып  келеді.  Газеттің  «Темірқазық»  деп  аталатын  заң-консультациялық 

мүйісі  иненің  жасуындай  болса  да  осы  бағыттағы  ел  мұқтажын  өтеуге 

арналған. 

Республика жоғарғы Кеңесінің арнайы қаулысымен газеттің мәртебесі 

қайта  қаралды.  Соған  байланысты  еліміздің  тұңғыш  кәсіби  Парламентінің 

тыныс-тіршілігін  анағұрльш  тереңірек  жазуға,  депутаттар  корпусының 

қызметін  жан-жақты  көрсетуге  бетбұрыс  жасалып  отыр.  Жергілікті 

Мәслихаттардың жұмысын ұйымдастырудың қыры мен сырын, ізденістермен 

іркілістерді  тілге  тиек  ететінде  «Халық  кеңесі».  Оқырман  қауым  байқаған 

болар,  Жоғарғы  Кеңестің  күзгі  сессиясы  басталғалы  бері  газет  бетінен 

Парламенттің  пленарлық  мәжілістерінің  стенограммалық  жазбалары 

жариялана  бастады.  Бұл  да  өз  дәрежесінде  жаңалық.  Сайлаушыларды 

толғандырған  мәселелерді  қозғайтын  осындай  пленарлық  мәжіліс 

стенограммаларын  жариялау  үрдісі  алдағы  уақытта  да  жалғасын  таппақ. 

Парламент  комитеттерінің  мәжілістерінен  репортаждар,  өзекжарды 

тақырыптар  төңірегіндегі  депутаттардың  ой-толғамдары,  жедел  сұхбаттар, 

сайлаушылар  жолдаған  сессияға  хаттар,  жеделхаттар  уақыт  талғам-

таразысына байланысты жарияланып тұрмақ. 

Жоғарғы  Кеңес  тек  қана  депутаттар  корпусынан  құралады  деген  ой 

тумауы  керек.  Оның  жұмыс  ырғағын  уақтылы  қамтамасыз  етіп  отыратын 

жұмысшы  аппараты,  баспасөзбен  байланыс  қызметі,  ақпараттық  орталық, 

Парламенттің  ішкі-сыртқы  байланыстарын  қамтамасыз  етіп  отыратын 

бөлімдері  бар.  Олардың  да  жұмысы  өз  ерекшеліктеріне  негізделген.  Еліміз 

кәсіби  Парламентінің  қалыптасу,  қаз  басу  кезеңі  әлеуметтің  көз  алдында 

жүріп жатыр. Олай болса, кәсіби Парламентіміздің  болмыс-бітімін, қаз тұру,  

қадам  басу  ерекшеліктерін  оқырманға  жеткізіп  отыру  басты  міндет.  Бұл 

тұрғыдан келгенде өзге елдердің озық тәжірибесін ортақ игілікке айналдыра 

білу  де  өнер.    Сондықтан  газет  бетінде  парламентшілерге  көмекші  құрал 

ретінде  мақсатты  материалдар,    мамандар  мен  сарапшылардың  мақалалары 


жиі-жиі жарық көріп тұратын болаты. 

Парламент және парасат. Парламент және ел мұраты. Парламент және 

экономикалық  үрдіс.  Редакция  журналистері  осы  күретамыр  тақырыптар 

төңірегінде өздерінің жоба-жоспарларын жасау үстінде. Толғауы тоқсан бұл 

мәселелерге депутаттардың өздерін, мамандар мен сарапшыларды қатыстыра 

отырып, алқалы әңгіме жүргізу көзделіп отыр. 

Мемлекетіміз  қалыптасу  үстінде.  Оның  келешегі  кемел,  сәулетті  де 

сәнді  болуы  өзімізге  байланысты.  Ал  мұның  өзі  тәуелсіз  елдің  әрбір 

азаматының  бойындағы  отансүйгіштік,  ұлтжандылық  қасиеттен,  қабілет-

қарымнан  арна  тартады.  Бір  іс  атқарсаң  қазақ  жерінің  гүлденуі  үшін, 

атамекеннің  абыройы  үшін  деген  тілек  тұрса  көкейіңізде,  онда  елге  қуат 

бітеді, халқыңыз   құлашын   қияға сермейді. Осындай ниетті серік қылған 

шебердің  қолынан  шыққан  «Қазақстан»  маркалы  бір  түймеден  бір  түйме 

жиыла  келіп  ел  дәулетін  құрамақ.  «Заманхат»,  «Атадан  қалған  асыл  сөз» 

айдарларымен  жарияланып  жүрген  ғибратнама  жыр  шумақтарының  алтын 

арқауы  осы  идеяны  діттейді.  Ал  «Дәуір  даусы»  арқылы  қазақ  зиялылары 

әлгіндегі ойды одан әрі тереңдете, ширата түсіп келеді. Ел өміріндегі, халық 

тұрмысындағы  өзекжарды,  шешімін  күткен  мәселелер  осы  айдар  аясында 

әлеумет назарына ұсыныла бермек. 

Қысқасы,  газет  бетінде  жүргізіліп  жатқан  акцияларды,  тың  арналар 

мен соны үрдістерді бір мақалада тарқата айтып баяндап жату мүмкін емес. 

Оның бәрін, әрине, уақыт көрсетер. Оқырман қауым авторларымыз көтерген 

қабырғалы  мәселелермен  газет  арқылы  жүздесер.  Бір  анығы  –  «Халық 

кеңесі»  республика  Парламентінің  газеті  болғандықтан  ол  тек  қана  ресми 

материалдарды,  заң  актілерін  жариялаумен  ғана  шектеледі  деген  ұғым 

тумауы  керек.  Тағы  да  қайталап  айтамыз:  газетіміздің  тақырып  аясы  кең. 

Республика  саяси  экономикалық  тыныс-тіршілігімен  қатар  рухани,  мәдени 

саладағы  күнбе-күнгі  болып  жатқан  құбылыс  басылым  беттерінде  лайықты 

орын ала бермек. Осы қазықты ойды орнықтыра отырып республика өкіметі 

мен  үкіметі  қабылдаған  заң  актілерін,  нормативті  құжаттарды,  сондай-ақ 

олардың  мән-жайын  баяндайтын  түсіндірмелерді  іздесеңіз  оны  «Халық 

кеңесінен» табатындығыңызды тағыда ескертіп қоюды жөн көріп отырмыз. 

Енді  айтпай  кетпейтін  мынадай  бір  мәселе  бар.  Соңғы  екі-үш  жыл 

көлемінде  жылына  екі  рет  баспасөзге  жазылу  науқанын  жүргізіміз  деп 

аттандап жататынбыз. Ол қайбір жетіскендіктен дейсіз. Жанар-жағармайдың 

тапшылығынан, нарықтың қыспағынан-дағы. Мерзімді басылым ел өмірінің 

рухани  азығы  делініп  жүр.  Осыған  құлақ  асқан  іс  басындағы  азаматтар 

мәселені байыптылықпен ойластырып, келер – 1995 жылдың республикалық 

газет-журналдарына  бір  жылға  түгелдей  жазылуға  ұйғарым  жасады.  Сәтті 

ұйғарым болды. Ендігі жердеинфляция қайтіп ауыздықпен алысса да, әсіресе, 

казақ  ауылының  тұрғындары  бір  жыл  бойына  өздері  қалаған  төл 

басылымдарын алып тұратын болады. Бұл – бір. 

Екіншіден,  баспасөзге  бір  жылға  тұтас  жазылудың  осындай  көңілге 

қонымды тұстарымен қоса жергілікті азаматтарға салмақ артар реті де болып 

тұр.  Іс  басындағы  кісілердің  өз  ауылдастарына,  өз  қандастарына 


жанашырлық 

көрсететін 

тұсы, 

міне, 


осы. 

Қайраткерлігіңізді, 

ұлтжандылығыңызды  байқатудың  сәті  туды.  Қазақтың  намысын  жыртар  ұл 

бар болса, баспасөзге жазылу науқаны кезінде-ақ көрініп қалса керек-ті. 

Қараңыз,  былтырғы-биылғы  жылы  қолдың  қысқалығынан,  қалтаның 

жұқалығынан қаншама қазақ жанұясы мерзімді басылымнан қол үзіп калды. 

Бұл  пәленбай  жанұя  жыл  бойына  ел  көлемінде  жүргізіліп  отырған.  саяси-

экономикалық  мәселелерден, оның  принципті  қазықты ойларынан бейхабар 

отырды деген сөз. 

Әркім  өзін  ойландырған  шаруа  төңірегіндегі  мақалаға  көзі  көріп, 

көңілі  тоқығаннан  соң  ғана  сенеді  ғой.  Ал  газет-журнал  жоқ  болса  несіне 

сенеді.  Ел  ішіндегі  гу-гу  өсек-аяңның,  алыпқашты  әңгіменің  бірде  әне 

жерден,  бірде  мына  жерден  дүңк-дүңк  естіліп  жататыны  сондықтан.  Іс 

сапарлатып астанадан ауылға барғанда сол астананың қақ ортасында отырып 

өзіңіз  естіп  білмеген  сұмдықтарды  құлағыңыз  шалады,  төбе  шашыңыз  тік 

тұрады. Соның бәрі әңгіменің ақ-қарасын айырып берер газет-журналдың ел 

ішінде жетпей жататындығынан. 

Биылғы  жылдың  баспасөзіне  жазылу,  оны  таратудағы  кібіртік 

дегеннен  шығады,  газет  ұжымы  бетпе-бет  келген  қиындықтар  тосын 

жағдайлар  ортақ  үрдіске  едәуір  қолбайлау  жасады.  Газет  атының  табан 

астында «Қазақстан жаршысы» болып өзгеруі біраз оқырманды адастырғаны 

да  жасырын  емес.  Оның  үстіне  редакциямыздың  тап  сол  кезде  қоныс 

аударуы, әлсін-әлсін телефон байланысының – үзіліп қалуы тіпті жергілікті 

жерлерде газеттің жазылым бағасының түрлі-түрлі құбылып жатуы жүйкені 

талай  рет  жұқартқаны  шындық.  Ол  аз  дегендей  «сен  ананың  газетісің,  сен 

мынаның газетісің» деген жергілікті жерлердегі бақай есеп – бақастық та аз 

залалын тигізген жоқ. Ал енді бір жерлерде ел ішіндегі атқа мінерлер есінеп 

жүргенде  баспасөзге  жазылушылардың  тізімі  толтырылған  құжаттар 

байланыс бөлімшелерінен өтпей қалды. 

Өткеннің бәрі тағылым. Енді осы бір пендешіліктер қайталанбаса деп 

едік. Мекеме, ұйым басшылары, шаруашылық жетекшілері бұл шараны мен 

атқармағанда  кім  атқарады    деп  қараса.  Өзгелерден  де  соны  талап  етсе. 

Сөйтіп алдымен ведмостволық  жазылымды тиянақтап, сосын өзіне  қарасты 

әрбір  жанұяның  келер  жылдың  газет-журналдарына  жаздыртудың  кешенді 

шараларын ойластырса. Әлеуметтік жағынан қолдауғга ділгір отбасыларын, 

соғыс  және  еңбек  ардагерлерін  басылымға  тегін  жаздыртудың,  иә  болмаса 

жарты  бағасына  жаздыртудың  мүмкіндіктерін  қарастырса  деп  едік. 

Керенаулық  пен  бойкүйездіктің  тамырына  балта  шабатын  кез  жетті.  Қазақ 

газет  оқысын,  осыны  ұйымдастырайык!  Заңның  тілін  білейік.  Көрінген 

нәрсені өзгеден сұрап мазақ болуды доғарайық. Табалдырықта XXI –  ғасыр 

тұр ғой. Сондықтан да  қайталап  айтамыз   ел ағаларының, билік басындағы 

азаматтардың  осы  бір  жауапты  науқанға  өте  сергек  қарасын.    «Тәуелсіздік 

алдық!», «Егемен елміз!» деп бөркімізді аспанға   атып   лақтырған мақтан 

дәурен    өтті.    Құр  алақайлаудан  гөрі  енді  нақты  іске  көшкен  абзал.  Соның 

бірі  –  қалың  оқырман  қауымның  рухани  серігіне    айналған  баспасөз    

атаулыға  жазылу  науқанын  өз  деңгейінде  үйымдастыру  дер  едік.  Қайталап 



айтайык, ұлтжаңдылық көрсететін тұс осы. Ал сол ұлтжандылыққа үндейтін 

үрдісті,  ел  өмірінің  қабырғалы  шаруаларын    қаузап    келе  жатқандар  қазақ 

баспасөзінің  көш  керуені.  Соның  сапында  –  шыға  бастағанына  төрт  жыл 

болған,  осы  тұтамдай  мерзім  ішінде  өз  оқырманын  тапқан  «Халық  кеңесі» 

бар. 

Ауыл мен астана арасына алтын көпір болсам деген тілекті бойтұмар 



еткен  басылымның келер күндерге  күдігінен  сенімі  мол.  Ол  сенім оқырман 

кауымның  қолдауымен,  демеуімен  әспеттелмек.  Ол  сенім  халқының 

тағдырына  қапысыз  қарайтын,  сол  үшін  басы  ауырып,  балтыры  сыздайтын 

перзенттер  қатарының  молыға  түсуімен  бедерленіп  келеді.  Аз  айт,  көп  айт 

қазір  елдік  тұрғыда  ой  өрбітетін  перзенттік  парызын  түсіне  білетін  елін 

сүйген  ерлердің  сапы  берік  болсын  деп  тілейді  әлеумет.  Келешегіміздің 

нұрлы, келер күндеріміздің кененді болуы да солардың ақыл-парасатына, ой-

зердесіне  байланысты.  Олай  болса,  ұлтымыздың  рухани  азығы  –  ұлттық 

басылымдарымыз  бағы  да  ұлтжандылық  ниет  көбірек  көрінген  жерде 

жанады.  Сондыктан  келер  жылдар  газет-журналдарына  саяси  сыпат  беріп, 

ойдағыдай өткізуге ат салысайық. Бұл әнебір жылдардағыдай құрғақ ұрандау, 

науқаншылдық, әсіре шақыру емес, өмірдің өзі талап етіп отырған шыңдық! 

–  

Ана тіліміздің абыройы үшін деп аттандаған кімдер еді, әлеумет? 



– 

Тарихтың  талайлы  қыл  көпірінен  қаймықпай  келе  жатқан  қазақ 

баспасөзі болатын! 

– 

Ата-бабамыздың  ақ  найзасының  ұшымен,  ақ  білегінің  күшімен 



қорғалған ата-мекеніміздің тұтастығына күмән  келтіріп,  тулақтай тартқылап 

жырымдағысы  келгендерге  айбынымен,  айбатымен  тойтарыс  берген  кімдер 

еді, әлеумет! 

 



Әрине, қазақ баспасөзі! 

 



Шаруашылығы  шатқаяқтаған  тұста  елді  Бірлікке,  Тірлікке 

шақыратын, 

осы үнінен танбайтын кімдер еді, әлеумет! 

 



Тағы да қазақ баспасөзі ғой, бауырым! Ол – сіздер! 

 



Олай  болса,  осы  диалогпен  бізде  мақаламыздың  нүйтесін 

қойғалы 


отырмыз. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет