«Халық кеңесі», 16 қыркүйек, 1994 жыл
3.ЖАНСЕРІК
Қадірлі оқырман қауым, жанашыр әлеумет! «Халық кеңесінің»
шыға бастағанына да, міне, бес жыл толып отыр. Бес жылдың бедерінде
талай із қалды, белелестен өттік. Ашы-тұщысы ралас. Оған о баста
шаңырақтарыңызға бір ұміт, бір күдік сезіммен «Ассалаумағалейкум!» айтып
кірген газетіміздің сарғайған парақтары куә. Оған алмағайып оқиғалары
араласқан зымыран уақыт куә.
Бір қарағанда бес жыл онша көп мерзім де емес. Осы бесжылдық
төңірегінде әңгіме сабақтағанымызда: «Апыр-ай, ә! Мұның өзі қалай болар
екен?» деп желкесін қасығандар да болған. «Бесіктен белдері шықпай
жатып...» деп теріс айналғандарды да көргенбіз. Талай жылдық тарихы бар
тегеурінді басылымдардың сапында тұрып газетіміздің шыға бастағанының
бес жылдығына назар аударып жатуымыз кейбіреулердің езуіне күлкі үйірері
де сөзсіз. Амал қанша, өмір ғой...
Ал біз, газет шығарушы ұжым, Осы датаға жұрт назарының ауғанын
қаладық. Себебі? Себебі, газет – ел тарихы, халық өмірінің жылнамашысы.
Газеттің де газеті бар. Бүгін шығып, ертең жабылып жатқандар да жоқ емес.
«Халык кеңесі» демократия мен жариялылық жылдарында дүниеге
келіп, Қазақстан аспанында тәуелсіздік байрағы желбірегелі бері соның
шежіресі, ой-мінбері болып келе жатқан басылым. Ол республикамыздағы
мемлекеттік саясаттың мүлтіксіз жүзеге асуына бірден-бір мүдделі санаулы
газеттердің бірі. Ол алаш әлеуметінің жоғын жоқтаушы, мұңын мұңдаушы.
Міне,
осы
жолда
«Халық
кенесі»
газетінің
шығармашылық
лабораториясында ізденістер де, іркілістер де алмағайып түсіп жатқаны
ақиқат.
Шаруашылық жүргізудің жаңа рельсі – нарықтық экономика
қоғамдық өмірдің барлық саласынан, біздің бәрімізден тың сапалық
қасиеттер талап етті десек, ал соның жай-жапсарын байыптап жазу, ел ішінде
ұғындыру, баулу, үйрету міндеті бұқаралық ақпарат құралдарына жүктелгені
белгілі. Нарық бастапқыда кейбіреулердің ойлағанындай ауадан ақша жасау
жолы болмай шықты. Бұған да білім керек екен, ілім керек екен. Газет, міне,
осы бағытта жұмыс істеді, сол үрдісте ел ішінің жанайқайын басшылыққа
жеткізді. Шымбайға батқан шындықты тайсалмай жазды. Ақиқат жолындағы
айқаста бұра тартқандармен соттасуға да тура келді. Мұның бәрі, әрине, ақ
пен қарадай газет шежіресінде хатталып қалған жағдаяттар.
«Халық кеңесі» о баста Қазақстан халық депутаттарының апталығы
ретінде дүниеге келсе, бертін оның мәртебесі қайта қаралып, Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Кеңесі мен республика Министрлер Кабинетінің
органы ретінде шыға бастады. Сөйтіп, ол күнделікті шығатын газетке
айналдырылды. Мұның өзі осы басылымда жұмыс істейтін журналистердің
шығармашылық қуатын, білімі мен білігін ескергендіктің нәтижесі деп түсіну
керек. Басылымның редакторы, оның алғаш тұсауын қескен белгілі
журналист-жазушы Сарбас Ақтаев бастаған үркердей үміт шоғырда Басқар
Битанов (марқұм), Марат Тоқашбаев, Нұрдәулет Ақышев, Болат Жүнісбеков
секілді есімдері республикаға танымал қаламгерлер бір қолдың саласындай,
бір үйдің баласындай жұмысқа кірісіп кетті, әрдайым сенім биігінен көріне
білді. Енді бір топ қаламы қарымды әріптестерім бүгінде редакцияда жемісті
қызмет етіп жүр.
Қоғамдық даму үрдісінің қай кезеңінде де газет, ең алдымен, өз
оқырмандарының ойынан табылуға мұрат қылды. Кеңестер институты
тарқасын дедік кәсіби Парламент құрамыз дедік. «Халық кенесі» бұл
мәселеде де асығушылықтың, аптығушылықтың жетегінде кетпеді. Қай-қай
шаруаға да келешек көзімен қарай білді. Бұл ретте ол өзінің оқырмаңдарына,
калың қазақ зиялыларына арқа сүйеді. Уақыт, шіркін, жүктеген зіл батпан
міндетті адал атқарды, абыроймен атқарды. Өткенге топырақ шашудан –
парықсыздықтан іргесін аулақ салды. Өйткені осы үрдістің өн бойында
Президентіміз Н.Назарбаев ұйытқысына айналып отырған тәуелсіздігіміздің
шаңырағы шайқалмасын, ағайын ынтымағына, бірлігіне қылау түспесін деген
ізгі ниет әдіптеліп жатқан еді. Бір жылдай ғана ғұмыр кешкен кәсіби
Парламентіміздің аяқ алысын, оның толғауы тоқсан проблемасын бұтарлап
жазған да бірден-бір газет – «Халық кеңес». Акиқаттан айналып өте
алмайтыңдығымыз рас болса, газет шығармашылық тобының Парламенттін
қызу айтыс-тартыс, пікірталас кездеріндегі жанкешті еңбегін атап айтуымыз
қерек.
Талдамалы
материалдар
мен
сессия
мәслихаттарының
стенограммалық жазбалары түйдек-түйдек жарияланып жатты. Қаншама
еңбек, күш-қуат кетті десеңізші соған. Осының бәрі түптеп келгеңде
басылымды шын мәнінде ел өмірінің айнасына, жоқшысына, мұңшысына
айнаддырды. Қарапайым, қатардағы журналист үшін мұнан асқан мәртебе
бар ма?
Соңғы жылдары көлемінде екі Парламентіміз де өздерінің тиісті
өкілетті мерзімі аяқталмай жатып қызметін тоқтатты. Екі ретінде де ел
арасында «Халық кеңесі» тарайтын болыты» деген алыпқашпа әңгіме
гуілдеді.. Газет осы екі толқыннан да аман қалды. Басылым, ең алдымен,
қалың қазақ әлеуметінің жансерігі екендігі түсіністікпен қабыл алынды. Іс
басыңда отырған азаматтар газетті сақтап қалуға атсалысты. Ал Елбасымыз
өзінің үстіміздегі жылғы 23 наурыздағы жарлығымен Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Кеңесінін «Халық кенесі» жөне «Советы Казахстана»
газеттері туралы» 1994 жылғы 14 шілдедегі қаулысы өз күшінде
қалатындығын қуаттады. Сөйтіп, газет тағдыры әлдеқалай болар екен деген
күдікті ой сейіліп, басылым еліміз алдында тұрған жаңа міндеттерді шешуге
үлес қосуға белсене кірісіп кетті.
Қашаннан белгілі ақиқат: арналы жұмыс аптығусыз бітеді. Осы
тұрғыдан келгенде газет өндірісін ұйымдастыру, оны оқырмандар қолына
жылдамырақ жеткізу бағытында да біраз шаруаның басы қайырылды.
«Халық кеңесі» бұрын тек Алматыдан ғана басылатын болса, үстіміздегі
жылдан бастап Ақтөбе және Ақмола қалаларында да басылып келеді. Бұл
қалын әлеуметтің сұрауы. Енді Қарағанды баспаханасының полиграфиялык
базасы ретке келсе, оның өнімдерінің сапасы жақсарса, сол жерден де
газетімізді бастыртуды қолға алсақ деп отырмыз. Редакция қзметкерлерінің
оқырмандармен кездесіп тұруы да дәстүрге айналды. Оқырмандар
аудиториясындағы әрбір сырласу, сыр-сұхбат газет материалдарының
тақырыптық аясының қаншалықты тың өріске шығатындығын тәжірибе
жүзінде көрсетіп келеді.
Қазіргі экономиқадағы қиыншылық, тапшылық «Халық кеңесінің» де
басында бар. Қағаздың қымбатшылығы, газет өндірісіне бөлінетін қаржының
тиісті есепке уақтылы түспеуі басылымның шығу жиілігіне әсер етіп келеді.
О баста аптасына бес рет шығатын газетіміз қазір аптасына үш, кейде екі
реттен ғана шығып жұр. Оқырман әлеуметтен, газетімізге жазылушы
жанашырларымыздан басымызды иіп кешірім сұрайтын шаруамыздың бірі
осы. Газет шығуының сиректігінен журналистеріміз өздерінің мол
шығармашылық қуатын бар мүмкіндігінше көрсете алмай жататындығын да
айтпасқа болмайды. Ал бірақ мұның бәрі ел өміріндегі ең өзекжарды
мәселелерге газетгің үн косып отыруына кедергі болмауы тиіс, әрине.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігінің мерзімін 2000
жылғы бірінші желтоқсанға дейін ұзартуға арналған референдумға дайындық
ахуалы, бүкіл ел болып қолға алған қылмысқа қарсы күрес мәселесі газеттің
күнбе-күнгі нөмірлерінің өзегіне айнала бермек. Әрине, жазам деген
журналиске бүгінде тақырып көп. Ал бірақ талғап, тандап жазу сол
жазғаныңнан елге пайдасы тиер бірдеңе болса – нұр үстіне нұр. Осы
тұрғыдан келгенде қазақ зиялыларының бойында кісілкті сақтап қалу, ана
сүтімен бойға дарыр тәрбие атаулының қай-қайсысының болсын қаймағын
бұзбауға үйрету, жастарды отаншылдыққа, қазақстандық патриотизмге
төрбиелеу мәселелерін бұтарлап жазу күн тәртібінде тұр.
Қазір не көп, қиындық көп. Қиюы кеткен шаруашылық көп. Соның
бәрін жоқтап боздай беруге шаш жетпейді. Оның уақыты өткен. Бірдеңе өнер
болса сонғы үш жыл көлемінде сынау мен мінеуден хан сарайын
тұрғызатындай-ақ болдық. Ендігі міндет – жылт еткен жаңалықты көре
білуге үйрену, дағды алу. Қайда осы озық тәжірибе деп соның соңына шам
алып тусу. Ендігі міндет – қазақ, қолдағы барды ұқсата біл, өзіңді өзің
асыраудың қамын қыл деген әңгімені көбірек айту керектігінде.
Біздің ел қолөнері кәсіпшілігінің қай-қай түрінен де алдына жан
салмаған. Ал енді мынадай нарықтың аузы арандай ашылған сәтте соны
қайта жаңғыртсақ, жастарды көбірек соған баулысақ несі айып? Алтын
қолды ағадар мен апалардың кәсіпшілдік мектептерін насихаттау керек.
Жуырда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы «Қарасаз» ауылында
болғанымыз бар. Бұрынғы шаруашылық жекешелендіріліп, ауылдың әр
түтініне дүние-мүліктің бәрі үлестіріліп берілген. Себебі, колхоз ендігі жерде
өзін-өзі асырай алмайтын көрінеді. Қарызға белшесінен батқан. Бір азаматтар
алақаңдарын ысқылайды алақайлап, малға кенелдік деп. Енді біреулер жүр
табақтай дипломым бар еді, енді мұны қай кәдеге жаратам деп. Екеуі де
орынды әңгіме. Ал бірақ екеуіне де жаңа жағдайға байланысты жаңа
мамандық игеріп, шұғыл бетбұрыс жасауға тура келеді. Өйтпеске амал жоқ.
Дипломның күшімен қазынадан ақша сауатын күн кетті.
Жасы бар, жасамысы бар сол жердін турғылықт халқы бұдан былайғы
жерде қазақы көсіпшіліктің сан түрін өркендетіп, іске бел шеше кіріспесе
күні ертең тамактың тоқ, көйлектің көк болуы неғайбыл. Бұл бір ғана
қарасаздықтардың емес, кезінде республика Министрлер Кеңесінің
шешімімен «артта қалған» деп тайға таңба басқандай айқындалған әйгілі
отыз ауданның шаруашылықтарына тән құбылыс. «Халық кеңесі», міне,
осындай күретамыр, тағдырлы мәселелерге араласуды жөн көріп отыр.
Өз дәуірінің үні болуы қай-қай басылым үшін де ұлы мұрат. Ал сол
дәуірдің қозғаушы күші – газет аудиториясының оқырмандарын тәрбиелеу –
басылымдарға бедел әперер шаруаның биігі, міне, осы! Олай болса,
бесжылдықтың белесінде талай тағдырлы жолдан сүрінбей өтіп өз
жанашырларының көзқуанышына айналып отырған «Халық кеңесінің»
абыройының асқақтай беруіне тілекші болайық, әлеумет!
«Халық кеңесі», 25 сәуір, 1995 жыл
4.ЕРЛЕРДІҢ ІСІ БІТЕ МЕ?
Мамандықтың мәртебесін түсіру – обал. Ал асқақтата білу – өнер.
Қайран Бөкен, «СҚ-да» 37 жыл жұмыс істеген Балғабек Қыдырбекұлын
айтамын, өз мамандығын мадаққтаудан шаршамады, шалдықпады. Онысы
өзгеге өнеге еді. Бұ фәниден кете кеткенше «Менің «Социалистік
Қазакстаным!» деп кетті есіл ердің жүрегі.
Әркім өз пешенесіне бұйырған кәсіпті осылай ардақтаса, одан
ешкімнің аласармасы хақ. Бұған мысал әні, Бөкең марқұм. Кәмшат
Дөненбаева да диқаншылығын дәріптеуден дес бермеген. Жәкең – Жазылбек
қария шопандық кәсіптін шашасына шаң жуытпаған. Ыбырай атамыз да өз
кәсібінің ыстық-суығына бірдей түсе біліпті. Сөйтіп, мұратына жеткен. Қос
Жұлдызды былай койғанда халқкы өзі қалап, уақыт ырқымен өлшенбейтін
атақ берді – Ауыл академигі!
Әркім өзі шыққан төбені биік көреді. Ал бірақ сол төбеде тұрып алып
өзгені мансұқтасаңыз, ол – жаман.
... Жұмыс кабинетіме кірген бетім сол еді. Телефон баж-бұж ете
қалды. Ар жағындағы кергіп тұр. Зілдене сөйлейді. «Пәтуаға келейік,
ағайын!» дегенге көнетін түрі жоқ.
–
Сіз білесіз бе, мен әписалні лицомын ғой. Во-о-т... Анау-мынау
жалаңаяқ журналисіңіз мен емес, көшеден өсек-аян теріп жүретін.
Әлгі әңгімесін сыздықтата түсті осылай.
«Бөріктінің намысы бір» деген. Мына қорлыққа қалай шыдап
тұрарсыз. Естір құлақ, ілер зерде болса журналист мамандығы туралы әлгінің
біраз сауатын ашқандай болдык. Шерхан Мұртаза әріптестер туралы әңгіме
бола қалғанда: «Түйенің арқалағаны алтын, жегені жантақ, журналистің де
тап содан айырмашылығы шамалы» дер еді. Бұдан асырып айтам деу бос
әурешілік.
Көп мамаңдықтың, көп кәсіптің өзіне тән науқаны болады. Жылына
бір-екі рет айналып соғып отыратын. Ал журналист бейбақ жыл он екі ай
қып-қызыл науқанның ішіңде жүреді. Табанынан тозып, басын тауға-тасқа
ұрып жаңалық іздейді. Ол жаңалық таппаса, газет қайтп жасарып шығады?
Сол тұтымдай жаңалықты түн ұйқысын төрт бөліп отырып жазады. О да
өнер. Ал өнерге құрбандық қажет. Жүрек ауырады, ми шаншиды, онсыз
болмайды. Оның бәрі, әрине, қайтсем газетімді тартымды етемін, оқырман
ойынан қайтсем шығамын деген жанталасы. Жыл он екі ай осы, міне!
Бұл – әңгіменің бер жағы әлі. Ал сол он екі айдың ішінде отқа май
құйғандай аласапыран уақыттар да бар. Ол Бас редактордан бастап
корректордан кейінгі қызметкерлердің бәрі қым-қуыт қарбаласқа кірісетін
кезеңі – баспасөзге жазылу науқаны.
Міне, біз енді соның үстінде отырмыз. Жылдағыға қарағанда
ауыртпалығы зор болып тұр бұл науқанның. Себебі? Себебін айтып тауысу
мүмкін емес.
Оқырманымыздың дені ел ішінде – қазақ ауыддарында. Ал қазақ
ауылы қалжырап отыр. Тәуелсіздік дейтін ұлы ұғым митингілік
демократияның ғана сәні емес. Өтпелі кезеңнің өзіндік қиыншылықтары бар,
қатерлі тұстары да аз емес. Бұған таңырқаудың реті жоқ. Бұл бүкіл
өркениетті елдер өткен жол. Ауызбірлігі мықты, ынтымағы зор, қиындыққа
шыдас беретін жұрттар ғана осындай сын сәттерден сүрінбей өтіп, сыр
бермей өтіп, қазір қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманды бастан
кешіп келеді.
Қалжыраған қазақ ауылын қиындықтан шығарудың бір жолы иненің
жасуындай жаңалықпен қанаттандыру, өз күшіне өздерін сендіре білу. Оның
бәрін айтып, санамалап жату бізге міндет емес. Бірақ әңгіме өз мүддеміз
тұрғысынан өрбігенде баспасөзге жазылуға қатысты мәселелер төңірегінен
ой бөлісуді парыз көреміз. Бір ақиқат бар: Кеңес дәуірі тұсында бүтіндей
еліміз сауатсыздықтан сауаттылыққа көш бұрды. Ал қазіргі қиыншылықты
сылтау етіп-түпкірдегі қазақ жұртын сауаттылықтан сауатсыздыққа
сүйреуіміз керек пе? Егер де мерзімді басылым уақтылы әр отбасына жетпей
жатса, бүгінгі тыныс-тіршіліктен ауыл әлемі бейхабар болып жатса, осылай
демегенде енді не дейміз?
Өтпелі кезеңде, олара шақта ел іші қашаннан өз тағдырын атқа
мінерлерге, іс басыңда отырғандарға табыстаған. Солардың іскерлігі,
қайраткерлігі тар жол тайғақ кешуден алып шыққан. Бұл – ақ пен қарадай
ақикат. Осы бүкілхалықтық мәселеге немқұрайды қарағандықтың
салдарынан былтырғы жылы көптеген отбасы өздерінің рухани азығынан
айрылды. Жоқшылық, тапшьшық қол байлап газет-журналдарға жазыла
алмай қалды. Ал керісінше, ел әкімдері өз ауылдасына жанашырлық
танытқан жерлерде мәселе ың-шыңсыз, дау-дамайсыз шешіліп жүре берді.
Ортақ іске мүдделілікпен қарап жанашырлық танытқан азаматтар жоқ
емес, бар.
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша олардың көбі «Халық
кеңесінің» лауреаттары атанды. Олардын аты-жөнін газетімізге әспет-теп
жазып, жыл он екі ай әйгілеп жүрдік.
Міне, журналист әлеуметі үшін қызыл қырманның сөре алғанына да
бір аптадан асып барады. Осындай шақта біздің қалың әлеуметке,
басылымымыздың шын жанашырларына арқа сүйейтініміз анық. «Ұлтжанды
алаш азаматы! Әрбір қазақ жанұясының газет-журнал оқып тұруына
жәрдемдес!» деп ұран тастап отырғанымыз сондықтан. Осы ұранды ту етіп
көтере білгендер, журналист мамандығын ары мен намысына балағандар,
алтын арқалап, жантақ жеп жүргендер.
Бес саусактың бірдей емес екендігі ақиқат болса, бір мәселені де
айтпай тұра алмаймыз. Осы бір қадірлі де қастерлі мамандықтың мәртебесіне
көлеңке түсіретіндер де табылып қалады. Қаламының желі бар, жүрегінін
оты бар дейтін біраз әріптестеріміз «көпірде ат ауыстырып» үлгерді. Бұл –
қазақ әлеуметі тұшына оқитын, тамсана айтатын талай сыр-сұхбаттың,
деректік көркем дүниелердің оқырмандарына жол тартпай қалды деген сөз.
Әр нәрсеге уақыт сыншы. Дегенмен о баста өзі қалап алған
мамандығының мәртебесін асырсам деген азаматтар осындай өлара шақта
жанталаса еңбек етіп жатыр. Ардақтасаңыз солардың еңбегін ардақтаңыз,
солардың тілеушісі болыңыз! Солардың тілеушісі болғаныңыз – журналистер
көз майын тауысып шығарып жатқан «Халық кеңесін» жаздыртып
алғаныңыз!
Қазір газет қандай мәселелерге назар аударып отыр. Нендей
шаруалармен оқырманын еліктірмек? Бүгінде экономиканың оңала алмай
тұрғаны мәлім. Себебі неде? Себебі сан тарау. Соның біреуі, біреуі болса да
бірегейі біздің орта буын мамандарымыздың экономикалық білімінің
таяздығынан.
Нарықтық экономика тек алыпсатарлық, «мен – саған, сен – маған»
деп түсіну надандык. Шаруашылық шатқаяқтап, өндірісіміз мешеулеп жатса,
осы бір пиғылдың тым меңдеп кеткендігінен. «Халық кеңесі», міне, осы
мәселемен түптеп айналысуға бет бұрып отыр.
Жаналық атаулыны жалғанның жарығына шығару, оны марапаттап
мадақтау – парыз. Газетіміздің о бастағы бағдарламасында атап
көрсетілгеніндей, қалың әлеуметтің заңдық, құқықтық сауатын көтеруіне
жәрдемдесу бағытында да қыруар шаруа күтіп тұр. Газеттің күнбе-күнгі
нөмірлерінде заңдық күші бар құжаттар жарияланып жатады. Ал оның
жүзеге асуы қалай, оның орындалуы үшін қандай механизм керек? Міне, осы
бағытта сарапшылар мен мамандар сөз алатын болады. Өздерінің ой-
толғамдарын газет оқырмандарымен бөліспек.
Республика өміріндегі қоғамдық-саяси үсдістегі жаңалықтар,
халқымыздың тағдыр талайыңдағы уақиғалар, рухани әлеміміздегі жұрт
назар тіккен оқиғалар басылымымыздың күнбе-күнгі нөмірлеріне арқау бола
бермек. Жаңа жылда жұртшылық жаңа айдарлармен жүздесетін болады.
Алаш әлеуметінің ой-зердесін байытатын тың дүниелер ұсынбак ойдамыз.
Енді бірер сөз газетті жаздырып алу реттеріне байланысты. Көлік
және
коммуникациялар
министрлігінің
мемлекеттік
почтасы
хабарлағанындай, келер жылдың баспасөз каталогына 118 газет пен журнал
еніп отыр екен. Бұл науқан биыл 1 желтоқсанға дейін жүргізілмек. Бір назар
аударарлығы, былтырғы жылғыдай биыл да газет-журналға жазылу
барысында есептесудің кез келген түрі пайдаланылмак. Сондықтан қолма-
қол есептесуге қаржы жоқ деп сылтауратудың қисыны жоқ. Жалпы осы ортақ
іске деген оң көзкарас, ынта болған жерде шешілмейтін түйін жоқ.
Жеке жазылушылар бір мекен-жайға үш және одан да көп
республикалық газеттерді алдыратын болса, жазылу бағасы 10 проценті
мөлшерінде жеңілдік беріледі. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен
қатысушылары бір республикалық және бір жергілікті басылымды 50
проценттік жеңілдікпен жаздыртып алуына болады. Ал соның қатарында
өздеріңіз қашанда сүйіп оқитын «Халық кеңесінің» де боларына сеніміміз
мол.
Халык тағдырында, ел өмірінде ер атының ауыздығымен су ішетін
күндері аз болмаған. Олай болса, сыпаты тұрғысынан сол күндерден бір де
кем емес баспасөзге жазылу науқаны тұсында іскерлік те, ілкімділік те сын
сарабына түспек.
«... Ерлердің ісі бітер ме» деуіміздің мәні де сондықтан!
«Халық кеңесі», 25 қыркүйек,1995 жыл
ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫН САҚТАДЫҚ
О
СЫДАН БІРЕР ЖЫЛ
бұрын, дәлірек айтсам 2008 жылдың шілде айында
қазақтың асыл перзенттерінің бірі Бәйкен аға Әшімовпен жолығысып,
сырласудың сәті түсіп еді. Көпті көрген көнекөз қария алғашқыда
сұхбаттасуға келісім бергенімен бірден шешіліп кете қоймады. Әңгімеміз
тақ-тұқ, тіпті кібіртіңкіреп қалған тұстарымыз да болды. Қария әңгімені
басқа күні жалғастырайық дегендей ыңғай таныта бастады.
Тоқтамды сөз айтпасам, кездесуге нүкте қойылғалы тұр.
–
Аға, енді бірер жылда тоқсанға толғалы отырған журнал
оқырмандарына жарытып ештеңе жеткізе алмайтын болдық-ау, – дедім, аз-
кем үнсіздіктен соң:
–
Жұмабек, мынадан қарап шығып бірдеңе құрастыра салмайсың ба? –
деді. Ағамыздың мегзеген жағына мойын бұрсам бір бума болып «Қазақ»
газеті жатыр.
–
Қоғабайдың газетіндегіден қосып айтар ештене қалмаған сияқты.
–
Ойбай-ау, ол Қоғаш ағамның тасқа бастырған сөзі, мен оны жамап
жасқап "Ақиқатқа" қалай бастырам.
–
«Ақиқатқа» дейсің бе, ә? Менің «Ақиқат» журналынан келгенім
қарияның сол сәтте есіне түсті ме:
–
«Ақиқаттың» аты «Ақиқат» қой. Оның жөні бөлек. Ол бұрын «Қа-
зақстан коммунисі» болды ғой, ә?- деді әр сөзін салмақтап.
–
Иә, дәл солай!
–
Қазақ елінде бас газет бар. Ол – «Егемен Қазақстан», ал бас журнал
–
«Ақиқат».
–
Дәл, солай!
–
Онда «Қазақстан коммунисі» боп тұрғанда Құрманбек істеді ғой.
–
Иә.
–
Азулы, алғыр еді. Кәкімжан, Камал, Сарбас басқарды ғой, ә? Бәрін
білемін. Біздің тұсымызда қызмет атқарған азаматтар. Ал енді былай болсын,
сұхбат беріп жүрміз ғой. «Ақиқаттың» оқырмандарына хат жазайын. Соны
бассаң, әңгімеміздің орнын сол толтырар.
Қуанып кеттім. Қарт кең залдың ортасында әрлі-берлі жүре бастады.
–
Ал енді жаз. Мен негізгі ойды айтайын, әрлеп, қиыстырып кө-
рерсің.
Арада біраз уақыт өткенде журналымыздың беташарында Бәйкен аға
Әшімовтің хатын жарияладық, Журналдың 90 жылдығы туралы мақала
жазуды қолға қалам алғанда осы бір кездесу еріксіз ойыма түскені.
Иә, «Ақиқаттың» аты аталғанда оған құрмет білдіре әңгіме қозғайтын
азаматтар көп-ақ. Соның бірі әлгінде біз әңгімеге тартқан Бәйкен аға Әшімов
еді. 90 жыл бойына қазақ оқығандарының, зиялы қауымның көз қуанышы
бола білген бұл басылым небір жақсылар мен жайсаңдардың шыңдалу
мектебіне айналғаны жасырын емес. Журналист кадрларын даярлаудың
ұстаханасы бола білгені тағы бар.
ОСЫ ҰСТАХАНА табалдырығын мен 1996 жылы ақпан айында
аттаған едім. Республикалық «Халық кеңесі» газеті жабылатын болды да,
оның қызметкерлері республикалық бірнеше басылымдарға жіберілді. Маған
«Ақиқатқа» бас редактор болып баруға ұсыныс түсті. Ол бір өлара кезең еді.
Анда, барам мында барамын деп саудаласып жататын уақыт емес. Бір назар
аударарлығы бұл басылымда бас редактор лауазымында Сарбас аға Ақтаев
отыр еді. Мұның алдында «Халық кеңесін» мен ол кісіден қабылдап
алғанмын. Енді ізін қуғандай болып, тағы сол кісінің кеңсесіне барғалы
отырмын.
Осы жайлы министрімізге түсіндіріп көріп едім:
–
Бұл енді саяси шешім. Қаласаңыз да, қаламасаңыз да осы, - деді.
Сонымен ақпан айында жұмысқа кірісіп кеттік. Нарықтың жойдасыз
қыспағына қарамастан екі жылдай сүттей ұйыған ұжыммен тіл табысып
жұмыс істедік. Бар мүмкіндігінше редакцияның ішкі өмірінде, жалпы
басқару жүйесіндегі қалыптасқан жақсы дәстүрлердің баянды болуына күш
салдым. Онымыз өз нәтижесін берді де. Білікті ғалымдар мен мамандар
журнал жұмысына белсене араласты. Профессорлар Ғарифолла Есімовтың,
Талас Омарбековтың, Тұрсын Жұртбаевтың, Құлбек Ергөбектің, Нұрақым
Райхановтың қаламынан туған дүниелер «Ақиқат» арқылы ғылыми айналым-
ға түсе бастады. Сөйтіп, біз журналдың қоғамдық саяси мәртебесімен қоса
оның ғылыми-көпшілік басылым болуына да көп күш-жігер жұмсадық.
Редакция еңбек ұжымының қоғамдық өмірінде біздің келуімізбен
бірге үлкен серпіліс туды деп ойлаймын. Біз деп отырғаным, «Халық кеңесі»
жұмысын тоқтатқаннан кейін менің бірінші орынбасарым Жанболат Аупбаев
осы ұжымға бірге келіп, бас редактордың бірінші орынбасары қызметін
атқара бастаған. Ал макет атаулының майын езіп ішкен Қыдекең - Қыдыралы
Қойтай редакцияның жауапты хатшысының орынбасары қызметіне бекітілді.
Нүрбибі Қыдырова, Айгүл Күнторова, Айжан Мырзаханова, Элмира
Ерғазина жаңа ұжымды жатсынбай бірден білек сыбана жұмысқа кірісіп
кетті.
Редакцияда қазақ зиялыларымен шығармашылық кездесулер,
дөңгелек үстел басындағы сұхбаттар, журнал редакциялық алқасының
көшпелі мәжілістері жиі-жиі өтіп, мұның өзі басылымның мазмұндық
жағынан байи түсуіне ықпал етті. Редакцияда дәстүр сабақтастығы берік
сақталды. Сарбас Ақтаев, Есләм Зікібаев, Болат Бабақұлы, Марат Мәжитов,
Батық Мәжитов, Мұрат Күлімбетов секілді ағалар қалыптастырған
тағылымы зор игі бастамалар Есенжан Қуандықов, Мұрат Төлеев, Мұхтар
Анарбеков секілді жастардың құлшынысын оятты.
«Ақиқат» журналының 75 жылдығына әзірлік және оны өткізу
редакция ұжымында үлкен бір серпіліс, құлшыныс туғызды. Оған тайлы
таяғымызбен қатыстық. Ортақ шаруаға қоғадай жапырыла кірістік.
Техникалық қызметкерлеріміз Жексеш Қабылжанова, Гүлжан Күлімбетова,
Шайзада Байкенова, Марта Жомартова, Мәлік Мамырбай сондай-ақ
Қонысбай Шәжімбаев та бұл науқаннан тыс қалмады.
75 жылдық дүркіреп өтті. «Дәуір» баспаханасының мәдениет үйінде
салтанатты жиын болды. Бұрын ұжымда жұмыс істеген еңбек ардагерлерін,
қоғам қайраткерлерін шақырдық. Билік өкілдері келіп, құттықтау лебізін
білдірді. О, жылдары журналымыздың құрылтайшысы Қазақстан Халықтары
Ассамблеясы еді. Соның жетекшілерінің бірі Әлихан Байменов компьютер
сыйлады.
Ұжымның
шығармашылық
мүшелері
арасында
бәйге
ұйымдастырылған болатын. Соның қорытындысы шығарылды. Төл
мерекемізге орай аудандарда, жекелеген еңбек ұжымдарында, жоғары оқу
орындарында ұстаздармен, студенттермен кездесулер өтті. Осының бәрі
журнал қызметкерлерінің ықыласын оятты. Шабыттандырды. Жаңа
тақырыптық ізденістерге жетеледі, авторлармен жұмыс істеу қолға алынды.
Соның нәтижесінде міне, оқырман қауымның көкейіндегіін дөп басатын
тың мақалалар, ой-толғамдар журнал бетінде жариялана бастады. Реті
келгенде соның бірқатарын атап айтуды парыз көріп отырмын. Мәселен,
академик Ғарифолла Есімнің «Бүгінгі қоғам – бүгінгі сана» деп аталатын
мақалалар сериясын, Қалмұқан Исабаев пен Сапар Байжан-Атаның «Қазақ
жұртының санасын да отарлау ниеті – қауіпті», Әбдіғали Әбдіманаповтың
«Тұнық экономика – тұнық қоғамның негізі», Талас Омарбековтың
«Голощекиннің құпия хаты», Есенжан Қуандықовтың «Гуманизм
ұғымындағы кейбір қайшылықтар», Серік Жақыпбектің «Қазақ қалай
шоқындырылды?», Дастан Сәтбайдың «Тұлғалар немесе Абылай, Мұхтар,
Қаныш үштағаны», Берік Әбдіғалидың «Саясатшылдық шылауында», Секен
Дорженовтың «Қазақ өркениет көшіне қалай ілеседі?», Сарбас Ақтаевтың
Уәлихановтар әулетіне қатысты материалдар сериясын атап өтуге болады.
Тоқсаныншы жылдар ел өміріндегі нарықтық экономиканың
қылбұрауы әрбір отбасына сызат түсіргені белгілі. Осы бір қиыншылық
«Ақиқат» журналында жұмыс істейтін қызметкерлердің жанұясын да
айналып кете қойған жоқ. Жалақы мен қаламақыны алу графигі үздіксіз
бұзылып, жанұяның қаржы есеп-қисабын соған сәйкестендіру ұмытыла
бастаған кез. Сондықтан да редакция қызметкерлері бас қосып, осы бір
қиындықтан шығудың қайтсек жолын табамыз деген мәселе төңірегінде ой
тоғыстырдық. Ешкімге де жасырын емес, қоғамдық қор құрып, оның
менеджерлері етіп, бөлім редакторлары Батық Мәжитұлы мен Мүсілім Тәт-
тібаевты белгіледік.
Сөйтіп, қор атынан менің қолыммен жаңадан шыққан байшігештер
мен қалталылар атына боратып хат жаза бастадық. Тисе терекке, тимесе бұ-
таққа деген ой, ниет те болмай қойған жоқ. Ал бірақ шын ниетпен кіріскен
кезде алынбайтын қамалдың болмасы тағы анық. Батық Жетісудың жігіті,
картопты елдің баласы. Жұмысқа алақанын уқалай кіріскен Батекең бір
машина картопты редакцияның жанына қаңтарып қойып, елді картоппен
қарық қылғаны әлі есімде.
–
Мә, бір қапшық картоп, кейінгісін тағы көре жатармыз, - деген
Батықтың жарқын-жарқын дауысына өзі де риза, жұрт та риза болды.
Батекеңмен Мүсілім осы қарқынмен таймай «Сеймар» корпорациясын,
«Сұлу» сән ательесін де қармаққа іліндіріп еді. Ал 75 жылдығымыздың
дастарханын «Формация» акционерлік қоғамының Президенті Кеңесбай
Үшбаев ағамыз жасап бергені әлі есте.
Заманына қарай амалын жасаған сол азаматтар өтпелі шақта, өлара
кезеңде ауырдың үстімен жеңілдің астымен жүруді мақсат етпеді. Қазақ бас-
пасөзінің қара шаңырақтарының бірі «Ақиқаттың» шаңырағы шайқалмауына,
түтінінің тік ұшуына иненің жасуындай болса да үлес қосты. Сол үшін де
оларға оқырман әулеті дән риза!
Өлара кезеңнің алмағайып күндерінде бірге қызмет атқарысып бір
сапта болған азаматтардың кейбірі бүгінде арамызда жоқ. «Ақиқаттың»
тоқсан жылдық торқалы мерейтойы тұсында олардың есімін ілтипатпен атап,
еске түсіру парызымыз. Қазақтың айтулы ақыны Есләм Зікібаевтың,
қарымды журналист Болат Бабақұлының, экономист қаламгер Нұрақым
Райхановтың, компьютер операторы Айгүл Күнторованың рухы пейіштен
орын ала берсін деп тілейміз. Біздер тоқсан жылдықпен қарбаласып жатқанда
олар да орындарынан бір аунап түсіп жатқан болар. Амин!
«Ақиқаттың» ұстаханасынан шыңдалып шыққан енді бір топ
әріптестерім бүгінде ақпарат майданының алдыңғы шебінде. Менің бірінші
орынбасарым болған Жанболат Аупбаев қазір «Егемен Қазақстан» газетінің
бас редакторы, Батық Мәжитұлы «Мұқағали» журналының бас редакторы,
ал Қыдыралы Қойтай «Ақиқат» журналы бас редакторының орынбасары,
Шайзада Байкенова «Балалар әдебиеті» баспасының директоры. Бұлардың
қай-қайсысы да өз мамандығын мақтанышы санаған азаматтар. «Ақиқат»
іскерлікке, біліктілікке сын болған сол бір жылдары осындай өз ісінің шын
майталмандарының арқасында кідіріссіз шығып тұрды!
* * *
1997 жылдың қараша айында маған «Қазақ әдебиеті» газетіне Бас
редактор болып бару жөнінде ұсыныс айтылды. Ұсыныстың аты ұсыныс.
Ал біз журналистика жауынгеріміз. Қайда жұмыс істесек те, өз
мамандығымызға адалдық секілді қасиетті бірінші орынға қоямыз. «Қазақ
әдебиеті» газетінің бас редакторы, «Қазақ газеттері» жабық акционерлік
қоғамының президенті, «Ана тілі» газетінің бас редакторы қызметтерінен
соң 2006 жылы қараша айында «Ақиқат» қоғамдық-саяси журналының
тізгінін екінші рет ұстау мүмкіндігі болды.
2006 жылдан 2009 жылдың ақпанына дейінгі журнал тігінділерін
қарап отырсам, жаңа дәуірдің, жаңа ғасырдың сыр сипатын әспеттеген,
оқырманды жаңа бетбұрысқа жетелейтін материалдар сериясын жариялауға
күш салған екенбіз. Журналдың 90 жылдығына әзірлік, міне, осы кездерден
басталған деп білемін. Мақаламыздың кілтіне айналған ардагер аға Бәйкен
Әшімовпен кездесу де сол осы бір қауырт шаруаның қамындағы бір сұхбат
болатын.
2010
|