БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ИНФОРМАТИКАЛЫҚ
ТЕРМИНДЕРДІ ҤЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕРІ
Илубаев М.А.
Оқытушы, магистр, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік
педагогикалық институты
Ақпараттық
технологияның
екпінді
ӛрлеуі
кӛпшіліктің
компьютермен тілдесуінкүнделікті қажеттілігіне айналып отыр. Тіліміз
мемлекеттік маңсапқа ие болған кезден бастап, мүмкіндігінше барлық
салалар бойынша терминдердің қазақша баламаларын қолдану дәстүрге
айналды. Осы жақсы дәстүр аясында күнделікті шығып отыратын
мерзімдік басылым беттерінде, теледидар, радио хабарларында, сондай-
ақ, кӛпшілікке арналған ғылыми еңбектер мен арнаулы сӛздіктерде
қазақша жаңа терминдер мен атаулар жиі ұшырасатын болып жүр. Ӛткен
жүзжылдықтың екінші жартысындаға негізгі құбылыс, ғаламдық
деңгейде компьютерлік техника және технологияның таралуы болды.
Дәл сондай екпінмен, бұл пәндік салаға қызмет кӛрсететін арнайы
тілдермен терминология дамыды. Компьютерлік терминология жалпы
ұғымның бӛлшегі ретінде, компьютерлік тілдің лексикасының арнайы
бӛлшегі, білімнің жаңа пәндік саласы кибернетика, робототехника,
бионика және т.б. ғылымдар қатарына жатады. Барлық әлеуметтік
топтардың, әртүрлі жас арасында жылдам қарқынмен таралуынан
байланысты компьютерлік терминология басқа салалардың арнайы
лексикалары іспеттес жаңа сӛздермен толықты.
Алғашқы компьютерлер XX ғасырдың 50 жылдары шықты. Олардың
жетілдіріліп отыруына қарай кӛптеген сӛздік қор, дербес компьютердің
заманына дейін мәртебелі адамдарың игілігінде болды. Қазіргі уақытта
барлық әлемде есептеу техникасының және компьютерлік технологияның
дамуына үлкен назар аударуда. Осыған байланысты бірінші шығатын жаңа
сӛздер компьютерлік технология саласына тиесілі. Компьютерлік техника
бағдарламалаушыларының және бағдарлама жасақтаушылардың жаңа
терминдері, жабық лексикондарынан жалпы қолданысқа ауыса бастады.
Себебі, компьютерге қатысы бар адамдардың саны күрт ӛсіп отырды және
осы оқиғамен қатарлас лингвистика кӛзқарасынан заңдылық болып
табылатын ӛзіне тән компьютерлік сленгі пайда болды. Шет тілі
мамандарының жеткіліксіз болуы, компьютерлік терминологияның аудару
мәселесін тудырды. Кӛп адамдардың компьютерлік және инновациялық
технологиялардың тікелей қатысты болуына орай, аталған мәселе бүгінгі
күнде де ӛзекті[1].
43
Компьютерлік терминология арнаулы лексиканың бӛлігі болып
табылады. И.Л. Комлев бұл лексиканы «Компьютерлік тіл», яғни «дербес
компьютердің
және
бағдарламалық
жабдықтама
ӛндірісімен
технологиялық байланысып, пәндік салада қалыптасатын арнаулы тіл» деп
атаған. Осы тӛңіректе қалыптасатын тілдің негізгі ұғымы, компьютер.
«Ақпараттық коммуникациялық технология» (АКТ) сияқты танымал ұғым
компьютерден басқа да технологияларды қарастырады. Мысалға:
теледидар, ұялы байланыс т.с.с. Әдеттегідей компьютерлік тілдің
терминологиялық лексикасын біз компьютерлік терминология деп
атаймыз. Кейде барлық терминологияның нақты саласын кӛрсету үшін
термин жүйесі түсінігі пайдаланылады.
Компьютерлік терминдер жүйесін сабақ барысында қолдануда
мұғалім терминологиялық жұмысты кездейсоқ сипатта емес, белгілі мақсат
қойып жүргізуі тиіс. Теориялық материалды меңгеруде немесе оның
практикалық қолдануында оқушылар білімінде кемшіліктер кездеседі. Оны
жою не алдын алуда мұғалім терминнің мағынасын тереңірек түсіндіріп,
меңгерту мәселелерін білгені жӛн. Ол үшін терминің мағынасын
мұғалімнің ӛзі жете білуі қажет, яғни:
терминнің айтылуы мен жазылуын;
термин мен терминделіп отырған ұғым арасындағы байланысты;
үйренушінің жас деңгейіне орай термин ӛкілдік ететін ұғым
анықтамасын;
пайдаланып отырған терминнің тұрмыстық мағынасының
информатикалық мағынасынан айырмашылығын;
терминнің не оның буынының шығу тарихын;
терминнің даму және оның белгілі мазмұнда теорияны
дамытудағы рӛлін;
термин ӛкілдік ететін ұғымның таңбасын білу деген сӛз.
Компьютерлік технологияларды қолданудың мақсаты - ақпаратты сақтау,
ӛңдеу және жіберудің техникалық және бағдарламалық кұралдарының
жиынтығын қамтитын оқу-ақпараттық ортаны ұйымдастыру. Мектептегі
ақпараттық білім беру ортасы ақпараттандырудың әр түрлі формаларын
қамтиды: ақпараттық қамтамасыз ету (оқу жоспары, сабақ кестесі,
сыныптардың жүктемесі); оку-әдістемелік кешендер (пәндер және тақырыптар
бойынша терминологиялық сӛздік қор ресурстарын, зертханалық және
практикалық сабақтарын, бақылау сұрақтарын және т.б. жасау); ақпараттық
білім беру ортасы (тест, телесеминар (on-line), телеконференция (off-line),
хабарландырулар тақтасы, тапсырмалар мен жауаптар алуға қолдау кӛрсету
және т.с.с.). Сондықтан, мұғалім электронды бағдарламалардың мүмкіндіктерін
пайдалану біліктілігі мен білімдеріне ие болуы тиіс. Информатика пәні
мұғалімінің жан-жакты болуын талап ететін мектептегі информатика курсының
ӛзектілігі артуда. Мұғалім, сабақка қажетті материалды анықтайды және оның
нәтижесін болжайды. Сондай-ак, сабақтың мақсатына жету үшін қажетті
44
әдістер мен формаларды таңдайды. Осы ретте оқушылардың жеке
қызығушылыктары мен қажеттіліктері ескеріледі, қажетті бағдарламалық
қамтама таңдалынып және жеке білім беру траекториясы құрылады. Білім беру
үдерісін тиімді ұйымдастыру барысында терминологиялық сӛздік маңызды рӛл
аткарады. Оқулық ретінде колданылатын, кағаз басылымдар сиякты
электрондық сӛздіктердің де артықшылықтары мен ерекшеліктері бар. Оларға
тоқтала кетсек: компьютер жадысы немесе дискіде ықшам түрде сақтау,
гипермәтіндік мүмкіндіктері, ұткырлығы, ӛзгерістер мен қосымшаларды
жылдам енгізе алу мүмкіндігі, электронды пошта арқылы алмасу мүмкіндігі.
Бұл - оқу пәні бойынша дидактикалық, әдістемелік және ақпараттық-
анықтамалық материалдардан тұратын автоматтандырылған оқыту жүйесі,
сондай-ақ оларды кешенді түрде ӛз бетінше үйреніп және алған білімді
бақылауға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамалардан тұрады [2].
Қазіргі таңда, пәндер, тақырыптар және сабақтар бойынша
терминологилық сӛздіктер кұруға байланысты үлкен тәжірибелер
жинақталды. Білім беру үдерісінің әлсіз жері, олардың білім беру үдерісіне
енуі, себебі техникалық бағытта оқу материалдары жеткіліксіз (электронды
түрдегі), ал қолда бар оқулықтар жоғары біліктілікті кажет етеді. Осылайша,
электронды ақпарат кӛздерінің жинақталуы және оларға оңай қол жеткізу
мәселесі ӛте ӛзекті болып отыр. Бұл ретте мұғалім, тек оқытылатын оқу
материалдары үшін оптималды оқыту құралдарын таңдап қана қоймай,
сонымен бірге оларды әр түрлі электронды ресурстарды пайдалана отырып
ӛзі кұруы тиіс. Алайда, сабақ барысында тақырып бойынша толық ақпарат
алу үшін сандық білім кӛздерін пайдалануға болады. Мысалы:
• электрондық кітапхана - әр түрлі электронды құжаттардың
жиынтығын(әдебиет туындыларын, анықтамалар және тағы басқалардан
тұратын электронды басылымдар) «ӛнімді түрде сақтау және тиімді түрде
пайдалануға мүмкіндік беретін үлестірілген ақпараттық жүйе;
• электронды кӛрнекілікті оқулықтар кітапханасы - мазмұны берілген
пәндік облыстағы объектілер, үдерістер, құбылыстарды сипаттайтын
мультимедиалық компоненттер жиынтығының кӛмегімен берілетін оқулықтар;
• электрондық энциклопедия - белгілі бір білім облысын қамтитын,
әртүрлі бағыттар бойынша ақпараттың үлкен кӛлемінен тұратын оқулық.
Мұндай басылым иллюстративті, бейне-және аудио-бӛліктер, анимация
және үш ӛлшемді модельдермен жабдықталған;
• мультимедиалық оқулықтар - бұл ӛз бетінше немесе
мұғалімніңқатысуымен оқу, не болмаса оның үлкен бӛлімін компьютер
арқылы меңгеруге мүмкіндік беретін бағдарламалық-әдістемелік кешен
болып табылады [3].
Қазіргі таңда, мектеп мұғалімдері тәжірибесінде билингуалды білім
беру, сонымен қатар кіріктіре оқыту әдіс - тәсілдері кең қолданысқа ие.
Мұндай білім беру түрлері арқылы еліміздің үштілді білім беру саясаты
іске асырылып, оқыту мазмұны жаңа ақпараттармен толығып, білім беру
жаһандану үрдісіне ӛтеді.
|