Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Мирсеитова С. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде:
оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері:
Қарағанды 2011.
2 Қазақ грамматикасы, Алматы «Жазушы», 1990.
3 Мирсеитова С.С. Словарь RWCT. – Алматы. Верена, 2005
67
ИНФОРМАТИКАНЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аға оқытушы, магистр Алматова А.М.
«Информатика» мамандығының 4курс студенті Мимандос Ж.А.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақстанның әлемнің білім кеңістігіне кіруі елдегі үштілдік білімнің
ӛзектілігін айқындап берді. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Президенті
Н.А. Назарбаев «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты мәдени жоба ұсынған
болатын. «Бүкіл әлемде Қазақстан жоғары білімді ел болып қалыптасуы, ал
халқы үш тілді білуі қажет». Мемлекет басшысы «Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл
әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс.
Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және
ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі», — деген
болатын. Президент Нұрсұлтан Назарбаев биылғы халыққа арнаған
«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты» атты Жолдауында Үкіметтің алдына «Тілдердің үш тұғырлылығы»
мәдени жобасын іске асыруды жеделдету міндетін қоя отырып, бүкіл
қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін
оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды. Үштілділік
білімнің мақсаты: халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандықтардың
үш мақсатты тілді біруақытта меңгеруі үшін тиісті жағдай жасалуы тиіс.
Мақсатты тілдерге мына тілдер жатады:
−қазақ тілі – мемлекеттік тіл;
−орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі;
−ағылшын тілі –жаһандық экономикаға сәтті интеграцияланудың тілі.
Информатика (пәнін ағылшын тілінде оқыту CLIL әдіснамасы негізінде
жүзеге асырылады. Қысқартылған CLIL ұғымы ағылшын тіліндегі мынадай
сӛздердің бас әріптерінен алынған: Content and Language Integrated Learning.
Қазақша мағынасы – ӛзге пәндерді шет тілінде тілдік-пәнаралық байланыс
арқылы оқыту. Нақтылап айтқанда, кез келген оқу бағдарламасындағы пәнді
бір уақытта екі тілде де оқыту (ӛз тілі+шет тілі). Қазіргі уақыттағы
кӛпшіліктің
түсінігіндегі
бұл
терминнің
анықтамасы
былайша
тұжырымдалады: CLIL – оқушыға ана тілі мен шет тілін қатар меңгертуге
негіз
болатын
тілдік
және
коммуникативтік
құзыреттіліктерді
қалыптастыратын әдістемелік құрал.
Оқу процесінде ағылшын тілі және жаратылыстану-ғылыми бағыты
пәндерін кіріктіріп оқытудың ұстанымдарын сақтау, келесідей нәтижелер
береді:
оқушылардың ғылыми ойлауына мүмкіндік жасайды;
68
ғылыми-жаратылыстану
танымдық
әдісті
кеңінен
қолдану
мүмкіндігін береді;
қоршаған ортаның дәлелді байланыстарын кӛрсететін кез-келген
мәселеге
жаратылыстану
ғылымдары
кешеніне
ортақ
кӛзқарас
қалыптастырад
жаратылыстану ғылымдары бағытындағы пәндерге
оқушылардың қызығушылығын арттырады және дамытады;
білім алушылардың информатика пәнімен жалпы түсініктерін
қалыптастырады, есептеу, ӛлшеу, модельдеу, бақылау, эксперимент жүргізу,
сызбалар құрастыру және т.б. білігі мен дағдыларын қалыптастырады;
оқу процесінде оқушылардың ӛздері құрастырған авторлық
компьютерлік бағдарламаларын (кіріктіру арқылы жасалған) қолдануға
мүмкіндік береді;
оқушылардың ой-ӛрісін кеңейтеді, шығармашылық мүмкіндіктерін
дамытуға жағдай жасайды.
Оқытудың тәрбиелік мақсаты жағына келсек оқушылардың
кӛпшілігінің ағылшын тілін оқуға деген үлкен қызығушылықпен кірісуі,
олардың ағылшын тілінде қалай сӛйлейтінін естігісі және сӛйлегісі келеді.
Олар алғашқы кезде амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың атауларын
біле бастайды. Осы кезеңде қарым-қатынас екі жақты болуды талап етеді
себебі, олар тыңдай білуге де, сұрай білуге де үйретілуі керек. Оқытудың
ағартушылық мақсаты. Кез - келген тілдің ағартушылық қызметі зор. Әрбір
тіл сол тілде сӛйлейтін халықтың мәдениетінің тікелей кӛрсеткіші және сол
тілде сӛйлейтін ел туралы хабардар болуы; ӛз ойын дұрыс жеткізе алуды
үйренеді.
Сабақтың тартымды ӛтуі, ұтымды тәсілдерді дұрыс қолдана білу
бізден, яғни бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етеді. Қорыта айтқанда, ғылым
мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл –
ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту
мектептің басты міндеті болып тұр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай
қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа
тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны
меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Ӛйткені мемлекеттік білім
стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық
технологияны ендіруді міндеттейді. Сабақтың қызықты әрі нәтижелі болуы
алдын ала таңдап алынған әдіс-тәсілдерге байланысты. Қазіргі кезде әдіс-
тәсілердің барлығы дерлік баланы ӛз бетімен жұмыстануға,білім алуға
жетелейді.– 5-9 сыныптарға арналған «Информатика» пәні бойынша
терминология арқылы жүзеге асады.Соның ішінде 5-сынып терминологиясы:
Қорытынды: аталған ұстанымдарды сақтау барысында тілді
зерделеу мақсатқа бағытталады, ӛйткені тіл нақты коммуникативтік
міндеттерді шешу үшін қолданылады. Сонымен бірге білім алушы
оқылатын тілдің мәдениетін жақсырақ білу және түсіну мүмкіндігіне ие
69
болуымен қатар, бұл студенттің әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін
қалыптастыруға жағдай жасайды. Білім алушы тілдік материалдың үлкен
кӛлемін ӛзінің бойынан ӛткізеді, бұл тілдік ортаға толық ену мүмкіндігін
береді. Сондай-ақ түрлі тақырыптармен жұмыс істеу білім алушының
пәндік терминдермен сӛздік қорын толықтыруға және алған білімдері мен
біліктерін қолдануға және одан әрі зерделеуге жағдай жасайтын арнайы
терминдерді, белгілі тілдік құрылымдарды жаттап алуға мүмкіндік береді.
Осылайша шет тілін және тілдік емес пәнді бір мезетте оқу білім
беру мақсаттарына жетуге арналған қосымша құрал болып табылады және
шет тілі мен тілдік емес пәнді оқуда тиімді жағдайларға ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |