Басылымға жауапты / Ответственные за выпуск:
магистр, а.о. Жамалова С.А.; магистр,о. Сүндетбаева А.Ж.; редакциялық-баспа
бӛлімінің бастығы Амирбеков О.А.; лаборант Сарина Т.Б:
Ж31
«Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытудың перспективалық
бағыттары» / «Перспективные направления по обучению на английском языке
предметов
естествознания»
атты
аймақтық
ғылыми-практикалық
конференциясының материалдары. (30 қараша 2017 ж.). - Арқалық: АрқМПИ,
2017. 139 б.- қазақша, орысша.
ISBN 978-601-80709-4-5
Бұл жинаққа Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық
институтының жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің, информатика
кафедрасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 30 қарашасында ӛткен
«Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытудың перспективалық
бағыттары» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференциясына қатысушы
оқытушылардың, магистрлердің, мектеп пен колледж мұғалімдерінің, ЖОО
студенттері мен колледж студенттерінің ғылыми мақалалары енгізіліп отыр.
Конференцияға қатысушылардың мақалаларында жаратылыстану
пәндерін ағылшын тілінде оқытудың тиімділігі мен ерекшеліктері,
тәжірибе алмасу, теориялық және тәжірибелік мәселелері қамтылған.
Жинақ жаратылыстану бағытындағы зерттеушілер мен білім алушыларға,
жалпы оқырман қауымға арналған.
ISBN 978-601-80709-4-5
ӘОЖ 81111(063)
КБЖ 81.2 Ағыл
© Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік
педагогикалық институты. 2017
3
«ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ
ПӘНДЕРІН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУ ТУРАЛЫ
Ескермесҧлы Әлібек
Ы.Алтырсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық
институты, PhD
«Қазақстан Республикасында білімді және ғылымды дамытудың
2016-2019 жылдарға мемлекеттік бағдарламасының» басты мақсаттарының
бірі жалпы орта білім берудің мазмұнын жаңарту болып табылады.
Бұл оқытудың құзыреттілікке бағдарланған оқыту моделіне біртіндеп
ӛтуге жағдай жасайтын білім беру жүйесін дамыту бағдарламасын
әзірлеуді және жүзеге асыруды талап етеді. Мұндай бағдарламалардың бірі
- «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол
картасы». Аталған бағдарламаны орындаудың негізгі жолдарының бірі
пәнді (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану) және тілді
кіріктіріп оқыту болып саналады.
2016 жылдың 20 сәуірінде Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық
мемлекеттік педагогикалық институты үштілділік саясатын енгізді.
Аталған үштілділік саясаты негізінде институтымыз 2016-2020 жылдарға
арналған үштілділік білім беруге кӛшудің кезең-кезеңдік жоспарымен
жұмыс жасап келеді. Осы жоспарға сәйкес, 2017-2018 оқу жылынан бастап
Ы.Алтынсарин
атындағы
Арқалық
мемлекеттік
педагогикалық
институтының 5B011100 – «Информатика» мамандығының 3-4 курстарын
оқыту бағдарламасына ӛзгеріс енгізіліп, бағдарламаның 30%-ын ағылшын
тілінде оқыту жүзеге асырылып отыр.
5B011100 – «Информатика» мамандығының ағылшын тілінде
жүргізілетін элективті пәндерін оқыту барысында келесі мәселелер туады:
1) Кәсіптік ағылшын тілін жетік меңгерген оқытушы мамандардың
жетіспеуі;
2) Пәннің ерекшелігіне сай, ғылым мен техниканың жылдам дамуы
нәтижесінде ағылшын тіліндеүнемі жаңа сӛздер пайда болып, кейбір
сӛздер ескіріп, қолданыстан шығады;
3) Студенттердің ӛз ойларын ағылшын тілінде толық жеткізе алмауы.
Аталған мәселелер бойынша институтымызда және білім беру
бағдарламасы кӛлемінде кӛптеген жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтатын болсақ, «Информатика» кафедрасының оқытушылары
ағылшын тілінен білімін жетілдіру деңгейлік курстарына үнемі қатысып,
ағылшын тілінен біліктіліктерін кӛтереді. Сонымен қатар институтымызға
Словакияның Кирилл және Мефодий университетінен ағылшын тілі
маманы келіп, институт оқытушыларына тегін ағылшын тілінен курстар
ӛткізуде. Атқарылып жатқан осындай жұмыстардің нәтижесінде 5B011100
– «Информатика» білім беру бағдарламасының пәндерін ағылшын тілінде
оқыту үшін оқытушыларымыздың тілдік деңгейлері жоғарылауда.
4
Әр оқыту пәнінің ерекшеліктеріне сай оқытушы студенттерді
ағылшын тіліндегі жаңа терминдермен таныстырады. Студенттер оқыту
пәні бойынша кездескен жаңа терминдерді пайдаланып практикалық және
зертханалық жұмыстар орындайды, сӛйтіп ағылшын тіліндегі жаңа
кәсіптік сӛздерді меңгереді.
Кӛп жағдайда студенттер ӛз ойларын ағылшын тілінде жеткізе
алмай жатады. Бұл мәселені шешу үшін студенттерге ӛздік жұмыстарды
орындау үшін тапсырмалар баяндама, эссе түрінде беріледі. Студент
дайындаған баяндамасын, эссесін ағылшын тілінде қорғайды. Ол
студентке басқа студенттер тақырып тӛңірегінде ағылшын тілінде сұрақтар
қояды, ол сұрақтарға студент жауап беру арқылы ӛзінің ағылшын тілінде
еркін сӛйлеу қабілетін арттырады.
Оқытушылардың ағылшын тілін кәсіптік деңгейде білімін одан әрі
шыңдау үшін келесі әдістерді қолдануға болады:
- Оқытудың программалық қамтамасыз етілуін ағылшын тілінде
орнату
(операциялық
жүйе,
қолданбалы
бағдарламалар,
оқыту
бағдарламалары);
- Кафедра оқытушылары арасында күніне 1 сағат ағылшын тілінде
кәсіптік сұхбат ұйымдастыру.
Ғылым мен техниканың жылдам дамуы нәтижесінде ағылшын
тілінде үнемі жаңа сӛздер пайда болып отырады. Әлемдегі ғылым мен
техниканың соңғы жетістіктері мен жаңалықтарын, жаңа терминдерді дер
кезінде біліп отыру үшін институттың ақпараттық-кітапханалық
комплексінен ағылшын тіліндегі ғылыми-техникалық журналдарды,
электрондық әдебиеттерді уақытылы оқып отыру қажет.
Неғұрлым кӛп тіл білген жан соғұрлым сол халықтың жанын
түсінетін болады. Адам баласы үшін тілдің орны бәрінен бӛлек. Тіл –
достықтың, бейбітшіліктің, болашақтың кепілі. Тіл білу – байлық. Ал,
ағылшын тілін білу – ӛмірдің, заманның талабынан қоғамның
қажеттілігінен туындайды. «Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын, кешегі,
бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры» деп, – халық қаһарманы, қазақтың
кӛрнекті жазушысы Б.Момышұлы айтқан болатын. XXI ғасырда біздің
жастарымыздың алдына қойылған міндет – ол кӛптілді меңгеру.
Адалдықты сақтай отырып, ӛз тіліміз бен мәдениетімізді дамытып,
динамикалық
жалпы
әлемдік
үрдістердің
технологиялық
және
гуманитарлық жоспарына кіруіміз керек.
Еліміздің болашағы жастардың қолында, сондықтан да студенттердің
ертеңгі болашақ мамандық иелері ретінде, біздің студенттеріміз үш тілде
еркін сӛйлейтін болса, бәсекеге қабілетті мемлекет болатынымыз анық.
Бұл үшін бәріміз қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық
қарым-қатынас ретінде және ағылшын тілін жаһандық экономикаға
табыстыбірігу үшін қолданғанымыз жӛн.
5
Қорыта айтатын болсақ, кӛптілді білім беру бағдарламасы аясында
үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейге кӛтерілуіміз
қажет. Бұл студенттердің Халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту,
шетелдік әріптестермен ғылыми байланысын нығайтуға, шетел
тілдеріндегі ақпарат кӛздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің
ертеңі ӛресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы адамзатты ӛсіру үшін
бүгінгі ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |