Список использованной литературы
1. English for engineers. Полякова Е.В., 1998 г.
2. Радовель В.А. Английский язык. Основы компьютерной грамотности. - Ростов
–на –Дону, «Феникс», 2006.
3. Программа базового курса информатики для общеобразовательной школы
РК, 2010.
ОРТА МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН
КІРІКТІРЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
аға оқытушы, магистр Жамалова С.А.
«Информатика» мамандығының 4-курс студенті Исатай Қ.О.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында: «Білім
беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттерін
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп
атап кӛрсеткен болатын.
Қазіргі жаратылыстану пәні оқушыларға әлемнің ғылыми –
жаратылыстық бейнесін түсіндіріп, табиғатты танып білудегі ғылыми
кӛзқарастарды қалыптастыруға және алған білімдерін ӛздерінің болашақ
мамандықтарына пайдалана білуге кӛмектеседі.
Табиғаттағы негізгі заңдарды, құбылыстарды және процестерді
зерттеу адамзат пен қоғамды танып-білуімен ұштасып келеді.
Жаратылыстану,
математика
мен
техникалық
ғылымдарының
жетістіктерін бір-бірімен байланыстырып қараған кезде дүниенің біртұтас
ғылыми бейнесі қалыптасады. Болашақ ұрпақ табиғаттың фундаменталь
заңдарын, сан қырлы құбылыстар мен процестерін және Әлемнің
құрылысын, даму заңдылықтарын зерделеп, дүние мен ӛмірдің мәнін
дұрыс түсінулері қажет. Физика, химия, биология және де басқа
ғылымдардың жетістіктерін түсініп,қазіргі кездегі ғылымдардағы бағыттар
мен салалары туралы хабардар болуы керек. Мега –макро- және –
микродүниелер күрделілігін түсініп, олардағы құпия құбылыстарды ашуға
бағытталған зерделеуге қажет материалдық жаңа технологияның негізінде
жасалынған құрал-жабдықтардың қаншалықты қаржыны, еңбекті, жігерді
және білімді қажет еткендігін бағалай біледі.
38
Жаратылыстану пәні ғылымның дүниені тану процесінің формасы
екендігі және оның салалары, әдістері, таным ерекшеліктері қарастырылады.
ХХI ғасырда ғылым табиғат пен адам қоғамдастығының сәйкестігіне,
процестерді саналы түрде зерттеуге бағытталады.
Күннен күнге қоғамда жаратылыстану ғылымының рӛлі ӛсуде.
Жаратылыстану ғылымының жоғары дәрежедедамуы – білімнің түрлі
салаларының нәтижелі кӛтерілуінің қажетті шарты. Ғылыми ақпараттар
ағынының жедел қарқынмен ӛсуі, жалпы білім беретін мектеп
оқушыларын ӛз бетінше жаңа білімдер игеруге қабілетті етіп тәрбиелеу
мен оқытуды талап етеді.
Қазіргі кезде білімнің кіріктіру тәсілдерін қамтамасыз ету, оның
ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық
әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті негізгі мәселелердің
біріне айналып отыр.
Осы арада мектептің оқу-тәрбие процесін кіріктіру тәсілі негізінде
ұйымдастыруы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысу, адамның
интеллектуалдық ӛрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар
кӛзінің де бірлігі, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігітуралы
ғылыми кӛзқарастың қалыпты қалыптасуына мүмкіндік береді.
Кіріктіру тәсілінің бір пайдалы жағы ол бүкіл оқыту ісін, бір
мектептің барлық жұмысын бір жолға салуға, барлық мұғалімдерге
бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерде ортақ мүддені шешуге
жұмылдырады.
Кіріктіру тәсілін жүзеге асырудың жолдары мынандай:
әрбір жеке пәнді оқытқанда басқа пәндерді оқыту ісіне ӛз ықпалын
тигізетіндей болуын кӛздеу;
түрлі пәндерді оқып үйренуде – ӛтілетін материалдарды уақыт
жағынан үйлестіріп отыру.
оқушылардың ғылыми теориялар мен заңдылықтарды игеруін,
олардың жинақтылығымен әдістерімен, дағдыларымен сабақтастыра
қалыптастыру.
жалпы теориялық білім алуды және практикалық іскерліктер мен
дағдыларды бірыңғай әдіспен жүзеге асыру.
оқушыларға (білім алу, икемділік пен дағдыларды қалыптастыру
барысында) бірдей талап қою.
оқушылардың бір пәннен білім алуға икемі мен дағдыларын
пайдалана білуге әдеттендіру.
әр түрлі пәндердің зерттеу әдістерінің ортақтық ерекшеліктерін
кӛрсете білу.
әр пән сабақтарында оқылатын құбылыстардың ӛзара байланысын
ашып, дұрыс дидактикалық дүниетаным қалыптастыру.
39
Қазіргі әлемнің ғылыми бейнесінің негізгі сипаттамасы қоғамдағы
және табиғаттағы информатикалық процестер мен факторлардың
фундаментальды ролін мойындау болып табылады.
Ӛткен ғасырларда әлемнің ғылыми бейнесі ертеректе екі негізгі ұғым
тӛңірегінде құрылғаны белгілі: зат және энергия. Сӛйтіп, ғылыми кӛзқарасты
қалыптастыруда негізгі рольды осы ұғымдарды сипаттайтын ғылымдар
атқарады. Физика, химия, математика. Мысалы: заттар мен энергияның
сақталу заң тек физика мен химияның ғана заңы емес, универсал ғылыми
принципке айналды «жоқтан еш нәрсе пайда болмайды».
Бұл жағдай біздің ғасырдың басында әлемнің бейнесін җаңаша
тұжырымдайтын идеяның тууына байланысты ӛзгере бастады.Мұндағы
негізгі мәселе ұйымдастырушылық немесе қазіргі айтылып жүргендей
информациялық факторларға байланысты. Дәлірек айтсақ, алдынғы
кезекке жеке пәндер немесе құбылыстар ғана емес, солардың ӛзара
байланысы мен ӛзара әсерлесу мәселесі қойылды. Бұл мәселемен
айналасатын ғылым информатика деп аталады.
Информатика пәнінің басқа мектеп пәндерімен тығыз байланысы оның
негізгі ерекшеліктері болып табылады. Себебі, оқушылар информатика
сабағында алған білімдерін басқа пәндерді оқып-үйрену барысында жан-
жақты қолдана алады Оның тағы бір ерекшелігі пән мазмұнындағы
тақырыптардың арасындағы пәнішілік байланыстың күтілігінен кӛрінеді.
Себебі, информатиканың бастапқы ұғымдары математикадан алынған.
Математикада дәлелдеулер алгоритмдік құрылымға негізделген, ал
информатикада осы алгоритмдерді құрайтын бӛліктерді ерекшелей білу
мақсаты қойылады. Информатиканың физика, химия пәндеріне ұқсастығы
оның тәжірибеге, экспериментке негізделгенінен кӛрінеді. Компьютерде
программаны жүктеу мен жүргізу эксперимент ретінде әсіресе,
программадағы қатені іздеуде айқын байқалады.
Жаңа информациялық технологияны пайдалану – ғылымның жеке
саласындағы білім мазмұнын кіріктіру тәсілімен оқыту. Осыған байланысты
информатиканы математика пәнімен кіріктіріп оқыту оқушылардың
шығармашылықпен айналысуына кӛптеген септігін тигізері сӛзсіз.
Информатиканы оқытудың мемлекеттік білім беру стандартына
жазылған жалпы ережеде: информатиканы оқытудың практикалық
мақсаты, оқушыларды басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық
есептерді шешуге бағытталсын, — деп жазылған.
Осы ретте информатика пәнінен 9-класта ӛткізілген «Қайталау
операторларына есептер шығару» тақырыбына тоқталсам.Паскаль тілінің
қайталау (White, Repeat, For) операторларын пайдалана отырып, есептер
шығартуда оқушыларға берілген есептің шартына қарай талдау жасауды,
цикл командасын және циклді ұйымдастыру принциптері туралы ұғымын
қалыптастырған дұрыс. Оқушылардың алгоритмдік ой – ӛрістерін
40
кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың
шеберліктерін және дағдыларын дамытуды басты назарда ұстаған абзал.
Ондағы мақсатым:
Программалауды жетік меңгерту, пәнге деген қызығушылығы арттыру;
Оқушылардың ӛз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін кӛтеру;
Оқытудың сапасын арттыру;
Дифференциялдап оқытуға кӛшу.
1 есепті шығару шарты: есепті талдау және программасын
компьютерде орындау.
№1 есеп: 1,2,3,…, 15 сандары квадраттарының қосындысын есептеу
алгоритмін және программасын құру. Соңғы шарттаы циклді пайдаланып,
жауабын алу керек.
Program kosyndy;
Var x,y,s:integer;
Begin
X:=1; s:=0;
While x<=15 do
Begin
Y;=sqr(x);
S:=s+y;
X:=x+2;
End;
Writeln (―s=‖,s);
End.
Егер бұдан соң, RUN директивасын орындасақ, дисплей экранында
сұрақ белгісі шығады. Одан кейін берілген айнымалыға жаңа мән беруге
болады. Бұл процесті шексіз жалғастыра беруге болады.
Информатика сабақтарында физика есептерін шығару үшін
физикалық теориямен заңдарды, құбылыстар мен процестерді қолдану
шекарасын анықтап, оларды аналогты амал арқылы жүзеге асыруға
болады. Есептерді іріктеген кезде мынадай талапты ескерген жӛн:
Есепте компьютердің кӛмегімен шығарылады, шешілуі қиын;
Компьютерді қолданғанда есеп тез шығарылады және есепке сәйкес
программаны құру кӛп уақытты алмайды;
Есептер оқушылардың логикалық ойлау қабілеті дамитындай, оқушы
үшін сабақ мағыналы болуы керек;
Есептердің программасын құруда ең алдымен физикалық есептің қай
құбылысқа негізделгенін, қандай формуламен шығарылатынына назар
аудару керек. Компьютердің кӛмегімен физика есептерін шешудің
мәселелері мектеп оқушыларының түсініктерінің жаңа деңгейде
кӛтерілуін, мағлұматтарды меңгеруге ықпал етіп, әдістер мен идеяларды
қалыптастыруға бағыттайды.
|