Арқалық қаласы жаратылыстану пәндерін


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет52/64
Дата25.04.2023
өлшемі1,64 Mb.
#86883
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   64
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 
1. «Химия мектепте» жураналы сәуір-мамыр 2003ж. 
2. Н.Назарбаев (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. 
Астана, 2007. 28 ақпан. 
3. Баженова И.Н. құрастырушы. Педагогикалық ізденіс - А; Рауан, 1990 
4. А.Мырзабайұлы. химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. – А.: 
Білім, 2004.- 224 бет. 
5. « Химия мектепте » журналы 2005ж-4. 69 – 70 бет. 
6. « Химия мектепте » журналы 2006ж-3. 25 бет. 
7. Б.А.Бірімжанов, Н.Н.Нұрахметов. Жалпы химия. – А.: Рауан, 2001. 
8. Химия. Орта мектептің 8-10 кластарына арналған оқулық. КазГ, 1961.- 429 бет. 
 
 


109 
ҚАЗАҚ ТІЛІ – АЛТЫН КӚПІР 
 
Абдрахман А.К. 
«№10 жалпы орта білім беретін мектеп» ММ 
 
 
Білекке сенген заманда, 
Ешкімге есе бермедік. 
Білімге сенген заманда, 
Қапы қалып жүрмелік 
Абылай хан 
Ата-бабамыздың ӛткен тарихына кӛз жүгіртсе. Әлемде екінші 
ұстаз,ұлы ғұлама Әбу-Насыр Әл-Фараби ӛмірінде 76 ұлттың тілін білсе, ӛр 
рухты дауылпаз ақын Махамбет пен қазақтың бір туар ұлы Шоқан да 
бірнеше тіл білсе керек. Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб 
тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш 
меңгерген.Қазақ тілі еш уақытта ӛзімен кӛршілес халықтың тілдерінен 
сорлы болып, қатардан қалып ӛмір сүрмегендігі, ӛз сыбағасын ешкімге 
бермегендігі мыңдаған жыл тарихынан айқын. 
Кӛп тіл білу-заман талабы. Елбасы ӛзінің 2007 жылғы «Жаңа 
әлемдегі –жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде 
халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: 
қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын 
тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі». 
Иә, «үштілділік» саясатын қайта қарау қажет деген пікірлер жиі қылаң 
беріп жүргені жасырын емес. Десек те Елбасының: «Қазақ тілі үш тілдің 
біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы 
бола береді»- деп ескерткенін тағы бір қайталап қойсақартық 
болмас.Ақпараттық техниканың дамыған заманында тілді үйрену қиындық 
тудырмайды, қайта кӛп тіл білгеннің ешбір зияны жоқ. Бірақ қазақ баласы 
әуелі отбасында қазақы рухпен тыныстап, ана тілінің нәрлі уызына қанып, 
ұлттық рухани тәрбиенің қайнар бұлағынан сусындап ӛсуі керек. Алғашқы 
тәрбиені ана тілінде қабылдап, қазақы қасиетпен жетілген бала кейін қандай 
ортада жүріп, қанша тіл үйренсе де, ӛз тілін ұмытпайтын, ұлттық қасиетінен 
кӛз жазып адасып қалмайтын болады. Әлихан Бӛкейханов сынды алаш 
арыстарымыздан бастап, кешегі Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов, Қаныш
Сәтпаев сияқты талай тарландырымыз қанша жерден ресей топырақтарында 
білім алса да, сол империяның қысымында жүрсе де, ана тілінің идеологиясы 
мен мәртебесін ең жоғары орынға қойған. Ӛйткені олардың бәрінің де тілі 
қазақша шыққан, бірі ауыл молдасынан хат таныса, енді бірі ана тілінде 
мұғалімдерден тіл сындырған. Яғни, тірек мықты. Тіл ана тілде сайрап 
тұрғандықтан, ешкім оған балта да шаба алмаған. 


110 
Қазақ халқы табиғатынан еліктегіш, қабылдағыш халық. Кеңес 
заманында орыс тілі-заманның кілті болды. Бұл-заман талабы еді. Орыс 
тілін үйреніп,орыстардың ӛзін жаңылыстыратын жағдайға жеттік. Енді 
алдағы асу –ағылшын тілі. Адам кӛп тіл білген сайын оның кӛкірек кӛзі 
ашылып, ӛмірінің кӛкжиегі кеңіп, ӛрісі ұлғая түсетін болады. Намысын 
найзаға шаншып, күре тамыры кӛк бӛріден нәр алған, кӛк. Тәңірге 
табынған Күлтегіннің ұрпағына бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру 
қиындық тудыра қоймас. 
Иә, кӛп тіл білу ــ әрине, мақтаныш. Әйтсе де ӛз ана тілін аяқ асты 
ету тексіздің ісі. Ана тілін жақсы біліп тұрып, ӛзге тілде жетік сӛйлесе ــ 
бұл сүйініш, мақтаныш, ал ана тілін білмей тұрып, ӛзге тілде сӛйлесе ــ бұл 
күйініш, ӛкініш. Ал біздің мақсат – ағылшын идеологиясын сіңіріп, 
ағылшын болып ӛмір сүру емес, ағылшынның тілін ғана үйрену емес пе? 
Балаларымызды әлемге қанат жайған ағылшын тілімен қаруландыру ғана 
емес пе? Кейбір адамдар ағылшын тіліне қарсылық білдіріп жатады. Ал 
ағылшын әлем мойындаған жаһандану тілі. Бұл-бұзылмас заңдылық. 
Меніңше,ол сыңаржақ пікір. Елбасының сындарлы саясатының 
астары ӛте тереңде. Біз әлемдік аренаға шығу үшін ағылшын тілін жетік 
меңгерген Мәңгілік Елге айналумыз керек. Бұл жолда біз ұтпасақ, 
ұтылмаймыз. Ӛз тілің бірлік үшін,ӛзге тіл тірлік үшін керек екенін 
ұмытпайық. Сондықтан «Ана тілің ــ арың бұл, ұятың боп тұр бетте. Ӛзге 
тілдің бәрін біл, ӛз тіліңді қүрметте» деп, ақын Қадыр Мырза-Әли атамыз 
айтқандай, әуелі ӛз ана тілімізді қүрметтеп, оны ардақтап, аялап үйренейік 
те, ӛзге тілдің бәрін білуге барынша құлшыныс жасайық. Ӛз тіліміз 
ӛзегіміз, халықтық қасиетімізді айғақтайтын алтын тұғырымыз болсын. Әр 
ұлттың ӛз тілі ӛзге тілге жеткізетін кӛпір есепті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет