Арқалық қаласы жаратылыстану пәндерін


Список использованной литературы



Pdf көрінісі
бет50/64
Дата25.04.2023
өлшемі1,64 Mb.
#86883
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64
Список использованной литературы: 
1. Послание Президента РК Н.А. Назарбаева народу Казахстана "Стратегия 
«Казахстан - 2050": новый политический курс состоявшегося государства» 
:материалы мероприятий, посвященных обсуждению Послания Главы 
государства../Отв. ред. Б. Султанов.-Алматы:КИСИ,2013.-228с.
2. Политика трехъязычного образования в Назарбаев интеллектуальных школах. 
-Астана. -2013.-С.2-3.
3. Нуракаева Л.Т.,Шегенова З.К. Методические рекомендации учителям по 
использованию метода предметно-интегрированного обучения (CLIL).-
Астана. - 2013.-С.8-10
4. Jone Mills & Peter Evans. "Core Chemistry". Cambridge University Press. 2015. c 58. 
ХИМИЯ ПӘНІН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУ
 ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Асипова А.К. 
Арқалық каласы, №4 жалпы орта білім беретін мектеп 
Кӛптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол 
ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, ӛз қабілетін танытуына 
мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман 
талабы. Негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік 
анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Үштілдік 
туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев білім және 
ғылым саласы қызметкерлерінің III съезінде сӛйлеген сӛзінде: «Ағылшын 
тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. Ал орыс тілін 
жақсы білу – біздің байлығымыз» десе, 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа 
Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді 
пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-
мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық 
экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын. Қоғамның бүгінгі әлеуметтік 
тапсырысы – жаратылыстану-математикалық, химия-биологиялық пәндер 
бойынша ғылыми дайындықтың әлдеқайда жоғары деңгейін қамтамасыз ету; 
сонымен қатар білім беруде осы бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды 
жүзеге асыру. Ағылшын тілі – ХХІ ғасырдың тілі. Қазіргі таңда келешек 
ұрпақты интеллектуалды тұлға етіп дамыту, кӛптілді меңгерту – білім беру 
жүйесінің ӛзекті мәселесі болып отыр. Ағылшын тілінде химия пәнін оқытудың 
себебі шетел тіліндегі сӛйлеудің пәндік мазмұны басқа білім салаларынан 
алынатын мағлұматтарға сүйенеді. Пәнаралық байланыстарды жүзеге 
асырудың білімдік әрекеттік нәтижесі оқушылардың универсалды сипаттағы 
білімдерін кеңейтуде, шет тілдік қарым-қатынастың пәндік мазмұндық 
аспектісін байытуда, оқу мотивациясын арттыруда, жеке тұлғаны және оның 
білім алу мен ӛзін-ӛзі жетілдіруін дамытуда кӛрінеді. 


107 
Қазіргі оқыту үрдісі пәндердің мазмұнын кіріктіру ӛзектілігін одан 
әрі арттырып, осы үрдісті ақпараттық оқыту құралдарымен пән мазмұнына 
сай жасақталу мәселесін шешумен ұштастыруды керек етіп отыр. Ӛйткені, 
ақпараттандыру – бүгінде қоғамдық ӛмірдің ӛзге салаларындағыдай білім 
берудегі стратегиялық мақсат-міндеттерді орындауды интенсивтендіруге 
мүмкіндік беріп отырған бірден-бір үрдіс. 
Химия пәнін ағылшын тілімен байланыстыра оқыту оқушылардың 
сӛздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, 
тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым кӛрсетулер оқушыны 
ӛз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін 
дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар, алған білімі ӛмірге деген 
қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерілуі қажет екендігі оқушы 
санасына сіңіріледі. Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі 
сӛздік қоры толығады, сӛйлеу дағдысы қалыптасады. Сабақ барысында 
қосымша берілетін химиялық терминдер сӛздігі оқушының сӛз қорын 
қалыптастыруда ӛз кӛмегін тигізеді.
Химиялық элементтердің периодтық кестесі жалпы түсінікті үш тілде 
мәтін ретінде бере отырып, үш тілді қолдану үшін тапсырмалар беріледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет