Арқалық қаласы жаратылыстану пәндерін


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет54/64
Дата25.04.2023
өлшемі1,64 Mb.
#86883
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. 
– Астана, 2007 
2. Хасанұлы Б. Тілдік қатынас негіздері,
3. Әбдуәли Т.Үштұғырлы тілден түңілмейік // Жетісу, №31. 2008 
4. Тәңірбердіқызы Т. Ағылшын тілі мемлекеттік тілмен бәсекелес емес // Қазақ 
әдебиеті, №48. 2008 
5. Ғабжәлелов Х. // Тасжарған, №18. 2008 
ҤШТІЛДІЛІКТІҢ ХИМИЯ САБАҒЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
химия пәні мұғалімі Баймуратова А.Б. 
ағылшын тілі пәні мұғалімі Нуржанова Г.К.
Ш.Уәлиханов атындағы №1жалпы орта білім беретін мектебі 
Ел тәуелсіздігінің маңызды нашаны – мемлекеттік тіл. Ол – тәуелсіз 
ұлттың мәдениеті мен салт-санасының, рухани болмысының тірегі. Тіл 
арқылы халық ӛзге халықтардан ерекшеленеді. Тіл – ұлттың ӛзгеден ерек 
даралығын анықтайтын белгісі. «Қай ұлт болсын тілі арқылы ғана 
халықтың ӛзге туыс және туыс емес халықтардан ерекше болмысы мен 
табиғи қалпын, ӛзіндік дәстүрін кӛрсете алады» [1, 6].
Қазақстан – кӛпұлтты мемлекет. 135-тен астам халық бірлік пен 
татулықта ӛмір сүріп жатыр. Әрбір ұлт ӛкілдері ӛз тілдерін, салт-дәстүрін
сақтап қалуы үшін барлық жағдай жасалуда. Оны елбасымыз 
Н.Ә.Назарбаев та атап ӛткен болатын: «Біз кӛпұлтты қоғамбыз. 
Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін 
және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдыңғы уақытта 
да жалғастыра беретін боламыз» [2, 24]. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Контитуцияның 
7-бабында тілдер туралы айтылады:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 
2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті ӛзін-ӛзі басқару 
органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең 
қолданылады. 
3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін 
жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. 
Байқап отырсақ, мемлекеттік тіл мәртебесі қазақ тіліне берілгенімен, 
орыс тілі тең дәрежеде деп есептелді. Соңғы жылдарға дейін қолданыстағы 
тілдерге келгенде оның басымдылығы байқалуда. Мемлекеттік 
мекемелерде, жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органдарында да іс-қағаздар орыс 
тілінде жүргізілгені белгілі. Қазір де орыс тілінде іс жүргізіп жүрген 
мемлекеттік мекемелер бар. 


114 
Орыс тілі кӛптеген жылдар бойы мемлекеттік тілмен салыстырғанда 
басым қолданыста жүріп келді. Халықтың 90% орыс тілін жетік меңгерген. 
Қазақ тілінің жайы ӛзгеше. Ол тек қағаз жүзінде жүргізілді. Қолданыстағы 
жағдайы нашар. Осыған орай мемлекеттік тілдің қызметін арттыру үшін 
түрлі бағдарламалар, жобалалар қабылдана бастады. Солардың бірі – 
«Үштілділік» 
мемлекеттік 
бағдарламасы. 
Бастауын 
елбасымыз 
Н.Ә.Назарбаев салып берген бұл бағдарлама қазақ тіліне үлкен 
басымдылық беріп отыр. 2011 жылдан бастап мықтап қолға алынған жоба 
бүгінгі күні ӛз жұмысын бастап кетті әрі оң нәтиже беріп келе жатыр. 
Елбасымыз Қазақстан халқы ассамблеясының ХҮІІ сессия отырысында 
Қазақстан аймағында тұрып жатқан халықтардың басын қосатын тіл қазақ 
тілі болуы керек деп анық атап айтты: Елбасымыз ӛз жолдауларында 
нақты мақсаттар қойды. Ол мемлекетік тілдің қызметінің артуына баса 
назар аударып, 2025 жылы қазақ тілін білетін жалпы халықтың кӛрсеткіші 
95% құрауы керектігін айтады:
«Тіл Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс. Бұл үшін тіл 
саясатын салауатты және дәйекті, қазақстандықтар сӛйлесетін бірде-бір 
тілге қысым жасамай жүргізу керек.
тілідерін меңгеру кӛзделуде. 
Орыс тілін білу – тарихи артықшылығымыз. Орыс тілі арқылы 
қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, 
шет жерлерде де ӛз дүниетанымындары мен араласатын орталарын 
кеңейтіп жатыр.
Ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. 
Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады.
Ол – жаһанданудың кепілі.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Еліміздің тәуелсіздігінің нышаны. 
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде, яғни қазақ тілі – болашақтың тілі.
Ағылшыни тілін оқыту үрдісіне кіріктіруді енгізу - ең алдымен, 
оқушының сабақ үстінде дамуы мен оның психологиялық жағдайын ескере 
отырып, оқытуды нығайту мүмкіншіліктеріне бағытталған. 
Жалпы білім беретін жаратылыстану-математика бағытындағы 
мектеп мұғалімдері үшін, орта білім беру мазмұнын жаңарту негіздерінің 
бірі, үштілді білім беруде заманауи CLIL әдісін белсенді қолдану ӛте 
тиімді. Ағылшын тілін жаратылыстану бағытындағы пәндермен кіріктіріп 
оқыту арқылы оқушыларды білім алуға қызығушылықтарын арттыруға, 
Үштілділік» 
бағдарламасының 
негізінде 
Қазақ тілі 
Орыс тілі 
Ағылшын тілі 


115 
оларды ғылыми тіл дағдыларын дамытуға, химиялық элемент терминдерін 
ана тілінде ғана емес, ағылшын тіліндегі баламасын қолдануға және 
олардың ағылшын тілінде сауатты түрде «Үштілділік» ұлттық жоба 
аясында білімін дамуға болады. 
Ағылшын тілі арқылы жаратылыстану-математика бағытындағы атап 
айтқанда, физика, информатика, биология, химия пәндерін кіріктіріп 
оқытудың ұстанымдары мен тәсілдерін қазіргі білім жүйесінде кеңінен 
ауқымды түрде қарастырып жатқаны мәлім. 
Осыған орай жаратылыстану пәндерінің ішінде химия пәнін 
ағылшын тілінде оқытудың маңыздылығын айта кетер болсақ, ең алдымен 
оқушылардың химиялық терминдерге байланысты сӛздік қорын кеңейте 
отырып, ӛз бетімен ізденуге, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға
ӛмірде болып жатқан әрбір химиялық құбылыстарды ағылшын тілінде 
жеткізе білуге дағдылануға үлкен мүмкіндік туғызады. 
Сонымен қатар, еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы 
артып, нығайған шақта ағылшын тілін еркін меңгере отырып, кезкелген 
салада ағылшын тілін қолдана отырып қарым-қатынасты жүргізе алатын 
жас ұрпақты тәрбиелеу әрбір педагог ұстаздардың айқын мақсатының бірі. 
Сол мақсатқа жету жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұзтаздар қауымы 
қаншама [3].Кіріктірілген сабақтарды ағылшын тілін толық меңгерген 
дайындығы жоғары дәрежеде болса, жаратылыстану пәндерінің 
мұғалімдерінің ӛзіде ӛткізе алады, бірақ қазіргі таңда жалпы орта 
мектептерде кіріктірілген сабақтарды пән мұғалімі мен ағылшын тілінің 
мұғалімі бірігіп жүргізуде. 


116 
«Химия мұғалімі – ағылшын тілі мұғалімі – оқушылар» 
үшбұрышының тілдесуінен туындаған қызығушылықтың әсерінен оқу 
материалын қабылдау, бақылау белсенділігі артады, сезімдік және 
логикалық ойлау жанданады, қиялдың жұмыс істеуі қарқыны ұлғаяды [4].
Кӛптілділік біздің қоғам үшін 2006 жылғы Елбасының «Тілдердің 
үштұғырлылығы» – «Триединство языков» - «Trinity of languages» 
тұжырымдамасынан бастау алды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-
2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 
Жолдауында: «Үш тілді меңгеру – біздің еліміздің әрбір азаматына 
ӛмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады. Қазақстанды әлем халқы үш 
тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек», 
- деген болатын. Елбасымыздың осындай қанатты сӛздерінің астарында 
үлкен сенімнің бар екенін аңғарамыз. Бұл сенімді орындау үшін 
жасӛспірімдер мен жас ұрпақтқа үлкен жол кӛрсетуіміз керек, сондықтан 
біз жаратылысану пәндерін соның ішінде атап айтар болсақ химия 
сабақтарын ағылшын тілінде байланыстыра оқыту арқылы сабақ 
барысында қосымша берілетін терминдер сӛздігімен оқушының ағылшын 
тілін меңгерудегі сӛздік қорын қалыптастыруға және бәсекеге қабілетті 
болардай білімін толықтыруға ӛз кӛмегімізді тигізе аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет