Арқалық қаласы жаратылыстану пәндерін


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет53/64
Дата25.04.2023
өлшемі1,64 Mb.
#86883
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   64
Байланысты:
Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде окыту 30 11 2017 (1)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. 
– Астана, 2007 
2. Хасанұлы Б. Тілдік қатынас негіздері. 
3. Әбдуәли Т.Үштұғырлы тілден түңілмейік // Жетісу, №31. 2008 
4. Тәңірбердіқызы Т. Ағылшын тілі мемлекеттік тілмен бәсекелес емес // Қазақ 
әдебиеті, №48. 2008 
 
 


111 
ҚАЗАҚ ТІЛІ – ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ 
 
Карашинов Б.С. 
«№10 жалпы орта білім беретін мектеп» ММ 
 
 
Елбасы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 
жолдауын қай істі болса да ӛнер деп білген, ӛмір жолын еңбек жол деп 
сүйген, Отан үшін жалынға шарпылып, отқа күйген ел перзенттеріне 
жолдады. Замана талқысына кӛнбейтін, талап пен талантын жегіп, терін 
тӛгіп, құлашын кең сермейтін, батыр да батыл ӛр адамына айтады. Қате 
басқан жері болса, қайталап түзеп, ӛз мінін ӛзі мінеп, сүрінсе мұқалмай, бір 
тізерлей тұрып, қайта түлеп, озық кеткен қатарына жетіп, одан әрі ӛтетін озат 
ұл-қызына айтады. Мәңгілік Елдің тамыры ұлт тарихында, ұлттың тілі мен 
ділінде. Халыққа біртұтас идея, алға жұмылдыратын бағыт, мақсат-мұрат - 
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Қазақ тілі-елдің қазынасы. Қазақ тілінің 
шырыны-бабалар ӛсиеті. «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз». 
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Тіл-халықтың ең негізгі 
байлығы. Қазір заман талабына сай үш тұғырлы тіл саясатын бәрімізде 
қолдаймыз. Тіл білу – байлық. Әсіресе, ӛркениетті еліміздің дамуына үлес 
қосқымыз келсе, кӛп тілді игерген азаматтарға қарап қуанатынымыз да 
белгілі. 
Үштұғырлы тіл ӛмірдің қажеттілігі. Бұл бүгінгі елдің тыныс-
тіршілігін айқындайды және жалпыға ортақ қалыпты норма болып 
саналады. Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел азаматының 
міндеті. Қазақстанның білікті, білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар 
мен инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді. 
Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда кӛп тілді 
меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған жүйе. 
«Келешекке кемел біліммен»,-деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұстаным 
еткендей, келешекке терең біліммен қадам басып, әлемдік білім 
кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, ӛз қабілетін таныта 
алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны 
қалыптастыру басты мақсаттардың бірі. Елбасының үштұғырлы саясаты
аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту бүгінде кезек 
күттірмейтін ӛзекті де келелі мәселелердің бірі болып отыр. Алайда «Ӛзге 
тілдің бәрін біл, ӛз тіліңді құрметте»,-дегендей ӛз тілінде еркін сӛйлеп, ӛз 
тілін құрметтейтін тұлғаны баулысақ, ӛзге тілді қадірлейтін тұлғаны 
баулитынымызға кӛз жеткіземіз. Сондықтан да «Мемлекеттік тілді үйрету 
балабақшадан басталуы тиіс. Бұл - заман талабы»,- деген елбасының 
қағидасына сүйене отырып, қазіргі таңда балабақшадан бастап мектеп 
табалдырығын аттаған сәттен ана тілін меңгертуге, сауаттылыққа күш 


112 
салынуда. Осы орайда ауыр жүк артылып отырған мұғалімдер мен 
тәрбиеші-ұстаздардың бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі еңбегі зор. 
Ӛз ана тіліңді қадірлемей, ел-жұртыңды сүйе алмайсың. Әр азамат 
ана тілінің бай қорын игерумен бірге орыс, ағылшын тілдерінің де асыл 
қазынасынан сусындап, оны іске асыра білгені де жӛн. Елбасы ӛз 
Жолдауында: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз... Біз қазақ тілін 
жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз... Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. 
Қазақ тілі 2025 жылға қарай ӛмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез 
келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады...» дегені кӛпке белгілі. 
Сонымен қатар «Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек. 
Орыс тілін білу – біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға 
белгілі... Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек деген 
болатын. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің 
әрбір азаматына ӛмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады» деп, қазақ 
тілі және тілдердің үштұғырлы мәселесіне кеңінен тоқталды. 
Біз ӛз елімізде ӛз ана тілімізде, қазақ тілінде сӛйлеуге міндеттіміз. 
Ӛйткені, тіл – біздің қазақтығымыздың кепілі. Мемлекетіміздің мызғымас 
нышаны. Мемлекеттік тілге деген кӛзқарас ӛзгермей, ештеңе де 
ӛзгермейді. Қоғам мен қоғамдық сана ӛзгерген сайын тіл де ӛзгеріп 
отырады. Біздің орталықтың ұжымы заман ағымына сай ӛздеріне 
жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқаруда. 
Әрине, кез келген азаматтың үш тілде сӛйлегені дұрыс, үш тілді 
қатар меңгергеннен, тіл білгеннен ешкім де ұтылмайды. Әлемдік 
ғаламдандырудың ӛткізгіші, ғаламдандыру тілі болып танылған ағылшын 
тілін білу - ағылшын тілді елдермен тиімді байланысқа түскен әлемдік 
деңгейде ӛз орнын ойып тұрып ала бастаған Қазақстан үшін қажеттілік. 
Бауыржан Момышұлының сӛзімен айтқанда «Тіл дегеніміз қай 
халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсүгінгі де 
тағдыры. Қазақ тілі... ӛткірлігімен, бой балқытып, тамыр шымырлатып жан 
жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, 
жүрегіңе тиімді. қысыл таяң қатал жағдайда қайрап, егеп сӛз тапқанға 
қолқа жоқ дегендейін ерге, елге медет болып адам түгіл, жағдайдың 
кӛмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл». 
Егер біз Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазақ тілін дұрыс жұмсай 
білсек, ол қоғамдағы тілге жүктелетін қажеттілігіміз болса ӛтеуге 
жарайтын бай тіл. Ұлттық ӛркендеп, тіліміз ӛз еліміздегі және 
халықаралық дәрежедегі позициясын нығайтқан кезде біздің сӛздеріміз де 
ӛзге тілдерге енетіндігіне, тіліміздің әлемдік ақпарат кеңістігінен ӛз орнын 
иеленетіндігіне күмән келтірмеуге болады. Дәл бүгін де қазақ тілінің әлем 
тілдерінің ешқайсысынан да кем түспейтін, бірнеше ғасырлық даму 
тарихы бар, ұлттық әдеби тіл деңгейіне дейін дамып жетілген ұлы тіл 
екендігіне еш күмәніміз жоқ деп білемін. 


113 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет