Арқалық қаласы жаратылыстану пәндерін


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет13/64
Дата25.04.2023
өлшемі1,64 Mb.
#86883
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Талдамалы анықтама. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім 
академиясы, 2016. – 51 б. 
2. https://youtu.be/d4e5do6_CCI 
АҒЫЛШЫН ТІЛІ ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН 
КІРІКТІРІП ОҚЫТУДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН 
БАҒАЛАУ 
 
Ажибекова П.С. 
оқытушы, магистр, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік 
педагогикалық иснтитуты, 
 
 
Педагогикалық жүйе әр тарихи дәуірде елеулі ӛзгерістерге ұшырап 
отырады. Экономикасы дамыған елдердің білім беру жүйесінде реформа 
орташа есеппен алғанда әр он жыл сайын жүргізілетінін әлемдік 
тәжірибеден кӛруге болады. Бұл ретте қоғам дамуының барлық 
кезеңдерінде жаңа стратегиялар және педагогикалық жаңа технологияларды 
талап ететін білім алушылардың сапалы дайындығына назар аудару қажет. 
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін, оның 
ішінде жалпы орта білім беруді жетілдіру бойынша кең кӛлемді іс-шаралар 
жүзеге асырылуда. 
«Қазақстан Республикасында білімді және ғылымды дамытудың
2016-2019 жылдарға мемлекеттік бағдарламасының» басты мақсаттарының 
бірі жалпы орта білім берудің мазмұнын жаңарту болып табылады [1].


25 
Бұл оқытудың құзыреттілікке бағдарланған оқыту моделіне біртіндеп ӛтуге 
жағдай жасайтын білім беру жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлеуді және 
жүзеге асыруды талап етеді. Мұндай бағдарламалардың бірі - «Үш тілде 
білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы». 
Аталған бағдарламаны орындаудың негізгі жолдарының бірі пәнді 
(информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану) және тілді 
кіріктіріп оқыту бойынша оқу- әдістемелік құрал әзірлеу болып саналады [2]. 
Пәндік-тілдік кіріктіріп оқыту ұстанымын қолдану шет тілін оқуға 
бӛлінген уақыт мӛлшерінің аздығынан және оны меңгеру деңгейіне 
қойылған талаптардың жоғарлауынан пайда болып отыр. 
Оқытуды, соның ішінде мектеп оқытуындағы нәтижелерді бағалау кез- 
келген білім беру жүйесіндегі қажетті және мәнді элемент болып табылады. 
Дәстүр бойынша білім алушылардың жетістіктері айтарлықтай 
дәрежесінде оларға мұғалім нені және қалай оқытып отырғанына 
байланысты. Осы тұрғысында мұғалімнің таңдауы түскен оқыту әдістері 
стандарттармен, 
бағдарламалармен 
және 
мектеп 
оқулықтарымен 
белгіленген білімділік мақсаттарына, білім алушылардың білім деңгейіне 
тәуелді. Онымен бірге оқыту нәтижелерінің сапасы айтарлықтай 
дәрежесінде кері байланыс әсеріне, мектеп оқуындағы нәтижелерді 
ұсынылған бағалауына тәуелді болып, одан ӛзге, білім беру жүйесіне 
инновацияларды енгізу бойынша шешімдерге әсерін тигізеді.
Бағаның әсері, басым жағдайда, оқыту, оқу үдерісінде және қоғам 
қажеттіліктерінде білінеді. Осылайша, бағалау мұғалім үшін маңызды әрі 
қажетті болып табылады, ӛйткені білім алушылардың оқуында жеткен 
жетістіктері оқыту әдістемесін жақсартуға ықпал етеді. Алынған нәтижелер 
үнемі білім беру мақсаттарымен салыстырылып отыруы тиіс. Оқыту 
бойынша кез-келген бағдарламаны жоспарлауды оқу мақсаттарын нақты 
анықтаудан бастау қажет, ал нақты бағдарламаның тиімділігі білім 
алушылардың белгіленген мақсаттарды іске асыру дәрежесіне байланысты.
Тиімді және объективті баға білім алушылардың ой ӛрісіне де оң 
ӛзгерістерін тигізеді. Олар орындауға жататын тапсырманы терең 
ойластырып алады; ӛз әрекеттері үшін жауапкершілікті түсінеді; 
қанағаттанып, қандай да жұмысты орындауда ӛз күшіне сеніп, ӛзгелердің 
идеяларына түсуінушілікпен қарап, құрметтей алады. Оған қоса, ӛзін-ӛзі 
бағалауы арқасында білім алушылар ӛз әлеуетін жақсырақ білетін болады. 
Бұл білім алушылардың ӛзіне деген сенімін арттырып, оларды жетістіктерін 
жақсартуға түрткілейді. Мұғалім білім алушыларға ӛзін-ӛзі бағалауға 
қабілеттіліктерін дамытуға, жеткен жетістіктерін оқыту мақсаттарымен 
салыстыруға, жеке бағдарламасын әзірлеуге және оқудағы ӛзіндік ырғағын 
анықтауға кӛмектесуі тиіс. Бағалау жүйесі – мектептің білімділік 
кеңістігіндегі 
басты 
кіріктіру 
факторы, 
оқытудағы 
мәселелерді 
диганостикалаудың және кері байланысты орнатудың негізгі құралы [3].


26 
Бағалау және ӛздігінен бағалау жүйесі – бұл білімділік үдерісін ӛз 
бетінше реттеудің табиғи механизмы, бұл жағдай оның ӛзгеше 
маңыздылығын анықтай түседі.
Бағалау жүйесіне қойылатын талаптар – қайсыбір оқу материалының 
қаншалықты табысты меңгерілгенін, қайсыбір тәжірибелік дағдының 
қалыптасуын анықтау мүмкіндігін, яғни білім алушылардың жеткен 
деңгейін әлдебір оқу курсының негізіне салынған талаптардың белгілі 
минимумымен салыстырып тексеру.
Бағалау мақсаты – ең алдымен, білім алушылардың дамуын және 
оның танымдық мотивациясын қолдау. Танымдық қызмет нәтижелерін 
бағалауда 
негізгі 
мектепке 
арналған 
оқытудың 
мемлекеттік 
бағдарламасының жалпы бӛлімінде белгіленген ережелерді басшылыққа 
алады. Білімдер мен біліктердің танымдық қызметтің мақсатты 
нәтижелеріне сәйкестігі бағаланады: білім мен ұғыну (тану, аталым, мысал 
келтіру, сипаттама беру, тұжырымдау мен баяндау), практикалық қолданыс 
пен талдама біліктері (тәжірибелерді ӛткізу, қасиеттерін анықтау, ӛлшеу, 
ажырату, топтастыру, байланыстыру, нәтижелерін шығару, таңдау, шешім 
қабылдау, құрастыру, ресімдеу және ұсыну).
Оқу нәтижелерін тексеру нұсқалары әртүрлі болып, оқытудың 
мақсатты нәтижелеріне сай келуі тиіс. Білім алушылар ненің және қашан 
бағаланатынын, бағалаудың қандай нұсқалары қолданылатынын және 
бағалау критерийлерінің қандай болатынын білуі керек.
Ағылшын тіліне және жаратылыстану пәндеріне кіріктірілген оқыту 
барысында білім алушылардың білімін бағалау жүйесін қарастырып 
кӛрелік. Келесідей бағалау жүйесін ұсынамыз (1-кесте). 
№ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет