Microsoft Word мәтіндік редактор, Paint графикалық редактор, Microsoft
Power Point презентация дайындау құралы, мәліметтер қорын басқару
жүйесі, сондай-ақ арнайы дайындалған ағылшын тілін үйренуге арналған
мультимедиалық оқыту бағдарламасы, тестер, электронды оқулықтарды
пайдалану қажет.
Компьютердің
мультимедиалық
мүмкіндіктерін
пайдаланып,
мыныдай жұмыстар жасауға болады:
кесте, кроссворд құру үшін Paint графикалық редактор және
Microsoft
Word
мәтіндік
редактор
арқылы
лексикалық,
грамматикалық тақырыптарды ӛңдеу;
жеке және ресми хат жазу, оны дұрыс безендіруді үйрену
(Microsoft Word);
бүкіләлемдік Интернет желісін пайдалану арқылы тіл үйренушілермен
еркін қарым-қатынасты ұйымдастыру, яғни электронды пошта арқылы
хат-хабар алмасу, ӛз ойын еркін жеткізу, болашақ мамандықтарына
қатысты сайттарға еніп, білім қорын жетілдіру, сӛздіктер мен
энциклопедияларды пайдалана алу [3;3].
30
Компьютердің
мультимедиалық
мүмкіндіктерін
пайдалану
студенттердің шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, ӛз
білімін ӛмірде пайдалана білу дағдысының қалыптасуына әкеледі.
Ағылшын тілінен электронды оқыту бағдарламасын қолдану арқылы
студенттер жұппен, топпен жұмыстар жасайды. Бұндай жұмыс түрлері
білім алушылар бір-бірімен ағылшын тілінде диалог құруда,
грамматикалық білімдерін бекітуде қолданылады [4;3].
Жаңаша кӛзқарастардың дамуы шетел тілін оқыту, дамытуға ықпалын
тигізуде. Білім алушылардың жан–жақты дамуына, сапалы білім
алуына,ӛмірде жақсы кӛрсеткіштерге қол жеткізуінде ағылшын тілін жақсы
менгеруінің маңызы үлкен. Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін
тиімді үйретуге мүмкіндік беретін кӛптеген әдістер пайда болды. Сондықтан,
әр мұғалім ӛзінің шығармашылығын дамыта отырып озық іс-тәжірибелерді
пайдалана білуі тиіс. Сонымен, еліміздің мектептерінің оқу үрдісі түбегейлі
ӛзгеріп оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы инновациялық
педагогикалық технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының
толығымен жаңаруына себепші болуда.
Жеке тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп,
саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту,ақпаратты-
коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға ӛз бетімен ықпал
ету,ӛзіндік пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға
қалыптастыру,оқушылардың, танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту
болып табылады. Оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады.
Қазір білім саласында оқытудың жаңа технологиясы кеңінен
қолданылуда. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен
байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру ӛте – мӛте қажет» деп,
ел Президенті атап кӛрсеткендей, электронды оқыту әдіс – тәсілдерін
мектеп ӛміріне енгізу – жаңа білім берудің бірден – бір шарты [5;25].
Оқыту технологиясы – бұл, бір жағынан, оқу – ақпаратын дайындау,
ӛңдеу, әдіс - тәсілдерінің жиынтығы, екінші жағынан, ұстаздың шәкіртіне
оқыту үрдісінде қажетті технологиялық және ақпараттандыру құралдарын
пайдалана отырып ықпал ету тәсілдері. Оқытудың мазмұны мен оқыту
әдістері ӛзара тығыз байланыста болу керек. Ұстаздың педагогтік шеберлігі
оның керекті мазмұнды, бағдарламадағы материалды іріктей алуымен және
оны оқытудың озық әдістерін пайдалана отырып қолданумен белгіленеді.
Қорыта айтқанда, ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар
ағыны күшейген заманда ақыл – ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның
қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып тұр. Ол бүгінгі
білім
кеңістігіндегі
ауадай
қажет
жаңару
мұғалімнің
қажымас
ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа
тәрбиелеуді
жүзеге
асыратын
жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс
жасалуы қажет. Ӛйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін
ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді [6,7;18].
31
Сабақтың қызықты әрі нәтижелі болуы алдын ала таңдап алынған
әдіс-тәсілдерге байланысты. Қазіргі кезде әдіс-тәсілердің барлығы дерлік
баланы ӛз бетімен жұмыстануға,білім алуға жетелейді. Сонымен
Достарыңызбен бөлісу: |