32
iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа,
тың дидактикалық
мәселелерді шешуге мүмкiндiк беретін зор құрал. Бірақ әлі күнге дейін біз
осы зор құралдың шексіз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана алмай
отырмыз. Ақпараттық технологияларды пайдалану кезінде бірден бір
талап десек те болады ол - ақпараттық мәдениет.
Ақпараттық мәдениет дегенiмiз - адамға ақпараттық кеңістіктің
қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға,
ақпараттық ӛзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi.
Э.Л. Семенюктiң пiкiрi бойынша «ақпараттық мәдениет - адамның,
қоғамның немесе оның бiр бӛлiгiнiң ақпаттармен жұмыс iстеудiң барлық
түрлерi - ақпараттарды алу, ӛңдеу, жинақтау және осының негiзiнде
сапалы жаңа ақпаратты құру және практикалық
қолдану бойынша жетілу
деңгейі» [2].
Біріншіден, дәстүрлі емес сабақтарды ӛту арқылы оқушылардың ой
толғауын, білімін, қабілетін кеңейтуге болады. Білімді даяр күйінде
бермей, оқушылардың алдына белгілі бір мәселені міндет етіп қойып, оны
олар инновация элементтерін пайдалана отырып ізденіп шешуі тиіс
жолдарды пайдалану. Бұл арқылы олар проблемалық жағдай туған кезде
оны дұрыс шеше білу тәсілдерін үйренеді. Мұның нәтижесінде ӛз бетінше
ӛмір сүре алатын шығармашыл азаматтар тәрбиелейміз.
Екіншіден, оқушыларға қазіргі заман талабына сай жоғары дәрежеде
сапалы білім мен тәрбие беруде компьютерлік технологияны пайдаланып
оқыту – бүгінгі күн талабы. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-
зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала
ӛзінің бұған дейін білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге
жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға жетуі керек. Содан кейін барып оның
білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.
Үшіншіден, қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді,
әсіресе білгенін
ӛмірде пайдалана білетін жастарды тәрбиелеу мақсатында оқытудың жаңа
әдістерінің ішіндегі ең маңыздысының бірі – желілік ресурстарды
пайдалану технологиясын енгізу. [4]
Жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе- білім беру, ғылымды
дамыту. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі - білім беру
ұйымдарын электрондық оқыту жүйесіне енгізу. /e-learning/. Білім беруді
ақпараттандырудың негізгі мақсаты ҚР біртұтас білімдік ақпараттық
ортаны құру болып табылады. Олай
болса білім беру саласында
информатика пәнін оқытуда ақпараттық технологияны пайдалануға ,
әлемдегі ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен
сабақтастыруға мүмкіндік береді.[5]
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамды
қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.
Осы тұрғыда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай
білу еркіндігі тиіп отыр.
33
2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндер ағылшын
тілінде оқытылатыны хабарланды. Сол себепті
қазірден бастап ағылшын
тілінде оқытылатын пәндердің мұғалімдері тілдік курстарда оқып
жатқаны да мәлімделді. Алдағы жылдары бірнеше пәннің ағылшын тілінде
оқытылатын негізге ала отырып Qamshy.kz ақпарат агенттігінің журналисі
Ғылым және білім министрлігіне ресми хат жолдаған болатын. Алдымен
қай пәндер жоғарғы сыныптарда ағылшын тілінде жүргізілетінін нақтылап
алсақ. Білім беру ұйымдарының жоғары сыныптарында (10-11 сынып)
жаратылыстану бағытындағы химия, физика, биология, информатика
пәндері ағылшын тілінде оқытылатын болады. Ал аталған пәндерді
оқытатын мұғалімдерге келер болсақ, ағылшын тілінде мұғалімдерді оқыту
үшін тіл курстары ұйымдастырылып жатқаны мәлімделді. Курстар тілді
нӛлдік
деңгейде меңгерген, сондай-ақ деңгейлері бар орта жалпы білім
беретін мектептердің информатика, физика, химия және биология
пәндерінің мұғалімдеріне арналған [3].
2017-2018 оқу жылынан бастап біздін институтта білім беру
қызметін үш тілде жүргізілу басталды, бұл МЖМББС-да бекітілген. Бұдан
басқа,
«Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар»
пәні
бакалавриаттың барлық мамандықтарында ағылшын тіліндегі негізгі
оқулықты қолдану арқылы ағылшын тілінде оқытылу жүргізіліп келеді.
2019 жылдан бастап еліміздің барлық мектептерінде, қандай да бір
оқыту
тіліне қарамастан, «Қазақстан тарихы» пәні – қазақ тілінде,
«Дүниежүзі тарихы» – орыс тілінде және информатика, химия, биология
және физика пәндері сияқты бірқатар пәндер ағылшын тілінде
оқытылатындығын айтты [1].
Бүгінгідей жаһандану заманында кӛп тіл білетін адамның қоғамдағы
алар орны да ерекше. Ӛзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең
алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рӛл атқаратыны
баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге ӛмір сүріп дамиды.
Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020
жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама кӛбеюі керек»
— деп айтқан еді. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында
ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Ағылшын тілінің
Қазақстандағы рӛлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске
асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ,
керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің
дер едім. Ал басқа мемлекеттің алдында ӛз еліңнің дәрежесінің биік екенін
мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: