Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. ҚР «Тілдер туралы»Заңы
2. Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал. №4 (22),
2006ж.
3. Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал. №2(44),
2010ж.
4. 12 жылдық кӛшуге арналған білімді дамыту бағдарламасы.
ФИЗИКА САБАҒЫНДА КӚПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ
Қожахмет М.С., Сағынбекқызы Н.
«Физика» мамандығының 4 курс студенті, Ы.Алтынсарин атындағы
Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Біздің еліміз әлемдегі дамыған, ӛркениетті отыз ел қатарына енуді
мақсат етіп қойып отыр. Ӛзіміздің ана тілімізді жетік меңгере отырып,
барлық ақпараттар, жаңалықтар, адамзат жинаған білім мен мәдениетке
қол жеткізу үшін дүние жүзінің кӛпшілік елдері мен халқының
қолдануындағы ағылшын тілін үйренуіміз қажет.
Ел болашағын ойлайтын, әлемдік деңгейдегі елбасы Н.Ә.Назарбаев
үш тілді меңгеру керектігін айтып, 2014 жылдан бастап мектептерде
ағылшын тілін оқытуға ерекше кӛңіл бӛле бастады.
Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиевтің
«Үш тілді үйрену- үлгі етер үрдіс» атты мақаласында қазақы бітім-
болмысымызды сақтауға үш тілді қатар, еркін меңгерудің еш кері әсері
жоқтығын, қайта табысқа жетудің жолы боларын нақтылы мысалдармен
кӛрсетіп берді. Ӛзіне, отбасына, еліне керекті табыс тауып, тиімді еңбек
ете алатын маман болу үшін ағылшын тілін меңгеруіміз керек.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана
қоймай, ӛздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз ӛз бетінше ӛрлеуіне
қажеттілік тудыру. Білім беру саласында инновациялық үрдісті жүзеге
асыру мұғалімдерден ӛз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін
түрлендіруді талап етеді[1]
Қазақстан
Республикасының
Президентінің
2010
жылғы
7 желтоқсанындығы №1118 Жарлығымен Қазақстан Респуликасындағы
білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада «E-learning» электронды оқыту
жүйесі бойынша білім беру сапасын және басқару тиімділігін арттыру
үшін оқу процесін автоматтандыру, педагогтар мен оқушыларды ең жақсы
білім еру ресурстарына және технологияларына тең қол жеткізуін
қамтамасыз ету мақсаты атап кӛрсетілді. Дамыған елдердегі білім беру
жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру,
62
яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникативтік технологияларды
пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық
қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру
жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының кӛлемі
күннен күнге артып, мазмұны ӛзгеріп отыр[2]
Оқытушы
сабағында
ақпараттық
–
коммуникативтік
технологияларды пайдалану арқылы оқушыға үйреттуге тиісті ақпараттар
мен білім қорын жүйелі түрде кӛрсете біледі. Ақпараттық –
коммуникативтік технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің
бірі. Мысалы, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі т.б. тест жүйелерін
сабақта қолдану. Тест жүйесі мұғалімнің уақытын үнемдеуге бір уақытта
бірнеше топтарға ақылау жасауға пайдасы зор. Сонымен бірге бұл
сабақтарда электрондық оқулықты пайдалану маңызды. Электрондық оқу
құралы – бұл оқу курсының ең маңызды бӛлімдерін, сонымен бірге есептер
жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу
эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық және
дипломдық жобаларға нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын
мемлекттік органдар тағайындаған арнайы статусы барэлектрондық оқу
басылымы. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық коммуникативтік
технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң нәтиже
беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың ӛз бетімен ізденісі, пәнге деген
қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамыту, оқу қызметінің
мәдениетін қалыптастыру, дерес жұмыстарын ұйымдастыру т.б. сияқты
оқу белсенділігін арттыруда маңызы зор[3]
Quizlet бағдарламасы арқылы физика сабағын ағылшын қазақ тілінде
ӛткізудің үлгісін назарларыңызға ұсынғым келеді. Бұл бағдарламаның
тиімділігі сабақта қолданылатын анықтамалар немесе термин сӛздердің
қазақша, орысша, ағылшынша мағыналарын жазып, оқушыларға
6 бӛлімнен тұратын тапсырма орындатуға болады.
Пәні: Физика. 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жылу құбылыстары тарауын қайталау
Мақсаты:
- Жылу
құбылыстары заңдылықтарын
тұрмыста практика жүзінде қолдана білуге үйрету.
- Жылу құбылыстары және энергия
арасындағы
байланыстарды
білу,
компьютерлік тапсырмаларды орындау.
- Оқушыларды
ұжымшылдыққа,
қамқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Жылу құбылыстары
және энергия заңдарын біледі, шапшаң жұмыс
істеуді үйренеді.
63
Әдістері: Блум таксономиясы, Quizlet бағдарламасы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
II. Білу
Ӛткен тақырып байынша Quizlet бағдарламасынан «заучивание»
бӛлімінен тапсырмаларды орындау.
Бұл бӛлімде ӛтілген тақырыпқа байланысты сӛздердің ағылшынша
нұсқасын табу туралы тапсырмалар беріледі.
specific latent heat of fusion - меншіктіжылусыйымдылығы;
work – жұмыс
ideal gas – идеал газ т.б. сӛздердің аудармалары бар.
III. Түсіну
«Карточка» бӛлімінде қазақша физикалық сӛздердің ағылшынша
аудармасы оқылуы туралы тапсырма беріледі.
IV. Қолдану
«Письмо» бӛлімінде физикалық термин сӛздердің дұрыс жазылуы
туралы тапсырмалар беріледі.
V. Талдау
«Тест» бӛлімінде 5 жазбаша жауабын жазатын тапсырма, 5
сәйкестендіру, 5 нұсқалық тесттен және 5 дұрыс немесе дұрыс емес
физикалық терминнен тұратын ағылшынша және қазақша тапсырма
беріледі.
VI. Жинақтау
«Провописание» бӛлімінде берілген тапсырманы орындау. Мұнда
тапсырмалар дыбысталады, ал оқушылар оны жазады.
VII. Қорытынды
«Подбор» бӛлімінде уақытқа байланысты сӛздердің сәйкесін табу.
64
VIII.Бағалау
Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында жинаған
ұпайларына байланысты бағаланады.
IX. Үйге тапсырма: Жылу құбылыстары тарауына сӛзжұмбақ
құрастырып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |