Арқалық қаласы жаратылыстану пәндерін


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет26/64
Дата25.04.2023
өлшемі1,64 Mb.
#86883
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Америка ғалымының кӛзқарасы. Идея триединства языков в Казахстане 
правильна и будет способствовать развитию страны. // Казинформ. -15 
мамыр. — 2008жыл. 
2. Кузьмин С.С., Шадрин Н.Л. Русско-английский словарь пословиц и 
поговорок. – М.: Русский язык, 1989. 
3. Колпакчи М.А. Дружеские встречи с английским языком. — Ленинград, 1978. 


58 
4. Тен Т. Трудности перевода. //«Карав» газеті. 
5. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». 
Астана, 28 сәуір. — 2007 жыл. 
6. Қалиев Ж., Мальцев В.С., Очаковская З.Н.. English – Ағылшын тілі. «Мектеп» 
баспасы, 1981. 
ҤШ ТІЛДЕ САБАҚ ӚТКІЗУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Аға оқытушы, магистр Жҧмабаева С.Б. 
«Физика» мамандығының 4 курс студенті Әуез Д.М. 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 
 
 
Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы 
күндерден 
бастап-ақ 
елімізде 
тіл 
саясаты 
Мемлекет 
басшысы 
Н.Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге 
асырылуда. 
Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі 
жолдауларында да тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің 
мәртебесін кӛтеру мәселесіне кӛңіл бӛлген болатын. Білім мен ғылымның, 
экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап 
дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы кӛрегендік танытып, 
алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, ӛскелең ұрпақ пен 
жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. 
Мемлекет басшысы ―Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан‖ атты Қазақстан 
халқына Жолдауында: ―Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын 
жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, 
орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық 
экономикаға ойдағыдай кірігу тілі‖, — деген болатын.[1] 
Президент Нұрсұлтан Назарбаев биылғы халыққа арнаған ―Қазақстан 
халқының әл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты‖ 
атты Жолдауында Үкіметтің алдына ―Тілдердің үш тұғырлылығы‖ мәдени 
жобасын іске асыруды жеделдету міндетін қоя отырып, бүкіл қоғамымызды 
топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын 
арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды. 
«Болашақ» халықаралық стипендиясының мерейтойлық форумында 
Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды толеранттылық пен үш 
тұғырлы тіл саясатын дамытуға шақырды.Әлемде жарыққа шығатын 10 млн 
кітаптың 85%-ы ағылшын тілінде шығады. Ғылым, даму, ақпаратты 
технология – барлығы да ағылшын тілінде етек жаюда. Қазақстанда 3500 шет 
елдік компания жұмыс істейді. Олармен біз ағылшынша сӛйлесеміз, осы тіл 
арқылы ӛндіріс күшімізді кӛтереміз», - деді Елбасы. [2] 


59 
Еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіруге және Болон бастамасының 
мүмкіндігін жоғарылату, академиялық ұтқырлық пен білім беру 
бағдарламаларын жүзеге асыру үшін ЖОО-да кӛптілді білім беру жүйесін 
құру білім беру саласының бәсекеге қабілетті факторларының бірі болып 
табылады.{\displaystyle \Delta x\Delta p\geqslant {\frac {\hbar }{2}}} ҚР 2015 
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының негізгі 
индикаторларының бірі – адамдарды қазіргі әлеуметтік-саяси жағдайларға 
үйренуін «Кӛптілділік - кӛпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі» 
қағидасының ӛзектілігі. Білім берудің құрамдас бӛлігі болып саналатын 
кӛптілділік күннен күнге жоғары қарқынмен дамып келе жатқандықтан, 
институтта кӛптілді топтардың саны кӛбейіп, ПОҚ-ның ағылшын тілін 
меңгеруге қызықшылығы артуда. 
2007 жылы Елбасы «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан 
халқына арнаған Жолдауында «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын ұсынған 
болатын. Елбасы ӛзінің осы Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш 
тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұл дегеніміз 
оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр 
дегенді түсіндіреді. Негізгі мақсаты – ӛмірден ӛз орнын таңдай алатын ӛзара 
қарым – қатынаста ӛзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, 
белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін кӛрсете алатын, кӛптілді және 
кӛпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген полимәдениетті жеке тұлға 
қалыптастыру. 
2016 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық 
институтында Болон үрдісінің маңызды параметрлерінің бірі болып 
табылатын академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылуда. 
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта 
ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-
қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан 
оқытып шығару – біздің казіргі кездегі міндетіміз.Қазіргі кездегі жаңа білім 
саласына қойылатын талап, жас маманның кәсіби білімділігін, біліктілігі мен 
дағдысын қойып отыр. 
Мектептегі білім беру міндеттерінің негізгілерінің бірі – оқушыны 
шынайы әлем жағдайындағы ӛмірге дайындау.Қазіргі кезде оқушыларға 
ағылшын тілін оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың жаңа 
технологияларын, ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс 
жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған. Шетел 
тілін оқытуда лингафондық құрал-жабдықтар, аудио, видео кешені – 
оқушылардың ауызша және жазбаша аударудағы білім жетілдіру, сӛздік 
қорын қосымша жаңа сӛздермен байыту, толықтыру, ой-ӛрісін дамыту 
мақсатында қолданылады. Қазақстанның болашағы кӛптілді білім берумен 
қатар 12 жылдық білім беру саласында осы мақсатты жүзеге асыру мәселесі 
болып саналады. Сондай-ақ 12 жылдық білім беру үлгісіне ауысу мұғалімнен 
инновациялық, шығармашылық тұрғыдан ойлауды талап етеді. Кәсіби 


60 
педагогикалық шеберлікті, шынайылықты талап ететін қазіргі заманда 
ұстаздың әрбір ісін, жоспарын мұқият зерделеуін қажетсінеді. Яғни жаңаша 
білім беруде оқытушыларға қойылатын талаптар. 
Сондықтан кӛптілді білім берудің басты мақсаты әлем бірлестігінің 
жағдайында бәсекеге түсе алатын кӛптілді тұлғаны дамыту. [3] 
Кӛптілді білім берудің басты мақсаты әр оқушының жеке қабілеттерін 
кӛптілді дамытуды қамтамасыздандыратын жағдай жасау. Әртүрлі 
деңгейдегі мәселелерді шешуге бағытталған оқушылардың жобалары. 
Кӛптілді меңгерген, ӛзін-ӛзі әлеуметтік және кәсіби билеуге, ӛздігінен 
дамуға, ӛздігінен жетілуге қабілетті тұлға. Бүгінде елімізде ағылшын тілді 
мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде. Алайда, бізде қазақ және 
орыс тілдерін игеру сияқты ағылшын тілін үйрену, сондай-ақ осы тілде сабақ 
беруде кӛптеген кемшіліктер бар. Оның салдарын барлығымыз сезініп 
отырмыз. Кӛптілді білім беру жүйесі аясында білім саласындағы оқу-
әдістемелік құралдар қайта қарастырылады. Себебі осы саладағы ағылшын 
тілін оқыту жұмысы әлемдік талапқа сай емес. Осыған байланысты 
келешекте осы мәселені шешу үшін нақты іс-шаралар ӛткізілу керек. 
Сондықтан жоғары білім беруді жаңартудың негізгі құжаттарында ең 
негізгі мақсат білікті маман даярлау деп кӛрсетілген болатын. Ол 
жауапкершілігі мол, ӛз мамандығы бойынша халықаралық стандарт 
деңгейінде тиімді іс-әрекетке қабілетті болуы, кәсіби деңгейінің ӛсуіне 
ынталы болуы, әлеуметтік және кәсіби бейімділігі жоғары, үш тілді: 
мемлекеттік тілді-қазақ тілін, ұлтаралық қатынас құралы ретінде орыс тілін, 
дүниежүзілік экономикалық кеңістікке кірігу тілі ретінде ағылшын тілін 
еркін меңгерген тұлға болуы тиіс. Бұл міндетті шешудің маңыздылығы 
Қазақстанның жаhандану жағдайында ұлттық білім жүйесінің бәсекеге 
қабілеттілігін арттыруға ұмтылысымен анықталады. Оның жүзеге 
асырылуына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үш тұғырлылығы» 
мәдени жобасы септігін тигізді деп айтар едім. Қазақстандықтардың үш тілді 
еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру бүгінде отандық 
мектептен маманның шығармашылық ӛзін-ӛзі жетілдіру саласын дамытуға, 
мемлекеттік тілдің қоғамдық ӛмірдің барлық саласында қызмет етуін 
қамтамасыз етуге, оның ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді 
нығыйту факторы ретіндегі рӛлін арттыруға, орыс тілінің лингвистік 
белсенділігін сақтауға және ағылшын тілін ғылыми ақпарат пен жаhандану 
экономикасына сәтті кірігу тілі ретінде енгізу бағытталған кӛптілді білім 
беруді енгізуді талап етеді. Бұл мәселенің бүгінде мемлекеттік деңгейде 
талқыланып, білім реформалары аясында қарастырылып отырғандығы 
қуантады. 
Қазіргі таңда оқушыларға компьютермен, интернетпен, интербелсенді 
тақтамен сабақ ӛткізу толығымен жолға қойылып отыр. Кӛптеген мұғалімдер 
осы уақытқа дейін техникалық құралдармен сабақ ӛтіп, оның қаншалықты 
тиімді екенін дәлелдеді. [4] 


61 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет