62
яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникативтік технологияларды
пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық
қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру
жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының кӛлемі
күннен күнге артып, мазмұны ӛзгеріп отыр[2]
Оқытушы
сабағында
ақпараттық
–
коммуникативтік
технологияларды пайдалану арқылы оқушыға үйреттуге тиісті ақпараттар
мен білім қорын жүйелі түрде кӛрсете біледі. Ақпараттық –
коммуникативтік технологияны пайдалану
оқытудың тиімді әдістерінің
бірі. Мысалы, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі т.б. тест жүйелерін
сабақта қолдану. Тест жүйесі мұғалімнің уақытын үнемдеуге бір уақытта
бірнеше топтарға ақылау жасауға пайдасы зор. Сонымен бірге бұл
сабақтарда электрондық оқулықты пайдалану маңызды. Электрондық оқу
құралы – бұл оқу курсының ең маңызды бӛлімдерін, сонымен бірге есептер
жинағы, анықтамалар,
энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу
эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық және
дипломдық жобаларға нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын
мемлекттік органдар тағайындаған арнайы
статусы барэлектрондық оқу
басылымы. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық коммуникативтік
технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң нәтиже
беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың ӛз бетімен ізденісі, пәнге деген
қызығушылығын арттырып,
шығармашылығын дамыту, оқу қызметінің
мәдениетін қалыптастыру, дерес жұмыстарын ұйымдастыру т.б. сияқты
оқу белсенділігін арттыруда маңызы зор[3]
Quizlet бағдарламасы арқылы физика сабағын ағылшын қазақ тілінде
ӛткізудің үлгісін назарларыңызға ұсынғым келеді. Бұл бағдарламаның
тиімділігі сабақта қолданылатын анықтамалар немесе термин сӛздердің
қазақша, орысша, ағылшынша мағыналарын жазып, оқушыларға
6 бӛлімнен тұратын тапсырма орындатуға болады.
Пәні: Физика. 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жылу құбылыстары тарауын қайталау
Мақсаты:
- Жылу
құбылыстары
заңдылықтарын
тұрмыста практика жүзінде қолдана білуге үйрету.
- Жылу құбылыстары және энергия
арасындағы
байланыстарды
білу,
компьютерлік тапсырмаларды орындау.
- Оқушыларды
ұжымшылдыққа,
қамқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Жылу құбылыстары
және энергия заңдарын біледі, шапшаң жұмыс
істеуді үйренеді.
63
Әдістері: Блум таксономиясы, Quizlet бағдарламасы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
II. Білу
Ӛткен тақырып байынша Quizlet бағдарламасынан «заучивание»
бӛлімінен тапсырмаларды орындау.
Бұл бӛлімде ӛтілген тақырыпқа байланысты сӛздердің
ағылшынша
нұсқасын табу туралы тапсырмалар беріледі.
specific latent heat of fusion - меншіктіжылусыйымдылығы;
work – жұмыс
ideal gas – идеал газ т.б. сӛздердің аудармалары бар.
III. Түсіну
«Карточка» бӛлімінде қазақша физикалық сӛздердің ағылшынша
аудармасы оқылуы туралы тапсырма беріледі.
IV. Қолдану
«Письмо» бӛлімінде физикалық термин сӛздердің дұрыс жазылуы
туралы тапсырмалар беріледі.
V. Талдау
«Тест» бӛлімінде 5 жазбаша жауабын жазатын тапсырма, 5
сәйкестендіру, 5 нұсқалық тесттен және 5 дұрыс немесе дұрыс емес
физикалық терминнен тұратын ағылшынша және қазақша тапсырма
беріледі.
VI. Жинақтау
«Провописание» бӛлімінде берілген тапсырманы орындау. Мұнда
тапсырмалар дыбысталады, ал оқушылар оны жазады.
VII. Қорытынды
«Подбор» бӛлімінде уақытқа байланысты сӛздердің сәйкесін табу.
64
VIII.Бағалау
Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында жинаған
ұпайларына байланысты бағаланады.
IX. Үйге тапсырма: Жылу құбылыстары тарауына сӛзжұмбақ
құрастырып келу.
Достарыңызбен бөлісу: