Арқалық қаласы жаратылыстану пәндерін


Список использованной литературы



Pdf көрінісі
бет34/64
Дата25.04.2023
өлшемі1,64 Mb.
#86883
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64
Список использованной литературы: 
1. Об утверждении Государственной программы развития образования и науки 
Республики Казахстан на 2016–2019 гг. №205 от 1 марта 2016 г. 
2. «Основные направления обновления содержания среднего образования РК»
http://www.rusnauka.com/4_SND_2012/Pedagogica/4_100269.doc.htm 
3. Методические рекомендации по разработке и ведению занятий по предметам 
«Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» на английском языке. 
Ажигулова М.С. 
4. «Об информатике на английском» Джоджуа Ж. 


74 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖҤЙЕСІНДЕ МАТЕМАТИКАНЫ 
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ 
 
аға оқытушы, магистр Джакетова С.Д. 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 
 
 
Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі 
мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу.
Бұл тұрғыда ел Президенті Н.Ә. Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге 
қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім. Білім 
беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рӛл атқарады. 
Болашақта ӛркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай 
білім қажет. 
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың биылғы «Қазақстандық жол – 2050:
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміз дамуының 
барлық Стратегиялық бағыттарын жүзеге асыратын міндеттер қойылды. 
Республика болашағына бағдар беретін бұл жолдауда «XXI ғасырдағы 
дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»- 
деген. 
Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, 
әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын 
жетілдіру ең негізгі ӛзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған 
орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді 
дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік 
кӛрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, 
әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор. 
Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму 
деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, 
әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны 
қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз 
ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс. 
Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бӛлімнен 
тұратын жаңа құрылымы болып табылады. Солардың бірі Үштілділік 
саясатты іске асыру; 
Халықаралық қатынас тілі ретінде мойындалған ағылшын тілі 
бүгінде білім саласына дендеп енді. Себебі білімдегі жаңашылдықтар мен 
жаңа технологиялардың бәрі де ағылшын тілінде жүргізіледі. Әсіресе, 
ғылыми технологияға негізделген кітаптар мен жобалар да ағылшын 
тілінде жарық кӛруде. Мәселен, әлемде жылына жүз мың кітап шықса, 
соның сексен мыңы шет тілінде шығарылады. Демек, білімнің базасы - тіл 
біліміне байлаулы тұр. 


75 
Ағылшын тілін қызығушылық деп емес, қажеттілік деп түсінетіндер 
қатары кӛбейді. Әрине, бұл басымдықты шет тіліне бұру деген сӛз емес. 
Әйткенмен кӛштен қалмаудың жолы - тіл білу. 
Бірнеше жылдан бері Назарбаев Зияткерлік мектебі, Қазақ-түрік 
лицейлері мен Дарынды балаларға арналған мектептерде үштілділік 
сатысы білім процесіне енді. Бірақ қалай? Кӛптің кӛкейінде жүрген 
сауалдардың бірі де осы еді. Әсіресе, жаратылыстану пәндерін ағылшын 
тілінде жүргізу басы ашық сұрақ ретінде санада сақталып қалғаны рас. 
Қай кезде де реформаға тосырқай қарайтын қоғамның бұл 
алаңдаушылығы жылдарға жалғасты. Себебі күрделі компоненттерге 
құрылған химия, физика, биология, математика пәндерін ағылшын тілінде 
меңгерту тәуекелден бұрын, тәжірибені қажет етті.
Ағылшын тілін оқыту үдерісіне енгізудің артықшылықтары кӛп. Ең 
бастысы, үштілділік саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік туады, пәнаралық, 
пәнішілік кіріктірулер болады. Кәсіби желілік қауымдастық құрылады, 
баланың танымдық кӛкжиегі артады.
Жаңартылған білім мазмұнына кәсіби маман даярлау мәселесі 
бойынша Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық 
институты да жұмыс жүргізіп жатыр. Жаратылыстану және 
ақпараттандыру факультеті бойынша 4 мамандық кейбір пәндерді үш тілде 
меңгерсе, қалған мамандықтар ағылшын тілінде оқыту сияқты арнайы 
курстар жүргізуде. Соның бірі 5В010900-Математика мамандығының 2 
курс студенттері үшін «Математиканы ағылшын тілінде оқыту» атты 
арнайы курс жоспарланған. Курс 1 жыл бойы 2 семестерде жүргізіледі. 
Одан кейін кәсіби-бағытталған шетел тілі міндетті пәні жалғасын табады. 
Сол үшін математика мамандығынң студенттерін математиканың 
терминдерін ағылшын тілінде үйренуін керек.
Пән 4 кредит оқытылады, яғни 60 тәжірибелік сабақ жоспарланған.
Әр тәжірибелік сабақ математиканың бір тарауына арналған. Тарау 
бойынша математиканың негізгі символдары мен ұғымдары ағылшын 
тілінде оқытылады. 
Студенттерге математикалық термсиндермен ұғымдардың ағылшын 
тілінде оқылуы мен жазылуы ұсынылады. Бұл кезде студенттер жұппен 
немесе топпен жұмыс жасайды.
Оқылған материал бойынша студенттерге тапсырмалар беріледі. 
Солардың бірі жұбын табу немесе ұғымның анықтамасын беру.
Find the right options 
1 Obtuse angle 
a An angle whose measure is greater than zero degrees 
and less than 90 degrees 
2 Right angle:
b One angle measures greater than 90 degrees and less 
than 180 degrees 
3 Acute angle 
c A line that goes infinitely in both directions and 
measures 180 degrees 


76 
4 Straight angle 
d Angle that measures 90 degrees
5 Equilateral triangle 
e A triangle with at least two congruent (equal) sides 
6 Isosceles triangle 

A triangle that has no congruent (equal) sides 
Right triangle 

A triangle with three congruent (equal) sides and three 
equal angles 
7 Scalene triangle 

Has only one right angle (90 degrees) 
Келесі тапсырмалардың бірі Сурет бойынша немесе карточкамен 
жұмыс. Студенттерге сызбарлар беріледі. Сол сызбалар бойынша студенттер 
математикалық анықтаманы ағылшын тілінде айтып беруі керек. Тӛменде 
«Үшбұрыштар» тақырыбы бойынша дайындалған карточкалар. 
Working with cards. Make sentences on the topic studied. Working in pairs. 
 
 
 
 
 
Тәжірибе сабағында берілетін тапсырмалардың бірі мәтінмен жұмыс. 
Студенттергеағылшын тілінде математика тарихы немесе үғымы бойынша 
мәтін беріледі. Оны студенттер дауыстап кезекпен оқиды. Мысалы,
THE HISTORY OF GEOMETRY 
The first geometrical knowledge was originated fromthe practical needs of 
people in ancient times. People measured distances, made straight spears and 
arrows, compared their length, etc. Farming and constructing played a very 
important role in the development of geometry. People worked out the new rules 
of comparing figures, calculating some geometrical value and volumes and the 
rules necessary for the construction of buildings. These rules appeared in Egypt 
and a bit later in China and India approximately in the 12
th
century B.C. In other 
words the age of geometry is not less than 4 or 5 thousand years. 
Originally geometry was not a mathematical science though ancient 
Egyptians knew some facts of geometry such as the volume of a sphere, the 
Pythagoras theorem and some others. Geometry as a science got its further 
development in ancient Greece in the 7-5 century B.C. 


77 
Мәтін оқылғаннан кейін студенттерге қаншалықты түсінгендіктерін 
анықтау үшін сқрақтар ағылшын тілінде беріледі. 
1. The first geometrical knowledge appeared in 
a) Greece 
b) Egypt 
c) Japan 
2. Geometry was originated from 
a) the practical needs of people 
b) theoretical knowledge 
3. Geometry dates back to the 
a) 15 century B.C. 
b) 5 century B.C. 
c) 12 century B.C. 
4. The most important role in the development of geometry the following 
people’s activities played 
a) fishery 
b) farming and construction 
c) cattle breeding 
5. Geometry got its further development in 
a) Greece 
b) Middle Asia 
c) Arabic Countries 
Сӛзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру 
бағдарламасы бойынша математиканы ағылшын тілінде оқыту арқылы 
студенттер тілдік қорларын молайтады. Ағылшын тіліндегі ңылыми 
кітаптарды оқи алады. Студенттердің осы кезге дейін орыс және қазақ тілінде 
таппаған мәліметтерін ағылшын тілінде қол жеткізгендігі біз үшін үлкен 
ашылған жол болды. Алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету 
жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне 
жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның 
арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы 
жолында ӛзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, 
бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет