84
MICROSOFT ЕXCEL БАҒДАРЛАМАСЫНДА МАТЕМАТИКАЛЫҚ
ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ
аға оқытушы, магистр Шонгалова К.С.
«Информатика» мамандығының 4 курс студенті Мырзақҧлова Ж.Б.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Microsoft Еxcel - 1979 жылы екі экономист
студент Дэн Бриклин
және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға кӛмектесетін және
уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. олар тарихта бірінші рет
электронды
кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сӛзінен
қысқартылған VisiCalc (Кӛрсеткіш калькулятор) деп атады. сондықтан
барлық электрондық
кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel
программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты.
IBM және
Macintosh компьютерлерінде
жұмыс істейтін, ең озық
үлгілерді
ала отырып, бүгінгі заман талабына сай жасалған,
электрондық
кесте құрастыратын қолданбалы программа. Excel-дің соңғы нұсқаларында
график тұрғызу, күрделі функциялар арқылы есеп-қисап жүргізу және
бірнеше жұмыс кітаптарымен қатар жұмыс атқару сияқты мүмкіндіктер
кеңінен қолданылады. Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге
арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel. Ол
сандық
мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген.
Excel жай ғана бағдарлама емес, оны кӛптеген
математикалық
амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады.
Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып,
жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің кӛпжақтылығы тек
экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында
да кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: