Арқалық қаласы жаратылыстану пәндерін


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет40/64
Дата25.04.2023
өлшемі1,64 Mb.
#86883
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   64
Байланысты:
Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде окыту 30 11 2017 (1)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Байжұманов М. Қ., Жапсарбаева Л. Қ. Информатика. Астана – 2004 
2. Байшоланова Қ. С. Ақпараттық жүйелер теориясы. Алматы – 2002 
3. Балпанов Е. Қ., Бӛрібаев Б. Информатикадан 30 сабақ. Алматы – 1999
4. Исаев С. Ә., Мұхамади А. Н., Ахметова О. С. Компьютерлік технология 
негіздері курсына арналған практикум. Алматы – 2000 
5. Кушниренко А. Г., Лебедев Г. В., Сворень Р. А. информатика мен есемтеуіш 
техника негіздері. Алматы – 1998 
6. Хакимова Т. Компьютерлік ӛңдеудің әдістемелері. Алматы: «Ғылым» - 2002 
7. Халықова К. З. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы: «Білім» - 2000 


88 
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ӚНДІРІСТІК ОҚЫТУ 
САБАҒЫНДА ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ 
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУ 
 
аға оқытушы, магистр Ахатова Ж.Е. 
«Информатика» мамандығының 4 курс студенті Әбсҧлтанова М. 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық 
институты 
 
 
Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-
техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің ӛркениетті елдер 
қатарынан кӛрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ. 
ХХІ ғасыр информациялық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте-ақ 
Республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін 
ақпараттандыру ісі қолға алынды. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік 
технологияны енгізу, оны кең кӛлемде қолдануды қажет етеді. 
1. Білім беру ҥрдісін ақпараттандыру 
Оқытушы қызметінің негізгі мәні - ӛндірістік оқыту, тәрбиелеу, 
дамыту ғана емес, сол үрдістерді басқаруды шығармашылықпен 
ұйымдастыра білу. Ӛйткені, мұғалім еңбегінің бүгінгі нәтижесі қандай 
болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ. Мұндай адамды 
қалыптастыру қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты 
міндет. Әрбір жеке тұлғаның, бүкіл халықтың, бүкіл қоғамның тағдыры 
мұғалімнің еңбегінің нәтижесіне тікелей байланысты. Колледж 
оқытушылары ӛз қызметін шығармашылық бағытта ұйымдастыра білуі 
үшін, ең алдымен, ӛз қызметінің мәнін түсіне алуы - басты шарт. 
Ақпараттық – технологияларды пайдалану оқытушы мен білім 
алушылардың маңызды кәсіптік және анықтамалық ақпараттармен 
қамтамасыз 
етеді. 
Ақпараттық 

технологияларды 
пайдаланып 
интерактивтік сабақтарда оқытушы ұйымдастырушы, бақылаушы 
деңгейінде болып, білім алушылардың белсенділігі арта түседі. Мұндай 
сабақтарда оқытушы жұмысқа тікелей қатысқанымен, ӛз мүмкіндігін 
шектеп, студенттің белсенді болуына жағдай туғызуы қажет. 
Осы орайда ӛз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін 
алдыма мынадай мақсат қойдым: заман талабына сай білімді, білікті, 
дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға 
қалыптастыру. 
Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім: 
- студенттердің қабілеті мен талантын ашу; 
- шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру; 
- ӛз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу; 
- ӛз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу. 


89 
Қазіргі кезде білім алушылардың санасында, ой-ӛрісінде жалпы 
азаматтық, адамзаттық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік 
қасиеттерді қалыптастыру, болашақ кәсіп иелері тұлғасының даму 
барысын психологиялық жан-жақты және үздіксіз зерттеу, оның даралық 
ерекшеліктерін танып, дұрыс бағытта дамыту, әр түрлі әлеуметтік және 
моралдық психологиялық жағдайларда қолдау кӛрсету және қоғам ӛмірін 
ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында жаңа азаматты қазақтың 
ұлттық ӛнері арқылы калыптастыру мәселесінің маңыздылығы мен 
кӛкейкестшігі күннен күнге артып отыр. Сондықтан білім беру жүйесін 
реформалау саясатын, ең біріншіден, кәсіптік білім беру сияқты ӛмір 
талабына қойылатын сұранысқа сәйкес жүргізу, екіншіден, оку үрдісіндегі 
білім беру мен ұлттық тәрбие бірлігін сабақтастыра отырып, білімнің 
үйлесімділігімен катар әрбір білім алушылардың ерекшеліктерін ескеріп, 
кабілетіне, белсенділігіне сәйкес бағдар ұстау керек. 
Жеке тұлғаның дамуы әрекетшілдік және оқыту процесі кезінде ғана 
жүзеге асырылады. Баланың жеке басының дамуы әлеуметтік әрекетшілдіктің 
яғни ойнау, танымдық, еңбектік, қарым-қатынастық сияқты барлық негізгі 
түрлері кезінде табысты жүзеге асырылатыны баршамызға мәлім. 
Осыған қоса психологтар былай дейді, қандай болмасын 
әрекетшілдікпен дәлелді және әсерлі түтынушылық бағалары, және 
субьекті үшін осы әрекетшілдіктің пайдалылығы мен мүмкіндіктері бірге 
жүреді. 
Кәсіпке баулу барысында білім алушыларды адамгершілікке, 
іскерлікке, шеберлікке білімділікке тәрбиелеу, олардың дүниетанымын, 
дағдысын арттыру қазіргі күннің басты талаптары. 
Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне
республика мектептерін кӛтерудің тиімді жолы- білім беру саласын 
толықтай ақпараттандыру. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру 
жүйесін ақпарттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде 
анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. 
«Қазақстан-2030»стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық 
моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік 
білім беру кеңістігіне кіріктіруімен сипатталады 
Ақпараттық-технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім 
алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол 
ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер 
пайдасы аса мол. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі 
әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. 
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық-
технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап 
оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық 
деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды кӛздейді. 


90 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет