85
Excel даярлайтын құжат
Жҧмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы
жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс
парағының құрылымы кестенің
құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір
парақтың аты тӛменгі жағында орналасқан таңбашада кӛрініп тұрады.
Осы таңбашаның кӛмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны
тышқанның батырмасын екі рет басу арқылы ӛзгертуге болады. Әрбір
жұмыс парағы жолар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын
алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға
дейін
баған
санын
қамти
алады.
Бағандар
А-дан
ZZ
әріптерінің
комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін
нӛмірленеді. Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтар деп аталады.
Ол электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі болып
табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын
адресі болады. Мысалы: А9, D21, F5, G7, L16.
Әрқашанда ұяшықтардың
біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп
тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рӛлін атқарады және тышқанның
немесе басқару пернелердің кӛмегімен экранда жылжыта аламыз.
Мәліметтерді енгізу, пішіндеу және басқада іс-әрекеттер осы ағымдағы
осы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар
ауқымы деп атаймыз. Ауқымдар тік тӛртбұрыш қалыпты болады. Оларды
былай белгілейді: A7: E25. Мұндағы А7 – тік тӛртбұрыштың
сол жақ
жоғарағы, ал Е25 – оң жақ тӛменгі бұрыштары. Мәліметтер типі. Кестенің
ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз.
Ол мынадай типтер:
Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашқы
символына қарап анықтайды. Егер енгізілетін символдың біріншісі сан
болса, онда оны сандық типке жатқызамыз. Егер біріншісі теңдік белгісі
болса, формула деп қабылдайды. Егер бірінші символымыз әріп немесе
апостроф болса, мәтін деп қабылдайды. Мәліметтерді енгізу Enter пернесін
басумен жүзеге асырылады. Енгізілген мәліметтерді
енгізбей алып тастау
үшін немесе ұяшықтың бастапқы мәндерін қалпына келтіру үшін esc
пернсін басамыз немесе формулалар жолындағы Болдырмау (отмена)
батырмасын шертеміз. Excel-де енгізілген сандық мәліметтер автоматты
түрде ұяшықтардың оң жақшетіне орналасады. Сандық пішімде.
Экономикалық есептерде санның үш түрлі пішімде жазылуы
қолдананылады: кәдімгі сандық пішім, қаржылық және мерзімдік. Кәдімгі
сандық пішім әр түрлі сандқ шамаларды жазуға арналған. Мысалы:
қайсыбір тауардың санын, пайзын жас мӛлшерін және т.б. Ақша сомасын
енгізу қаржылық пішімде жүзеге асырылады. Уақыт мезгілін жазу үшін
мерзімдік пішім пайдалынылады. Мәтіндік пішім. Мәтіндік пішім мәтіндік
жолдар мен цифрмен кӛрсетілген сандық емес мәліметтерді жазу үшін
қолданады. Бұларға жататындар: регистрациялық нӛмірлер, поштаның
индексі, телефонның нӛмірі. Ағымдағы ұяшықтың немесе ерекшеленген
86
ауқымдығы
мәлдіметтердің
пішімін
ӛзгерту
үшін
Пішім
>
Ұяшықтар(Формат > Ячейки) командасын пайдаланады.
Ашылған
Ұяшықтарды
пішімдеу
(Формат
ячеек)
сұхбат
терезесіндегі
қыстырмалардан мәліметтердің жазылу пішімін таңдап алады. Сол
терезеде мәтіннің бағытын кӛрсетіп, оны түзеу, қарпін ӛзгерту,
символдардың жазлуын, фонның түсін, жақтаудың түрін анықтайтын
параметірлерді енгізуге болады. Excel програмысының кестесіндегі
есептеулер формулалардың кӛмегімен жүзеге асырылады. Формулалар
тұрақты сандардан, ұяшықтарға сілтеме
мен Excel функцияларынан
тұрады. Егер ұяшықтарға формулалар енгізілген болса, онда жұмыс
парағында осы формуланың есептеу нәтижесі белгіленіп тұрады.
Ұяшықтағы сандық нәтижені емес, оған енгізілген формуланы кӛру үшін
сол ұяшықты ерекшеп алып, формулалар
жолында бейнеленген жазуға
кӛзсалу керек. Ұяшықтарда адрес кӛрсетіледі оны ұяшықтарға сілтеме деп
атаймыз. Есептеу нәтижесі формуладағы пайдалынылған ұяшықтарға
тәуелді болады. Тәуелді ұяшықтағы мәндер бастапқы ұяшықтағы
мәндердің ӛзгеруіне байланысты ӛзгеріп тұрады. Ұяшықтарға сілтемені әр
түрлі тәсілдермен беруге болады:
• біріншіден, ұяшықтың адресін қолмен теруге болады;
• екінші тәсілі қажетті ұяшыққа тышқанмен шерту арқылы
ерекшелеп енгізуге болады. Салыстырмалы сілтеме. Формулаларды бір
ұяшықтан екіншісіне кӛшіргенде нәтиже
қандай болатыны сілтеменің
адрестеуіне тікелей тәуелді. Кәдімгі жағдайда формуладағы ұяшықтарға
сілтеме салыстырмалы болып табылады. Бұл формулаларды бір ұяшықтан
екінші ұяшыққа кӛшіргенде сілтеменің адресі автоматты түрде ӛзгереді
деген сӛз. Мысалы: В2 ұяшығында одан бір жол солға қарай және тӛмен
орналасқан А3 ұяшығына сілтеме орналассын. Егер осы формула
кӛшірлсе, онда сілтеменің салыстырмалы кӛрсеткіші сақталады. Мысалы:
А9, D25, F5 салыстырмалы сілтеме болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: