Арқалық қаласы жаратылыстану пәндерін


Сарапшылардың пайымдауынша, электронды оқытудың бҧдан басқа



Pdf көрінісі
бет43/64
Дата25.04.2023
өлшемі1,64 Mb.
#86883
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   64
Байланысты:
Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде окыту 30 11 2017 (1)

Сарапшылардың пайымдауынша, электронды оқытудың бҧдан басқа 
мынандай артықшылықтары бар: 
1. Кез келген уақытта, яғни «24/7/365» қағидасы бойынша оқу. 
2. Білімнің әлемнің кез келген нүктесінде қолжетімді болуы. 
3. Бүкіләлемдік білім қорын пайдалану. 
4. Кез келген ақпараттың жылдам табылуы. 
5. Оқу барысын тиімді ұйымдастыру мүмкіндігі. 
6. Оқу барысын автоматтандыру. 
7. Оқу барысында мультимедианы пайдалану. 
8. Ӛз бетімен білім алуға ыңғайлылық. 
9. Күнделікті ӛмірге қажетті компьютерлік сауаттылықтың қалыптасуы. 
10. Қазіргі жастардың менталитетіне сәйкес болуы және т.б. 
Ал бҧл мәселенің шет елдерде орындалу барысы қандай 
Электронды оқытудың жоғарыда айтқандай артықшылықтарын 
байқаған әлемнің дамыған елдері, әсіресе, жиырмасыншы ғасырдың соңғы 
және жиырма бірінші ғасырдың алғашқы онжылдықтарында бұл мәселеге 
ерекше мән беріп отыр. Атап айтқанда, электронды оқыту бойынша 
Еуропалық одақ 2001 жылы 28 наурызда «Электронды оқыту — 
болашақтағы білім беруді негізі», «2000-2010 жылдарда білім беруді 
дамыту жайлы Лиссабон стратегиясы», «2004-2006 жылдарда ақпараттық 
технологияны білім беру саласына кіріктіру жайлы бағдарлама (e-learnіng 
programme)», «2007-2014 жылдарға арналған бүкіл ӛмір бойы оқу 
бағдарламасы (lіfelong learnіng programme — LLP)» атты құжаттар 
қабылдады. Сол сияқты, мұндай бағыттағы құжаттар АҚШ, Ұлыбритания, 
Канада, Қытай, Австралия, Сингапур, Жапония, Жаңа Зеландия, 
Финляндия, Ирландия және осы сияқты дамыған немесе дамушы отыздан 
аса елдерде де қабылданды. 


94 
Қазақ елі әлемдік деңгейдегі мұндай ауқымды шаралардан тыс қала 
алмайтыны анық. Оның екі үлкен себебі бар. Біріншіден, қалай болғанда да 
ақпараттық технологияның негізі компьютер алғаш рет 1943 жылы
(1943 — жылы алғаш рет «Марк-1» деген компьютер ӛмірге келді) адамзат 
ӛркениетінің есігін ашса, бұл күнде ол лампалы есептеу машиналары, 
транзисторлы ЭЕМ, интегралды ЭЕМ, үлкен интегралды ЭЕМ, ӛте үлкен 
дәрежедегі сызбалы ЭЕМ деген кезеңдерден ӛтіп ӛзінің бесінші буынын 
ӛмірге әкелді. Сонымен бірге ол басқа да техникалық құралдармен толыға, 
дами, жетіле келе ақпараттық технология деген үлкен атаумен адамзат 
ӛркениетінің тӛрінен нық орын алды. Сондықтан оны ескермеу, елемеу 
мүмкін емес. Жалпы, ӛркениет кӛшіне ілеспегеннің, оның даму барысына 
сергек қарамағанның жағдайының қандай болатындығын кӛне тарих талай 
рет кӛрсетті. Екіншіден, біздің елімізде 2015 жылға дейін жалпы құны
80 миллиард болатын 500 инновациялық жоба іске асып 200000 аса жұмыс 
орны ашылмақ. 
Білім саладағы жұмыстардың үлкен бір бағыты электронды оқыту 
бойынша Білім және ғылым министрлігінің қолға алған ауқымды 
шаралары да кӛңілді қуантады. Атап айтқанда, ӛткен он жылда бұл 
бағыттағы іс-шаралардың құқықтық негізі айқындалды, республика 
мектептерінде бір компьютерге 16 оқушыдан (ауылдық жерлерде 18 
оқушыдан) болатын жағдайға қол жеткізілінді, интернет желісіне 
мектептердің 98 пайызы қосылды (ауылдық жерлерде 97 пайыз), кең 
жолақты интернетке 37,3 пайыз мектеп қосылды, интерактивті 
тақталармен 3571 мектеп жабдықталды, он-лайн сабақтары 2007-2008 оқу 
жылдан бастап ӛткізілініп келеді және т.б. 
Биыл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Бақытжан 
Жұмағұловтың ұйғарымымен еліміздің үш аймағында Астана, Алматы 
қалалары мен Қарағанды облысындағы 44 білім беру мекемелері 
педагогтарының электронды оқыту мәселесі бойынша біліктілігі жетілдірілді 
және ол мекемелер қажетті техникамен қамтамасыз етіледі. Оны «Білім беру 
жүйесі басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын 
республикалық институт» ғалымдары жергілікті мамандары қатыстыра 
отырып, іске асырды. Биылғы жылы шектеулі ғана аймақтың, аз санды білім 
мекемелерінің ғана қамтылуының себебі 
тыңдаушыларды оқыту 
бағдарламаларының мазмұнын, біліктілікті арттыратын мамандардың білім 
деңгейін байқап кӛру. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жинақталады, 
жүйеленеді, қорытындалады. Соның негізінде алдымыздағы жылдан бастап 
электронды оқыту мәселесі жаңа серпінге ие болады. Атап айтқанда, 2012 
жылы 536 білім беру мекемесі, 2013 жылы 926 білім беру мекемесі, 2014 
жылы 1317 білім беру мекемесі, 2015 жылы 1311 білім беру мекемесі 
электронды оқытуға кӛшеді деп жоспарланып отыр. 


95 
Бір ғұлама «Адамның табиғаттағы әрбір жеңісі қымбатқа түседі» 
деген екен. Сол тұрғыдан қарағанда, «элек-тронды оқытуда адамдардың 
қимыл 
қозғалысы 
азаяды, 
ӛзгенің 
мұң-мұқтажын 
түсінбейтін, 
айналасындағылардың жан қиналысын сезіне бермейтін, жүрегі селт 
етпейтін ұрпақ, яғни адами қасиеттерден тыс, нақты ӛмірден алыс, 
тұрпайы ойлы «электронды ұрпақ» қалыптасуы мүмкін, оқушымен тікелей 
қарым-қатынас жоқ, яғни оқыту барысында оның кӛңіл күйін, сабаққа 
деген ынтасын ескеру мүмкін емес, интернеттегі барлық материалдар 
жақсы емес, интернет пайдаланушылардың қандайда пайызы оған тәуелді 
болып қалады екен және т.б.» деген пікірлер де жоқ емес. Алайда мұндай 
жағдайлардың қауіптілігі, адамзат баласы жабайы жылқыны қолға 
үйреткенде де, жылқыны қойып машинаға отырғанда да, суық үңгірден 
жылы үйге енгенде де және осындай миллиондаған жетістіктердің бәрінде 
де айтылған. «Осылай айтылды екен» деп біріншіден, ешкім де кері 
жүрмеген, екіншіден, мұндай ауқымда шараларда болмай қоймайтын 
жекелеген кемшіліктерді жоюдың жолдары табылған. 
Интернеттегі ана мен бала сайтында мынандай кеңес берілген:
«3-4 жастағы дені сау балалар үшін күнделікті компьютерді пайдалану 
уақыты 10-15 минуттан, 5-6 жастағы балалар үшін 20-30 минуттан, 7-8 
жастағы балалар үшін 40-60 минуттан, 9-12 жастағы балалар үшін 60-90 
минуттан аспауы керек». Сол сияқты, «ересек адамдарға да компьютер 
алдында тәулігіне бес сағаттан артық отыруға болмайды» деген сияқты 
тұжырым бар. Бұл жағдайларды әлі де зерттеу керек және оның нәтижесіне 
қарай интернетке қол жеткізуге белгілі бір шектеулер қоятын 
бағдарламаларды (мысалы, қазір әлем елдерінде қолданылып жүрген 
«Кибер-мама» бағдарламасы) немесе интернетті толық болмағанмен де 
оның қызметін шектеуге арналған заң (мысалы, Қытайдағы «Алтын 
қалқан» заңы) арқылы реттеуге болады деп ойлаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет