95
Бір ғұлама «Адамның табиғаттағы әрбір жеңісі қымбатқа түседі»
деген екен. Сол тұрғыдан қарағанда, «элек-тронды оқытуда адамдардың
қимыл
қозғалысы
азаяды,
ӛзгенің
мұң-мұқтажын
түсінбейтін,
айналасындағылардың жан қиналысын сезіне бермейтін, жүрегі селт
етпейтін ұрпақ, яғни адами қасиеттерден тыс, нақты ӛмірден алыс,
тұрпайы ойлы «электронды ұрпақ» қалыптасуы мүмкін, оқушымен тікелей
қарым-қатынас жоқ, яғни оқыту барысында оның кӛңіл күйін, сабаққа
деген ынтасын ескеру мүмкін емес, интернеттегі барлық материалдар
жақсы емес, интернет пайдаланушылардың қандайда пайызы оған тәуелді
болып қалады екен және т.б.» деген пікірлер де жоқ емес. Алайда мұндай
жағдайлардың қауіптілігі, адамзат баласы жабайы жылқыны қолға
үйреткенде де, жылқыны қойып машинаға отырғанда да, суық үңгірден
жылы үйге енгенде де және осындай миллиондаған жетістіктердің бәрінде
де айтылған. «Осылай айтылды екен» деп біріншіден, ешкім де кері
жүрмеген, екіншіден, мұндай ауқымда шараларда болмай қоймайтын
жекелеген кемшіліктерді жоюдың жолдары табылған.
Интернеттегі ана мен бала сайтында мынандай кеңес берілген:
«3-4 жастағы дені сау балалар үшін күнделікті компьютерді пайдалану
уақыты 10-15 минуттан, 5-6 жастағы балалар үшін 20-30 минуттан, 7-8
жастағы балалар үшін 40-60 минуттан, 9-12 жастағы балалар үшін 60-90
минуттан аспауы керек». Сол сияқты, «ересек адамдарға да компьютер
алдында тәулігіне бес сағаттан артық отыруға болмайды» деген сияқты
тұжырым бар. Бұл жағдайларды әлі де зерттеу керек және оның нәтижесіне
қарай интернетке қол жеткізуге белгілі бір шектеулер қоятын
бағдарламаларды (мысалы, қазір әлем елдерінде қолданылып жүрген
«Кибер-мама» бағдарламасы) немесе интернетті толық болмағанмен де
оның қызметін шектеуге арналған заң (мысалы, Қытайдағы «Алтын
қалқан» заңы) арқылы реттеуге болады деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: