Арқалық қаласы жаратылыстану пәндерін


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет46/64
Дата25.04.2023
өлшемі1,64 Mb.
#86883
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   64
Байланысты:
Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде окыту 30 11 2017 (1)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1. Қазақстан Республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандарты. Жалпы білім. Алматы, РОНД, 2002. – 360 б. 
2. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, 2007 
3. Бастауыш сыныпта оқыту тиімділігін арттырудағы мультимедиалық 
технология құралдарының маңызы //«Білім беру жүйесін трансформациялау 
тұрғысындағы әлемдік білім саясаты» Халықаралық ғылыми-практикалық 
конференциясының материалдары. – Алматы-Москва, 2006. –Т.2. 135-140 б. 
4. 
Сенокосов. 
А.И. 
Информатика 
для 
любознательных. 
Москва 
2006 «Просвещение» 
5. О.Б. Воронкова Информатика: методическая копилка преподавателя Ростов-
на-Дону. Феникс-2009 
6. Шлыкова О.В. Культура мультимедия: учебное пособие М.,2009 
ҤШТІЛДІЛІК БІЛІМ БЕРУ – ЖОҒАРЫ БІЛІКТІ МАМАН 
ДАЯРЛАУДЫҢ БАСТЫ ШАРТЫ 
 
Жусупова А.Б. 
«№10 жалпы орта білім беретін мектеп» ММ 
 
 
Білім беру кеңістігінде емін-еркін ақпарат алмасу, қажетті 
мағлұматтарды меңгеру үшін тілдерді жетік меңгеру қажет екендігі бәрімізге 
мәлім. Ғылым мен техника қарыштап дамыған бүгінгі таңда, әсіресе, 
ағылшын тілін меңгермеген маман алысқа бара алмайтыны айқын. Білім 
алушыларға үшітілдік білім беру заман талабынан туындап отыр. Тілді жетік 
меңгерген маман еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болады. 
Үштілдік білім беру – жоғары білікті маман даярлаудың басты шарты 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, 
бір болашақ» Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын халық ыстық 
ықыласпен қабылдады. Алдағы уақытта Жолдауда кӛрсетілген басым 
бағыттар бойынша нақты іс-шаралар жүзеге асырылатыны сӛзсіз. Елбасы 
Жолдауы мемлекетіміздің 2020 жылға дейінгі дамуының бағыт-бағдарын 
анықтайды, онда келесі онжылдықта еліміздің әрі қарай дамуына жол 
ашатын нақты міндеттер мен басымдықтар кӛрсетілген. 
Мемлекет басшысы әр қайсысымыздың еліміздегі ахуалды 
жақсартуда күш-жігерімізді жұмылдыруға, экономикалық және әлеуметтік 
салалардағы мәселелерді шешуге шақырады. 
Жолдауда айқын кӛрсетілген басым бағыттардың білім беру саласын 
халықаралық стандарттарға сай дамыту мәселесі. Елбасы болашақта орта 
білім беру жүйесінің Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту 
деңгейіне жеткізілетінін қадап айтты. Аталған мектептердің білім беру 


101 
үдерісі ұлттық негізде халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып жүзеге 
асырылады. Білім беру мен денсаулық сақтау саласын ӛркендетудің, 
тілдерді дамытудың, мемлекеттік тілдің дамуының басым бағыттары 
ретінде алдағы онжылдықта елдегі мемлекеттік тілде сӛйлейтін азаматтар 
санын 95 пайызға артуы тиістігін ертеңнен емес, бүгінгі күннен бастау 
алатынын аңғартты. Сонымен қатар: «...Мектеп түлектері қазақ, орыс және 
ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың 
сындарлы ойлау, ӛзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын 
игеру болуға тиіс» екендігін ерекше атап кӛрсетті. Яғни, білім алушылар 
қазақ, орыс тілдерімен қатар ағылшын тілінде де еркін сӛйлейді. Басты 
мақсат – кӛптілді және кӛп мәдениетті маман қалыптастыру. 
Бүгінде үш тілді еркін меңгеру уақыты талабы екені айқын. Сыни 
тұрғыда ой қорытып, ғылыми-зерттеу жұмысқа бейім, жан-жақты білімді 
маман еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болары сӛзсіз. Біз шетелде 
қандай білім беріліп жатыр, қандай технологиялар пайдалануда деген 
қызығушылықпен кӛптеген жастарды шетелге білім алуға жібердік. Сол 
шетелден білім алып келген жас мамандарды оқу орындарында 
пайдаланып, білімнің сапасын, беделін кӛтеруіміз керек. Шетелдік озық 
технологиялар мен әдіс-тәсілдерді ӛзіміздің ұлтттық ерекшеліктерімізге 
сәйкес пайдалана білуіміз қажет. 
Мемлекет басшысы әлеуметтік салаға да ерекше назар аударып, 
білім алушылардың шәкіртақысы, денсаулық, білім, әлеуметтік қорғау 
және мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы, мүгедектерге және 
асыраушысынан 
айрылғандарға 
тӛленетін 
жәрдемақылардың 
арттырылатынын атап айтты. Елбасының «Мәңгілік ел» жалпыұлттық 
идеясын паш етуі тұғыры биік тәуелсіз еліміздің рухын асқақтатып, ұлы 
мақсаттарға жетелейтіні айқын. 
Елбасының Қазақстан Халқына кезекті «Қазақстан жолы – 2050: 
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы мемлекетіміздің дамыған 30 
елдің қатарына енуіне жаңа серпіліс береді. 
Президентіміз 
Н.Ә.Назарбаев дамудың болашақтағы басым 
бағыттарын кӛрсетті, ары қарай оның дамуы, оның іске асуы еліміздің әр 
азаматына байланысты. 
Елбасы айқындаған басым бағыттарды толыққанды жүзеге асыру 
үшін С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде 
қабылданған «Медициналық ЖОО бакалаврларына арналған үш тілді білім 
беру бағдарламасы» үштілді оқытудың жаңа концептуальды бағдарламасы 
ретінде студеттердің мемлекеттік, орыс және шетел (ағылшын) тілдерінде 
еркін сӛйлесуге мүмкіндік беретін, тілдік ортаның қалыптасуына 
бағытталған. 
Кӛптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына 
жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, ӛз қабілетін танытуына 
мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман 


102 
талабы. Негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік 
анықтауға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. 
Үштілдік туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 
білім және ғылым саласы қызметкерлерінің III съезінде сӛйлеген сӛзінде: 
«Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. 
Ал орыс тілін жақсы білу – біздің байлығымыз» десе, 2007 жылғы «Жаңа 
әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде 
халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. 
Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі және 
ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген 
болатын. Соған орай тілдер және менеджмент факультеті, шетел тілдері 
және аударма ісі кафедрасында кӛптеген аудандардан келген ұстаздар ӛз 
білімдерін жетілдірді. Курстың бірінші деңгейінде 118 ұстаздар білім 
алып, ӛз жұмыс орындарына қайтып оралды. Ағылшын тілінен алған 
білімдерін 
ӛздерінің 
күнделікті 
сабақтарында 
ойдағыдай 
қолданатындарына сенімдіміз. Оқыту барысында ұстаздарды тәжірибе 
алмасу мақсатында Орал Қазақ-Түрік лицейінің физика, химия, биология, 
информатика пәндерінің сабақтарына қатыстырылды. Курс соңында білім 
алған ұстаздар кафедраның оқытушыларына ризашылықтарын білдіріп, 
алғыстарын жолдады. Жалпы ұстаздарға ӛте қызықты ӛтті. 
Ағылшын тілі – әлемдік бизнес тілі, мемлекеттік тіл – ұлт тілі. 
Мемлекеттік тілде сӛйлеу – әрбір Қазақстан азаматының борышы. 
Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны 
түсіне білу керек деп ойлаймын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет