Аралық бақылау №1 Сұрақтары: Тірек-қимыл жүйесінің жалпы сипаттамасы


Ретикулярлық формацияның, лимбиялық жүйенің физиологиялық рөлі



бет11/24
Дата20.02.2023
өлшемі141,06 Kb.
#69635
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
14. Ретикулярлық формацияның, лимбиялық жүйенің физиологиялық рөлі.
Ретикулярлы құрылым – вестибулярлы ядро мен қызыл ядро нейрондары секілді, ақпаратты – мидың қыртысты бөлімінен алып мишықпен тығыз байланыста болад. Яғни мишықтағы жарты ақпарат сопвқша мидың нейрондарына жетсе, ал шатыр ядроларындағы ақпарвт көпірде орналасқан нейронға жетеді. Сондықтан, ретикулярлы құрылым дене қалпын реттеуге қатысады.
Ретикулярлық құрылым – бейспецификалық сенсорлық ағымының коллекторы болғандықтан, ол осы ақпарат негізінде, бұлшық ет белсенділігінің реттелуіне қатысады. Алғаш рет, голландық физиолог Р. Магрус зерттеген, сондықтан статикалық рефлекстерді – Магнус рефлекстер деп те атайды.
15. Аралық мидың физиологиялық рөлі.
Аралық ми құрамына көру төмемпегі - таламус, төмпек асты аймақ - гипоталамус және төмпек қосалқысы - эпиталамус енеді.
Көру төмпегі мидың ең көне бөлігі. Оны мидың негізгі ақпараттық орталығы деп есептейді. Көру төмпегінде сұр заттан түзілген көптеген ядролар шоғырланады. Таламус құрамына енетін имек денеге көру және есту анализаторларынан бағытталған импульстер келеді. Үлкен ми жарты шарларына бағытталған барлық афференттік импульстер (иістік импульстерден басқа) көру төмпегі арқылы өтеді, осыдан ол афференттік импульстер қақпасы болып есептеледі. Таламус ядроларында жанасу, пропиро-, термо-, ауырсынту, дәм сезу рецепторларынан бағытталған импульстер тоғысады, сондықтан көру төмпегі зақымданса рецепция (рецепторлардың тітіркенуін қабылдау) бұзылады, қатты ауырсыну түйсігі пайда болып, кейде сезімталдық тіпті жойылып кетеді.
Таламус тек афферентік импульстерді мидың жоғарғы бөлімдеріне бағыттайтын құрым ғана емес, сонымен қатар онда белгілі дәрежеде әртүрлі тітіркеністерді талдау, жинақтау процестері де жүреді. Дегенмен, таламус деңгейіндегі жіктеу қарапайым және үстіртін келеді.
Таламус бұлшық еттің икемділік тонусын реттеуге де қатысады. Миды таламустың алдынан тіліп тастаса, бұлшық ет тонусы күшейіп, еттің икемділігі тым жоғарылап кетеді де, құс еріксіз берілген кейіптен шыға алмай қалады.
Эпиталамуста иіс сезу орталығы мен ішкі секрециялық без - эпифиз орналасады.
Гипоталамус - көлемі жағынан гипоталамус кішкентай ғана құрылым болғанымен, көптеген ядролардан тұрады.
Гипоталамус ОЖЖ-ің барлық бөлімдерімен тығыз байланысқан. Оның эфференттік жолдары көру төмпегімен, гипофизбен, ортаңғы және сопақша мимен және аксондары вегетативтік жүйкелердің түйін алды талшықтарын түзетін торшалармен жалғасады. Гипоталамус вегетативтік функцияларды реттеуде, симпатикалық және парасимпатикалық реакциялардың атқарылуында маңызды орын алады. Гипоталамус дене температурасын реттеуге қатысады. Гипоталамусте белоктың, майдың, көмірсулардың, су мен минералды заттардың алмасуын реттейтін орталықтар орналасады. Мидың бұл құрылымы вегетативтік жүйке жүйесінің, ішкі секреция бездерінің және нейрогуморальдық механизмдердің жоғары деңгейлі үйлесімін қалыптастырады.
Гипоталамус түрлі эмоцияларды, организм мен сыртқы орта арасындағы байланысты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Қазіргі кезде оның жыныстық және агрессивті қорғаныс рефлекстеріне қатысы анық дәлелденген. Гипоталамус аймағында тояттау, ашығу орталықтары орын тебеді.
Гипоталамус гипофизбен өте тығыз морфологиялық және функциялық байланыста болады, сондықтан оларды гипоталамус-гипофиздік жүйеге біріктіреді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет