Аралық бақылау №1 Сұрақтары: Тірек-қимыл жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет12/24
Дата20.02.2023
өлшемі141,06 Kb.
#69635
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Байланысты:
ФИЗИО 2 сем РК1

16. Ми қыртысы.
Ми қыртысы, – үлкен ми сыңарларының сыртын жауып тұратыннейронның сұр затынан түзілген қабат.

  • Сұр заттың қалыңдығы 1 – 5 мм-дей. Мидың бұл бөлігі эволюциялық даму барысының соңғы кезеңінде пайда болып, жоғары дәрежелі жүйке жүйесі қызметін жүзеге асыруда өте маңызды рөл атқарады.

  • Адамның Ми қыртысының 95,6%-ы осы неопаллиумнан түзіледі. Ми қыртысының құрылысы мен ондағы нейрондардың орналасу реті оның әрбір бөлегінде әр түрлі болады. Мұны Ми қыртысының цитоархитектоникасы деп атайды. Ми қыртысының қалыңдығы 1,3 – 5 мм-дей. Ми қыртысы шамамен 10 – 14 миллиард нейрондардан тұрады. Олардың әрқайсысы мыңдаған басқа нейрондармен синапс арқылы байланысқан. Олардың пішіні әр түрлі: пирамидажұлдызұршық, тағы басқа тәрізді болады.

  • Адам Ми қыртысының ең жақсы жетілген қатпарларында нейрондардың алты қабатын ажыратуға болады:

    • молекулалы қабатта ұсақ клеткалар мен көптеген нейрон өсінділері байқалады;

    • сыртқы дәнді қабатты пирамида және жұлдыз тәрізді нейрондар құрайды;

    • ең қалың пирамидалы қабат (мөлшері 10 – 40 мкм), пішіні пирамида тәрізді нейрондардан тұрады; 4) ішкі дәнді қабат ұсақ жұлдыз пішінді нейрондардан түзіледі;

    • ішкі пирамидалы қабат пирамида пішінді ірі нейрондардан тұрады. Мұны орыс ғалымы В.А. Бец (1834 – 94 жылдары) ашқан, сондықтан бұл қабатты кейде Бецқабаты деп те атайды;

    • полиморфты қабат көп пішінді әр түрлі мөлшердегі нейрондардан түзіледі. Сондай-ақ Ми қыртысының құрылымдық бірлігіне нейроглиялар да жатады.

Ми қыртысы мидың басқа бөлімдерімен өте тығыз байланыста болады. Ми қыртысында барлық сезім органдарының соңғы орталықтары орналасқан. Мұнда сыртқы ортадан және организмнің өзінің ішкі ортасынан келген түрлі тітіркендіргіштер талданып, оларға жауап қайтарылады. Адамның сөйлеуі мен ойлауы үлкен ми сыңарларындағы Ми қыртысының барлық бөліктерінің қатысуымен ғана жүзеге асады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет