12. Сопақша мидың, вароли көпірінің функционалдық маңызы. Сопақша мидың нейрон шоғырлары (жүйке орталықтары) адамның өмірін қамтамасыз етуде үлкен орын
алады. Оған тыныс, қан тамырларын тарылтып кеңітетін, жүрек соғу-
ын баяулатып сирететін (тежейтін) тіршіліктік орталықтар жатады. Бұлардың қайсысы бұзылса да адам өледі. Сопақша мида сондай-ақ көптеген қорғаныс (жас шығару, кірпік қағу, жөтелу түшкіру, тер шығару) және ас қорытуға қатысы бар (шайнау, жұту, сілекей шығару, қарын сөлі мен ұйқы безі сөлін шығаратын және құсу) рефлекс орталықтары бар. Бұл орталықтардың да өмірді сақтауда маңызы аз емес. Мәселен, эмбрион сатысында жұту орталығы дамымай қалса бульбарлық паралич) жаңа туған бала анасын емгенмен аузындағы сүтін жұта алмайды, Сүт өңеш арқылы қарынға бармай тыныс жолы арқылы өкпеге құйылады да, бала өкпесі қабынып және ашығып өледі. Сопақша мидың мойын және көз еттерінің тонусын өзгертетін көптеген қозғалтқыш ядролары көпір және ортаңғы мимен бірге статикалық және статокинетикалық (вестибулярлық) рефлекстерге қатысады Сопақша мидағы торлы құрылым екі түрлі қызмет атқарады: а) жұлын қызметін күшейтіп не әлсірететін төмен қарай бағытталған әсер;
б) ортаңғы мидың торлы құрылымымен бірге мидың басқа бөлімдерінің
қызметін күшейтетін жоғары жаққа қарай бағытталған әсер.
Сопақша мидың қызметін ми қыртысы реттейді.
Воролий көпірінің қызметі осы күнге дейін толық анықталмаған. Көпір құрамында ақ зат көп. Сондықтан оның ең басты қызметі жүйке серпіністерін өткізу. Ақ зат негізінен жұлынның жоғары өрлеуші және мидың жұлынға қарай (төмен) құлдыраушы жолдары.
Ақ заттар аралығында бөлек-бөлек нейрон шоғырлары жайылған.
Бұлардың ішінде бас сүйек-ми жүйкелерінің V, VI, і ядролары, көлденең жолақ еттерді ширықтыруға қатысатын рефлекс орталықтары, ұйықтау және ұйықтамау (сергек болу) тәртібін реттейтін торлы құрылым нейрондары бар. Бұлармен қа-тар көпірде дем
алуды дем шығару үрдісімен алмастырып тұратын пневмотаксис орталық пен тыныс орталығында зат алмасуын реттейтін апнейзистік орталық орналасқан.