25. Парасимпатикалық нерв жүйесі, орталықтардың шоғырлануы, ішкі органдарға әсері. ЖЖ-нің вегетативтік бөлімі мәні бойынша аралық болып табылады.Оның өзі симпатикалық және парасимпатикалық нейрондар болып бөлінеді. Симпатикалық нейрондарға мойын, көкірек және бел бөлімдерінде орналасқан. Соған қарай бірнеше орталықтар айта кетсек қарашық рефлексі, жүрек, бүйрек жұмысы және сілекей бөлу орталықтар осында орналасқан. Ал парасимпатикалық нейрондар сегізкөз бөлімінде орналасқан. Яғни, осындағы жамбас бөлігінің мүшелерін қамтиды. Қалған қаңқа бұлшықеттер мойыннан бастап аяқ ұшына дейінгі орталықтар жұлынның барлық бөлімінде бар. Парасимпатикалық жүйке жүйесі орталық, яғни преганглионарлы нейрондары ортаңғы және сопақша ми мен жұлынның люмбосокралды бөлімінде орналасқан. Ортаңғы мида 2 парасимпатикалық ядро орналасқан, олар ІІІ жұпқа жатады – Якубович – Вестфалия – Эдингер ядросы (қарашық сфинктерінің жүйкелендірілуі) мен оның бір бөлігі – Перлей ядросы (көздің кірпікшелі бұлшық етінің ядросы). Сопақша мида бас ми жүйкелерінің 7,9,10-жұп парасимпатикалық ядролары бар. 7-жұптың парасимпатикалық ядролары мұрын қуысының шырышты бездерін, жас бездерін жүйкелендіреді. Және chordae tymponi арқылы – тіл асты жәе жақ асты сілекей бездерін жүйкелендіреді. 9 – жұптың парасимпатикалық ядролары құлақ маңы бездерін жүйкелендіреді. 10-жұптың (вагустың) парасимпатикалық ядролары – ең мықтыларының бірі болып табылады. Ол мойын, кеуде және құрсақ қуысындағы ағзаларды жүйкелендіреді. Жұлынның белдік-сакральді бөлімінде несеп шығару, дефекация және эрекция орталықтарын құрайтын парасимпатикалық нейрондар орналасқан. Дененің барлық тамырларының парасимпатикалық талшықтары болмайды. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің ганглилері мүше қабатында орналасқан, сондықтан преганглионарлы талшықтар ұзын да, ал постганглионарлы талшықтар – қысқа болып келеді. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің преганглионарлы талшықтарының медиаторы болып – ацетилхолин табылады. Парасимпатикалық жүйенің тиімділіктері: жүректе жиіліктің, күштің, өткізгіштіктің, қозғыштықтың тежелуін, ГАМҚ бронхтарында белсендіруге, кеңірдек пен бронхтардың шырышты жасушаларының белсендіру, АІЖ шырышты жасушаларын-белсендіру, АІЖ сфинктері мен қуықтың сфинктеріне босаңсыту, детруссор қуықтың бұлшық етін белсендіру, қарашық сфинктерін – белсендіру, көздің кірпікшелі бұлшық етін – белсендіру (көздің жарықсындыру қасиеті жоғарылайды), жыныс ағзалары тамырларының қан толуының жоғарлануын, сілекей бездерінің белсенуі, жас сұйықтығының бөлінуін күшейтеді,. Жалпы алғанда, парасимпатикалық талшықтардың қозуы гомеостаздың қалпына келуіне, яғни трофоропты әсердің дамуына алып келді.
● Парасимпатикалық жүйе жүректе жиіліктің, күштің, өткізгіштіктің, қозғыштықтың тежелуін, ГАМҚ бронхтарында белсендіруге, кеңірдек пен бронхтардың шырышты жасушаларының – белсендіру, АІЖ шырышты жасушаларын – белсендіру, АІЖ сфинктері мен қуықтың сфинктеріне босаңсыту, детруссор қуықтың бұлшық етін- белсендіру, қарашық сфинктерін белсендіру, көздің кірпікшелі бұлшықетін – белсендіру, жыныс ағзалары тамырларының қан толуының жоғарылауын, сілекей бездерінің белсенуі, жас сұйықтығының бөлінуін күшейтеді. Жалпы алғанда, папасимпатикалық талшықтардың қозуы гомеостаздың қалпына келуіне, яғни трофотропты әсердің дамуына алып келеді.