Аралық бақылау №1 Сұрақтары: Тірек-қимыл жүйесінің жалпы сипаттамасы


Алдыңғы және артқы мүйіздерінің қызметі



бет6/24
Дата20.02.2023
өлшемі141,06 Kb.
#69635
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
ФИЗИО 2 сем РК1

7. Алдыңғы және артқы мүйіздерінің қызметі.
Жұлынның көлденең қимасында сұр заттың бейнесі көбелектің қос қанатына немесе H әрпіне ұқсайды. Сұр заттың денесінен созылған алдыңғы, артқы, бүйір (жұп) мүйіздері болады. Ақ зат сұр затты айнала қоршайды. Сұр заттың алдыңғы және артқы қос мүйіздері ақ затты төрт бағанға (алдыңғы, артқы және екі бүйір) бөледі. Сұр зат рефлекстік қызмет атқарады, ал ақ зат қозуды өткізеді.
Алдыңғы мүйіздер моторлы нейрондардан (мотонейрондардан) тұрады.
Аты мен қызметі бойынша - орталық жүйке жүйесінен қозу бұлшықетке беріледі, нәтижесі - қозғалыс.
Бүйір мүйіздер - вегетативті жүйке жүйесінен қозуды (ақпаратты) алады.
Артқы мүйіздерде интернейрондар бар - олар сезгіш және қозғалтқыш нейрондарды қосады. Олардың қызметі - ақпаратты орталық жүйке жүйесіне беру.
8. Ең маңызды жұлын рефлекстері және олардың орталықтарының шоғырлануы. Белла-Мажанди заңы.
Клиникалық белгілері бар, адамның маңызды жұлындық рефлекстері.
Қас үстілік рефлекс. Қас үстілік доғаны неврологиялық балғамен ұрғанда пайда болады. Рефлекторлы доға: көз жүйкесі (үштік жүйкенің 1 талшығы),үштік жүйкенің сезімтал ядросы, бет жүйкесінің қозғалтқыш ядросы, бет жүйкесі. Жауапты реакция – қабағын түю.
Жақасталақ рефлекс. Кішкене ашық ауызды балғамен ақырын ұрған кезде пайда болады. Рефлекторлы доға: жақастылық жүйкенің сезімтал талшықтары (үщтік жүйкенің III талшығы), үштік жүйкенің сезімтал ядросы, көпіршедегі қозғалтқыш ядро, үштік жүйкенің ІІІ талшығының қозғалтқыш талшықтары. Жауапты реакция – шайнау бұлшықеттерінің жиырылуы.
Қолдың бүккіш сіңірінің рефлексі. Үшбасты бұлшықеттің сіңірінен балғамен ақырын ұрған кезде пайда болады. Рефлекторлы доға: тері- бұшықеттік жүйке, жұлынның VII және VIII мойын сегменттері. Жауапты реакция – иықтың үшбасты бұлшықетінің жиырылуы және білек буынының бүгілуі.
Тізе рефлексі. Тізе қақпасынан төмен орналасқан тығыз тізелік буынды балғамен ақырын ұрған кезде пайда болады.Рефлекторлы доға: бөкселік жүйке, жұлынның III және IV белдік сегменті. Жауапты реакция –бөсенің төртбасты бүккішінің жиырылуы және табанның жазылуы.
Ахиллов рефлексі. Өкшелік сіңірдің балғамен ақырын ұрған кезде пайда болады. Рефлекторлы доға: үлкенберцовті жүйке, жұлынның I және II сегізкөз сегменті. Жауапты реакция – табанның бүгілуі.
Жұлын 31 сегментке бөлінген. Әрбір сегмент алдыңғы және артқы жұлын түбірлері арқылы дененің оған сәйкес және көршілес сегментімен байланысады. Сондықтан жұлынның бір түбірі бұзылса, не кесілсе оған сәйкес дене сегментінде сезім және қозғалыс функциялары толығынан жойылмайды. Оның қызметін көршілес сегменттің нейрондары орындайды. Белла-Мажанди заңы бойынша жұлынның артқы түбірлері аффереренттік жүйкелерден, алдыңғы түбірлері эфференттік талшықтардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет