6. Жұлынның нейрондары, олардың жіктелуі. Адам жұлыны құрамына 13,5 млн. жуық нейрондар енеді, олардың 3% эфферентті нейрондар, 97% интернейрондар (ендірме) құрайды, ал сезімтал нейрондар денесі жұлыннан тыс жұлындық немесе интрамуралдық ганглийларда орналасады.
Аралық нейрондар басқа нейрондармен қоздыратын не тежейтін синапстар құрады. Демек, олар қозу мен тежелу процесстерінің тууын реттейді және белгілі бір сигменттің ішіндегі көршілес сегменттер арасындағы байланыстарды іске асырады. Бұл нейрондар сұр заттың денесінде, артқы мүйіздің шылбыр бөлімінде орналасады. Шылбыр клеткалардың аксондары жұлынның жоғары қарай өрлейтін жолын құрады. Аралық нейрондар қатарына мотонейронның айналасындағы оны тежеуші Реншоу клеткалары жатады. Аралық клеткалар арқылы ми бағанының торлы құрылымдары жұлында пайда болатын қозу, тежелу процестерін реттейді.
Сезгіш нейрондар жұлын ганглийлерінде топталған. Бұл клетканың бір талшығы болады. Ол ганглийден шыға берісте екіге бөлінеді. Оның бірі рецепторларда туған қозуды сезгіш нейронның денесіне жеткізеді, ал екінші талшығы сезгіш нейронның серпіністерін жұлын нейрондары мен ми қыртысы нейрондарына апарады. Вегетативтік жүйке жүйесінің ганглийге дейінгі симпатикалық нейрондары жұлынның кеуде, бел сегменттерінің бүйір мүйізінде, ал парасимпатикалық нейрондары сегізкөз бөлімінде орналасады. Олардың көбі эфференттік нейрондар көптеген висцеральдық рефлекстердің орталығы. Жұлынның сұр затында (еттерді бүгетін, жазатын), еттің ұзаққа созылатын қатаюын (тонустық) және фазалық (әлсін-әлсін) жиырылуын тудыратын рефлекстер орталығы болады. Мұнымен қатар вегетативтік функцияларды реттейтін орталықтар бар. Қан тамырларын кеңейтіп тарылтатын, жүрек соғуын, ас қорыту бездерінің сөл бөлінуін, ас қорыту жолының қимылын, несеп, нәжіс, жыныс жүйелері қызметін реттейтін орталықтар жұлынның бүйір мүйізінде орналасқан. Бұлар арқылы жұлын көптеген висцеральдық рефлекстерге қатысады. Жұлынның аталған күрделі қызметтерін ми қадағалап реттеп отырады. Мидың әсерін шеткі ағзаларға және кері қарай олардың рейепторларында қозуды миға жұлын ақ затындағы жоғары, төмен кететін жолдары арқылы жеткізеді.
ЖҰЛЫН НЕЙРОНДАРЫ ТОПТАРЫ:
• Мотонейрондар немесе қозғалтқыш – алдыңғы түбір;
• Интернейрондар – жұлын ганглийлерінен ақпарат алатын артқы түбір;
• Симпатикалық және парасимпатикалық бүйір түбір; олардың аксондары жұлыннан алдыңғы түбірлер арқылы шығады.
• Ассоциативті жасушалар – жұлынның меншікті нейрондары, сегменттер арасында байланыс қамтамасыз етеді.
ЖҰЛЫННЫҢ НЕЙРОНДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Эфферентті нейрондар ішіне альфа және гамма мотонейрондарды, сонымен қатар преганлионарные нейроны вегетативті жүйке жүйесінің ганглийге дейінгі нейрондары жатады . Альфа мотонейрондар, адам бетінен басқа, барлық, қаңқа бұлшық еттерімен байланысқан. Альфа нейрондар аксондары қаңқа бұлшық еттерінің экстрафузалды талшықтарына қозуды 70-120 м/сек жылдамдықпен өткізеді . Нейрондар тұтасып жеке бұлшық еттерді жүйкелендіретін мотонейронды пул түзеді. Мотонейронды пул құрамына жұлынның әр түрлі сегменттерінен мотонейрондар енуі мүмкін.
Жұлынның гамма мотонейрондары. Олардың аксондары интрофузальным бұлшық ет талшықтарына немесе бұлшық ет ұршықтарына қозу өткізеді. Бұл мотонейрондардан шыққан қозу мидың адам қалып күйіне жауап беретін бөліктеріне әсер етеді. Гамма мотонейрондардың аксондары қозуды 15-40 м/сек жылдамдықпен өткізеді.
Жұлынның интернейрондары қозу мен тежелу интерграциясына қатысады .
Жоғары бағытталған нәзік буда (Голл будасы) және сына тәрізді жіпше (Бурдах будасы). Олар жұлынның артқы бағанын құрайды. Проприорецепторлар, терідегі жанасу рецепторлары және висцерорецепторларынан қозу өткізеді. Бұл будалар сопақша миға жетіп Голл-Бурдах ядроларына жеткізіледі. Мұнда олар таламустың арнамалы нейрондары арқылы үшінші нейрондарға жеткізіледі де ми қыртысында талдануға апарылады. Бұл жолды құрайтын нейрондардың бүлінуі тактилдік сезім жойылуы мен қимыл-қозғалыс тепе-теңдігін сақтау бүлінуіне әкеп соғады.