Аралық бақылау Шешендікке үйрету сабағында мәтінмен жүргізілетін әдістер мен амалдар


Шешендіктанудың қалыптасу кезеңдерін білу -



бет2/4
Дата18.05.2023
өлшемі65,96 Kb.
#94605
1   2   3   4
Байланысты:
Шешендікке үйрету сабағында мәтінмен жүргізілетін әдістер мен амалдар

Шешендіктанудың қалыптасу кезеңдерін білу - оқушылар үшін аса қажет. Дүние жүзінің жақұттары Демосфон, Аристотель, Сократ, Цицероннан бастап, өзіміздің дәстүрлі шешендігіміздің негізін қалаушылар Төле би, Қазбек би, Сырым батыр т.б. шешендік өнер тарихындағы орнын оқушыларға білгізіп қана қоймай, оларды тереңірек тану үшін әртүрлі тапсырмалар беріп, өз бетімен ізденуге баулимыз.Оқушыларға шешендік өнерге байланысты М.Әуезовтің, Ә.Маметованың,Б.Адамбаевтың,С.Негимовтің қазақ шешендіктану туралы зерттеулерін таныстыру — олардың теориялық білімін толықтырады.Келесі кезекте, оқушыларға шешендік сөздердің сапаларына көңіл аударту керек. Сөз сапасын білу — шешендіктің негізгі талабы.Мектеп бағдарламасында тілдің мәнерлеу құралдарын тереңірек оқып-үйренуге баса назар аударған дұрыс. Әйтпесе, сөз өнерін игерудің ғылымилығы төмендейді. Бұл қазіргі жастардың, жалпы көпшіліктің сөзінің көбіне-көп жұтаңданып, бір жақтыланып, қасаңдаған тұсында өте-мөте керек.Орта мектепте шешендік өнерге баулуды бірізділік керек-ақ. Яғни, шешендік өнерге баулу қарапайымнан күрделіге, әліппеден бастап ғылым биігіне қарай жетелеу негізінде жүргізілуге тиіс.Ендігі бір ескертетін үлкен жұмыс — оқушыларды шешендік сөйлеу мәдениетіне практикалық жұмыстар арқылы машықтандыру. Бір тақырып алып, пікірталас тудыру. Оның қарапайым, күрделірек, күрделі түрлерін жасаттыру. Осылайша оқушыларды ойлап сөйлеп, ой тастауға, ойлантуға, ойлы жауап алуға, сөз әдебіне баулимыз.
Шешендік өнерге баулуда белгілі бір мәтінді талдаудың маңызы зор. Егер ол көркем шығарма немесе көсемсөз мәтіні болса, оның тақырыбына, авторлық идеясына, композициялық ерекшелігіне, стильдік ерекшелігіне міндетті түрде тоқтау керек.Өз пікірін батыл айту, оның дұрыстығын дәлелдеу. Көпшілік алдында бір мәселе туралы бірнеше вариантты (мазмұны, маңыздылығы, көлемі жағынан) ой түйіндеп үйрену — оқушылардың үлкен өмірдегі басты қажеттілігі. Бұл да осыны пән ретінде дамыта оқыту ұстанымына сәйкес құбылыс ретінде жүзеге асырылады.Пікірталас ұйымдастыру, пікірталас үстінде жиі қолданылатын әдістерді меңгеру пікірдің қонымдылығын, ойдың өтімділігін күшейтеді. Сондықтан оқушыларға ол жөнінде түсінік беріп отыру абзал.Мектеп қабырғасында сөйлеу өнерімен қарым-қатынас өнеріне оқытудың қажеттілігі - болашақ ұрпақтың гуманитарлық ойлауын қалыптастырады. Қай заманда да жоғары дамыған коммуникативтік қабілеттер ерекше бағаланып келді. Ал қазіргі қалыптасқан әлеуметтік жағдайда сөйлеу өнерін меңгерген жан қоғамға аса қажет. Оған Платонның «Егер де белгілі бір қаладағы даулы талас туындап жатқан халық жиналысына, не кез келген өзге де бір жиынға шешен мен емші-дәрігер қатар келе қалса, дауды шешер, таласты тоқтатар бәтуәлі сөз айтуға бұл екеуінің қайсысын қалар еді деп ойлайсыздар. Сөзсіз сөз өнерін меңгерген шешенге жүгінер еді, тек оның оған ықыласы болса болғаны, ал емші-дәрігерге ешкім назар аудармас еді. Мен бұған кепіл бола аламын», — дегені дәлел.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет