Аралық бақылау сұрақтары: 1 Психология ғылым ретінде. Мақсаты. Міндеттері


Мотивацияның сала дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет22/53
Дата06.10.2023
өлшемі1,17 Mb.
#113329
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53
30.Мотивацияның сала дамуының негізгі заңдылықтары
 
Мотивация
-
бұл іс
-
әрекеттің негізі ретінде мотивті саналы түрде қалыптастырудан тұратын 
белсенді процесс.
Мысалы: жетістікке жету мотивациясы немесе сәтсіздікке жол бермеу мотивациясы, 
биліктің мотиві, басқа адамдарға көмек көрсету мотиві, мінез
-
құлықтың агрессивті 
мотивтері және т.б. кіруі керек. Жетістікке жету мотивациясы немесе сәтсіздікке жол 
бермеу мотивациясы адамның жетістікке, шынайы көзқарасқа, әлемге деген оң 
көзқарасқа бағдарлануын анықтайды. Сәтсіздіктен аулақ болу себептері адамның 
пессимистік көзқарастарына, төмен (сирек жағдайларда жоғары) өзін
-
өзі бағалауға ықпал 
етеді. Ғылыми әдебиеттерде өзін
-
өзі бағалаудың қалыптасу ерекшеліктері бөлек 
сипатталады. 
Адамның
қарым
-
қатынас мотивінің Үстемдігі адамдармен қарым
-
қатынас стилін 
тудырады, ол сенімділікпен, жеңілдікпен, ашықтықпен және батылдықпен сипатталады. 
Керісінше, қабылдамау мотивінің басым болуы белгісіздікке, қаттылыққа, 
ыңғайсыздыққа, шиеленіске әкеледі. Бұл мотивтің басым болуы тұлғааралық қарым
-
қатынасқа кедергі келтіреді. Мұндай адамдар өздеріне сенімсіздік тудырады, олар 
жалғыз, қарым
-
қатынас дағдылары нашар дамыған. 
31)Мотивациялық мінез-құлық тұлғаның мінездемесі ретінде 
Мотивация психология ғылымында жеке тұлғаның дамуындағы мінез-құлқы мен іс-
әрекеті, әрекеттегі белсенділігін реттейтін фак- тор ретінде қарастырылады. Ал жеке 
тұлға іс-әрекеттің қай түрі болмасын, оның мотивациялық ерекшеліктерін ескермей, 
әлеуметтік психологиялық тиімді өзара әрекет, қатынас жасау мүмкін еместігі белгілі. 
Әрбір жеке тұлғаның мотивациясы өзіндік сипатқа ие болатындықтан, нақтылы фактілер 
мен заңдылықтарды талқылауға өтпей тұрып, негізгі ұғымдарды анықтап алу керек.
Қазіргі кез- дегі психология ғылымы мотив, мотивация ұғымдарына әртүрлі анықтамалар 
береді. Сондықтан бұл ұғымдарды бірегей анықтау белгілі ғылыми мәселе болып
табылады. Кейбір авторлар (В.В. Юрчук, М. Кордуэлл) мотив ұғымы арқылы психикалық 
құбылысты сипаттаса , ал басқалары (А.К. Маркова, В.И. Ковалев) жеке тұлғаның 


қылықтары мен ісәрекетті таңдау себептерін түсіндіреді . Сонымен қатар, мотивация 
қызметі адамды қандай да бір күшке итермелеуші, қозғалмалы күштердің жиынтығы 
ретінде түсіндіріледі. Бұл күштер адамның ішкі және сыртқы жағында орналасады және 
оны саналы немесе саналы еемес кейбір іс-әрекеттерге итермелейді. Осыған байланысты 
іс-әрекет түрткісі мен адамның реакциясы өмірлік тәжірибеге, тәрбиеге, эмоциялық күйіне 
байланысты адамдар бірдей әрекетке әртүрлі қабылдауы мүмкін. Сондықтан мотвацияның 
нақты анықтамасын беру керек: «Мотивация - бұл жеке тұлғаны немесе топты ішкі 
немесе сыртқы әсерлер ықпалынан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұйымның 
мақсатына жету процесі» . 
Мотивацияның күші оның құрылымында және оқыту мотивациясының жетекшілігінде, 
кәсіби құзіреттілікті кәсіби меңгерілуінде. Студенттерді оқыту қызметінде міндетті түрде 
мотивтік құрылымды білу керек, ол жұмысты түзету әдістерінде, позитивті оқыту 
мотивациясын көтермелеуде, оқыту процесінің нәтижелілігінде көрініс табады. 
Оқу мотивациясының қызметтілігін анализдеуде міндетті түрде басымырақ қозғаушысын 
анықтай келе, мотивациялық сферадағы адамның барлық құрылымын ескеру керек. Оқу 
қызметі әртүрлі қайнар көздеріне ие болуына қарай полимотивтік болып табылады. М.В. 
Матюхина оқу мотивациясының қайнар көзін үш мотивке тәуелді деп көрсетті: 
Ішкі – танымдық және әлеуметтік қажеттіліктер (әлеуметтік іс-әрекеттерге және 
жетістіктерге жету ұмтылысы); 
Сыртқы – қатысушының өмірлік жағдайымен анықталады; оған талап, нәтижелілік, 
мүмкіншіліктер кіреді; 
Жекешелік – қызығушылықтар, қажеттіліктер, нұсқаулар, өлшемдер және стереотиптер, 
сонымен қатар өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылу, басқа қызмет түрлерінде өзін-өзі тануы . 
Оқу мотивациясында ішкі, сыртқы және жекешелік көздерінің әрекеттесуі оқыту қызметі 
мен оның нәтижесіне ықпал етеді. Бір қайнар көзінің болмауы оқу мотивіне немесе оның 
өзгеруіне алып келеді.
Қ.Жарықбаевтың айтуы бойынша мотивация ретінде алуан түрлі 
жағдайлар көрініс бере алады: адамның өзі түсініп-ұққан қажетсіну мен мүддесі, оның 
дүние танымы мен сенімі, сезімі мен ой-ниеттері, яғни адамның белгілі бір моральдық-
психологиялық жағы мен мұраты мотивация ретінде көрініс береді. Адамның іс-әрекет 
мотивтерін зерттеу жеке адамның моральдық-психологиялық мәнін түсінуде ерекше рөл 
атқарады. Біреулер өзінің қажеттігін қамтамасыз ету үшін адал еңбек етсе, басқалары - өз 
парызын түсіне отырып еңбек етуге ерінеді, ал үшіншілері – уақытша, өзінің көздеген 
мақсатына жеткенше ғана еңбек етеді. 
Іс-әрекет барысында табысты болу немесе сәтсіздікке ұшыраудың адамның 
мотивациялық жүйесіне тигізетін әсері де әртүрлі. Табысты болу мотиві адамның іс-
әрекетте кездескен қиыншылықтары оның мотивациясын күшейтеді, ал сәтсіздіктен қашу 
мотиві – қайрат-күшті төмендетіп, мәселені тағы бір орындап көруден бас тартады. 


Балалардың оқу процесінде орын алатын мотивациялық жүйесі осы заңдалақтарға 
бағынады. Осы тұрғыда оқу мотивациясы қалыптасады. Бұл түп негіздерді үш категорияға 
бөліп көрсетуге болады.
Ішкі негіздер. Олар адамның қажеттіліктерімен анықталып, 
мұның өзі организмнің етене қажеттіктерімен білдірілетін туа біткен сипаты болуы 
мүмкін, сондай-ақ қоғам қалыптастыратын әлеуметтік қажеттіктерді білдіретін жүре 
біткен сипаты да болуы мүмкін. 
Туа біткен қажеттіліктердің арасында оқуға ынталандыру үшін белсенділік қажеттіліктері 
мен мәліметтерге қажеттіліктер ерекше маңызды. Бала өмірінің алғашкы күндерінен 
бастап үздіксіз белсенділік жағдайында болады, күледі, қозғалады, қол-аяғын 
қимылдатады, жүгіреді, ойнайды, сөйлейді, шексіз сұрақтар қояды. Іс-әрекет адамды 
рақаттандырады. Адамның мәліметтерге қажеттіліктерін сынау үшін адамдарды белгілі 
бір уақыт бойына сыртқы дүниенің қандай да болсын әсерінен оқшаулаған тәжірибелер 
жүргізілген. Мысалы, адамды дыбыс, жарық енбейтін бөлмеде ұстағанда нәтижесінде 
елеулі интеллектуалдық, эмоциялық және еріктік бұзылыстар, ұстамсыздық, мұң, ызалану, 
түңілу, еріктік іс-әрекеттер жасау қабілетін жою, кейде тіпті жүйелі ойлаудың бұзылуы, 
галлюцинациялар пайда болады. 
Сыртқы негіздер. Олар адамның өмірлік іс-әрекетінің қоғамдық жағдайларымен 
анықталады. Мұндай негіздерге әлеуметтік ортаның талаптары, соған лайық адамның 
күтулері мен мүмкіндіктері жатады. 
Талаптар адамға іс-әрекет пен мінез-құлықтың белгілі бір түрлері мен формаларын 
ұсынады. Мәселен, әке-шешесі баладан тамақты қасықпен ішуді, орындыққа отыруды
«рақмет» айтуды талап етеді. Мектеп оқушыдан сабаққа уақытында келуді, мұғалімнің 
айтқанын тыңдауды, оның тапсырмаларын орындауды талап етеді. Қоғам жеке адамнан 
мінез-кұлықта белгілі бір моральдық нормаларды, адамдардың қарым-қатынасы 
формаларын сақтауды, белгілі бір жұмысты атқаруды талап етеді. 
Мүмкіндіктер дегеніміз белгілі бір іс-әрекет үшін адамның айналасында болатын 
объективті шарттар: үйде жақсы кітапхана болса, оқуға ынталандырады, себебі сондай 
мүмкіндік береді. Психологиялық талдау адамның мінез-қүлқы көбіне объективті 
мүмкіндіктерге тәуелді болатынын көрсетеді (әсіресе оның жеке басы мен жетекші 
әмірлік мақсаттары әлі қалыптаспаған болса). 
Жеке түпкі негіздер. Олар адамның мүдделерімен, ұмтылыстарымен, бағдарларымен, 
сенімімен, дүниеге көзқарасымен, өзі туралы түсінігімен, қоғамға көзқарасымен 
анықталады. Белсенділіктің бұл түпкі негіздері құндылықтар деп аталады. Мұндай 
құндылықтар өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі орнықтыру, өзін көрсету, белгілі бір 
қажеттіліктерін қанағаттандыру, өмірлік мұраттар мен үлгілер болуы мүмкін. 
Қорыта айтқанда, мотивация барлық іс-әрекетке негіз болатын, табысты болуды 
қамтамасыз ететін түрткі себептер жүйе. 


32)
Ежелгі философтардың еңбектеріндегі мотивация мәселесі. 
Мотивация психология ғылымында жеке бастың мінез-құлқы, іс-әрекеті мен белсенділігін 
реттейтін фактор ретінде қарастырылады. Ал жеке тұлғаның іс-әрекеттің қандайына 
болсын мотивациялық ерекшеліктерін ескермей әлеуметтік психологиялық тиімді өзара 
әрекет, қатынас жасау мүмкін еместігі белгілі. Әрбір жеке тұлғаның мотивациясы өзіндік 
сипатқа ие болатындықтан, нақтылы фактілер мен заңдылықтарды талқылауға өтпей 
тұрып, негізгі ұғымдарды анықтап алу керек. Қазіргі кездегі психология ғылымы мотив, 
мотивация ұғымдарына әр түрлі анықтамалар береді. Сондықтан бұл ұғымдарды бірегей 
анықтау белгілі ғылыми мәселе болып табылады. Кейбір авторлар (В.В. Юрчук, М. 
Кордуэлл) мотив ұғымы арқылы психикалық құбылысты сипаттаса, ал басқалары (А.К. 
Маркова, В.И. Ковалев) жеке тұлғаның қылықтары мен іс-әрекетті таңдау себептерін 
түсіндіреді. 
Біз мотивті іс-әрекетті оятушы күш және ол белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруға 
бағытталады; мотив ретінде жеке тұлғаның қызығушылықтары, әлеуметтік құрылымдар, 
құндылықтар, идеалдар әсері алынады деген пікірді ұстанамыз. Мотивтің мотивациядан 
айырмашылығы, мотив – субъектінің тұрақты, жеке басына тән қасиеті және белгілі бір іс-
әрекет жасаудағы ішкі оятқыш күші болып табылады . 
Мотивтер, қажеттіліктер және мақсаттар – адамның мотивациялық сферасын құрайтын 
негізгі элементтер. Олардың арасындағы қатынасты және адамның мотивациялық 
сферасының құрылымын төмендегі Р.С. Немов жасаған схемадан көруге болады. 
Кезінде мотивация теориялары ежелгі философтардың еңбектерінен-ақ көріне бастаған. 
Адам мотивацияның тоғысу шегі және табиғатын зерттеу мәселесі бірнеше рет өзгеріске 
ұшырады, бірақ философиялық екі ағым: рационализм мен иррационализм арасында 
өзгеріссіз қалды. Рационалистік позиция тұрғысынан қарағанда адам мінезінің 
мотивациялық бастауы оның ақыл-ойында, санасында, ерік-жігерінде жатыр. Ал 
иррационалдық пікір бойынша жануар адамға қарағанда санасыз, органикалық 
қажеттіліктерді ғана қалайтын қараңғы, биологиялық күштермен ғана басқарылады. ХХ 
ғасырдың 30-жылдарынан бастап тек адамға ғана қатысты мотивация концепциялары 
бөлініп шыға бастады. Алғашқы осындай концепциялардың бірін К. Левин ұсынды. 
Ізінше гуманистік психология өкілдері А. Маслоу, Г. Олпорт, К. Роджерс мотивация 
ұғымын анықтайтын өз еңбектерін жарыққа шығарды. А. Маслоу адам қажеттіліктерін 
иерархиялық тұрғыдан қарастыра отырып, қажеттіліктердің индивидуальді даму үрдісінде 
пайда болатынын атап көрсетті . 
Бұл концепцияға сәйкес адам дүниеге келгеннен есейгенге дейін төменде көрсетілген 
қажеттіліктер класы пайда болып және дамып отырады: 1) физиологиялық (органкалық) 
қажеттіліктер; 2) қауіпсіздік қажеттіліктері; 3) махаббат қажеттіліктері; 4) сыйластық 
қажеттіліктері; 5) танымдық қажеттіліктер; 6) эстетикалық қажеттіліктер; 7) мақсатқа 
жетудегі қажеттіліктер. 


Мотивация категориясына қазіргі кездегі психологиялық көзқарас тұрғысынан қарасақ, ол 
жеке тұлғаның тұрақты мотивтерінің жиынтығы және сол жеке тұлғаның бағыттылығын 
көрсететін белгілі иерархиясы бар мотивациялық аймақ болып табылады. 
Мотивацияның оқу іс-әрекетіне және оның нәтижесі болуына тигізетін әсері өте зор. Оқу 
іс-әрекетінің табыстылығы психологиялық әлеуметтік және педагогикалық факторларға 
байланысты екендігі мәлім. Оқу іс-әрекетінің табыстылығына оқу мотивациясы мен оның 
құрылымының тигізер әсері ерекше. Осыған орай кезінде Черкс Дедсон өзінің 
классикалық заңы арқылы іс-әрекет тиімділігі мотивация күшіне тәуелді деп ашып 
көрсетеді. Сонда мотивация күші жоғарылаған сайын іс-әрекет нәтижесі өседі. 
Студенттердің оқу мотиві олардың оқу әрекетінің әр түрлі жақтарына деген бағыттылығы 
деп анықтаймыз. Мысалы, егер студенттердің белсенділігі оқылатын объектіге 
(лингвистикалық, биологиялық т.б.) бағытталса, онда бұл жағдайда танымдық мотив 
түрлері туралы сөз қозғалады. Ал студенттің белсенділігі оқу барысында басқа адаммен 
қарым-қатынас жасауға бағытталса, онда мәселе әлеуметтік мотивтерді қамтиды. 
Осыған сәйкес студенттердің оқу үрдісіне қатысты орын алатын мотивтерді үлкен екі 
топқа бөлуге болады: 1) танымдық мотивтер; 2) әлеуметтік мотивтер. 
Танымдық мотивтер өз ішінен бірнеше шағын топтарға бөлінеді: 1) кең ауқымды 
танымдық мотивтер; 2) оқу-танымдық мотивтер; 3) өзін-өзі дамыту мотивтері. 
Ал әлеуметтік мотивтердің түрлері мынадай болады: 1) кең ауқымды әлеуметтік 
мотивтер; 2) тар ауқымды әлеуметтік мотивтер немесе позиционды мотивтер; 3) 
әлеуметтік тұрғыдан бірлесіп еңбек ету мотиві. 
Аталған мотив түрлерінің қалыптасуы келесі кезеңдерді қамтиды: дағдылы мотивтердің 
актуализациялануы, осы мотивтер негізінде жаңа мақсаттардың пайда болуы, мақсатқа 
жету барысында мотивтің бекуі және соның негізінде жаңа мотивтердің шығуы, әр түрлі 
мотивтер иерархияның құрылуы, бірқатар мотивтерде жаңа қаситтердің пайда болуы т.б. 
Мотивтердің сапасы оқу іс-әрекетінің спипатына байланысты мазмұнды және тұлғаның 
психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты динамикалық болады . 
Студенттердің мотивтері оқу үрдісінде әр түрлі жағдайларда көрініс табады. Мысалы, кең 
ауқымды танымдық мотивтер тапсырманы орындау барысындағы шешім қабылдаудан, 
қосымша мәліметтерді білу негізінде оқытушыға қойған сұрақтарынан білінеді; оқу-
танымдылық мотивтер – тапсырманы өз бетімен орындауда әр түрлі амал, тәсілдерді 
іздестіруі, жұмысты орындау тәсілдерін салыстыру туралы оқытушыға қойылатын 


сұрақтар; өзін-өзі дамыту мотивтері – оқу еңбегін рациональді ұйымдастыруға 
байланысты ұстазға қойған сұрақтарынан көрінеді. Әлеуметтік мотивтер студенттің 
жауапкершілігі мен парызын түсіну әрекеттерінен көрінеді; позиционды мотивтер – 
құрдастарымен қарым-қатынас жасауға ұмтылысы, жолдастарына көрсеткен көмегі мен 
пікірі; әлеуеметтік бірлескен еңбек мотивтері – ұжымдық жұмысқа ұмтылысы негізінде 
пайда болады. 
Студенттердің оқу мотивтері олардың бағыттылығына және дәрежесіне байланысты; 
мотивациялық аймақтың иерархиясына байланысты; жеке мотивтердің өзара келісімділігі 
мен үйлесімділігі бойынша; мотивтердің тұрақтылығына байланысты; мотивтердің 
әрекеттері мен олардың мінез-құлыққа тигізетін әсері бойынша сипатталады. 
Мотив формаларының ерешкеліктері мотивтердің динамикалық сипатын құрайды. 
Оларды жекелеп, айқындалық. 
1. Алғашқы немесе маңызды ерекшеліктердің бірі – мотив тұрақтылығы. Мен студенттер 
үшін құнды мотивтердің тұрақты болып қалыптасуы аса маңызды деп санаймын. 
2. Мотивтердің көріну формасының екінші ерекшелігі – оның эмоциональдік бейнесі, 
модальдігі. Психологтар оқу мотивациясының жағымды және жағымсыз жақтары туралы 
сөз қозғайды. Жағымсыз мотивация студенттердің оқу үрдісінде жауапсыздық танытуға 
кезінде саналы түрде пайда болатын жағдай (ескерту, төменгі бағалар, берілетін сөгіс, 
уайымдау, т.б.) арқылы көрінеді. Жағымды мотивация – студенттің оқу еңбегінде жеткен 
жетістіктері мен, жаңа білімді меңгерімен, қоршаған адамдармен жақсы қарым-қатынаста 
болуымен байланысты. 
Мотивтердің басқа формалары – мотив күшінен, көрінісінен, пайда болу 
жылдамдылығынан көрінеді. Олар мысалы: студенттердің тапсырманы орындау 
уақытының ұзақтылығынан, студенттің тапсырманы орындай алатын шамасынан көрінеді. 
Оқу мотивтерінің формалары әрқашанда оқытушы назарында болуы тиіс; олар бойынша 
оқытушы студенттің мотивациясының сипаты туралы алғашқы мәлімет алады. Бірақ 
студенттің оқу мотивтерінің ішкі, мазмұнды ерекшеліктеріне талдау жасалуы қажет. 
Студенттің оқу іс-әрекеті және оның табыстылығы туралы айтпас бұрын, жеке адамның 
интеллектуальдік дәрежесіне көңіл аудару қажет. Экспериментальді зерттеулерден (Т.Д. 
Дубовицкая, В.И. Ковалев) мотивациялық және интеллектуальдік факторлардың 
сәйкестігі мәселесіне көңіл аудару қажеттігі шығады. 
А.А. Реанның зерттеуінде мынадай қызықты жайт кездескен: бір топтың студенттерін 
жалпы шкала бойынша тестілеп, сосын алынған мәліметтерді оқу табыстылығының 
дәрежесімен салыстырған. Қорытындыда студенттердің интеллектілері мен арнайы 


пәндердің табыстылығы арасында ешқандай байланыс болмаған. Олай болса бұл 
зерттеуден шығатын заңдылық студенттер үшін құнды. Білімдері жоғары және білімдері 
төмен студенттер бір-бірінен интеллект дәрежесі жағынан емес, оқу іс-әрекетінің 
мотивациясы жағынан ерекшеленеді деп пайымдаймыз. Білімдері жоғары студенттергі 
ішкі мотивация тән, оларда пәнді жоғарғы дәрежеде меңгеруге деген қажеттіліктер 
туындайды және олар тәжірибелік дағдылар мен кәсіби білім алуға бейімделеді. Ал 
білімдері төмен студенттердің оқу мотивтеріне сыртқы ситуативті сипат тән, яғни олар 
төменгі білім деңгейі болса, өздеріне сөз келетіндіктен, талқылаулар мен жазалаудан 
қорғануға мәжбүр болады. 
Оқушылардың эстетикалық шығармашылығын зерттеу барысында осы іс-әрекетке деген 
жоғарғы мотивациясының арнайы қабілеттіліктің жеткіліксіз дәрежесін 
компенсациялағаны байқалады. Техникалық шығармашылыққа оқушылар оригинальді 
модельдер жасап шығарған (В.И. Ковалев, А.К. Маркова). Ал олардың белгілі бір іс-
әрекетке деген мотивациясы төмен, бірақ арнайы қабілеттерінің дәрежесі жоғары 
жолдастары жұмысты шығармашылық қабілетпен орындай алмады. 
Оқушының оқу мотивациясын қалыптастырмас бұрын сол оқушыны тереңірек танып білу 
қажет. 
Қазіргі үнемі құбылып тұратын дүниеде бірінші орынға студенттің пәндік білімдері, 
дағдылары, шеберліктері ғана емес, сонымен қатар қоғамдық прогрессті қамтамасыз етеін 
белсенді іскер адамның жеке басы қойылады. 
Тек қана адамның жеке басы мен индивидуальділігі білім беру үрдісінің нәтижесі болып 
табылады. Жеке бастың тәрбиесі оның қажеттіліктері мен мотивтер жүйесінің дамуына 
байланысты және оқу мотивациясының сипаты мен жеке бастың ерекшеліктері білімнің 
сапа көрсеткіштері болып саналады. Біздің зерттеулерді де студенттердің табысты оқу 
мотивациясының факторы интеллект факторына қарағанда күштірек болатыны 
тағайындалған-ды. 
Студенттердің оқу мотивациясының қалыптасуына мынадай ерекшеліктер қатары әсер 
ететіні белгілі болды: 
- өмірдегі өз орнын табу және болашаққа жоспар құру қажеттілігі; 
- азаматтық борышқа байланысты әлеуметтік мотивтердің қалыптасуы; 
- өзін-өзі дамытудың барлық формаларына деген қызығушылық; 


- қоршаған адамдардың пікіріне тәуелсіз қызығушылықтарының тұрақтылығы; 
- мамандыққа байланысты нақты мотивтер мен мақсаттарды таңдауы; 
- тек өзіне ғана емес, басқаларға да қатысты шешім қабылдауы; 
- мамандықты таңдаудағы өз мүмкіншіліктерін бағалауы, өмірлік позициясын түсінуі; 
- әлеуметтік және танымдық мотивтердің қоспасы ретінде студенттің өз дүниетанымын 
түсіну тенденциясы
- студенттің өзін-өзі тану үрдісінің адекватты болуы. 
Студенттердің әлеуметтік және танымдық мотивтерінің дамуын зерттеп қарасақ, онда 
таным қызығушылықтарының дамуы олардың кәсіби қабілеттерінің ары қарайғы 
дамуының негізі екенін көреміз. 
Кең ауқымды танымдық мотивтер арқылы студенттер жаңа білімге деген қызығушылық, 
оны меңгеру барысындағы қиыншылықтарды бастан өткеру сияқты әрекеттерді жүзеге 
асырады. Оларда білімге деген қызығушылық тереңдей түсіп, тек оқу пәнінің ғана 
заңдылықтарын емес, сонымен қатар ғылымның, кәсіби компетенттіліктің негізіне бет 
бұрады. 
Оқу-танымдық мотив – теориялық және шығармашылық ойлаудың әдістеріне деген 
қызығушылық ретінде іске асады. Студенттерді әдетте ғылыми жұмыстарға араласу, 
зерттеу әдістерінің әр түрлерін қолдану қызықтырады. 
Студенттерді танымдық іс-әрекеттің нәтижелігін жоғарылату жолдары еліктетіндіктен, 
олардың ой еңбегін рациональді ұйымдастыру және оның мәдениеті туралы әдебиеттер 
қызықтыра түседі. Бұл жас шамасында процесуальді және нәтижелі оқу мотивациясының 
бірлігінің пайда болуы туралы сөз қозғауға болады. 
Бұл кезеңде әлеуметтік мотивтер де бірнеше бағыттар бойынша дамиды. 
Айналадағы қоршаған адамдармен қарым-қатынас негізінде пайда болатын әлеуметтік 
позиционды мотивтер де өзгеріске ұшырайды. Студент үшін өз қатарластарымен, 


оқытушылармен жасаған қарым-қатынас өте маңызды рөл атқарады. Бұл студенттердің 
оқытушымен іскерлік әрекеттерін тығыздандыра түседі. 
Басқа жас ерекшеліктері сияқты студенттік кезде де мотивацияны тәрбиелеудің өз 
резервтері бар. Келесі кезектегі мотивтерді тәрбиелеу қазіргі кездегі педагогикалық 
психологияның көкейтесті мәселелері болып табылады: 
- формасына қарамастан білімділікті жетілдіру (өзіндік дербес жұмыстар, кәсіби іс-әрекет 
барысында өзін-өзі тәрбиелеу, білім алу т.б.); 
- компетенттілікке жету – жеке тұлғаның жалпы кәсіби қасиеттері мен кәсіби іс-әрекет 
талаптарының сәйукес келуі; 
- халық шаруашылығының еңбек ету және әлеуметтік тәжірибеге белсенді түрде қатысу, 
өзін-өзі бесленді өмір позициясына тәрбиелеу. Осындай мотивтер студенттердің жан-
жақты, толық дамуының перспективасын қамтамасыз етеді және болашақ кәсіби іс-
әрекетке, әлеуметтік өмірге деген дайындығын күшейтеді. 
Мотивацияның бұл кезеңдегі негізгі мазмұны оқу және өзін-өзі дамыту әдістерін меңгеру, 
болашақ мамандығына дайындық ретінде басқа адаммен қарым-қатынасқа түсу 
формаларын игеру болып табылады. 
Мотивациялық аймақтың дамуы ешқашан тоқтамайды. Жүргізілген зерттеулер оқу 
мотивтерінің студенттік шақта толассыз өзгеріске ұшырайтынын көрсетеді. Өзін-өзі 
дамыту мотивтері өмір бойы адамның кәсіби іс-әрекеті барысында дамып, жетіліп 
отырады. Ересек адамның мотивациялық аймағының қалыптасуы - өзін-өзі тәрбиелеудің 
міндеті ретінде көрініс табады . 
Мотивтер мәселесі күрделі және жан-жақты. Мотив ұғымы, мотивтердің түрлері, 
студенттердің оқу мотивтері қарастырылды. Көптеген сұрақтар мен аспектілер әлі 
тереңдете зерттеуді қажет етеді. 
Студенттердің оқу мотивтерінің олардың тұлғалық бағыттылығымен, қарым-
қатынасымен, құрылымымен, іс-әрекетінің мақсатымен байланысы шешілмеген мәселе 
болып отыр. 
Мотивация – психологияның негізгі категорияларының бірі болғандықтан фундаментальді 
және қолданбалы зерттеулер жүргізе отырып, бұл ұғымды кең көлемде зерттеу қажеттілігі 
туындайды. 


33)З.Фрейдт, У.Макдугаллтың мотивацияның психологиялық теориялары. 
Фрейд адамдар негізінен өздерінің іс-әрекеттері қалыптастыратын нақты психологиялық 
күштерді саналы түрде түсінбейді, адам өз бойындағы көптеген құштарлықты 
тұншықтыра отырып, өседі деп есептейді. Бұл құштарлықтар ешқашан толығымен 
жоғалып кетпейді және ешқашан толық бақылауда болмайды. Олар адамның түсіне кіреді, 
жаңылысып айтқан сөздерінде, жүйкесі шаршағанда, қатты ойланғанда, ақырында 
адамның «эгосы» өзінің жеке «идінің» мықты импульсын «супер-эгоның» қыспағымен 
теңдестіре алмайтын психоз жағдайларында байқалады. Мотивацияны зерттеушілер бір 
затты сатып алу кезінде тұтынушының санасына не әсер етуі мүмкін екендігіне 
байланысты бірқатар қызықты, сонымен қатар таңқаларлық қорытындылар жасады. 
Олардың ойынша: 
тұтынушылар қара өрікті тыржиған және қарт адамдарға ұқсас болатындықтан, сатып 
алуға қарсылық көрсетеді; 
ер адамдар саусақ сорудың ересектерге арналған баламасы болғандықтан, темекі тартады. 
Оларға өздерінің еркектігін білдіретін иісі күшті сигаралар ұнайды; 
әйелдер жануарлардың алдында өздерін кінәлі сезінгендіктен, жануар майынан гөрі, 
өсімдік майын пайдаланғанды дұрыс көреді; 
әйел кексті ыждақаттылықпен пісіреді, өйткені бұл әйел үшін санадан тыс дәрежеде 
баланы дүниеге әкелу үрдісіне ұқсас. Оған кекске жеңіл пайдаланылатын қоспаларды қосу 
ұнамайды, себебі жеңіл өмір жазықтылық сезімін оятады.
Жеке адамның психикалық 
құрылымында З. Фрейд үш компонентті бөліп көрсетті: санадан тыс «ид» (Ол) — соқыр 
түйсіктер құштарлығының саласы; саналы «эго» (Мен) — қоршаған орта және ағзаның 
жағдайы туралы ақпаратты қабылдайды, «ид» күшін бөгейді, тұлғаның әрекетін реттейді; 
«супер-эго» (Жоғарғы мен) — әлеуметтік нормалар мен адамгершілік мақсаттардың 
саласы.
Мотивация туралы теориялар ежелгі грек философтары мен теологтары ілімдеріндегі 
рационализм және иррационализм бағыттары мен бірге дамыды . XIX –ғасырдың 
ортасына дейін ықпалы басым болған рационалистік позициясы бойынша, адам 
жануарларға еш қатысы жоқ ерекше жаратылыс ретінде қарастырылады. Тек адам ғана 
санаға, ақыл-ойға, ерік-жігерге ие бола алады. Бұл бағыт бойынша мотивацияның 
қозғаушы күші – адамның ақыл-ойы мен санасы және еркі мен байланысты. 
Иррационализм негізінен жануарлар әлемі туралы ілім болды. Мұнда жануардың адамнан 
ерекшелігі оның жүріс тқрысы еріксіз, санасыз биологиялық жоспарда жүзеге асып, 
органикалық қажеттіліктерге сүйенеді. 
Мотивация туралы психологиялық теориялардың дамуында XVII – XVIII ғасырда 
жоғарыдағы аталған идеялар (рационалистік, иррационалистік) негізіне құрылған екі 
теорияның маңызы зор болды. 
Бірінші, адам іс - әрекеті мен жүріс-тұрысын рационалистік тұрғыдан түсіндіруші “шешім 
қабылдау” теориясы – экономика саласына математикалық білімдердің енгізілуіне 


байланысты адамның экономикалық жүріс-тұрыстық шешім қабылдауы. Кейіннен, бұл 
адам іс-әрекетінің барлық сферасында қатыстырылды. 
Екіншісі, адам іс-әрекеті мен жүріс-тұрысын иррационалдық тұрғыда түсіндіруші 
“Автомотизм” теориясы-осы ғасырдағы механика жетістіктері нәтижесінде пайда болып, 
кейіннен тірі организмнің сыртқы әсерге тума, автоматты, механикалық жауабын 
қарастыратын рефлекс идеясымен жалғасты. Бұл теориялардың бірі – адам, екіншісі-
жануар жүріс-тұрысын түсіндіруге бағытталған, бір-біріне тәуелсіз, жеке және 
философиялық ілімдердің екі үлкен лагеріне негізделген, жеке адамның мотивациясының 
ғозғаушы күші туралы бұл теориялар XIX – ғасыр аяғына дейін өмір сүрді. 
XIX –ғ екінші жартысы барлық ғылымдар саласы үшін күрделі жаңалықтарға толы болды. 
Соның бірі – Ч. Дарвиннің “эволюциялық теориясы”. Ч.Дарвин өз ілімі арқылы осы 
уақытқа дейін адам мен жануарды анатомиялық, физиялогиялық, психологиялық тұрғыда 
өзара сыйыспайтын екі үлкен топқа бөліп қарастырып келген бағыттар арасында ғылыми 
негізделген көпір орнатты. Ол алғаш рет осы екі тірі жаратылысты жүріс-тұрыстық және 
мотивациялық тұрғыдан бір-біріне жақындастырып, әсіресе, қажеттіліктер 
менинстинктердің эмоционалды-экспрессивті түрде көрінуінде екеуіне де ортақ формалар 
болатынын анықтады. Осы теория ықпалымен адам және жануар жүріс-тұрысының 
формаларын зерттеу қарқыны есе түсті. 
Жануарлардың жүріс-тұрысын зерттеуде В.Келлер, Э.Торндайк, адамдардағы инстинкті 
зерттеуде З. Фрейд, У.Макдауголл, И.Павловтың теорияларын айтуға болады. Бұл 
теорияларды бұрын қажеттіліктерді тек жануар жүріс-тұрысына тән деп есептесе, енді 
оны адам жүріс-тұрысынан қарастырып, адамға тән қажеттіліктер түрін анықтау басты 
орын алды. Адамның мотивациялық қозғаушы факторы ретінде органикалық 
қажеттіліктер мен инстинктерін сипаттады. 
2. Біздің ғасырымыздың 20-шы жылдарында шетел психологиясында “инстинк” түсінігі, 
неғұрлым әйгілі түсінік болды. Осындай мәні бойынша биологи ялық иррационалдық 
теориялардың бірі – З.Фрейд пен У. Макдауголл негізін салған “инстинктер теориясы” 
олар адам жүріс-тұрысыныңқозғаушы күштерінің себебін тума инс тинктерден іздеуге 
батыл қадам жасады. З.Фрейд бойынша ,мұндай инстинктер саны үшеу: өмір сүру, өлім, 
агрессивтілік инстинктері. 
У.Макдауголл инстинктінің негізгі санына қатысты ретпен белгіленген ұғымды кеңейтіп 
және оны инстинктіден тұратын жиынтықты ұсынды: өнертапқыштық, құрылыстық, 
әуестік, қашушылық, кезеңдік, төбелесушілік, ата-аналық, жек көрушілік, өзін кем 
тұтынушылық, өз-өзін сендірушілік инстинктісі. У.Макдаугоол өзінің кейінгі жұмысында 
негізінен органикалық қажеттілікке тиісті тағы сегіз инстинктіні қосты. Ұсынылған 
инстинктер санының көбеюіне қарамастан, оның теориясының негізі жануар лардың 
жүріс-тұрысы менұқсастықта қолданылды. 


З.Фрейд бойынша мотивация биоэнергетика емес, психоэнергетиканы көрсетеді, бұл 
жүріс-тұрыстың психикалық себептілігін бейнелейтін оның динамикалық сипаттамасы. 
Ол құрастырған мотивацияның бастапқы 3 компаненті бар: “Ішкі Мен”-жеке адамның 
өзіндік санасы. “Сыртқы Мен”-санадан тыс құмарлық. “Жоғарғы Мен”-өмір әрекеті 
барысында жеке адамның санадан тыс игерген моральдік стандарттары тыйымдары, 
ынталандырулады. Жеке адамның бағытталған белсенділігі болып жоғарыда аталған 
компоненттердің арасындағы қарама-қайшылықтардың нәтижесі табылады. 
Мотивация механизмдерін зерттеу бихевиористік мектепте орталық орыналған. 
Мотивация мазмұнын анықтау үшін бихевиоризм ілімінде “драйв” деген арнайы түсінік 
енгізіледі, яғни ол адамды немесе жануарды белсенді болуға мәжбүр ететін стимул немесе 
қозғаушы . Өзінің психологиялық мазмұны бойынща инстинк түсінгімен сай келеді. 
Осы проблеманы необихевиористік К.Халл, Э.Толмен, Б.Скинер және басқалары шешуге 
тырысады. Олар ұсынған S-R формуласының моделі аралық элементтер қатарымен 
толықтырылған. 
Бұл жерде сана жүріс-тұрысты итермелеуші және реттеуші элемент ретінде көрінеді. 
Стимул тек сыртқы қозғаушы ғана емес,сонымен қатар ішкі “қажеттілік”ретінде 
қарастырылады. 
Мотивациялық теориялардың дамуының келесі күрделі кезеңі xx ғ.30-шы жылдарынан 
басталды. Бұл тек адам мотивациясының қозғаушы күшін түсіндіруге бағытталған 
мотивацияның арнайы психологиялық теориялары. Бұл сол кездегі психология 
ғылымындағы негізгі психологиялық бағыттардың немесе мектептердің ғылыми зерттеу 
жұүмыстары мен тікелей байланыста дамыды. 
34)А.Маслоудың адам қажеттіліктерінің иерархиясы. 
1) 
Өзін
-
өзі 
көрсету
Құрметтеу
Әлеуметтік
Қауіпсіздік және қорғану
физиологиялық


1. 
Физиологиялық: аштық, шөл, жыныстық қатынасқа талпыныс және т.б. 
2. 
Қауіпсіздік: өмір сүруге қауіпсіздік, комфорт, өмір сүру жағдайларының тұрақтылығы. 
3. 
Әлеуметтік: әлеуметтік байланыс, тілдесу, жақындық, басқаға және өзіне көңіл бөлу, 
бірге жұмыс істеу. 
4. 
Абыройлық: өзіне құрмет, сырт адамдардан құрметке ие болу, басқалар мойындап 
абыройлы болу, табысқа жету мен жоғары баға алу, қызметте өсу. 
5. 
Рухани: тану, өзін орнын табу, өзіндік сипаттау, өзін өзі тану. 
35) А. Н.Леонтьев бойынша мотивтердің даму механизмдері. 
Леонтьев іс-әрекеттің теориясында көрсетілгендей «Іс-әрекет пен әрекет арасында ерекше 
бір қатынас бар. Іс-әрекет түрткісі жылжи отырып әрекет затына айналуы мүмкін. 
Нәтижесінде әрекет іс-әрекетке айналады... Дәл осы жолмен жаңа іс-әрекеттер туындайды, 
шындыққа деген жаңа қатынастар пайда болады». 
36)
тұлғаның құндылық саласы туралы түсінік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет