психологиялық денсаулығы мәселесінің теориялық-пәндiк аспектiлерiн
зерттеу, жас кезеңдерiне байланысты қазақ балаларының психологиялық
денсаулығы ерекшелiктерiн, қамтамасыз ету амалдарын анықтау –
практикалық психологиялық қызмет үшiн маңызды көкейтестi мәселе болып
табылады. Психологиялық денсаулықты дамытудың
белсендi, жедел әдiстерi
– тренингтер, индивидуалды–коррекциялық тәсiлдер ұйымдастырылып,
қолданылуда. Олар топтық және индивидуалды жұмыстарға негiзделiп,
тиiмдiлiгi дәлелденген (И.В. Дубровина, В.И. Слободчиков, А.В. Шувалов,
О.В. Хухлаева). Әлеуметтiк-психологиялық тренингтердiң әртүрi –
сензитивтi,
оқытып-жаттықтырушы, өнер-би, арт (сурет) тренингтердiң және
индивидуалды коррекциялық тәсiлдердiң – бастауыш сынып жасындағы
балалардың психологиялық денсаулығын қамтамасыз етуде тигiзетiн
психологиялық әсерi әлi де болса кеңейтiле зерттелмеген. Қазақ
балаларының психологиялық денсаулығын
қамтамасыз ету жолдары мен
амалдары, осы мақсатта бастауыш сынып жасындағы қазақ балаларымен
жүргiзiлетiн тренингтер және индивидуалды коррекциялық тәсiлдердiң
ерекшелiктерi осы күнге дейiн назардан тыс қалып отыр.Баланың жалпы
физикалық және психикалық денсаулығы көптеген факторларға тәуелдi:
дұрыс тамақтану, күн тәртiбi, таза ауада болу, қимыл-қозғалыс белсендiлiгi,
шынықтырушы шаралар, психологиялық комфорт-жайлылық. Н.И. Гуткина
[2] психологиялық жайлылықты психосоматикалық науқастардың
алдын алу
шарты ретiнде қарастырады. Баланың қажеттiлiктерi фрустрацияға ұшыраған
кезде өте жиi психологиялық дискомфорт - жайсыздық пайда болады.
Бiрiншi ретте мұнда белгiлi депривация феноменi жатады, ол сәбидiң
анасының зейiнi мен қамқорлығы жетiспеген жағдайда нәтижесiнде
психикалық және физикалық дамуында артта қалуынан көрiнедi.
Достарыңызбен бөлісу: